Клинт Брукс «Формалистік сын»



Pdf көрінісі
Дата24.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#35513


6-дәріс
Клинт Брукс «Формалистік сын»
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ:
АНТОЛОГИЯ, І
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
6. Клинт Брукс «Формалистік сын»
2
Мақсаты: Клинт Брукстің «Сыншы-формалистер» атты еңбегі негізінде «әдеби сынның» 
негізгі құрамдас ұғымдарын талдап түсіндіру және сыншының әдеби шығарманы дайындау 
кезіндегі рөлін дәйектеу.
Кілт тіркестер: әдеби тарихшы, тыңғылықты оқу, сыншы-формалистер, көркем суретші.
Негізгі идеялар:
• К. Брукс және оның санасында жаңғырған тұжырымдар.
• К. Брукс әдеби шығармаларды жазу кезіндегі сыншылардың рөлі туралы.
• Формалисттік сынның өзгешелігі туралы.
Клинт Брукс Нашвилл мен Жаңа Орлеан университеттерінде, сондай-ақ Оксфорд универ-
ситетінде білім алды. Луизиана штаты университетінің және Йельск университетінің про-
фессоры болды. Брукс жаңа сын мектебінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танылды. Ол 
поэзияны білімнің өзгеше түрі ретінде қарастырды. Оның ойынша, ирония, парадокс және 
көпмағыналылық «органикалық форманың» негізінде жатыр.
Клинт Брукс Кембриджде И.А. Ричардспен бірге оқыды, біз оны 1924 жылы жарық көрген 
«Әдеби сын ұстанымдары» атты еңбегі арқылы танимыз және сол еңбегі арқылы жаңа сынның 
негізін қалағанын білеміз. Кейін Америка Құрама Штаттарына қайта оралған Брукс бірнеше 
кітаптар дайындаумен айналысты. Олардың қатарында 1936 жылғы «Әдебиетке көзқарас», 
1938–1943 жылдары Р.П. Уорренмен бірлесе дайындалған «Поэзияны түсіну», «Прозаны 
түсіну» атты оқу антологиялары, 1947 жылы жарық көрген «Жақсы жасалған құмыра: поэзия 
құрылымын зерттеу» еңбектері көпшілікке танымал болды. Нәтижесінде 1940–1960 жыл-
дардағы америкалық академияда «тыңғылықты оқу» әдеби зерттеулердің басым түрін құрады. 
1951 жылы Брукстың «жаңа сын» атты полемикасы «Раритетті шолуда» жарияланған.
Аталмыш Антологияға енген Клинт Брукстің «The Formalist Critics», яғни «Сыншы-фор-
малистер» еңбегі «тыңғылықты оқу» әдісінің жұмыс істеу ұстанымдары мен ұғымдық ке-
ңістігін анықтауға бағытталды. Заманауи әдебиеттануда бұл ұғымға төмендегідей сипаттама 
беріледі: «Тыңғылықты оқу «жаңа сынға» сәйкес мәтінмен жұмыс істеудің тың әдістемесі 
болып табылады. Оқырман өзінің жеке пікіріне және оның қоршаған ортамен байланысына 
назар аудармау керек. Шынайы оқырман формалистік сынға бағыттала отырып, шығарманың 
құрылымына көңіл бөлуі тиіс» (1).
Антологияда Брукс қолдаған әдеби тұжырымдар тізбегі ұсынылды. Зерттеушінің әдеби 
шығармаларды талдауға бағытталған пікірлері де сол сабақтастықтың нәтижесін құрады. 
Солардың кейбіреулерін атап өтейік. Сонымен, әдеби сын дегеніміз – оның нысанын сипаттау 
және бағалау.
• Сынның негізгі мақсаты әдебиеттегі бірлікпен тығыз байланысты, ол кейде әдеби жұ-
мыспен қалыптасуы да, қалыптаспауы да ықтимал.
• Әдебиеттегі шартты қатынастар логикадан асып түсуі де мүмкін.
• Жақсы нәтижеде пішін мен мағына бөлінбеу керек.
• Пішіннің де мағынасы болу керек.
• Әдебиет метафоралық және символдық болу керек.
• Жалпы мен әмбебап мәселелер абстракциямен емес, нақтылықпен анықталу керек.
• Әдебиет діннің бастаушысы емес.
• Аллен Тейт айтқандай, «нақты моральдық мәселелер әдебиеттің нысаны болып табыла-
ды», дегенмен әдебиеттің мақсаты моральға сілтеу емес.
• Сын ұстанымдары әдеби сынға қатысты мәселелерді анықтайды. Олар сынды жүзеге 
асыратын әдіс болып табылмайды.
К. Брукстің ойынша, өлеңді немесе романды жазу үшін оны жазушының өзінен, оның 
үмітке, қорқынышқа, мүдделерге және қайшылықтарға толы өмірінен бөлек қарастыру керек. 
Шектеулі сын бос болып көрінуі мүмкін. Аспирантурадағы қарапайым профессор сияқты болып 
қалады. Себебі аспирантурада әдебиетті автор тұлғасы мен оның идеясын зерттеу арқылы 


3
3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
6. Клинт Брукс «Формалистік сын»
оқиды. Бұл жерде оның табиғаты тек хаттар мен күнделіктер арқылы немесе достарының 
пікірлері арқылы ашылатын ұстанымдарға негізделеді. Теоретиктің айтуынша, бұның бәрі 
әдеби комментаторлардың өсектері сияқты әдебиетті керек емес бос сөзбен толтырады. 
Сын жас ақынға немесе романистке шын мәнінде көмектесетін кеңес ретінде болу керек, сол 
арқылы жазушының стилі шыңдалады деген пікірді автор алдыңғы орынға қояды (2).
Бүгін көркем шығарма табиғатын анықтауға бағытталған әр тұжырым жаңа танымдық 
концепциялардың дүниеге келуіне түрткі болумен қатар, ғылымаралық байланыстың да 
өзгеше жүйелерін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде адамзат әлемін зерттеудің өзгеше сатылары 
негізделіп, тек танымдық этюдтер ғана емес, маңызды теориялық ілімдер де топталып, 
пәлсапалық негізде өрілген қағидалар әлемдік ғылымның маңызды үлесіне айналып келеді. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында нақтыланып, зерделене бастаған ғылыми парадигмалардың 
үздіксіз дамуы танымдық аспектілердің, оның негізгі мәселелері мен мақсат-міндеттерінің 
жан-жақты айқындалуына мүмкіндік берді. Осыған орай, автор еңбегінің келесі бөлігінде оның 
әдебиет пен оқырманның арақатынасы туралы ойлары қарастырылады. Брукс шығарма өзіңнің 
оқырмандарынан жырақ тұруы керек деп есептеді. Әдебиет оны оқуға жаратылған болса да, 
бұл алшақтық қиын болуы мүмкін. Бұдан бөлек, әдеби тарихшы әдебиетті әдебиет ретінде 
дамытатын тек оның аудиториясы ғана деген ұстанымды да негіздеуі әбден ықтимал. Соған 
дәлел ретінде Брукс те: «Өлең тарихтың қөткенінде де, бүгінінде де өз тамырын кеңінен жаяды. 
Оның тарихи контекстідегі орнын жоққа шығаруға болмайды» деген ойын дәйектеуге тырысты. 
Әдебиеттанушы: «Адамның тәжірибесі тігісі жоқ киім сияқты, бірде бір бөлігі басқалардан 
бөлектеніп тұрмайды. Дегенмен біз бұл фактіні қолдайтын болсақ, онда сын туралы сөз етудің 
өзі де артық деп саналады. Менің ойымша, айырмашылықтар қажет және пайдалы, оларсыз 
болмайды», – деп жалғастырды.
Сыншы-формалистер де, өзгелер сияқты, адам қаламынан туған өлең, пьеса, романдар 
олардың жеке тұлғаларының, өздеріне ғана тән дәлелдерінің жиынтығы болатынын анық 
білді. Сонымен қатар, олар әдеби шығармалардың оқырман санасынан орын алатын әле-
уеттің көрсеткіші екенін де түсінді. Бұл жағдайда оқырмандар бір-бірінен мүмкіндіктері, 
қызығушылықтары, идеялары бойынша ерекшеленетінін де ескерген абзал. Кейде автордың 
психикалық үдерістерді өз пайдасына орай пайдалану шығарманың өзің сынау емес, оның 
өмірбаян деректерін немесе психологиясын зерттеуге жетелейтінін мойындау керек. Мұндай 
зерттеулер сөзсіз маңызды, бірақ оларды шығарма сипаттамасымен шатастыруға болмайды 
деп есептеген Брукс сипаттамадан орын алатын композицияның маңызыдылығына ерекше 
тоқталды. Шын мәнінде, бұл құрылымдар мен әдістер жаман жұмысқа да, жақсы жұмысқа да 
арқау бола алады. Олар әдеби де, бейәдеби де талдауларды қамтамасыз ете алады.
Ежелгі дәуір пәлсапасынан бастап өрбіген сөз бен ойлау арақатынасы, бүгінгі күні де 
өзектілігін жоғалтпаған логикалық құрылымдар мәселесі терең танымның, бақылау мен па-
йымның негізінде дүниеге келді. Грек пәлсапасында тілдің өзі адам ойын сыртқа шығаратын 
қасиетіне орай сана мен қоршаған дүние байланысын сабақтастырушы құбылыс деп танылды. 
Ойшылдар зат пен оның атауы арасындағы байланыстың негізінде адамның сөйлеу мен ойлау 
әрекеттерін, олардың құрылымдық өзгешеліктерін айқындауға тырысты. Соның нәтижесінде 
пайда болған пайымдау теориясы көркем сөз табиғатының шындықты бейнелер ерекшелігін 
зерделеуге бағыттала отырып, синкретті ұғымдарды қолданумен көзге түсті. Осыған орай, өз 
жұмысында Брукс сынның екі маңызды шартына тоқталды. Біріншіден, шығарма жазушының 
қалауына сәйкес дайындалады, осыны ескеру керек. Ол өте маңызды. Екіншіден, әр 
шығарманың жақсы оқырманы болу керек дейді. Сол арқылы оқудың әр түрлі ерекшеліктеріне 
назар аударуға болатыны айтылады. Жақсы оқырман негізгі орталық түйінді таба отырып, 
өлеңнің немесе романның құрылымына мән беруге тырысады деп тұжырымдалады.
Автордың ойынша, идеалды оқырман жоқ. Зерттеуші өз ойын келесі көзқарастарымен 
жалғастырды: «Әрине, идеалды оқырман жоқ. Менің ойымша, сыншы да өз оқуы мен 
шынайы оқудың арасындағы айырмашылықтарды да жиі атай бермейді. Дегенмен бұл өзін 
өзі ақтаған стратегия деп айтуымызға болады. Ол қажет мәселелердің бірі болып табылады. 
Сол арқылы назар оның жеке әсерлеріне емес, поэмаға ауады. Сонымен қатар, бұл ұстанымды 
барлық сыншылар қабылдауға тиіс. Басқа балама жоқ. Біз бір адамның оқуы мен екінші 
адамның оқуы бірдей деп олардың арасына не теңдік белгісін қоямыз немесе олардың 


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
6. Клинт Брукс «Формалистік сын»
4
арасындағы оқылымның айырмашылықтарын ең төменгі деңгейде болса да анықтап, әдеби 
сыннан әлеуметтік-психологиялық аспектіге көшіреміз». Нәтижесінде сыншы-формалистер 
әдеби құндылықтарды анықтайтын екі танымал тексеру үлгілерін жоққа шығарады. Есепке 
шығарманың құндылығы алыну керек, ол автордың шынайылылығымен анықталмайды. 
Мысал ретінде К. Брукс Эрнест Хемингуэйдің «Тайм» журналына берген пікірін келтірді.
Э. Хемингуэй өзінің соңғы романын жоғары бағалады. Алайда Брукс оған төмендегідей талдау 
жасады: «Әрине, Э. Хемингуэйдің жеке пікірі оның өмірбаянын зерттеушілерге құнды дерек 
болып табылатын шығар. Соған қарамастан, көптеген оқырмандар оның «Across the River and 
Into the Trees», қазақша айтқанда «Өзен артында, ағаштар көлеңкесінде» романына айтарлықтай 
жоғары баға бере алмады. Нәтижесінде жазушының өз шешімі де әсер еткен жоқ».
Келесі үзіндіде әдебиеттанушы әдеби сынның ерекшеліктері мен ұстанымдарын талдады. 
Автордың тұжырымына сәйкес, кез келген сыншы оның санасына әсер еткен бөліктермен 
жұмыс істей алады. Алайда Брукстің тағы бір ескерткен мәселесі – сыншының өз эмоциясын 
жан-жақты сипаттауы оның оқырманға шығарма туралы толық та, бөлшектеп те жеткізер 
ақпаратына еш қатысы болмайтыны. Осыған орай, келесі сұрақтың күн тәртібіне қойылуы да 
негізді деп танылады. «Кез келген сын өткір және аналитикалық сипатта болу керек пе?» – 
жауап: «жоқ». Барлығы жағдайға және аудиторияға байланысты болады. Іс жүзінде сыншының 
жұмысы таза сынға құрыла бермейді. Нәтижесінде, оның жүздеген өзге де міндеттері 
сараланады. Олардың кейбіреуі жай сипаттам түрінде ғана болса, кейбіреуі маңызды деп 
танылуы мүмкін.
Автор: «Мүмкін ол жаңа жазушы оған құлақ асқанын қалайтын шығар немесе соңғы 
қатарда отырған бірінші курс студентінің көңілін қарату үшін айтқан болар. Ол газетке 
қысқаша шолу жасай отырып немесе Қауымдастық алдында заманауи тіл туралы мақала 
оқу арқылы екі авторды салыстыру не мәтінді редакциялау мақсатын да көздеуі ықтимал. 
Ол тіпті әдебиет туралы өз досымен әңгімелесуі де мүмкін. Осыған орай, анекдот, эпиграмма, 
метафора – барлығы дерлік сол мақсаттардың заңды құрылымдары бола алады. Дегенмен 
егер сыншы өз жұмысын жақсы атқарғысы келсе, ол мәдениет пен сыпайылық нормаларын 
сақтай білуі керек. Сыншы ұстанар маңызды қағидаттардың бірі – ешкімге зиян келтірмеу. 
Кейде жазушылар сыншылардың қатаң талдауларынан шаршап, әуесқой болса да «адами 
сынды» іздеумен болады. «Идеал ретінде олар керемет болса да, сынды дамыту бағытында 
дұрыс болуы күмәнді. Ондай мысалдар қазір көптеп кездеседі…», – деп баяндады. Бұл нені 
білдіреді деген сұраққа жауап іздер болсақ, әдеби сыншыға тән қасиет-қабілеттерге жүгінген 
абзал. Оның жоғары кәсіби және адамгершілік ұстанымдарын басшылыққа алғаны орынды. 
Ғалым сын дегеніміздің өзі талдау мен талқылау деп білсек, әдеби сынның да қызметі мен 
рөлін нақытлап алған дұрыс деп тұжырымдайды. Сын әдеби-шығармашылық әрі әдеби-
коммуникативті әрекеттің көрсеткіші деп танылады.
К. Брукстің маңызды ойларының бірін әдебиет қалыптасқан формуламен жазылмай-
ды деген тұжырымы құрады. Зерттеуші: «…оның ешқандай формуласы болуы мүмкін емес. 
Мүмкін, сын шығарманың сәтті не сәтсіз шыққанын тек көрсетіп қана қоймай, одан да көп 
жасай алатын шығар. Жақсы сын мен жақсы шығармашылық қатар жүруі керек. Барлық басқа 
жағдайларда жазушыға жақсы сынмен байланыста болған дұрыс. Әр жағдай өзінше маңызды, 
өзінше құнды. Оларды теңестіруге болмайды. Әйтпесе не сыннан мүлдем бас тарту керек 
немесе саяси ғылымды, болмаса тарихты не пәлсапаны оқумен ғана айналысу керек. Басқаша 
айтқанда, не әскери адамдарға, немесе дін иелеріне қосылу керек», – деп жазды (1).
Әдеби сын функцияларының терең мағынасы көркем және әлеуметтік-гуманитарлық та-
ныммен сабақтаса отырып, «сын» термині түсінігімен байланыс құрайды. Нәтижесінде оқыр-
ман адам туралы білімнің қалыптасып дамуы адамзат болмысын құндылықтар тұрғы-сынан 
қабылдап игеру, мәтін табиғатын жазба және археологиялық дереккөздер арқылы түсіну, 
ой абстракциясы сияқты үдерісінің жиынтығы деп танылады. Автор: «Жазушының нақты 
тұлғасын білу, жақсы ұсыныстар беру сынның өзіндік мәселелер шеңберін анықтайды. Әдеби 
жұмыс құжат іспеттес, осы тұрғыдан оны дүниеге әкелген күштер тарапынан талдауға болады. 
Оны жеке дара күш ретінде жоққа да шығаруға болады. Ол өткеннің айнасы да, болашақтың 
болжамы да бола алады. Бұл мәселелерді жоққа шығаруға болмайды, ондай сыншы жоқ та. 
Жақсы әдебиет шынайы идеяларға қатысты қолданылатын тиімді риторикадан да жоғары», 
– деп қорытындылады. Сондай-ақ әдебиеттің қолданыс аясы кең, осыған орай сыншылар әр 


5
5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
6. Клинт Брукс «Формалистік сын»
шығарманы қызықтыра түсетін қосымша ойлау кеңістіктерін ұсыну керек деп түйіндейді автор. 
Оның айтуынша, барлығының бастауында білім тұр деп тұжырымдайды.
Кейде «теория» ұғымына ғалымдар метафоралық көзқараспен қарайды. Олардың пікірін-
ше, кез келген өзге ғылыми бағыт сияқты әдебиет туралы ғылым да әр түрлі мектептер мен 
бағдарларды бойына жинай отырып, танымдық үдерістің де қажеттілігін жоққа шығармайды. 
Кез келген теория қабылдаудың, болжаудың, ойлаудың, бақылау мен қорытудың бірліктеріне 
негізделе келе, әдеби талдаудың не нысаны немесе құралы болады. Бұл жағдайда Сөз ішіндегі 
өзгерістер мен даму динамикасы диалектикалық бастауымен тіркесетін антропологиялық 
ұстанымдармен түсіндіріліп, танымдық және сыни қабылдаудың мақсат-міндетімен сипат-
талады. Бұл ретте қабылдау психологияның, әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының бірі ретінде 
пәлсапа, физиология, әдебиеттану, өнертану ғылымдарының дәстүрлі зерттеулер нысанын 
құрады. Қабылдау шеңберіне адамның болып жатқан оқиға-құбылыстарға қатысымен 
қатар, оның қоршаған әлемді бейнелеу, даралап жалпылау әрекеттері де енді. Жекеленген 
сенсорды процестермен бірге, қабылдауға адамның біріктіру, алған деректерді саралау, 
шынайы болмыстан белгілі бір сапалық өзгешеліктерді бөліп көрсету, соның негізінде олардың 
тұтасқан бейнесін жасау әрекеттері де жатқызылды. Сөйтіп, хабарларды өңдеу, оларды әр 
түрлі материалдық сигналдар мен стимулдар тұрғысынан бағалау ұстанымдары қалыптасып, 
әдеби сынның да өзіндік белгілері айқындалды. Нәтижесінде Клинт Брукстің ықпалымен 
жаңа сын ұстанымдарында әдебиет әдебиет үшін деген канондардың негізі қаланды. Сыни 
ойлаудың әдеби ұғымдарын жинақтау арқылы әдебиет әлемінің маңызды талқылау бірліктері 
қалыптасты. Қорытындылай келе, келесі мәселелерге назар аударуға болады:
• біріншіден, (буллит поинтами) әдеби сынды дереккөздерді зерттеуден бөліп қарастыру 
қажеттігі, сол арқылы әдеби объектінің өзің басты нысанда ұстау, осыдан бастап шығарманың 
авторы мен шығу кезеңін көрсететін алғашқы мұқабасын жасыру дәстүрі аналитикалық «тәсіл» 
ретінде орын алды;
екіншіден, автор психологиясын немесе оқырман әсерін емес, шығарма құрылымын 
талдау басты нысан деп қарастыру;
• үшіншіден, шығарманың бөліктерін толық шығармамен байланыстырып талдау;
• төртіншіден, сөздердің әр түрлі реңктегі мағыналық ерекшеліктеріне өзгеше мән беру;
• бесіншіден, әдебиетті мораль мен діннен бөлектеу (3).
Көркем шығарманы қабылдау объекті мен субъекті арасындағы тұтасқан байланыстың 
психикалық өзгешелігін талдап сипаттауға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте адамның жадыда 
сақталған танымдық қоры маңызды қызмет атқарса, екіншіде объектінің көзге көріне 
бермейтін белгілері есепке алынып, сананың функционалды қабілеті жүзеге асады. Барлық 
жағдайда да антропологиялық қағидалар адам болмысын зерттеумен тығыз байланыста 
дами отырып, пәнаралық сабақтастық негізінде жаңа ізденістер көкжиегін нақтылайды. 
Сана қызметі бірде адамның танымдық мүмкіндіктері шеңберімен шектелсе, бірде оның аясы 
мәдениеттануға дейін кеңейтіліп, ғылыми тұжырымдар тізбегінде оған қабылдау құралы, 
материямен сәйкестік құрайтын құрылым, рухани әрі саналы не болмаса рефлексті әрекеттер 
сабақтастығы деп анықтама беріліп жүр, сол арқылы рухани әлем табиғатын адам баласының 
ішкі байланыстар сабақтастығынан өрбіте түсіндіру, ғылымаралық байланысты тоғысудың 
өзгеше сатысына көтеру мүмкіндігі нысанға алынып келеді. Клинт Брукстің әдеби талдаулары 
мен тұжырымдарын терең түсіну мақсатында біз ғалымның еңбектерімен танысуды келесі 
дәрісте жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға «Keats’ Sylvan Historian: History Without 
the Footnotes» қазақ тілінде «Китстің сильвандық тарихшысы: сілтемелерсіз тарих» деген 
жекеленген жазушылардың шығармаларын салыстыруға бағытталған еңбегі ұсынылады
Бақылау сұрақтары
1. К. Брукс қандай тұжырымдарды қолдады?
2. К. Брукс көркем шығармаларды дайындау кезіндегі сыншының рөлін қалай атап өтеді?
3. Сыншы-формалистің ерекшеліктерін қалай сипаттауға болады?


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
6. Клинт Брукс «Формалистік сын»
6
Қолданылған дереккөздер
1. https://www.litdic.ru/pristalnoe-prochtenie/
2. Джули Ривкин мен Майкл Райан. Әдебиет теориясы: Антология. 3-басылым. 39–43 беттер.
3. Горных А. А. Англо-американская «Новая критика»: антропологические проблемы текста.//
4. http://anthropology.ru/ru/text/gornyh-aa/anglo-amerikanskaya-novaya-kritika-antropologicheskie-
problemy-teksta


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет