Кілт ұғымдар



Дата26.10.2022
өлшемі24,42 Kb.
#45561

1.3 Сана, рух және тіл

1 Философиядағы жан, рух, ақыл мәселесі. Негізгі тарихи кезеңдердегі рух, жан, ақыл және парасат туралы ұғымдар мен ілімдер.


2 Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.
3 Сана құрылымы. Бейсаналықтың концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг). Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).
4 Сана және өзіндік сана. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.
5 Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік.

Кілт ұғымдар: сана, өзіндік сана, ақыл, парасат, рух, жан, гносеология, бейсаналық, астарсана, санадан жоғары, жігерлілік, қайсарлық (табандылық), ашық саналылық, ұлттық сана-сезім


1 Философиядағы жан, рух, ақыл мәселесі. Негізгі тарихи кезеңдердегі рух, жан, ақыл және парасат туралы ұғымдар мен ілімдер.


Біздің ғасырдың ең маңызды мәселелерінің бірі – адам жан, сана және руханилық мәселелері болып табылады. Философиялық әдебиеттерде «руханилық» ұғымы да әртүрлі қырынан қарастырылады, мәселен:
- руханилық индивид болмысының формасы ретінде, «іздеу» ретінде сондай-ақ;
- дінді түсініп, рухани қажеттіліктерді ұғыну;
- әдемі және терең сезімдерді ұғыну және т. б.
«Рух» – орта шындықтың бейнесі ретінде пайда болатын сананың барлық функцияларының жиынтығы, бірақ оған әсер ету үшін және соңында оны қайта жасау үшін шын мәнінде саналы бағдар құралы ретінде бірыңғай даралықта шоғырланған... ол – адамның белсенді әрекет ететін күші.
«Ақыл» – адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол – пайым және парасат.
«Парасат» – ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі - даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін «жасанды интеллектіге» беру – компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.
«Даналық» – адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті,тұлғаның тиімді анализбен, адамдар өміріндегі қүнделікті және ғылыми оқиғаны алдын-ала жобалауы мен және бағалауымен байланысты интеллектуалдық дамуының ең жоғары деңгейі, табиғи интелектінің (құраушы) бір жағы. Ол болып атқан окиғалар туралы ақпаратты өңдеу мен бейімделуге тікелей байланысты. Сонымен бірге даналық интеллектуалдық жетілудің ерекше жағдайы ретінде танылады.
«Даналық» – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығармаларында ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады.
«Даналық» – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол
Қорытсақ, «Даналық» – адамгершілікті танудағы басты құрал.
2 Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.
«Сана» – объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана әрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам сапасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды.
Дүниетанымда адамдардың іздеріс мүмкіндіктерін орасан зор дамытқан ғылым киберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.
«Сана» – сезім өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы.Сана белгілі бір дәрежеге – сана-сезімге айналады.
«Сана-сезім» дегеніміз адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты.
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөліне алады. Сана өзінің шығу жағынан екінші. Бірақ, сана – енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенділігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күйінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылады.
Дін объективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиалишылдық негізінде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниеге кез-келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет).
Сананың шығу тегінің құпиясы – адамның шығу тегінің де құпиясы болып табылады. Бұл мәселені түсінуде бір көзқарас жоқ, осы мәселеге байланысты көптеген антропогенездік теориялары бар. Мәселен, абиогенездік ілімнің өкілдері әртүрлі себептердің, жылу стресс, күшті геомагнитті сәулелену және т. б. Салдарынан, жансыз табиғаттан өмір, кейін сана пайда болды деп болжайды.
Ғарыштан кездейсоқ пайда болды деп санайтындар да бар. Құдайдың жарату шы актісінде пайда болған деген теологиялық тұжырымдама да табысты дамып келеді. Адамның шығу тегінің материалистік теориясы – эволюциялық. Адамзаттық еңбек қызметі приматтардың сапалық өзгеруіне әкелді. Белсенді әрекет ететін қол басын ойлауға үйретіп, адамдардың қару-жарақ қызметін жетілдіру олардың санасын жетілдіруге алып келді. Еңбек құралдарын үнемі пайдалану және оларды жүйелі түрде дайындау тәжірибені, оларды дайындау тәсілдерін, олармен жұмыс істеуді шоғырландыруды (сақтауды) және тиісінше осы тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруді көздейді. Осылайша, еңбек, сөйлеу, ұжымдық қызмет «Адам» мен адам сананың пайда болуына әкеледі.
3 Сана құрылымы. Бейсаналықтың концепциялары (З.Фрейд, К.Г.Юнг). Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).
Антропосоциогенез сөзінің этимологиялық мағынасы латын тілінен «антропос» – адам, «генезис» – шығу тегі, «социум» – қоғам дегенді білдіреді. «Антропосоциогенез» – адамның осы заманғы қалпына дейінгі қалыпқа жету жолы, шығу тегі мен даму үдерісі. Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше, осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының да негізгі мәселелерінің бірі. Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшеліктерге ие болады.
Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттерге бағындыруға, өз ісіне жауап беруге, алдына түрлі міндеттерді қоя білуге, сондай-ақ, өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады.
Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б. Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен байқаймыз.
Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі шарты. Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты.
«Тіл» – әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі. Бұнда тілдің өзі бірқатар байланыстарға: қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы үшін маңызды ролге ие болды. Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады. Бұл жағдайда негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды. Сана әрекет-қылықты басқару қызметін атқарады.
«Сана» – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс.
Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
- Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял;
- Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті;
- Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б.;
- Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
4 Сана және өзіндік сана. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.
Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет – қылығын басқара алмауы мүмкін.
Санамен қатар адамда бейсана бар және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. Мысалы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады.
Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. Мысалы, жүзу, түрлі құралдарды пайдалану.
Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.
Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип – бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.
Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:
- Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;
- дене мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;
- түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;
- дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.
Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрекет-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.
Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе – психолог-зерттеушілердің де ең қызығатын объектісі. Бұл мәселе бойынша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:

  • психоанализ теориясы;

  • астарлы психикалық нұсқаулар.

Сана мен бейсаналық мәселесін постмодернизм де қарастырады. Постмодернизм – 20 ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы өнер мен әдебиет ағымдарын қамтиды. Постмодернизм теориясы ең ықпалды заманауи философтардың бірі, сонымен қатар мәдениеттанушы, әдебиеттанушы, семиотик, лингвист Жак Дерриданың тұжырымдамасы негізінде құрылды. Деррида іліміне сәйкес қорытынды: «Әлем – бұл мәтін», «Мәтін – шындықтың жалғыз ықтимал моделі». Постструктурализм теориясының маңыздылығы бойынша екінші болып философ, мәдениеттанушы Мишель Фуко саналады. Оның ұстанымын ницшеандық ойлау желісінің жалғасы ретінде жиі қарастырады. Фукоға сәйкес, «Тарих – адам ақыл-ойының көріністеріндегі ең ауқымды, жалпы бейсаналық».
5 «Өзіндік сана» – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны жэне өзінді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Өзіндік сана – адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл-ойын, қабілеттілігін, әр бір іс-әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы. Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана-сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.
Тұлғаның ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді. Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген. Индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі «Мен» бейнесінде қалыптасады. Тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына да себепші болып табылады.
5 Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік.
«Сананың ашықтығы». «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты бағытын ұсынды. Соның бірі – сананың ашықтығы. Яғни, сана жаңғыру үшін оның ашық болмағы керек. Сананың ашықтығы дегеніміз не? Ол – қоғамның әр мүшесі өзінің мұрнының асты, көзінің жетер жерімен шектеліп, өз ойымен ғана тұмшаланып қалмай, әлемдік ой-сананың дамуына ілесіп, оған үн қоса алуы. Қазіргі жаһандану қарқын алған тұста, бәсекеге қабілетті болу үшін осы ашық сана ауадай қажет.
Жастармен көп араласып, оларға жиі құлақ түретін жан ретінде, бір мысал айтайын. Шетелге шығып, озық елдердің білім-білігінен дәм татқан азаматтардың көкжиектері кеңіп келетініне бірнеше рет көзім жетті. Мұны Елбасымыз 25 жыл бұрын түйсініп, «Болашақ» бағдарламасын бастаған екен. Мына 100 кітап жобасы да сол мақсаттың бір парасы секілді. Елдің бәрін шетелге жібере алмайсың, бірақ таңдамалы білімді олардың оқу үстелінің үстіне әкеп беруге болады.
ХХІ ғасырдағы ұлттық санаға келсек, бұл ретте, тұтас қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын жіктеуге болады:
- Бәсекелік қабілет - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Яғни, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың қамы.
- «Прагматизм» - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу.
- «Ұлттық бірегейлікті сақтау» - ұлттық сананың кемелденуі. Яғни, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Алайда, басты мақсат - ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, тіліміз бен музыкамыздың, әдебиетіміздің, жоралғыларымыздың, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы.
- Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Осыған орай, елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасуда. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні сөзсіз.
- «Сананың ашықтығы». Бұл ретте, біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны нəтижесіндегі өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Үшіншіден, өзгелермен тәжірибе алмасу мақсатында ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Бекітуге арналған сұрақтар:


1 Ақыл, сана, парасат, даналық ұғымдарының арақатынасын ашықтаңыз?
2 «Өзіндік сананың» өз өміріңіздегі орны қандай?
3 «Қазақстандық Прагматизмнің» өмірмәнді қағидалары?
4 «Үштілділік» - адам капиталы сапасын дамытудың маңызды шарты деген тұжырымды қалай түсінесіз? Өз өміріңіздегі жоспарыңыз?
5 «Санасы ашық» адамның сипаты қандай?
6 «Сана» мен «бейсаналықтың» арақатынасын ашықтаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:


1 Энтони Кенни. Антика философиясы. 7 тарау. Жан мен сана. (293-324 бб)
2 Энтони Кенни. Орта ғасыр философиясы. 3 тарау. Логика және тіл. (155-203 бб); 7 тарау. Сана мен жан. (272-312 бб)
3 Д. Джонстон. Б.Спиноза: тиянақты ой және байыпты тұжырым. (104-113 бб)
4 Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. Р.Декарт. Ақыл-ойыңды дұрыс бағыттап, ақиқатты ғылымнан іздеу әдісі туралы пайым, 1637. (66-78 бб)
5 Н. Назарбаев. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы,17 қараша 2018 жыл
6 Нысанбаев, Абдумалик. Философия взаимопонимания.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001.- 544 б. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет