Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет1/10
Дата14.06.2022
өлшемі355 Kb.
#36821
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Кіріспе


Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Білім - бүгінгі күнгі жаһандану жағдайында өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылыгы болып табылады. Өлшем болатын себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Жаңа типті мектептерде қалыптастырылған сапалы білім сол өркениеттіліктің тетігі болып табылады. Себебі, адамзат баласын тамсандырған таңғажайып жаналықтар қашан да білімді - құндылық деп біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсаған.
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген болатын. Осыған орай қазіргі білім берудің максаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың нсгізінде дербес, жылдам өзгеріп жатқан бугінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп таүып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанының әлеуметтік экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын жеке түлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 ж.) «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауга бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... жеке даму үшіп жағдай туғызу арқылы интелектін байыту жатады; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әрбір мүғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет деп атап көрсетіледі, сонымен бірге мүғалім-іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Қазіргі кездегі мұғалімдердің оқушылардың біліктілігін жстілдірумен қатар кәсіби қызметінің ғылыми негіздерін өмірде қолда іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейді.
Осыған сәйкес «Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірісу білім бсру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін 12 жылдық білім беруге көшу қажет» деп еліміздің президенті Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетксн. Сонымен әлемдік тәжірибе көрсеткендсй білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалиы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады. Осыған сәйкес жалпы білім беретін мектепті дамыту тұжырымдамасында мынандай міндеттер козделінгсп.
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуын камтамасыз ету, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекеттеріне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
Білімділіктің түжырымды идеяларының дамуына байланысты мәсслслср айрықша өзекті болып отыр.
Осыған орай, білімге құндылық бағдар қалыптастыру мәселесі жан-жақты қарастырылып келген: философияда (Алексеев В. П, Дробницкий О. Г., Тугаринов В. П., Здравомыслов А. Г. т.б.) әлеуметтануда (Ядов В. А., Блауберг И. В., Любимова Т. Н. т.б) психологияда ( Леонтьев А.С., Божович Л. И., Непомнящая Н.И., Абульханова-Славская К. А., Давыдов В. В., Выготский Л. С, Узнадзе Д. Н т.б.), ал педагогикада (Казакина М. Г., Мальковская Т. Н., Кирьякова А. В., Мухина В. С, Дуранов М. Е. т.б.).
Құндылық бағдар мәселесінің әртүрлі аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеген: жеке тұлғаның кұндылық бағдарының бірқатар, теориялық-практикалық негізі (Нұргалиева Г. Қ, Багаева И. Д., Васильева 3. И); педагогтік сынып оқушыларының болашақ кәсіптік іс-әрекетіне құндылық қатынасын қалыптастыру (Кикина Н. И.); педагогикалық баспасөзге сту-денттердің құндылық бағдарын қалыптастыру (Тленбаева А); жастардың құндылық бағдарын әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан зерттеу (Ядов В. Я., Ломов Б. П.) қарастырған. Сонымен, білімге құндылық бағдар жайында біршама ғылыми педагогикалық білімдер жинақталған.
Өз тарихымызға көз жіберетін болсақ, ойшыл ғұламаларымыз ерте кезден-ақ білім ұғымына жете көңіл бөлген.
Мемлекет қайраткері, ойшыл Ж. Баласағұни өзінің «Кұтты білік» атты мұрасында: «Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты білім», «Әмірші заңдар арқылы қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды» деп сол кездің өзінде білімді құндылық ретінде қарастырған.
Ғылым - әлемді таңудың кілті болса, сол ғылымның негізі білімде жатқандығын ертеректе Қарақанидтер әулетінің әміршілері ол назарда ұстаи, нәтижесінде түркі мемлекеті әлемнің ең гүлденген, әрі мықты мемлекетіне айналған.
Ал, білімнің негізгі ірге тасы жаңа типті мектептерде қаланады. Көрнекті қоғам қайраткері М. Жұмабаев «Қазақтың тағдары, келешектс сл болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздіц таза сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп білім мен ғылымның маңыздылығына тоқталған.
Елбасының бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды кілті мен құралдардың бірі - білім деп атап көрсетуі, біздің ойымызша оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру мәселесінің өзектілігін дәлелдейді.
Алайда, іс-жүзінде оқушылардың білімге дегеп талаптарының артуы мен педагогикада оқушылардың білімге құндылық бағдарын қальштастыру мәселесінің теориялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылық бар екендігі анықталды. Осы қарама-кайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зертгеу проблемамызды айқындауға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет