«Кім екеніңді тап» ойыны
Ойын ережесі
Қатысушылардың (кем дегенде екі адамнан сансыз көп адамға дейін ойнай береді) әрқайсысы шамамен 2х5 см таза парақ алып, кез келген мәдениет қайраткері, тарихи тұлға немесе кино, әдеби шығарма кейіпкерінің есімін жазады. Бар шарт – ол есім ойынға қатысып отырғандардың барлығына таныс болуы тиіс.
Ойыншылардың бәрі кейіпкер ойлап тауып, жазып болғаннен кейін, парағын жанында отырған көршісіне шеңбер бойымен (оңнан солға, солдан оңға – маңызды емес) береді. Өз парағыңызда не жазғаныңызды ойын басталғанға дейін ешкім көрмеуі тиіс екенін ескеріңіз.
Сонымен, әрқайсысыңыз парағын таза жағын жоғары көрсете отырып көршісіне береді, ал сіз көршіңізден алған парақты, онда не жазылғанына қарамай маңдайыңызға жабыстырып аласыз.
Әрине, түріңіз күлкілі болып көрінеді, алайда, оның еш сөкеттігі жоқ –ойынға қатысып отырғандардың бәрінің түрі сондай. Бұл ең оңтайлы шешім: өзіңізге тиген парақта не жазылғанын сіз көре алмайсыз, ал басқалардың бәрі сіздің осы ойында кім екеніңізді еске түсіріп отыру үшін кез келген уақытта сіздің жүзіңізге қараса жеткілікті.
Дайындық жұмыстары аяқталып, парақтар таратылып, маңдайларға жабыстырылып болып, бәрі ойынға кірісуге әзір болғанда, ойын басталады.
Ең алдымен, әрқайсысыңыз әріптестеріңізге бұйырған «рольдермен» танысып алуыңыз керек. Бәсекелестеріңіздің бірінің маңдайындағы кейіпкерді танымайтын болсаңыз, ақырындап достарыңыздан сұрап алыңыз.
Сонымен, жұрттың бәрі өзіне керегін біліп болғаннан кейін ойынның ең қызық тұсы – сұрақ қоюғакірісе беруге болады.
Ең алдымен, айналымды кімнен бастайтындарыңызды таңдап аласыздар: мұнда белгіленген ереже жоқ, алайда, екінші айналымнан бастап, алдыңғысында жеңіліп қалған адам бастайды. Сол адам бірінші болып сұрақ қояды.
Сұрақты оған тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болатындай етіп құрастыру керек.
Мысалы, бірінші сұрақ әдетте «Мен шынымен бар кейіпкермін бе?» деп басталады.
Сонда ойыншылардың бәрі ол адамға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әдетте, бәрі жамырап жауап береді, сондықтан да, бір-екі адам қандай да бір сұрақтың жауабын білмей қалса да ештеңе етпейді.
Сонымен, адамның сұрағына «иә» деп жауап бергеннен кейін ол сұрақ қоюын жалғастыра береді. Әр адам сұрағына «жоқ» деп жауап алғанға дейін немесе өзі «пас» дегенге дейін ойынды жалғастыра береді. «Пас» мүмкіндігін лайықты сұрақтарыңыз таусылғанда немесе осыған дейін алған ақпаратты ойланып алу керек болғанда алуға болады.
Әр ойыншы команданың бір мүшесі өзінің кім екенін тапқанға дейін бүкіл командаға сұрақ қоя береді.
Айталық, адам толық ақпарат алып, соның бәрін ойланып болып, «Мен Лермонтовпын ба?» деп сұрақ қояды. Оған «иә» деген жауап алса, жеңімпаз болып ойыннан шығады, алайда әріптестерінің сұрақтарына жауап беруге құқылы болады. Ал егер қателесіп қалса немесе «жоқ» деген жауап алса, басқалармен бірге ойынды жалғастыра береді.
Сізге қандай роль бұйырғанына қатысты үш рет қана болжам айтуға болады. үшінші ретте де «жоқ» деген жауап алсаңыз, жаза ретінде келесі жүрісіңізді өткізесіз.
Екі ойыншы қалған кезде, олар біреуі өз кейіпкерін тапқанға дейін жарыса береді. Сонда қалған ойыншыға үш жүріс беріледі: яғни, оған үш рет «жоқ» деп жауап беруге болады, үшінші реттен кейін ол жеңілген болып саналып, маңдайындағы қағазды алып, достары оны кімге балағанын көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |