Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет1/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#13643
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Сонау ықылым заманнан бастау алатын қарт Торғайдың қатпарлы тарихы қилы оқиғаға толы. Тектілерге мекен болған бұл байтақ өңірдің жылнамасы жалпы қазақ елінің тарихында айрықша орын алады. Қиындық пен күреске толы жылдар, сан алуан сын соқпақтар осы қасиетті даланың қасіретіне айналғаны тарихтан белгілі.

Торғай халқы тектілердің мекені деп тегін айтылмаса керек. Тағдырдың талқысына түсіп, қиындықтың қыспағында қалса да еш мойымай, халқының қамын ойлаған асылдарымыз қаншама!

Торғай ежелден-ақ батырлар мен даналардың алтын бесігі іспеттес. Азаттыққа жетудің азапты жолында қазағы үшін жанын құрбан еткен даналар мен батырларымыз осы өңірден аз шыққан жоқ. Жоңғарларға қарсы азаттық күрестің қаһарманы Шақшақ Жәнібек батырдың, ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахаң мен Жақаңның, отарлық саясатқа қарсы қан майданға шыққан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшылары Әбдіғапар мен Аманкелді батырларының тарихта қалдырған іздері мәңгілік.

Торғай өлкесі ұлт – азаттық көтерілістің ірі орталығы болғаны кім – кімге де аян. Көтеріліске найза ұстап шыққан мыңбасы, жүзбасыларға салалы саусақтарымен қару – жарақ соққан ұсталарымызды қаншалықты біліп елге таныта алып жүрміз.

Қазақ даласы талай төңкеріспенен, көтерілісті көрген батыр да, батыл ұрпақ тәрбиелеген ел. Осы күнге дейін зерттеуді қажет ететін тақырып бұл жылдан - жылға маңызын өзгертпей, руханилығын сақтап келе жатқан еңбегі өлшеусіз, көпшілікке рақымы шексіз болған, мәдени салада ұсталық өнерді дамытқан Торғай өлкесінен шыққан ұсталардың өлшеусіз еңбегі екені анық.

Ұсталар біздің Торғай өлкесіне ғана танымал болып қоймаған, терістігі Ақмола мен Атбасарға, тіпті сонау Семейден келген жұмысшылармен бірге шиті мылтықтар мен білтелі мылтықтарды жөндеді, қылыш, айбалта, найза соқты.

Ұсталардың көне кітаптардағы әңгімелеріне қарасақ: өздері оқ - дәрі жасап, оқ құйдық, ер - тұрман әзірледік дейді. Асқан шеберлікті меңгерген ұсталарымыздың ерекшелігін, кәделі қару – жарақ жасағанынан ғана емес, елім деген жүрегінің лүпілінен, патриоттық толған сезімімен, қоғамдық ортаға атқарған қызметінен байқаймыз.

2018 жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы елімізге серпін бере отырып, онда ерекше аталатын «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бөлімнің «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» атты екінші бағытқа сәйкес бұл тақырып қазіргі кезеңде зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі. Елбасының мақаласында жеті қырдың бірі ретінде «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп атай отырып, «Металл өндірудің амал тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі.

Ежелгі заманда Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата –бабаларымыз жаңа неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел

технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді» - деп атап өтті.

Қазақтың ұсталық өнер тарихын зерттеуде негізгі материалдар – заттық ескерткіштер Торғай өлкесіндегі және Арқалық далалық мұражайында сақталған және жеке адамдардың қолдарында сақтаулы бізге жеткен қазақ қолөнерінің бұрынғы нұсқалары болды.

Сонымен қатар қазақтар қолданған ұсталық өнер тарихының генезисін, даму тарихын, қалыптасуын зерттеуде деректеме ретінде Торғай өңірінен табылған археологиялық материалдар да тартылды. Зерттеу барысында пайдаланған келесі дереккөздері ол- бейнелік материалдарды да атауға болады.

Ендеше осы айтылғандардан шығатын қорытынды туған жер тарихын білу, оның құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу- бүгінгі және келер ұрпақтың қасиетті парызы. Ғылыми жұмыстың өзектілігі де осыны меңзейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет