Кітапханалық қызмет оқырманның ақпараттық сұранысын толығымен қанағаттандыруды және оқуына, оқу мазмұнына ықпал етуді қажет етеді



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі30,33 Kb.
#47221
  1   2
Байланысты:
Ақпарат туралы


Кітапханалық қызмет – оқырманның ақпараттық сұранысын толығымен қанағаттандыруды және оқуына, оқу мазмұнына ықпал етуді қажет етеді. Кітапханалық қызметтің негізгі мақсаты – оқырмандардың сұранысын кең түрде қанағаттандыру және белсенді түрде оқудың мазмұнына және оқуына басшылық ету.
Кітапханалық қызмет деген ұғым кітапханатану ғылымында 80-ші жылдардың ортасында пайда болды, бірақ ғылыми ақпараттық жұмыста «ақпараттық қызмет» деген ұғым кеңінен пайдаланып жүр. Ақпараттық қызмет ғылыми – ақпараттық жұмыстың белгілі технологиялық процесінің нәтижесі ретінде қарастырылады.
Кітапхананың типіне байланысты кітапханалық қызметтің ерекшелігі бар. Негізінде кітапханалық қызмет барлық кітапханаларға міндетті, өйткені кітапхана оқырмандарға ақпаратты жарнамалау, құжаттарды беру, кітапхана-лық-библиографиялық білімді оқыту, барынша қызметтің кітапханалық жайлылығын ұсынуды қажет етеді. Сондықтан кітапханалық қызметтің түрі кітапхананың типіне байланысты.
Ақпарат көлемінің өсуі, техникалық жабдықтарды қолдану, қызметтің жаңа түрлерінің пайда болуы, баспалардың басылымдарының қымбаттауы, кітапхананы басқаруының қиындылығы және басқа факторлар кітапхананың қызметінің бағасының өсуіне алып келді.
Басқа да қоғамдық мекемелер сияқты кітапхана да қоғамның сұранысына байланысты дамыды. Кітапхана адам жадысына сыймайтын мәліметтерді жинақтайтын әлеуметтік мекеме. Кітап мұрасы барлық көп ғасырлық тарихты, әлем халықтарының мәдениетін, оның тілдерін және салт – дәстүрлерін жинақтайды. Кітапхана арқылы біз көпқырлы, көп ғасырлы тарихты, әлемдік өркениеттің дамуын біле аламыз.
Оқырманның жеке басының дамуы өрісі көп қырлы, бір сырлы. Кітапханашы оның өмір өрісін кітаппен, ақпараттық ізденістермен байланыс-ты, яғни баспасөз шығармаларын оқуы жағынан біледі. Сондықтан, оқырман туралы сөз болғанда кітапханашы оның кітапқа және кітапханаға байланысты ғана іс-әрекетін ескереді. Ол іс-әрекеттерге: кітапханадан кітап алуы оқу дағдысы, баспасөз шығармаларына деген сұранымы, іздестіру жолдары және ашық қормен, анықтама-библиографиялық ақпаратпен пайдалану әдістері, көпшілік шараларына қатысқан кездерінде айтқан пікірлері және басқа әрекеттері жатады. [28,29]
Бұл тақырыпты оқуда кітапхананың типтері мен түрлеріне, оқырман құрамына, кітапхана қорына байланысты кітапханалық қызмет көрсетудің құрылымы да өзгеше екенін түсіну керек. Қызмет етудің негізгі формаларына көңіл аудару қажет.
Абонемент белгіленген шарт арқылы (мерзімі, сақтау кепілдігі т.б) кітапхананың қорындағы басылымдарды кітапханадан тыс жерде пайдалануға берілетін кітапхананың бір бөлімі. Абонемент көпшілік және ғылыми кітапханаларда ұйымдастырылады.
Көпшілік кітапханада абонемент кітап қорының көлемі, мазмұны және оқырман саны бойынша негізгі қызмет көрсететін бөлім. Абонемент арқылы кітапханашы оқырманның қызығушылығын, сұранысын зерттеуге, кітап таңдауына көмек етуіне, оқуына басшылық етуіне кең мүмкіндігі бар.
Көпшілік кітапханада оқырмандарға абонемент арқылы бес кітап, мерзімі 15 күнге, жаңа журналдар мерзімі 5 күнге дейін беріледі. Ғылыми кітапханада абонемент абонемент арқылы берілетін кітап саны белгіленбейді, ол ғылыми қызметкерлердің және мамандардың ғылыми жұмыс ерекшеліктеріне байланысты.
Негізгі оқырман тобының ерекшелігін ескере отырып оқырмандарға абонемент арқылы дифференциалды түрде қызмет көрсетіледі. Жалпы, функционалды, салалық, топтық қызмет көрсету принципінде ұйымдастырылған көпшілік және ғылыми кітапханаларда қазіргі кезеңде абонементтің түрлі формалары пайдаланылады. (жалпы, функционалды, салалық, топтық абонемент).
Заманның талабына сай кітапханалар арқылы қызмет көрсету негізінде түнгі абонемент пайдаланылады.
Жалпы абонемент арқылы оқырмандарға бір кафедрадан қызмет көрсетіледі. Оқырманға қызмет көрсету барлық функциясын бір кітапханашы атқарады: оқырманды кітапханаға тартады, оқырман формулярын толтырады, кітаптарды қабылдайды, кітапхананың қорын ұсынады. Мұндай абонемент ауыл, мектеп кітапханаларында ұйымдастырылады.
Функционалды абонементте оқырманға қызмет көрсету кітапханашылар арасында операцияға бөлінеді. Мысалы, бір кітапханашы оқырманды кітапханаға жазады, олардан кітап қабылдайды, екінші оқырманмен кітапханалардың қоры туралы консультация жүргізеді, үшінші оқырманның алған кітаптарын есепке алып формулярын толтырады. Функция бойынша бөлінген жұмыс кітапхананың еңбек ұйымдастырылуын тиімді де ұтымды да етеді.
Топтық абонемент белгілі әлеуметтік демографиялық оқырман тобына ұйымдастырылады. (жасына, біліміне, мамандығына қарай).
Салалық абонементте оқырманға қызмет көрсету кітапханашылар арасында сала бойынша бөлінеді. Кітапхананың қоры сала бойынша әр кітапханашыға бөлініп оның маманданған, білікті қызмет көрсетуіне, ықпал етеді. Кітапханашы өзінің бөлімі бойынша кітап қорын толымдауға қатысады, ақпараттық – библиографиялық және көпшілік жұмыстарын жүргізеді. Салалық абонементте оқырмандар белгілі сала бойынша қалыптасады.
Оқу залы ол оқырмандар мерзімді басылымдармен, кітаптармен, аудиовизуальдық ақпараттармен жұмыс істейтін кітапхананың ерекше бөлмесі (ғимараты). Оқу залынан кітаптар және басқа басылымдар үйге берілмейді.
Абонементтегідей оқу залы арқылы кітапханашы оқырманның қызығушылығын, сұранысын зерттеуге, кітап таңдауына көмек етуіне, оқуына басшылық етуіне кең мүмкіндігі бар.
Негізгі оқу залының артықшылығы оқырман кітапхананың қорын толығымен пайдаланады, әсіресе, сирек кездесетін және құнды кітаптармен, энциклопедиялармен, ақпараттық және мерзімді басылымдармен.
Оқырман үшін ең үлкен қолайлығы оқу залында анықтамалық-библиографиялық ақпараттары жинақталған және сол жерде библиографиялық анықтама, консультация алуына кең мүмкіндігі бар.
Оқу залында сұранысы жиі әдебиеттердің көмекші қоры, сондай-ақ анықтама және библиографиялық басылымдар бөлек қойылады. Берілген басылымдарды оқырман формулярына жазып отыру міндетті емес.Берілген күні көрсетіліп, оқырман қол қойған басылымдар формуляры оқырман формулярына салынады. Оқу залындағы оқырмандар формуляры фамилиялардың алфавиті бойынша қойылады.
Кітап қоры ашық оқу залында оқырман кітапты сөреден өзі алып, пайдаланып, болған соң кітапханашыға өткізеді. Ол кітапты сөреге қоймайды. Оқырманнан кітапты алған кезде кітапханашы оны кітап формулярымен салыстырып береді, содан кейін формулярды басылымға салып, кітапты дереу сөредегі орнына қояды.
Кітапхана әлеуметтік институт ретінде білімді жинап, сақтауды ғана емес оны ұрпақтан ұрпаққа беруге міндетті. Кітапханалық қызмет көрсету түсінігі әлеуметтік­мәдени қызмет ретінде осы фактымен тығыз байланысты. Осы жағдайда кітапханалық қызмет көрсету адамдардың (оқырмандардың, қолданушылардың) рухани, мәдени білім алатын, ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Бұл кітапхананы мәдени аралық және әлеуметтік коммуникациялық институттар қатарына қояды.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.Бір ғажабы осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады. Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады.
Кітапханалық қызмет көрсетуде трансформацияны, еліміздегі әлеумет-тік жағдайды ескере отырып және сонымен байланысты мамандардың өзгеруі: кітапхананың жаңа қызметімен, жағдайымен, жеке тұлғаға жаңа көзқараспен және оның ақпарат қажеттілігін, демократиялық қоғамның базалық құндылығының бірі деп ақпаратты еркін алуына жол ашықтығын көрсете білу.
Кітапханалық қызмет – оқырманның ақпараттық сұранысын толығы-мен қанағаттандыруды және оқуына, оқу мазмұнына ықпал етуді қажет етеді. Кітапханалық қызметтің негізгі мақсаты – оқырмандардың сұранысын кең түрде қанағаттандыру және белсенді түрде оқудың мазмұнына және оқуына басшылық ету.
Кітапханалық қызмет деген ұғым кітапханатану ғылымында 80-ші жылдардың ортасында пайда болды, бірақ ғылыми ақпараттық жұмыста «ақпараттық қызмет» деген ұғым кеңінен пайдаланып жүр. Ақпараттық қызмет ғылыми – ақпараттық жұмыстың белгілі технологиялық процесінің нәтижесі ретінде қарастырылады.
Кітапханалық қызмет оқырманның және кітапханашының белсенділігін қажет етеді. Ақпаратты тез табуына оқырманның кітапхананың ережесін, кітапхананың жүйесін, кітапхананың қорының құрылымын, анықтама-библиографиялық аппаратын, техникалық жабдықтарын білуін қажет етеді. Аталған қызметті қанағаттандыру үшін кітапхана оқу – консультациялық қызмет арқылы көрсетеді. [12]
Кітапхананың типіне байланысты кітапханалық қызметтің ерекшелігі бар. Негізінде кітапханалық қызмет барлық кітапханаларға міндетті, өйткені кітапхана оқырмандарға ақпаратты жарнамалау, құжаттарды беру, кітапхана-лық-библиографиялық білімді оқыту, барынша қызметтің кітапханалық жайлылығын ұсынуды қажет етеді. Сондықтан кітапханалық қызметтің түрі кітапхананың типіне байланысты.
Соңғы жылдары кітапханаларда қызметтің ақылы және тегін түрі пайда болды. Қоғамның және кітапханалық – библиографиялық ісіндегі объективті процестер кітапханалардың ақылы қызмет көрсетуіне әкелді.
Ақпарат көлемінің өсуі, техникалық жабдықтарды қолдану, қызметтің жаңа түрлерінің пайда болуы, баспалардың басылымдарының қымбаттауы, кітапхананы басқаруының қиындылығы және басқа факторлар кітапхананың қызметінің бағасының өсуіне алып келді.
Баспа мақалалардың анализі және кітапхананың тәжірибесі көрсеткен-дей, негізгі ақылы қызмет болып көшірме көбейту қызметі, баспа техникалық жабдықтарды ұсыну: Интернет, электрондық пошта; ақпаратты дискеталарды және басқа тасымалдаушыларда тарату; құжаттарды көшірмелеу, анықтама беру, телефон арқылы жаңа түскен ақпарат туралы анықтама беру, компью-терлік ойындарды, кино – видео материалдарды беру; оқу залынан кітапты үйге беру (түнгі абонемент); тексті аудару; кітапханалары жоқ мекемелерде кітапханалық пунктерді ашу; тақырыптық анықтамаларды дайындау, библио-графиялық тізімдерді анықтау және т.б болып табылады.
Жаңа ақпараттарды іздестіру мәдениеті – неғұрлым маңызды және күрделі де қазіргі жағдайда кітапхананың түрлі ақпарат көздерінде тіркелген адамзат білімдерін, рухани құндылықтарды сақтауды және беруді жүзеге асыратын институт ретінде әлеуметтік қызметі аса күрделене түсті. Сондықтан басқару көзқарасы тұрғысынан алғанда кітапхананы құрамдас бөліктері өзара және қоршаған ортамен тығыз байланыстағы, білім салалары бойынша қалыптасқан құжаттар ауқымын байланыстыратын күрделі ашық жүйе ретінде қарастыруға болады. Оның ең басты құрамдас бөлігі - әлем кітапханаларының элекрондық каталогы. Интернетте мұндай каталогтарға әлемнің ірі кітапханаларымен қатар қалалық көпшілік кітапханалары қол жеткізген. Интернетте кітапхана каталогынан басқа, басты құндылығы тұтастай басылымдар туралы ғана мәліметтерді беріп қоймай, талдау материалдарын, нақтылай айтқанда журналдар мен жинақтардағы жекелеген мақалаларға дейін мәліметтер бере алатын библиографиялық дерек қорлар кешенінің ауқымы кең.
Бүгінгі күні Қазақстан кітапханалары үшін ең маңызды мәселе – жеделдетіп компьютерлендіру, ақпараттық ресурстарды қағаз беттерінен электрондық тасымалдауыштарға ауыстыру, жаһандық компьютерлік желі-лердің көмегімен ақпарат алмасу жүйелерін дамыту, Қазақстан кітапхналарын Ұлттық үйлестіру электрондық каталогын, Ұлттық электрондық кітапхана мен басқа да электрондық кітапханалар құру болып табылады. Бұл үрдіске қалалық және ауылдық кітапханаларды жұмылдыру да басты міндет.
Қазіргі жағдайдағы мәдениет басқа мәдениет салаларымен қатар дамитын кез- келген мәдениет феномені шекарасында қолдануды талап етеді. Қазір мәдениетте кітапхананың орнын, қазіргі адамға оның бағасын білу міндетті. Себебі орта ғасырдағы кітапхана мен қазіргі кітапханалардың айырмашығы үлкен.
Басқа да қоғамдық мекемелер сияқты кітапхана да қоғамның сұранысына байланысты дамыды. Кітапхана адам жадысына сыймайтын мәліметтерді жинақтайтын әлеуметтік мекеме. Кітап мұрасы барлық көп ғасырлық тарихты, әлем халықтарының мәдениетін, оның тілдерін және салт – дәстүрлерін жинақтайды. Кітапхана арқылы біз көпқырлы, көп ғасырлы тарихты, әлемдік өркениеттің дамуын біле аламыз. Кітапханалар олар кітаптар, адамдар бір сөзбен айтқанда гуманистикалық мекеме. Дәл осы гуманисттік құндылық кітапхананы көптеген ғасырлар бойында құрды, оның дамуына бағыт берді, адамзаттың қазіргіге дейін қолданатын үлкен кітап қоры құрылды. Кітапханалар тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар мәдени, тарихи – архивті функцияны жүзеге асырады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы, идеялық тәрбие, мәдени – ағарту, ғылыми ақпараттық жұмыстарының өрісінің тереңдей түсуі де кітапхана қызметкерлерінің алдына көпшілік оқырмандар арасындағы кітаптарды насихаттаудың түрлері мен әдістерін жетілдіру міндеттерін қойып отыр.
Кітапхананың көпшілік жұмыстары дегеніміз барлық көрнекті, ауызша және баспа құралдарының жиынтығы арқылы оқырмандардың белгілі бір тобына ықпал ету.
Көпшілік жұмыстарының дәстүрлі түрлері сонғы кезде жаңа түрлерімен байыды. Олар: мүдделестер тобы, әдеби қонақжайлар, жастар арасындағы ток-шоулар, әдеби тұлға кеші, кітап көрмесі, көрме викторинасы, көрме кроссворд, әдеби лото, диспут, дөңгелек үстел, оқырман конферен-циясы, сұрақ-жауап кештері және т.б.
Бүгінгі оқырманды оның енжар қабылдауына бағыталып жүргізілген шаралар емес, керісінше олардың өздері белсенді түрде қатыса алатын шаралар қызықтырады.
Оқырмандардың талап-тілегінің қалыптасуына әдебиеттерді насихат-таудағы көпшілік жұмыстардың маңызы ерекше. Көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру ғылым мен техниканың жетістіктерін, саяси-қоғамдық өмірдегі негізгі оқиғаларын түсінуге көмектеседі, балалардың мектепте алған білім-дерін толықтырып, кеңейтуге, оқырмандардың жаңа ынталарын қалыптасты-руға, оқу мәдениеттілігін тәрбиелеуге көмектеседі.
Көпшілік жұмыстардың тиімді түрлері мен формаларын кітапханашы алдына қойған тәрбие беру міндеттеріне, оқырман тобының жас ерекшелік-теріне қарай анықтайды. Мысалы, кітапханашы балаларды поэзияны терең түсінуге, оның бағалы шығармаларын сүюге тәрбиелеу міндетін алдына қояды. Бұл жағдайда кітапханашы әрбір оқырманға ақындар шығармаларын ұсынып қана қоймай, көрмелер ұйымдастыру, поэзия кешін өткізуді белгілейді.
Оқырмандар жазушының әсем сезімі мен ойын түсінген жағдайда оның әңгімелерін оқу циклі ұйымдастырылады. Егер оқырмандар оқығаны туралы әртүрлі пікірде болса немесе дұрыс бағалай білмесе, сол кітапты бірлесіп талқылау өткізіледі.
Оқырманның жеке басының дамуы өрісі көп қырлы, бір сырлы. Кітапханашы оның өмір өрісін кітаппен, ақпараттық ізденістермен байланыс-ты, яғни баспасөз шығармаларын оқуы жағынан біледі. Сондықтан, оқырман туралы сөз болғанда кітапханашы оның кітапқа және кітапханаға байланысты ғана іс-әрекетін ескереді. Ол іс-әрекеттерге: кітапханадан кітап алуы оқу дағдысы, баспасөз шығармаларына деген сұранымы, іздестіру жолдары және ашық қормен, анықтама-библиографиялық ақпаратпен пайдалану әдістері, көпшілік шараларына қатысқан кездерінде айтқан пікірлері және басқа әрекеттері жатады. [28,29]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет