Климаттың ғаламдық жылынуы проблемасы



Дата12.10.2022
өлшемі17,28 Kb.
#42479

Климаттың ғаламдық жылынуы проблемасы
Ғаламдық жылыну - қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың бірі ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі.-Леонардо Ди Каприо.
Ғаламдық жылыну біздің ғаламшарымызда осыған дейін көптеген уақыт бұрын орнаған болатын, ал нақтырақ айтып кететін болсақ 56-48 миллион жыл бұрын ең алғаш ғаламдық жылыну процессі өте бастайды. Ол кезеңде температура ғаламшардың қалыптасуынан өсетін және ол кезеңде адамның өмір сүруіне бейімделмеген болатын.
Бұрынғы кезде өткен ғаламдық жылыну ғаламшардың бейімделу уақытында орнаған болса, біздің қазіргі кезде өзекті проблемаға айналған ғаламдық жылыну проблемасы адамзаттың Жерге, яғни табиғатқа, экологияға деген әсерінен орнап жатыр. 1850 жылдан бастап Жердің орташа температурасы әр онжылдықтар сайын тек көтеріле бастайды және оған адамның тікелей іс-әрекеттері нәтижесін беріп жатыр. Бұл мәселенің өзектілігі де ғаламдық жылынудың әсері болашаққа ғана емес, біздің бүгінгі өмірімізге де қатты әсер етуде: кейбір елдер ыстықтан, құрғақшылықтан зардап шегеді, ал басқалары ерекше қатал және қарлы қыстан зардап шегеді. Әлем бойынша су тасқыны, дауыл, құрғақшылықтардың саны күрт өсуде, оған температураның ауытқуы, жауын шашынның өзгеру процессінің кесірінен болып жатыр. Егер де біз ғаламдық жылынудың алдын алмасақ, теңіз деңгейі көтерілу әсерінен аралдар мен қалалар ғана емес, көптеген мемлекеттердің су астына кетуін бақылаймыз. Болашақта Еуропа елдерінің көбісінің астаналары су астына кету қауіпі бар: Венеция мен Лондоннан басқа, Дублин, Брюссель, Амстердам, тіпті Ресейдің Санкт-Петербург қаласы. Тек жағалық мемлекеттер ғана емес, тіпті Оңтүстік Америка материгінің ортасында, мұхиттан жүздеген километрлерге алыс орналасқан Парагвай мемлекетінің астанасы Асунсьонның да су астына кету қаупі өте жоғары.
Егер де біз климатты өз қолымызға алмасақ, болашақта ол бізге қайтпас үлкен қатерін тигізуі мүмкін. Осы табиғатта болып жатқан климаттық ауытқуды қалай шешеміз десек. Адамзаттың жылдар бойы жүргізген іс-әрекеттерінің әсерінен ғаламдық жылыну туындайды және ол проблеманы көпке созбай тез арада шешу бәріне де ыңғайлы болады. Осындай жағдайда бізге геоинженерия көмекке келеді. Геоинженерлер проблеманың өте ұқыпты алдын алу жолдарын ойластырады және ол жолдарды біз мегажоба деп атаймыз. Қазіргі таңда геоинженерлердің «ғаламдық суыну» атты жобасы әлем бойынша талқыланып жатыр.
Жер мен Күннің арасында ерекше «Лагранж-1» нүктесі орналасқан, осы нүктеге үлкен қалқан секілді белгілі бір затты орналастырса, ол Жер мен Күннің тепе-теңдігінің арқасында ғарышта қалқып, құламай тұратын болады. Қалқан Күннің Жерге түсіретін сәулелерінің 2 пайызын шашырату үшін мөлдір болу керек. Осы 2 пайыз шашыраған сәуле шуақтары ғаламшарды суытуға қажетті мөлшерді қанаттандырады. Бұл – геоинженерлердің ғаламшарды суытуға деген бірінші ұсынысы. Алайда, ғарышқа сондай үлкен қалқанды құрып, жіберу мүмкін емес десек те болады, бірақ ғалымдар бір үлкен қалқанды көптеген кішкентай сәуле шашыратын айна тәріздес заттарға ауыстыру туралы ойланады. Оны қалай іске асыруға болады? Осы сұраққа табиғаттың өзі жауап беріп қойған болатын.
1991 жылы Филиппин мемлекетіндегі Пинатубо жанартауының атқылауының әсерінен ауаға 20 миллион тонна сульфат лақтырылады. Осындай мөлшердегі сульфаттың құрамындағы тұздар атмосферада шағылыстыратын қабат ретінде жұмыс істеп, Күннің шуағын шағылыстыру арқылы Жердің орташа температурасын 0,5 градусқа бір жарым жылға түсіреді. Бұл геоинжеренерлерге жаңа жобаны ойластыруға мүмкіндік береді. Ол «Стратосферадағы аэрозоль» деп аталды. Стратосферадағы аэрозоль - химиялық симуляцияланған жанартау. Бұл жоба барысында 100 шақты ұшақтар стратосфера қабатында дәл жанартаудікіндей сульфат бөлшектерін шашыратады. Осының арқасында стратосфера қабатында Күн шуағын шағылыстыратын қабат орнайды. Бұл қабат ғаламшарымыздың орташа температурасын 15 жылдың ішінде бақандай 3 градусқа төмендетуге жол береді.
Тағы да бір жолы шешудің ғаламдық жылыну жайлы аз хабардар екені таңғалдырды мені, біз осы мәселені шешу арқылы жастарға, жалпы адамзатқа табиғатымызды аялау керек екенімізді, дәл қазіргі уақытта, әлемнің жоқ болып кету ықтималдылығы бар екенін ашық түрде көрсету.
Қорытындыласақ, қазіргі таңда орнаған ғаламдық жылынудың басты себепкері тек адам және адам. Адамдардың жылдар бойы, ғасырлар бойы жасап келген іс-әрекеттері қазіргі қауіпті жағдайға әкеліп тұр және осы жағдайдан тек адамның өзі ғана шыға алады. Ол үшін адамзат бар күшін біріктіріп экологияны жақсартуға барынша тырысуы қажет. Бұл тек қана су астында қалатын мемлекеттер үшін ғана өзекті мәселе емес, ғаламшарды толығымен айналатын мәселе. Қазірден бастап экологияны ойлай бастасақ біз өзіміздің болашақ ұрпақтарымызға жақсы өмір сүру ортасын қалдырамыз. Ғаламдық жылынудың алдын алмасақ адамзаттың талай ғасырлар бойы жеткен жетістіктері тек судың астында қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет