Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі



бет1/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

КІРІСПЕ. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

Әлеуметтану – қоғам өмірін зерттейтін ғылымдардың бірі. Қоғам дамуын, жетілуін, шыңдалуын зерттеуші ғылымдардың таным объектісі қоғамдық өмір салалары болады. Алайда әрбір ғылым саласы оны өз қырынан, тұрғысынан қарастырады. Экономика теориясы адам тіршілігінің материалдық - базистік негіздерін жасауды қарастырады. Әлеумеггану ғылымы – қоғамды, әлеуметтіңк орта проблемаларын зерттейді, қоғамды әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. «Әлеумет» (адамдардың, халықтың әлеуметтік арабайланыстағы біртұтастығы) оның басты категориясы. «Әлеуметгік қатынастар» (қоғамдық тіршілік барысындағы адамдық және адамдар арқылы әлеуметгік институттар арабайланыстарының көріністері), «әлеуметтік» (қоғамдық қатынастардағы адамдар, халық мүдделерінің бейнеленуі) деген үғымдар - әлеуметтану ғылымының негізгі және негізге алатын үғымдары. Сонымен, социология ғылымының объектісі - әлеуметтік тұрғыдан қаралатын коғам, әлеуметгік бағдарлануға тиісті қоғам.

П. Сорокин айтқандай, егер «қоғам» деген кеңістікте адамдар болмаса және олар психология (сана) деңгейінде арақатъшасқа түспесе, ол кеңістікте социология назар салатын дәнеңе жоқ.1

Қоғамның қозғаушы және дамытушы күшінің – адам болатыны сөзсіз. Сондықтан адам мен қоғам тығыз байланысты. Ал әлеуметтанудың негізгі зерттейтін құбылыстары не? Қазіргі заманғы әлеуметтанушылардың зерттеулерін, олардың басшылыққа алатын ортақ тұжырымдарыын негізге алып, әлеуметтану келесі қоғамдық құбылыстарды:

- әлеуметтік институттарды және олардың атқаратын қоғамдық функцияларын;

  • адам өмірінің мәнін және елеуметтік арабайланыстарын;

  • әлеуметгік мінез-қылық, сана және іс-өрекетті;

  • өлеуметтік фактілер және т.б. зерттейді.

Адамдық мүдде әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі болады. Сондықтан оның жалпы теориялық тақырыптармен қатар әртүрлі салалық қырлары бар. Оған мысал ретінде отбасы* жастар, білім, қала мен ауыл немесе құқық социологиясы және т.б. атаймыз.

Әлеуметтік факт зерттеушіні өмір ақиқатымен таныстырады, нақты әлеуметгік қоғамдық жағдай құбылыстарьш жан-жақты қарастыруға, талдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік факт - қоғамдық және адами қатынастардың шынайы көрінісі. Әлеуметтану теориясының нақты өмірлік шындыққа негіздеуімен басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.

Әлеуметтану іштей теориялық, методологиялық және эмпирикалық бөліктің тұтастығынан тұрады. Кез келген ғылым саласы тәрізді социологияның ғылыми дәрежесі - оның теориялық сипатында. Теория арқылы жекелеген әлеуметгік құбылыстардың, әлеуметтік фактілердің өзара, себеп-салдарлы байланысын табамыз. Әлеуметтану методологиясы зерттелетін қоғамдық құбылысты қандай дүниетанымдық көзқарас, қандай зертгеу принциптерін басшылыққа алып зерттеу қажет екенін айқындайды. Бұл - зерттеу объектісі болатын қоғамдық құбылысты қай тұрғыдан қарастыруды негіздейтін ғылыми көзқарастар мен принциптер жүйесі. Методология - ғылыми болжамдардың дұрыс қойылуының, теория мен эмпириканың дұрыс үйлесуінің кепілі. Мысалы, зерттелетін қоғамдық құбылысты әлеуметтік-тарихи, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-функционалдық тұрғыдан қарастырып зерттеу жөне шешу.

Қоғам, нақты өмір, дүние ақиқатын негіздеуге арналған (дұрыс, бұрыстығын дәлелдеу), ғылыми талдау, болжамдар дұрыстығын айқындау үшін эмпирикалық зерттеулер пайдаланылады. Эмпирикалық (ол «қолданбалы» деп те аталады) зерттеулер арқылы әлеуметтанушы қажетгі қоғамдық фактілерді жинайды, оны өңдеп, теория тұрғысынан талдауларға алып келеді, осы негізде жаңа тұжырымдар жасайды.

Жеткілікті деңгейде дәлелденетін өлеуметтік фактілер жинап алу үшін, зерттеуші келесі кең таралған әдістерді пайдаланады: сауалнама жүргізу, (сұхбат және анкета); ресми статистикамен жұмыс; құжатгарын зерттеу; талдау; әлеуметтік эксперимент; ғылыми (ашық және жабық) бақылау жүргізу; контентті (ақпарат құралдарынан әлеуметтік фактілерді жүйелі жинақтау) талдаулар; ауыспалы факторларды, яғни бір әлеуметтік сапаның екінші бір сапаға ауысуының себебі мен салдарларын көрсететін қоғамдық факторларды зерттеу т.б. Зерттеушінің тікелей қатынасымен зерттелетін объектіге эмпирикалық зерттеудің бірнеше әдістерін тиімді қолдану оң нәтиже береді. Зерттеу бағдарламасына сай жүргізілген ізденудің, зертгеудің объективті дәлеліне, ғылыми негізделуіне алып келетіні сөзсіз. Бұл ұшқары немесе біржақты зерттеу емес. Оның нәтижесіне сенуге, оны басшылыққа алуға болады. Әсіресе басқару жүйесінде, саясатта, еңбек үдерісі барысында пайда болған проблемаларды адами арақатынастар, адамгершілікпен реттеу қажет. Осыдан қоғамда әлеуметтанымдық зертгеулерге сұраныс артьш келеді. Бұл тұрғыда әлеуметганудың болашақ мамандарға беретіні жетерлік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет