Күні: 11-сынып Аты-жөні



бет1/3
Дата31.10.2022
өлшемі22,48 Kb.
#46523
  1   2   3

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Күні:
11-сынып


Аты-жөні __________________________________________________
Оқылым - 7-балл.
Берілген мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге қатысуға даяр тұрады. Жұмыссыздық – жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.


Жұмыссыздықтың түрлері:
Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Адамдардың жұмыс істемеген осы аралықтағы уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе, біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді.
Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл, әсіресе, қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
Циклдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді. (234 сөз)

1. Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.





Тұжырым

мағынасы

жауап

1. Уақытша
жұмыссыздық

А. жыл мезгілдерінде байланысты орын алады.

1-

2. Құрылымдық
жұмыссыздық

В. адамдардың тұрғылықты мекенін ауыстыруына
байланысты орын алады.

2-

3. Маусымдық
жұмыссыздық

С. елдегі экономикалвық дағдарыстың әсерінен орын алады.

3-

4. Циклдік
жұмыссыздық

Д. ғылым мен технологияның дамуына байланысты
мамандықтардың сұранысқа ие болмауы

4-

[4]



  1. Мәтін не туралы?

____________________________________________________________________________________________


[1]



  1. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың ретін көрсетіңіз.

Ақпараттар

Реті

Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса.




Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады.




Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді .




Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән.




[2]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет