Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет1/3
Дата20.11.2022
өлшемі44,5 Kb.
#51354
  1   2   3

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.Соңғы он жыл көлемінде бірқатар әлем елдерінде экономикасының қарқынды дамуына себепші болған әр түрлі технологиялық инновацияның ықпалы зор болды. Технологиялық прогресс нарықта өз қызметін тиімді жүзеге асырып жатқан әр түрлі бағыттағы кәсіпорындарға жаңа тауар немесе қызмет көрсету түрлерінің қалыптасуына және жетілдіруге маңызы зор.
Қазіргі қонақжайлылық индустриясында жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану қарқынды қолданыс табуда. Себебі, ХХI ғасыр ақпараттық революцияға толы, ғаламдық ақпарат ғасыры. Ақпараттық революция – ғаламдану процесінің күрделі де, ауқымды бөлігі. Ғаламдану көрінісі компьютерлык технологияның пайда болуымен, ақпарат алудың шексіздігімен, шекарасыздығымен, қоғамның және оның қоғамдық техникалық, прогреске ашықтығымен ерекшеленеді. Бұл қоғам дамуының бірден-бір векторы. Әлеуметтік прогресс – интеллектуальдық саланың даму деңгейіне, ақпаратты құру, тарату және оны тұтыну негізінде шынайы өмірге енгізілуіне байланысты болмақ. Олай болса, әлемдегі өзгерістер мен жоғары технологиялар жаңалығынан туризм саласы тысқары қалмауы бұл заңдылық. Бұл жерде ақпарат ұтымды бизнес жүргізудің негізгі түйіні болса, қазіргі таңда заманауи компьютерлік технологияны ұтымды пайдалану туристік бизнес жүргізудің құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінгі туризм – бұл бүкіл әлемнің ірі-ірі авиакомпаниялары, қонақ үй тізбектері, туристік корпорациялары және т.б. туризм секторлары толық қатысып отырған ғаламдық компьютерлендірілген бизнеске айналып, туристік өнім тұтынушыға барынша икемді, жекеше, тартымды және қол жетімді.
Қазіргі уақытта қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпорындарда төртінші және бесінші лектегі дербес компьютерлер негізінде қамтитын ауқымына қарай күшті бағдарламалық қолдау минимальды уақыт аралығында желіге қосылу арқылы қызмет атқаратын компьютерлік жүйе кеңінен тараған. Жетілдіріліген компьютерлік технологияның көмегімен ақпараттық жүйелер нақты, сенімді және көп функциональдылық қызметін атқарады. Компьютерлер және әр түрлі компьютерлік технологиялар басқарудың тиімді жүйесін көтеруге, қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, клиенттік базаны кеңейту, еңбастысы бірқатар маркетингтік мәселелерді шешу жоғары еңгейде жүзеге асырылады.
Қазір компьютерлік брондау жүйесі болмаған жағдайда компьтюрелік брондауды жүзеге асыру, турагенттіктер және қызмет көрсету компанияларындағы жеңілдіктер, жаңашылдықтар, турлардың бағасы туралы ақпарат алу қиындықтары туындайтыны сөзсіз. Қазіргі уақытта аталған жүйе аталған жүйе кеңінен танымал және жақсы үйлестірілген.
Компьютерлік брондау жүйесін қолданудағы жоғары экономикалық тиімділік кәсіпкерлерді туристік қызмет көрсету нарығындағы ықпалын күшейтуге мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - қонақ үйдегі нөмірлерді брондау үрдісін қазіргі компьютерлік бағдарлама және оның технологиялық реттерін қазіргі заманауи үлгілерін отандық және халықаралық қонақ үйлердегі қолданыс тиімділігін анықтаумен өзекті болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет