Кіріспе дәріс. Пәнінің негізгі міндеттері. Құрылымы, негізгі анықтамалары. Қарастырылатын сұрақтар: «Еңбек қорғау»


с/ Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесімен, ЕҚСЖ. д/



бет2/3
Дата27.10.2022
өлшемі17,59 Kb.
#45696
1   2   3
с/ Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесімен, ЕҚСЖ.
д/ Өрт қауіпсіздігі стандарттарымен.
ҚР «Еңбек кодексіне» сәйкес мынандай анықтамалар мен терминдер қолданылады.
Қауіпсіз еңбек дегеніміз- еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.
Еңбек жағдайы- еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.
Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын өндірістік фактор.
Зиянды өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын өндірістік фактор.


3 «Еңбек қорғау» ілімінің дамуы, ғалымдардың оған қосқан үлестері.
Азамат өз еңбегін қорғауды тіпті ертеден-ақ қолға алған ойлаған, еңбектің қауіпсіздігін азайту әдістерін тапқан. Адамның еңбегі қауіпті болса, оның өмір сүру мүмкіндігі де азаяды. Ал адам болса өмір сүру үшін еңбек етеді, білімін жоғарлатады, жетілдіреді. «Еңбек қорғау» негізі И.М.Сеченовтің мына қағидасына сүйенеді: «Адам организмі мен оны қоршаған ортаның бірлігі. Адамның еңбегі мәнді де қауіпсіз болуы үшін өзі өмір сүретін ортаның тепе-теңдігін сақтауы шарт. Бұл қағида сақталмаса, бұзылса адамның өзіне, өміріне қауіп төнеді. Мысалы Арал теңізінің суының кейін қайтуы, Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі, топырақтың улануы т.б.
Қазіргі кездегі «Еңбек қорғау» негіздері отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып дамиды, тереңдетіледі, жетілдіріледі.
Тіпті, 1742 жылдың өзінде М.В.Ломоносов тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек қауіпсіздігіне көңіл аударып, желдеткіштер орнатуды және оның кейбір үлгісін ұсынды. Осы ғалым жай тартқыштың үлгісін жасады, оны есептеу жолдарын тапты.
Ғұлама ғалым-физолог И.М.Сеченов жұмыс уақытын белгілеудің гигеналық, физиологиялық негіздерін беріп, оны еңбек қорғаумен байланыстырып қарады.
М.Д.Зеленский химиялық заттардың адсорбция теориясын ашып, противогаз т.б. адамдарды улы газдардан қорғайтын құралдардың негізін салды.
Академик С.И.Вавилов люминесцентті жарық көзін ашты.
А.А.Сочинский-ауадағы зиянды газдардың мөлшерін айыратын аспапты ұсынды.
Е.О.Патон-электр тоғының күшімен дәнекерлеу әдісін ұсынды.
Гигиенист оқымыстылар қомақты үлес қосты, олар:В.В.Левицкий /1867-1936/ кәсіби аурулар және шаршаудың негіздерін түсіндірді. Эристман Ф.Ф /1842-1915/ өнеркәсіптегі еңбек жайын реттеудің гигеналық нормаларын берді. Қазіргі кезде еңбек қорғау заңдары толықтырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет