Күн тәртібінде: «Кел, танысайық» /танысу тренинг/ Психолог: Кентанова Л. К. «Баланың балабақшаға бейімделуі»



Дата02.06.2022
өлшемі18,98 Kb.
#36196

Ата-аналар жиналысы
Хаттама №1 30.09.2021ж
Барлығы: 15 Қатысқаны: 10 Қатыспағаны: 5 /себепті /


Күн тәртібінде:
1. «Кел, танысайық» /танысу тренинг/
Психолог: Кентанова Л.К.
2. «Баланың балабақшаға бейімделуі» баяндама
Тәрбиеші: Оразшаева У.О.
3. Ата-аналарды бөбекжай өмірімен таныстыру (күн тәртіп, ұйымдастырылған оқу қызметтері, ата-аналармен жұмыстар, бөбекжайдың мақсат, міндеті және т.б.)
Тәрбиеші: Оразшаева У.О.
4. Әр түрлі мәселелер. «Сіз ата-аналық міндетіңізді білесіз бе?» сауалнама
Тәрбиеші: Оразшаева У.О.
Тыңдалды:
Қазіргі жағдайға байланысты тәрбиеші жиналысты онлайн түрде жүргізді. №3 топ ата-аналарына арналған жиналысты тәрбиеші Оразшаева У.О. ашып ата-аналарға жиналыстың күн тәртібімен таныстырды.
Жиналыстың бірінші мәселесі бойынша, бөбекжай психологы Л.Кентанова ата-аналармен танысу мақсатында «Кел, танысайық» танысу тренингін өткізді.
Жиналыстың екінші мәселесі бойынша топ тәрбиешісі У.Оразшаева ата-аналарға «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында баяндама оқыды. Бұл баяндамада балалардың балабақшаға бейімделуі әр түрлі болатыны туралы айтылды.
Жиналыстың үшінші мәселесі бойынша, топ тәрбиешісі У.Оразшаева 2021-2022 оқу жылындағы бөбекжай мақсаты мен міндетін айтып өтті.
Мақсаты:
Арт-терапия технологияның элементтерін қолдану арқылы байланыстырып сөйлеу мәдениетін дамыту. Баланың көңіл-күйін көтеріп, өзіне деген сенімділігін арттыру.
Міндеті:
Шығармашылықпен айналысу арқылы күйзелістен, жағымсыз эмоциялардан арылу;
-Сурет салу, мүсіндеу, тұзды қамыр, қызықты жұмыстар жасай отырып, баланың сөздік қорларын, тілдерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту;
-Ұсақ қол моторикасының ептілігін, шапшаңдығын арттыру;
-Сурет салудың, мүсіндеудің жаңашыл тәсілдеріне қызықтыру, баулу;
-Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту;
Осы міндетті басшылыққа ала отырыптопта арт-терапия технологиясы элементтерімен, сюжетті-рөлдік, ұлттық ойындар, дидактикалық, қимыл-қозғалыс ойындары өткізілетіні туралы, осы ойындарды ойнау арқылы баланың тілі, ойы дамитынын айтты. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық ойындар жүргізілетінін айтты. Жаңа технология бойынша, бөбекжайда күннің IIжартысында М.Монтессори элементтерімен жұмыс жүргізіледі, балалар күнделікті өмірге қажетті білу керек нәрселерін үйренеді. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту және ұқыпты жұмыс жасай отырып, өзіне қызмет көрсетуге дағдыланатынын айтты. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында құралсыз және құралмен жасалатын таңғы жаттығулар жүргізілетінін, серуен кезінде әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындары ойналатынын, бала бойына рухани негіздерді қалыптастыру үшін қазақтың ұлттық ойындарымен таныстырып ойнатып отыратынын айтып өтті. Бөбекжайдың күн тәртібімен, ұйымдастырылған оқу қызметтерінің кестесімен таныстырды. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, ертеңгіліктер, тәрбие сағаттары болатынын айтты.
Жиналыстың төртінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналардың сұрақтары тыңдалып, жауап берілді.
Сұрақ: Рухани жаңғыруға байланысты балалармен қандай жұмыстар жасалып жатыр?
Жауап: Серуен кезінде балаларға «Асық ату», «Арқан тарту», «Ақ сандық, көк сандық» ұлттық ойындарын жүргізіп отырмыз. Бұл ойындарды балалар қызығушылықпен ойнайды.
«Сіз ата-аналық міндетіңізді білесіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 70% ата-ана қатысып, оның 50% жауап берді.
Шешім:
1. Балабақшаның оқу-тәрбие жұмысын жандандыру мақсатында отбасы мен балабақша арасында тығыз байланыс орнатылып, жүзеге асырылсын.
2. Баланы ойнай отырып, оқыту, қызықтыру, ойын элементтерін тиімді пайдалану тәрбиеші құзырына берілсін.
3. Денсаулықты сақтау, бала өмірін қорғау басты міндет болып есептелінсін және орындалсын. Баланы ұялы телефоннан шеттету шаралары ата-аналар құзырына берілсін. Баланың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтуда ата-аналар мен бөбекжай арасында тығыз байланыс орнатылсын.
4. Тәрбиешінің оқыған баяндамасы «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.
5. Ата-аналармен жүргізілген сауалнама қорытындысымен жұмыс жүргізілсін.
Жиналыстың төрайымы: Оразшаева У.О
Жиналыс хатшысы: Кубаева.М.А.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет