Кәсіптік практикасын ұйымдастыру



бет2/7
Дата05.05.2023
өлшемі33,65 Kb.
#90472
1   2   3   4   5   6   7
2.2. Университет құқылы:
2.2.1. білім алушылардан кәсіптік практика барысында қойылған міндеттерді адал және сапалы орындауды, Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін сақтауды, сонымен қатар кәсіптік практикадан өту кезінде Кәсіпорын қызметкерлеріне, практика жетекшісіне және Университеттің басқа білім алушыларына құрметпен қарауды талап етуге.
2.3. Кәсіпорын міндетті:
2.3.1 білім алушыларды қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқама беру арқылы жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс істеу жағдаймен қамтамасыз етуге;
2.3.2. Университетке академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсынуға;
2.3.3. осы Шарттың талаптарына сәйкес білім алушыларды тиісті білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік практикадан өтуге қабылдауға;
2.3.4. білім алушыларды практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім беру бағдарламасына қатысы жоқ лауазымдарда пайдалануға жол бермеуге;
2.3.5. Кәсіпорынның бөлімшелерінде (кафедраларда, цехтарда, зертханаларда және т.б.) білім алушылардың кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды тағайындауды қамтамасыз етуге;
2.3.6. білім алушылар Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзған барлық жағдайларды Университетке хабарлауға;
2.3.7. білім алушылардың практика бағдарламасын толық игеруі және оның жеке тапсырмаларды табысты орындауы үшін қажетті зертханаларды, оқу кабинеттерін, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып Кәсіпорынның жұмыс орындарында қажетті жағдайлар жасауға;
2.3.8. кәсіптік практиканың соңында Кәсіпорын басшысымен куәландырылған практика сапасының бағасы көрсетілген білім алушылардың орындаған жұмысы туралы мінездеме беруге.


2.2. Кәсіпорын құқылы:
2.4.1. жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практика бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2.4.2. кәсіпорын сұранысына сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;
2.4.3. білім алушылардың кәсіптік практикасының қорытынды аттестациясына қатысуға;
2.4.4. білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпаратты сұрауға;
2.4.5. білім алушылар Кәсіпорынның қауіпсіздік техникасы ережелерін, практикадан өту ережелерін және ішкі тәртібін өрескел бұзған жағдайда, сондай-ақ, білім алушылардың да, Университеттің де міндеттерін орындамаған жағдайда білім алушылардың практикадан өтуін тоқтатуға (бұзушылық анықталған жағдайда Кәсіпорын 1 (бір) жұмыс күні ішінде орын алған факті туралы Университетке хабарлайды);
2.4.6. Университетке білім алушылардың практикадан өтуін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға;
2.4.7. сәйкес бос жұмыс орны болған жағдайда білім беру бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналасу үшін білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектің кандидатурасын кәсіпорынның жалпы талаптары бойынша іріктеудің барлық кезеңдерін өту негізінде қарастыруға;
2.4.8. білім алушылар мен Университеттен Кәсіпорында қабылданған құпиялылық режимін сақтауды және осы шарттың талаптарын орындауды талап етуге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет