Клиникалық диагностиканың даму тарихы



Дата31.10.2022
өлшемі16,37 Kb.
#46444

Клиникалық диагностиканың даму тарихы
Клиникалық диагностика iлiмiнiң дамуы ежелден, адамдар малды колга устауға үйрете бастағаннан басталған. Бiрiншi болып Ветеринария бағытында қолжазбалык ескерткіш қалдырған Египеттің Ветеринария папирусы (ағаш кабыгынан кагаз жасайтын маман) Качунский (біздің дәуірімізге дейiнгi 4-шi мын жылдыкта).
Адам мал ауруларының сырткы белгiлерi мен өрбуін қадағалап бакылай отырып, ауру түрлерiн бiр-бiрiнен ажырата білген.
Біздің дәуірімізге дейiнгi XVIII ғасырда Египет дәрігерлерi ауруды анықтап білу үшін әдіс-тәсiлдер колдана білген, оның iшiнде кен колданған әдіс-сипау (пальпация).
Ғылыми диагностиканың негiзiн салган грек ғалымы Гиппократ (біздің эрамызға дейiнгi 460-372 жылдары). Ол ғалымды медицинанын әкесі дейді. Ол ауруды тексере, зерттей келіп былай жазган. "Біз бiлуге тиiс нәрсе ол пайымдау немесе пiкiрiндi түю үшiн көз, құлақ, мұрын, қол және басқа да мүшелерді колдана отырып, белгілі әдіс тәсілдерді колдана білу, көру, есту, иісін және дәмін сезу". Ол ауруды анықтауда дем алудың жиiлiгiне, тері өзгерістеріне, тердің бөлінуіне, кан тамырларының согысына, көз шарасына көңіл бөліп, зәр, нәжіс, құсық құрамын және какырыктарды зерттеген.
Гиппократ эксудативті плевритте (көкірек куысы кабығының кабынуында) кеңірдек кырылы, үйкеліс пен шалпыл (плеск) шуылдардың пайда болатынын білген.
Рим дәрігері Гаен дәуір медицинасының тәжірибелерімен ғылымын өрбіте отырып Гиппократ iлiмiн толықтырып, бірінші рет конституционалдык өзгерістер туралы жазған.
Ветеринария бағытындағы ішкі ауруларды диагностикалаудың негізін қалаған Абсирт (біздің дәуіріміздің төртiншi ғасырында). Бұл ғалымды Ветеринарияның әкесі дейді.
Жаңару дәуірінде ғылым iлгерi дамыды: XVI және XVII ғасырларда, яғни 1648 жылы Гарвей организмде кан айналысынын зандылығын ашты. Бұл анатомия, гистология және физиология ғылымындағы үлкен жаңалық болатын. Ол кан айналу процесін, ағзалардың өзгерiстерiн және ауруларын аныктауда зор козғалыс тугызды.
Кейiнгi кезде клиникалык диагностиканын ары карай дамуына көптеген ғалымдар үлкен үлестерiн косты: термометрия әдісін-Гаен (1758 ж), перкуссия әдісін - Ауенбруггер (1761), стетоскопты колданып аускультация (тыңдау) жасау әдісін - француз Лаэннек (1819ж), рентген сәулесін диагностикада колдануды Рентген В.К. (1895ж) ұсынды.
1839 жылы чех дәрiгерi Шкода перкуссия дыбыстарынын пайда болуын физиканың iлiмi тұрғысынан дәлелдеп негiздедi, бiрiншi рет перкуссиялау балгашыгын колданды, ал Винтерих 1841 жылы оны жетілдірді. Микроскоп пен термометрді ойлап тапкан куннен бастап аурутану ғылымында оларды кенiнен колдана бастады.. Аурутану ілімiнiн негiзi өткен жүз жылдықтың екiншi жартысында каланды. Індет ауруларынын коздыргыштарын физикалық және химиялык тәсiлдердi пайдалана отырып, кан, зәр, нәжіс, экссудат, транссудат, карын және ішек сөлдерін зерттеу әдiстерi ұсынылды.
Клиникалык диагностика ілімін орбітуде ультрадыбыс және баскада графикалык тәсiлдер үлкен роль аткарды. Кеңес үкіметі уакытында ғылымнын осы бағытын дамытуға ете зор үлес коскандар: Рухлядев Н.П., Домрачев Г.В., Синев А.В., Шарабрин И.Г., Мовсун-Заде К.К. тағы басқалары.
Қазiргi кезде, зерттеу әдiстерi барган сайын көбейiп, заман талабына сай келетіндей деңгейге жетіп, жетiлiп келедi. Қазақстанда, осы бағытта үлестерiн коскан ғалымдар: Клейнбок Я.И., Либрейх Г.Я., Дымко Е.Ф., Соломатин Н.И., Кыдырбаев К.М. болатын.
Казiргi кезде, осы iлiмдi ары карай жетілдіруге үлестерiн косып жүрген ғалымдар: Молдагулов М.А., Богуспаев А.К., Ермаханов А.Н., Ескожаев Ө.К., Сиябеков С.Т., Камбарбеков А.Т., Казиев Ж.И., Көлдеев А.И., т.б. Олар ескі әдістерді жетілдіріп, жана әдістер ұсынып, аурулардың мағынасын терең түсінуге, дер кезінде аныктап, тиiстi шаралар колдануға жағдайлар жасауда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет