Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет1/12
Дата21.02.2022
өлшемі473.5 Kb.
#26035
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Айтыс-қазақ халқының аса бір құнды мұраларының бірі. Сонау ерте заманнан бастау алған ұлттық дүниеміз бүгінгі күнге дейін халықтың керемет қошеметіне ие болып келеді. Айтыскер ақындар қашанда қараша халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған. Сондықтан да қазақ халқы айтысушы ақындарды алақандарына салып аялаған. Әсіресе суырып салатын ақын ұл-қыздарына ықыластары ерекше. Ертеректе ру мен ру, ауыл мен ауыл айтысқан болса, бүгінгі күні оның дәрежесі одан әрмен арта түсіп, аудан, облыс көлеміне дейін жетті.

Ақындар айтысы - өнер жарысы. Халықтың қайнаған ортасына шыққан талант иелері алқалы топ ортасында бір-бірімен бетпе-бет келіп өлең айтысады. Айтыскер ақындар қынаптан қылыш суырғандай тосыннан сөз тауып, жыр маржанын нөсерлете төгеді. Ақындар айтысында жеке бас кемшілігінен бастап, ел басындағы әлеуметтік – саяси ахуал, қоғамдық өмірдің шынайы бет пердесі жырланады.

Айтыс қазақ даласына негізінен XIX ғасырдың II жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Осы кезде ғасыр поэзиясының салмақты жүгін көтеріп тұрған Жанақ пен Шөже, Орынбай мен Түбік, Бақтыбай мен Сақау, Біржан мен Кемпірбай, Кеншінбай мен Айсұлу, Тоғжан мен Сүйінбай т.т айтыс өнерінің өрендері, су шайқалмас жорғалары айтыс арқылы халыққа танылды. «Мезгілінде жазылып қалмағандықтан қазір біз XVI – XVI ғасырлардың ақындар айтысын білмейміз, деректер жоқ. Бірақ сол ғасырларда да айтыстың мол болғаны даусыз» [15.319] – деп М. Әуезов өте орынды пайымдаған.

Айтысты зерттеуші ғалымдар тұрмыс-салт айтыс, ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, жар-жар, бәдік айтыс деген топтарға бөледі. Осы аталған айтыс түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Менің диплом тақырыбымның өзектілігі де осында жатыр. Айтыстың ауыздан ауызға таралып, бүгінгі күні қағазға түсіп, ғылыми айналымға түскен кезеңде ұлттық мұрамыздың тамырын тереңнен қозғағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет