Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет1/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#16144
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Ауызша сөйлеу әрекеті жазумен байланысты игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» - деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді.

Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналуы жөнінде нақты талаптар қояды: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндеттер қояды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына байланысты ауызша сөйлеу өзінің қызметін өрістете түсуге мүмкіндік алды. Қазақ тілі тұрмыс аясында ғана емес, басқару орындарында, өндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру, оқу-тәрбие жүйесінде кеңінен қызмет ете бастады. Бұқаралық электронды ақпарат құралдарының қазақ тілінде беретін хабарларының уақыты бұрынғыдан әлдеқайда артты [1, 58].

Бірақ адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен электронды ақпарат хабарларында ауызша сөйлеудің орфоэпиялық нормаларының сақталына бермейтіні байқалады. Оны орфоэпиялық сөздікте: «Алайда қазіргі кезде ауызша қолданылу мәдениеті аса жоғары деуге болмайды», - деп көрсетілген.

Сондықтан теле, радио хабарларының шығармашылық қызметкерлері мен дикторлар, жоғары оқу орны аудиторияларындағы лекторлар, сахнадағы актерлер, өндірістік қызметтегі мамандар, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар сөзді дұрыс ырғақпен, үйлесіммен, үндесіммен дыбыстай алмай жататын жайттар жиі кездесіп жүр. Әсіресе, бұл жай танымы мен ойы, тілі мен білімі даму үстіндегі мектеп оқушыларының қатысым әрекетінде жиі байқалса, олардың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Өйткені әрбір айтылған ой, баяндалған білім, берілген ақпаратты дұрыс қабылдау тыңдап түсінуге байланысты. Егер жеке сөз мағынасы, сөз тіркесі мен сөйлемдегі пікір мен ой, мәтіндегі мазмұн тиісті орфоэпиялық немесе орфографиялық нормада айтылып не жазылып қолданылмаса, тілдік қарым-қатынас өз дәрежесіңде жүрмей, қатысым әрекеті нәтижесіз аяқталады. Сондықтан оқушылардың дұрыс сөйлеуіне бағыт-бағдар көрсететін әдістемелік зерттеулер мен құралдар қажет.

Ауызша қатысым адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен бірге ауызша қатысымда тілдік қатынастың әртүрлі қызметін (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б.) іске асырылады. Бұл дауыс ырғағына, күшіне, тембріне, интонациясына т.б. байланысты. Сондықтан оқушыларды ауызша қарым-қатынасқа үйретуде сөйлеу әрекетіне жаттықтырылады.

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты былайша анықталған: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп есептелген. Ал оқытудың басты міндеттері екі бағыт бойынша анықталады, біріншісі, танымдық бағыт бойынша «оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен» бірге «оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру» деп белгілесе, екіншісі тәжірибелік бағыт бойынша, «оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту мен тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету» деп есептелген [2, 15].

Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен оның тiлдiк қатынастағы маңызы ғылыми-теориялық және әдiстемелiк тұрғыдан қарастырылып отыр. Бұл зерттеу жұмысының өзектiлiгiн көрсетедi.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет