Кызға қырық үйден тыйым



Дата27.10.2022
өлшемі15,85 Kb.
#45847

Кызға қырық үйден тыйым
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағұлымат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылылық, тиянвқтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Әдіс: пікірлесу,әңгімелесу,сұрақ-жауап, салыстыру.
Барысы:
Мұғалім: Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап,сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбындағы «Қызға қырық үйден тыйым» Бүгінгі тілге тиек болар әңгіме-жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие. Сөз басын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірігейі де – біздің қазақ» деген сөзден бастасақ.
1-оқушы: Айтолқын Халқымыз «Қыз –қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен тыйым» деген мақалға қаншама ой сыйғызған, яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
2-оқушы: Сабина Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңін бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады. Жастықтың өзі-сұлулықтың, нәзіктік белгісі. Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттын қөркі – жалы, арудың қөркі – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бөйжеткен қыздардың қөркі болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипатталған.
3-оқушы: Сағыныш Бойжеткен қыздардың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі» деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама камзол, дүриа бешпет, кәмшәт бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздардың көздері – қызылда» деген мақалда қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. Халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы, мінезі сай болуын калаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қымыз үйде, қылығы түзде» деп қыз тәрбиесінің ерекшілігіне аса жоғары мен берген.
4-оқушы: Махаббат «Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың
қызы. Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, «Жер мен су жарлығы берілсін» деп ұрандаған Шолпан, Алма, фасиске қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшәт,Желтоқсанда «Ұлтым» деп ұрандаған Ләззат сияқты қазақ қыздары қашанда өз қадірімен ерекшеленді.Тарихтан ойып тұрып орын алды.
5-оқушы: Мархабат Дана халқымыздың «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе –жердің көркі», «Шешесі отырып қызы сөйлегеннен без», «Қызым, саған айтам, келінім, сен тында» деген сөзі бар. Ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін әдептілік, ар-ұяттылық, нысаптылық, мәдениеттілік, тәртіптілік,еңбекшілдік, сұлулық, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Қыздарымыз ибалы һәм иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.
1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.
3. Талтайып отыруға тыйым.
4. Шалқайып жатуға тыйым.
5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап тұр.
6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тындама.
8. Әурет жерлерінді жауып, ашып-шашық жүруге тыйым.
9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
11. Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзге тыйым.
12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.
13. Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.
14. Бұрандауға, қылымсуға тыйым.
15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
18. Аш болсан да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.
19. Бәйәдеп сөз айтудан тыйым.
20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керке. Үлкендердің атын атауға тыйым.
21. Ұрыс керіске тыйым.
22. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
23. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.
24. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
25. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.
26. Бүйірін, жағын таяуға тыйым.
27. Тәкаппарлыққа тыйым.
28. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдын қол созба.
29. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.
30. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.
31. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.
32. Алдап-арбауға тыйым.
33. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.
34. Тойымсыздыққа тыйым.
Осы тыйымдардымен танысып ортаға салайық.
Мұғалім:Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық. Енді осы ойларымызды сараптау үшін сараптайық.
Қыз – еліңнің көркі де, жаны да,
Қыз-бақтың жапырағы, талы да.
Қыз-Көңілдің бүршігі ғой гүл атқан,
Қыз-елдің жүрегі де, бағы да.
«Ел болам десең бесігіңді түзе». Ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.
Қорытынды: «Қыз – ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Жақсы да инаббатты ата-анамыздың қыздары болыңдар.
Рефлексия: Бүгінгі тәрбие сағатымыздан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет