Күнікейдің жазығы



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі360,05 Kb.
#12692


Күнікейдің жазығы 

      


КҮНІКЕЙ ҒОЙ БҰ ЖАТҚАН 

     Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалқиған, жермен-жексен шым қора, бейнеуі жоқ 

сұм қора. Шым қорада - жер үйде, желпіндірмес кор үйде, арса-арса болып сүйегі, 

қалақтай болып иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ 

жатқан қай аруақ? 

Әлсін-әлсін демігіп, тық-тық еткен жөтелі өңменіңнен өткендей, алма еріні кезеріп Бетпақ 

кезіп кеткендей, кимешегі қолқылдап қуыршаққа тіккендей, сатпақ-сатпақ жастығы 

жастық емес кетпендей, сар төсек боп сарғайып - бұ жатқаның қай әйел? 

Білмесеңіз айтайын - Күнікей ғой бұ жатқан. 

Күзден жатқан Күнікей - жазға жетті ілініп: күндері ғой, жан шіркін, үзілмейтін созылып. 

Көктем күні күледі, күліп еді - жер түледі. Түлегені емес пе ақ кебінін сыпырып, көк 

торғынға бөленді. Қызыл-жасыл, ақ-көкшіл бейне кілем түріндей, гүлдер гүл-гүл жанады, 

күлкілдеген гүл-жапырақ, сағымданған күлім бел терезеден көз салса, Күнікейдің көңіліне 

жазылмас жара салады. 

Аһ, дариға, дариға! Күнікей сау боп жүрер ме еді! Қырдан тезек терер ме еді! Қырдан қия 

кезер ме еді! Шырқап әнге салар ма еді! Әнге салса, ол бітіп, қапқа қары талар ма еді!.. 

Жалғыз әйнек жаман үй, төсеніші - жалаң ши. Жаман шидің төр жағы - ала сырмақ 

текемет, текеметте - Күнікей, жалғыз әйнек түбінде. Алты көзден үшеу жоқ, лақтар ойнап 

сындырған. Қалғаны аман қалсын деп, әйнекті жүдә жұлдырған. Күн жылыда не керек? 

Бала-шаға, қозы-лақ жол қып алды әйнекті. Лақ ойнақтап көрпеге, жығып кетеді шәйнекті. 

Шәйнекте шалап сусын бар, шалабын қорғап Күнікей айтып қояды: "Шай"!- деп те. 

Ойнақтаған құлдыр лақ - шай дегенді біле ме? Лақ қарғыса әйнектен, запы болған Күнікей, 

қолын созады шәйнекке. 

Күнікейдің серігі - әйнектен ескен жел болады. Күнікей жалғыз жатқанда, қозы-лақ пен 

қарлығаш - бейне бір дүйім ел болады. Ауыл-үйден Күнікейге келушілер кем болады. 

Қашан жатқан Күнікей? Қашан өлген Күнікей? Қашанғы көңілін сұрарсың? Соған қарап 

отыр ма? Шаруасы бар әркімнің. 

Оқта-текте Күнікейге бір айналып, кіші үйдегі Айдарлым келеді. 

- Айдарлым-ау, жап-жас боп аяуды қайдан білесің? Мүшелге жаңа жеттің ғой... 

Айналайын өзіңнен! Сусының бар ма, апатай?.. Қалайсың деген сөзіңнен!.. Сен болмасаң, 

қарағым!..- деп қояды Күнікей, деміге сөйлеп ентігіп. , Айдарлым кетсе, Күнікей жалғыз 

жатады күркілдеп:- Уһ... алла-ай!..- деп күңкілдеп. 

Күнікейдің серігі - әйнектен ескен жел болады. Күнікей жалғыз жатқанда қос қарлығаш ел 

болады. 



Түйірлеп тасып топырақ, қыл-қыбыр, шөп-шар, жанырақ, біріне-бірі жапсырып, қос 

қарлығаш қалбаңдап, ұя орнатты дөңбекке: балалап, өсіп-еңбекке. Жалығу жоқ шіркінде: 

жаралғандай еңбекке. Күнікей жатыр бақылап, қарлығаштың өнерін жатқандай-ақ 

көрмекке. 

Қарлығашта дамыл жоқ: есі-дерті ұясы, бірі кетсе, бірі кеп, ақ қанаты дірілдеп, қос 

құйрығын қалақ қып, құртымтай боп құнтиып, бұғып қана қылтиып ұясына жатады. 

Зайыбы ұя басқанда, байы жүреді бәйек боп: әлсін-әлсін келгіштеп, жарының жайын 

білгіштеп. 

Қарлығаш екеш қарлығаш бір-біріне қайырылғыш, бірін-бірі сыйлағыш. Адамзатқа не 

болды? Күнікейден безгендей, Күнікей мәңгі өлгендей, суық топырақ көмгендей, 

Айдарлымнан өзгесі шетінен түге үмытып. 

Баласы қайда Күнікейдің "апалап" бір уақ келетін? Жұбайы қайда Күнікейдің, қияметтік 

жолдасы? Күнікей бүйтіп жатқанда, жастық қойып басына, қолынан сусын беретін? 

Ауылы қайда Күнікейдің, келіп-кетіп жүретін? 

Жалғыз перзент демесең, аулы да бар он шақты үй, байы да бар соқталдай, бауыры да бар 

байының - немерелес әмеңгер. Күнікей сауда үйінен, үйірімен шықпайтын, өңшең қортық 

кеген кез. 

Бар болса, олар қайда жүр, бірі басын көрсетпей? Ауылды қойшы, ауыл ғой, жайшылықта 

бауыр ғой. Байы қайда Күнікейдің? Қосағы бүйтіп жатқанда, қолының ұшын бір бермей, 

жанына жақын бір келмей? 

Келмек тұрып сұнқа адым, шұлық жамап қаңғып жүр, қатқан бар деп қай үйде - көкше 

түтін аңдып жүр, жамауменен жан сақтап, қара басын қамдап жүр. 

Қамдағаны құрысын! Күнікейдін көзі тіріде бір қатынмен сөз байлап, алуға соны оңтайлап, 

төртті-бесті қараның бір-екеуін беруге, бүгін-ертең қам қып жүр. 

Күнікейдің көзі төрт, көкірегі жанған өрт. Бәрінен де жанына Батып жаткан осы дерт. 

Ауыл-аймақ, абысын, не жақыны-алысы, не тамыры-танысы, не алған серігі, жеті жылғы 

жолдасы - бәрі бірдей безгендей, Күнікей сонша не жазды? 

Не жазғанын бейбақтың мен айтайын, жігіттер, құлағыңды сала бер, көкейіңе ұнаса, 

мәнісіне қана бер. 

      ОЛ КҮНДЕ 

Ол күнде Күнікейдің бала кезі, сүю мен жек көруден таза кезі. 

Сонда да: 

Мені сүйген жігітте не арман бар? Айтып тұрған секілді отты көзі. Күнікейдің әкесі 

Құлтума-ды. Құлтума құл боп туды, ұл тумады. Құл туғанын сонан біл: Ордабайдың өмірі 

қойын бағып қолтаулады. Шешесі Күнікейдің ІІІекер еді, өзі де Шекер десе шекер еді, 

Құлтуманы "Шекердің байы" деуші еді, Шекерді "катыны" деу бекер еді. 




Өйткені: 

Ак жаулык, кылаң ұрған. кылаң Шекер, Етегі аяк басса, бұлаң етер. Мықынын қысып 

қалсақ:- Ой қағынды! Қойшы!- деп еркеленер, бұраң етер. Ордабайдың ауылы - өңшең боз 

бас, Қолы бос, делебесі неге қозбас? Қызды ауылды торудан торықса да, 

Немесе оңайына обықса да, Шекерден айналып кеп әйел озбас! Күнікейдің ағасы бар: 

Жұматай таз. Тамақ беріп жұмсаса, ол соған мәз. Көп бала бұралқы итше түйе бас қып, 

Желін кап тақиясын алып кашып: "Тазым, тазым. таққан таз, Тазды құдай қаққан таз, Бес 

ешкісін баққан таз. Үй айнала кашқан таз, Туырлыққа тышкан таз... Әуескі, жынды көкек, 

коңыр ала қаз..."- 

деп ажуалап, ыза қылушы еді. 

Әкесі қойшы Құлтума, ағасы Жұматай таз, "қоңыр ала қаз, алпыс үйрек, бір тырна, жата 

қалып жер тырна" болса да, Күнікей Құлагердің баласындай үздік туып, он үшке жетер-

жетпесте бозбаланың көзін тартып, баласынбай "сөз айтуға" жарап қап еді. Қыз-бозбала 

жиылып сауық құрғанда, орамалдың бетін Күнікейге бұрғанда: 

Қолыңның айналайын саласынан! Көзіңнің көңіл қояр карасынан. Сүйрік боп жалғыз өзі 

кайдан шыққан Қамыс пен кара өлеңнің арасынан?- 

деп, бозбала көзді бір қадап қоюшы еді. 

Қадаса да сұмдықты ерте сезгіш, жырынды Шекер қызына қарлығаштай шыжбақ боп, 

жүрсе-тұрса көзінен таса қылмай, тұтқындағы жаннан бетер бағушы еді. 

Бірақ Шекер шеше болам деп бекер арам тер болды. Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен 

емес, ақылмен үйретпекші адам сорлы ғой. Шекер өзіне "құдайжұқтырмағанды" қызына 

оқыды. Қызы көргенін тоқыды. "Бозбаламен өзі неге ойнайды?" деген сұрау Күнікейдің 

ойына ерте бекілді. Он төртке аяқ басқан соң-ақ көзі жанып тұрған Күнікей апасынан 

құрық әкетті. 

- Жә, жә, өзім де білем, бала емеспін ғой...- деп, бұрымын арқасына бір ыршытып, етегіне 

айнала бір қарап, шығып кететін күйге ұшырады. 

Күнікейдің ерлігіне апасы өңін бұзғанмен, көмейі бос: өзіне тартқанын, бозбаланың көз 

салғанын бір есептен теріс те көрмейді. Қай есептен екенін кім білсін, ананың мақ-

танышы да. Күнікей оны сезеді. 

Апасы жылтырағанды Күнікейдің үстіне жапсырады, шашын жылтыратып тарайды, өреді, 

омырауын қызыл, жасыл жіппен кестелейді, тана моншақты қамзолына тағады, уақ 

күмістен сылдырмақай шашбау да істейді. Құлтуманың тыққыштап әкелген пұшпақ 

жабағысына бақалшыдан айна, тарақ, жұпар сабын, шаш майын әперді. 

-        Эһ! Кімнің қызынан кем? 

Баласын оннан асқан соң-ақ Шекер теңіне атастыруды ойлаған. Бірақ әркімдер-ақ ауызға 

алса да, бірінің жетесін, бірінің қабын, бірінің сабын, бірінің малын, бірінің мұрнын, 

бірінің кеңірдек сақалын жаратпай, Шекер аяғына отырғызбаған. 



-        Қойшының қызы деп кемсінеді ғой. Адырам! Қанның қызына берем бе екен!- деп 

қоятын. 


Өйткені өзін қойшының қатынымын деп Шекер өмірі ойлаған емес қой. Қойшы - тек қол 

байлау, құдай бұйрығы. Анығында Шекер өзін ана мырзалардың қатынымын деп 

есептейтін. 

Шекер "Сырдың суын шұлығынан келтірмей" жүрсе де, енді ойланбасқа болмады. 

Күнікей 14-ке келіп қалды. Енді Күнікей небір қыздарды да отыртып кетеді. Сөйлесе - 

түбін түсіреді, оң қолынан өнері төгіледі, күлсе - аузынан дүр шашылады. Ән шырқаса - 

сүйегіңді шымырлатады. Шекердің өзі соққан еді ғой ана кезде. Сөйткен қызға сенім бар 

ма? Кім біледі... 

Сөйтіп жүргенде Ордабайдікінде Тұяқ дейтін етікші жатты. "Кебіске Шегебайдан да бұл 

өткін екен: өкшені бес-ақ шегемен тұрғызады... Асауға құрық салса, тырп етер емес, әкше 

сіріні тастай ғып, әшекейлеп тастайды. Тақаны қылмита мінеуге келгенде, жер жүзінде 

бұдан етікші өтпес..." деп, қымызға жиылған құла ауыздардың ауыз суы құртып жүрді. 

Шекер Ордабайдікіне қымызға барғанда, ана жақта, жүктің бұрышында: "Пүп-пүп!" деп, 

былғарыға су бүркіп, тықылдатып, құжыраңдап жатқан мойны ішіне кірген бір жаманды 

көруші еді. Оны кісі екен деп артық көз тоқтатпаушы еді. Жұрттың жер-суға түсірмей 

жатқанын естіген соң, Шекер де тігінін көргелі: 

-        Былай тұршы, біз де көрейік,- деп, етікшінің пышағын, бізін, балғасын, 

кемпірауызын ұстап, қаумалап жатқан еркектерді кимелеп, біреуінің қолынан кебісті 

жұлып алып қарады. Байдың кебісі екен, олай-бұлай аударып көрді де, шүйкесінің 

қылшығын бір тістеп алып: "Теріс емес" деп, 10 

ерніне жабысқан жүнді түкіріп тастады. Сонымен кете барды. Қайтып оның ісіне ІІІекер 

көз салған жоқ. 

Бір күні кешке таман Күнікей Ордабай үйі жағына барып келіп: 

-        Апа, сен Шәмшидің кебісін көрген жоқсың ғой. Бір түрлі сұлу бопты!- деді. 

-        Ә, қойшы, несі бар дейсің!.. Қандай екен?- дегенде, Күнікей қолымен, ернімен, қасы-

көзімен көрсетіп, өзінше өте әдемілеп суреттеді. 

Байсалды кісімсіп, Күнікейге: "Көрсе қызарсың-ау" деп отырса да, аздан соң өзінің де 

әуесқойлығы ұстап, бір жұмысқа барған кісі боп Шекер байдікіне жөнелді. 

Келсе, сыңар кебісі Шәмшидің алдында - қолсандығында қаздиып тұр екен. Шекер 

жанына барып, кебісті алып айналдырып қарады, көбінесе өкше жағына көз салды. Жарма 

көттік қылып, қызыл-жасыл шарың жіппен иттіс шалып, сірісін қошқар мүйіздеп қойып, 

тақасын шоңқита қаза мінеп тастаған екен. Кебіс жұтынып тұр. Шекер керіп-керіп, демін 

бір-ақ шығарды: кебіске қызығып, күншілдігі қозып кетті. 

-        Күнікейге мен де осындай бір кебіс тіккізіп берейінші,- деді. 




-        Тіккізсең, шамаң келеді ғой!- деп: "Саған арам болар" деген кісіше, Шәмши қасын 

керіп, төменгі ернін бұлтың еткізді. 

-        Несі бар, "Ердің құны, нардың пұлы" деймісің?- деп Шекердің де жыны ұстап, 

бастырмалатып шығып кетті. 

Шекер келе сала жаман әбдіресін бүйі тигендей астан-кестен ақтарып, "төрт қой, төрт 

киімнің" біреуін суырып алды. Ол Құлтуманың байдікінен алған бас ұлтаны еді. Кебістің 

сайманы онымен түгенделе ме? Шекер ауылды қыдырып жүріп, көттік тақа, сірі, ішпек 

тәрізді жабдығын тауып алды. Шарық жіп бақалшыдан - тарамыс өз үйінен шықты. Барды 

да Тұяққа сөйлесті. Ордабайдың етіктерін бітірген соң, Тұяқ Күнікейге кебіс тікпекші 

болды. 


Он шақты күннен кейін Шекер Тұяқты төрінің алдына отырғызып, өзі - тарамыс, 

Күнікейге шарық жіп ширатқызып: 

-        Қарағым, оңдап тік! Бар өнеріңді сал. Шәмшидің кебісінен асырмасаң, кем қылма...- 

деп тақымдап, қайрап, қадағалап отыр. 

-        Бар өнерді аямайық,- деп Тұяқ сулаған молақ балғаның сабымен ыскылап, жаман 

көздің астымен Күнікейге бір қарап қояды. 

Қиядағыны көретін Шекердің қырағы көз құйрығы құтқарсын ба, Тұяқтың жаман қарасын 

сезген соң, жатарда төсек-орын жоқтығын сылтауратып, байдың қонақ үйіне жіберіп 

жүрді. Әйтсе де көңіліне келіп қала ма деп, күндіз кебіс тігіп отырғанда Тұяқтың үй ішін, 

малын, ауыл-аймағын сұрап, әлі күнге қалындық айттырмай жүргенін де сөз қылып: 

-        Жігіт адамға қыз табылмаушы ма еді...- деп көңілдендіріп, есек дәмелі қылып қояды. 

Күнікей жоқта өзінің де жайы-күйін сөйлеп, осы бір-екі күшік болмаса, жаман қойшыға 

әлдеқашан тұрмайтынын, Күнікейін жыламайтын теңіне қоскысы келетінін білдіріп, ара-

арасында: 

-        Ерегестіргенде Шәмшидікінен асырып жіберші. Тағаң жетсе, өкшесін оныкінен 

пышақ сыртындай болса да артық сал. Әйтеуір өнеріңді аяма, қарағым!- деп бір ескертіп 

өтеді. 

-        Бар өнер болса, сізден несін аяйық,- деп, Тұяқ ыржиған болады. 

-        Иә, сөйт, қарағым!.. Мен де бір керегіңе жарармын... Тіпті таныс боп қояйық. 

Біздікіне келіп-кетіп жүрсейші. Байдікіндей ет-қымызымыз болмаса да, айран, шалабы-

мыз, ықыласымыз болады ғой...- деп жылы сөздің де шетін сездіріп, бір-екі сиырдың 

ірімшігі мен қаймағын, қатығын аузына тосады. 

-        Ет, қымыз үнемі бола бере ме... Біз енді не қылып, атқа мініп, нетіп жүрген кісі 

емес... Бәрінен де адамның несі керек...- дегенде Шекер тартып отырған тарамысын тісіне 

қыстырып, әнтек қоя тұрып, құйқылжыған көзінің құйрығымен сұмдана қарап жымияды. 

Оны көріп Тұяқ та жымияды, балғасын қаттырақ сермеп, тізесін қимылдатып, қутыңдап 

қояды. 



Не керек, Тұяқ бар өнерін кебіске салды, аянған жоқ. Шекердің де бұл кебістен аяғанын ит 

жесе болмай ма. Кебіс Шәмшидікінен аспаса, кем болмады. Тұяқ жарытып ақы алған жоқ, 

тек ықыласына ырза болды. 

Тұяқ ауылына қайтарда Шекердікіне келіп, дәм ауыз тиіп, қош айтысты. 

Шекер қызымен тысқа шығып аттандырып: 

-        Келіп-кетіп жүр... Көрген жерде ауыл бар... Етігіміз болса саған тіктірейік,- дегенде: 

-        Е, нетсек, келмей енді...- деп Күнікей екеуіне кезек қарап, Тұяқ жүріп кетті. 

Тұяқ кеткеннен кейін етік жайынан сөз қозғалса, Шекер Тұяқты аузынан түсірмей: 

- Шегебай қайда?! Оныкі Тұяқтың бір шанышқанына да тұрмайды,- деп мақтап жүретін 

болды. 


Сөйтіп жүріп Тұяқ Күнікейді айттырды. 

Тұяқ - 6-7 қаралы кедейдің баласы. Мұрны кертеш, иегі кемиек бет-аузы құдды шөміш, 

мойны ішіне кірген. Бейнесіз-ақ жігіт. Сонда да Шекердің қолайына жақты. Шекердің 

айтуынша мұрнының да "дәнеңесі жоқ", қолы да "епсек", өзі де оны-мұныға "епті", мойны 

да "сұңғақ", өңі де "ақ құба" жігіт боп шықты. 

Со кертештен басқа кісі құрып қалғандай...- деп Күнікей сырт айналып бұртыңдап, жамап 

отырған әкесінің жаман шапанын лақтырып тастап көріп еді, Шекер мойнын ит ала 

қаздың айғырындай созып, бүркітше түйіліп, бурадай шабынып: "Болмайды деген не?"... 

Қарды да, жарды да боратты, жылатты, сықтатты - ақыры көндірді. Құлтуманы қойшы, ол 

бір өлген кісі ғой. 

Әне-міне дегенше, Тұяқ бір-екі қарасын беріп, құда түсіп, күйеу боп, бұрынғы келе берісті 

сиретті. 

Тұяқ күн сайын тапқан-таянғанын қалыңға тоса берсін; Күнікей шолпы тағып, ән салып, 

бұлғақтап өсе берсін; енді әңгіменің бетін өзге жаққа бұрайық. 

     КӨШКЕНДЕ 

Ол күнге жиырма жылдан асып кетті, жиырма бес жыл да боп қалған шығар. Ол күнде 

айдабол, күлік, ақ бура, тұлпар, қозған, кақсал Шідерті бойын жайлайды. Өлеңті мен 

Шідерті қатар аққан өзен. Өре басы Есіл, Нұрадан келе ме, кім білсін, ­Өлеңті - Ақкелге, 

Шідерті Жайылмаға барып сарқады. Онда Шідертінің суы мол кезі. Жалғыз-ақ Шиқылдақ 

аулы болмаса, о кезде Шідерті бойын қыстаған ел де жоқ. Сәуірдің алашабыр бұлты 

арылмай-ақ Баянауыл, Қызылтаудағы қалың сүйіндік атаңдарын алқынтып, бұйдасын кеш 

құлаш созып, Бөкембай, Арқалық, Жаманадыр, Желдіадырдан асып, Шідертіге қарай 

ағыл-тегіл құлай бастайды. 

Жонның қар суымен шығып, желкілдеп тұнып тұрған бидайық, шалғын жеймін деп 

жанталасып күліктен алдымен Ноқаң ауылы көшеді. Ноқаң малсақ кісі еді ғой. Ноқаң 

түннен көшеді, үдере көшеді. Қатын-баланың жақ жүнін үрпите, көзін іріңдете, иегін 

дірілдете, көлікті зорықтыра, арықты өлтіре көшеді. Қызылтаудан он бес көшкенде 



Шідертіге түседі. Ноқаң ауылы өзге ел барғанша, жонның соны шалғынына қардай шүйгіп, 

аш қасқырмен арпалысып, малының түгін тартса, майы шығады. 

Ноқаң кеткен соң, Ордабай ауылы да копаңдайды. Өлер-тірілеріне қарамай, олар да 

айдайды. Айдағанмен Ноқаң бір сағым - жеткізбейді. 

Ордабайдың қыз-келіншектері бәт кұндыз бөріктерінің үкісі желкілдеп, жорға мен жүйрік 

мініп, алдыңғы кешке сыдыртып өте шыққан кереге, уық, құрымын тендеген ала шолақ, 

тарғыл шолақ сиырының санында күзеген кек байталмен қалықтап келе жаткан 

Күнікейдің зығыры қайнайды. Тақымды бір қысып, қамшыны бір басып, шаба жөнелгісі 

келеді де - талабы тас болады. Күнікей азуын шайнайды. 

-        Осынша топтан бір жібі түзу мал табылмады ма? Мінбеймін шолақ байталға,- деп 

Күнікей о баста-ақ азап салған, бірақ шешесі: 

-        Қарағым-ау, сүйгеніңді мінетін өз жылқың ба? Тигенімен жүре бер, құдай 

жеткізер...- деп, бастырмаған. 

Шынымен дейсіз бе? Жоға, онысы әншейін ғой. Күнікей бедеу мініп қылаң ұрса, төбесі 

көкке жетпес пе еді? Күнікей тұрсын, астындағы құлағы қалтиған, қарыны қорылдаған 

шобырға өз көңілі де бейжай. 

Шекер "құдай жеткізер" десе де, жеткізбесін іші сезеді. Бір көшті, екі көшті, үш көшті. 

Кәне жеткізгені? Жалаң бұ жолы ма? Жеткізбегелі қашан? Күнде көзін қызықтырып, бай 

қыздарының сәнденіп, құтырынып жүргені анау. Бұл ой Шекердің басын жегідей жеді. 

Шекер шара іздеді, оны ойлады, мұны ойлады: байдан да, құдайдан да "жәрекім алда" 

болмасына көзі жетті. 

Шекердің қабағы, еріні аттай тулап келе жатқанда, бай балалары көп жылқыны күндей 

күркіретіп, қиқулап айдап, сиырды басып кете жаздап үстінен өтті. Астындағы жаман 

неме де бүйірі қызып: 

-        Ий-еһе-һу-ө!-деп үйірсек тұлпарымсып, шіңкілдеп басы мен құйрығын көтерейін деп 

еді Шекер: 

-        Кет әй, өлімтік!- деп бір езуін жұлқып, шолақ сабауымен желкеден бір қойды. 

Жылқы лек-легімен өтіп жатыр. 

Уай, дүние шіркін-ай! Анау қара ат, торы ат, құла бие, жирен бие, өне бір құла биелерге 

Шекер де, Күнікей де мінер ме еді! Қаздия, қақия отырып, тақымды жапсырып, өкшені 

қадап тастап, көк көйлектің етегін, ақ шаршының ұшын желеңдетіп, елпілдетіп, елеңдетіп 

желер ме еді! Анау боқ мұрын Шоқандардың астындағы ақ селеуді Күнікейдің астына 

берер ме еді; Шекер кедейлікті, қорлықты, қойшыны бір күн, бір сағат ішінде талақ 

қылмас да еді! Бірақ оған қолы қалай жетеді? Кім жеткізеді? Құдай ма, бай ма? Жоқ, жоқ, 

жоқ! Өзі, өзі жетуі керек! 

Көп жылқыны еріккен балаларға айдатып, өзі Түгелбай адырына мана жосып кеткен 

қысырақты қайырып, тымақтың желкесін мықырайта киіп, құрығын сүйретіп, жылқышы 



Домбай келе жатыр екен. Деңгейіне таянғанда ІІІекердің көзі от боп жайнап, шобырын 

борбайға бір көміп, сиырдан оқшаулана беріп: 

-        Әй, Домбай! Қайырылшы,- деп, қамшысын шошайты. 

Домбай байдың көп жылқысын өз маңдайына біткендей 

буланып жүретін есерлеу жігіт еді, өйткені көшкенде көршілерге ептеп өз таңдауымен де 

ұстап беруші еді. Анда-санда байдың, бәйбішенің көзі түсіп: "Пәленшеге ол атты несіне 

бердің" дегенде: "Содан қолайлы аттың реті болмады, таң асырып жіберейін деп ем, 

жылқы өріп кетіп, өзге аттың жөні келмей қап еді" деп жоқтан өзгені сылтау қылып 

жұбата беруші еді. 

Осы Домбай ана жылы бір түні Шекерге қол салғанда, ІІІекердің онда іріленіп жүрген кезі 

ме, өзге себеп болды ма, кім білсін, әйтеуір меселі қайтып еді. Содан бері Домбай түйеші 

Жаманайдың жаман Тәукішін талшық қып, ІІІекерден күдер үзіп кетіп еді. Енді көк 

көйлегі көлеңдеген, байбатшалармен айналыс қылатын Шекер медіресін қылған соң не 

жаны тұрсын, қысырақты "Вшщит!" деп, бір ыршытып жіберіп, айғырын шаужайлай берді. 

-        Е, Шеке, жақсы ма? 

-        Жақсы емей, жаман деймісің? 

-        Атың келісіпті ғой. 

-        Ой, құдай атқыр! Осынша жылқыдан бір тәуір мал қолыңа түспеді ме?- дегеннен-ақ 

Шекер мойнын былғаң еткізіп, көзін төңкеріп жіберді, іш білді, мұрт күлді. 

Шекер бірталай сөйлесіп, жымиып қайтты. 

Немене апа?- дегенде: - Саған бір жақсы ат бер деп тапсырдым. Ертең жүгенді өзің апар!- 

деді (бұрын атты Жұматай таз әкелетін). Ертеңгі көште Күнікей құйрық-жалы Шәмшидің 

шашындай төгілген жарау тобылғы торы биені алып келді. Көк байталдың жанында 

дүлдүл тәрізді. 

Шекер бұрын да айтқан ғой, жаман шомыттарын сиырларына артып, өзі жөнеліп бара 

жатып, Күнікейге тағы да: 

-        Бар ана Шәмшилердің қасында бол! Елеңдеген мал көрінеді, жығылып қалма!- деді. 

Күнікей қызылшаң белбеуімен қыпшасын кылдай қып буынып, қызыл тақиясының үкісін 

дөңгелете сілкіп, желпілдетіп, кебісін тазалап киіп, атын жетелеп, байдың жұртына барды. 

Байдікі он шақты түйеге жүгін артып болған екен. Тұрғызған түйелерді салды балақ 

малшы қатын жетелеп тіркеп, алдыңғы түйені тау кеншіктей қара сирақ Қырықбайына 

ұстатып қойған екен. Жаулығы қоқырайған Қара бәйбіше күптей боп жұртта шалқиып 

тұрып, кейбір жүгі ауған түйелерді көріп: 

-        Дүйсенбай, Дүйсенбай! Сен қайда жүрсің ана ауған түйені бұрамай?- деп шаңқ-шаңқ 

етеді. 



Дүйсенбай маңдай терін шапанының етегімен бір сүртіп, далақтап жүгіріп барады. 

-        Сен, неғып тұрсың, бозбала жігіт боп сіресіп; қымыз ішкенде сондайсың... колыңа 

жұғып кете ме? Бар, ана түйені бас арқанды тарт, атты ертте!..- деп, Қара бәйбіше көрші 

жігіттердің онысын оған, мұнысын бұған жұмсап, бұйырып тұр. Жігіттер үн-түн жоқ, 

жүгіріп қауқалаңдап, мықшыңдап, бұйрығын орындап жүр. 

-        Е, мына қыз да сәнденіп шығыпты ғой. Мынау атты бұған кім берген?- деп, 

Күнікейге де көзі түсіп кетті. Күнікей қыпылдап, сазарып, түк айта алмай қалды. 

-        Апа-ау, не қыласын. Біздің қасымызда жүрейін деген ғой,- деп, Шәмши ара түспесе, 

Күнікей торы биеге қош айтысатын еді, Шәмшиге нөкер керек қой. 

Күнікей атын көп атқа матастырып, жұртта таранып, сыланып жаткан Шәмши, 

Шәлкеңдердің жанына келді. Шәмшиден жылы сөз естігенге ме, кім білсін, жердегі 

белбеуін, сәлісін әперіп, шолпысын сыртына шығарып, жылпылдаған болды. 

Қарыны кебежедей бір можа биеге малшы қатын мінем деп, үзеңгіге аяғы жетпей 

мықшыңдап жатыр еді. 

-        Ана жаман күңді атқа салып жіберші!- деп, Қара бәйбіше Сәрсембайды жұмсады. 

Сәрсембай: 

-        Әй, өлімтік-ай!- деп, малшы қатынды мықынынан бір түйіп, ашасынан алып, аттың 

үстіне бір қойды. 

-        Тоқта, қағынды! Атымды алайын,- дегенге қаратқан жоқ. 

Малшы қатын ыржиған болып, критон көйлегін жуырда астына баса алмай, ердің үстінде 

бүкшендеп, қопылдай берді. 

-        Әтшу, әтшу!- деп бәйбіше көшін жөнелтіп, бір қатынға құман ұстатып, түзге жөнелді. 

Бәйбіше келгенше нөкерлер қара пәуескеге пар атты жегіп, дайындап тұр еді. Даяршы 

қатын мен екі кішкене немересін қасына алып, бәйбіше пәуескеге мінгенде, Күнікей 

тажалдан құтылғандай демін бір алды. 

Оған дейін ауылдың қыз-келіншектері де көштерін мана жөнелтіп, түзеліп киініп, аттарын 

жетелеп, байдың жұртына бір-бірлеп жинала бастап еді. Ат ерттеген, ат ұстаған жігіттер 

байдын қыз-келіншектерін аттандырып, етегін жөндеп, шылбырын аттың мойнына байлап, 

сарыбас қамшыларын әперіп, баптап жөнелтті. Күнікей сияқты көршінің қыздары атына 

өздері мінді. 

Күнікейдің көзі Шәмшиде. Үлбіреген ақ мөре көйлегі аяғын қалай жапқанын, етегін қалай 

жинағанын, үзеңгіге аяғын қай жерінен салғанына шейін байқап, өзі де сондай болғысы 

келді. Бұ да үзеңгісін табанның орта кезінен салды, шапанның етегін Шәмшише тақымына 

қыстырды. Бірақ өзгесін келтірсе де, көйлегін кебісінің тұмсығына жеткізе алмады, қалай 

созғыласа да болмады. Әнтек кысқалау екен. 



Қыз-келіншектер жұрттан былай шығып, қатар түзеген соң Шәмшидің боз жорғасынан 

қалмасқа, бәрі де желді. Күнікейдің биесі желісті екен: жайнаңдап, резеңкедей созылып, 

ағызбақтай сумаңдап барады. Алдына шығып кетсем, байдың қыздары қызығып, ендігі 

жолы алып қоя ма деп, Күнікей атының басын тежей берді. Қашағанға, жарысқа көп 

салынып, желікпе боп қалған жануар екен, қызып ала-ала жөнелді. 

Шәмши боз жорғасын тайпалтып, ерден көтеріліңкіреп, қамшыны бір басып еді, көбінің 

аты шоқырақтап шауып кетті. Сөйтіп келе жатқанда артта қалып, насыбайын атып алған 

жігіттер қуып жетіп: 

-        Ал жарыстық!- деп, айғайлап өте шықты. Бұлар да жіберді аттың басын. 

Ала сәуледе жасыл шөпті жапырып, өкпек желді естіріп, көкіректі керіп, тым-тырағай 

айдап келеді. Шу дегенде боз жорға шықты алдына, оған тете Күнікей келеді құйғытып: 

шапқан сайын ызғып барады. Шәмшиден өз байың деп, атының басын тарта береді. Бірақ 

қолын сірестіріп, жұлып әкетіп барады. Әлі келгенше тартып бақты. Шәмши ұзап алып, 

артына жалт-жұлт қарап, масаттанып кояды. Артқылар таянып қапты. Өзгесін қойшы. 

Тыржықайдың шөп желке қара қызы да жетіп қапты. "Саған озғызғанша" деп, Күнікей 

аттың басын жіберді. Жіберіп еді, биесі ағып кетті. Ағыны мұндай қатты болар ма? Өкпек 

жел дауыл боп көзінен жасы ыршып-ыршып кетті. Жығылып қалар ма екем деп ойлайды. 

Бірақ тақымы сүйсініп барады. Көштегі атты, арбалы, сиыр айдаған, түйе жетелеген 

жандар бір-біріне қосылып, үздіксіз тізбек боп, құйындап, зымырап артта қалып барады. 

Күнікей кетті: бәрін де артына доптай лақтырып өтті. Көк байтал да, шолақ сиыр да, таз 

Жұматай да, койшы Құлтума да естен шықты. Жалынды жаңа, жат дүниеге кіргендей, 

тамыр біткені, жүрегі оттай заулап, көтеріңкі, асқақ сезім кернеп, анау көгерген аспанмен 

ағып келе жатқандай болды. Сиыр айдап келе жатқан апасы қызының қарсы алдында 

үкідей ұшып бара жатқанын көргенде: 

-        Ойбай-ау! Жығыласың ғой! Тарт басын, тарт!- деп безектеп, шырылдап, тебініп 

ұмтылып еді Күнікей. 

"Жығылатын кісің мендей бола ма?" дегендей қамшыны бір сермеп, құйғыта берді. 

Көштің алдына таман шығып, бұдырдан асып, алдынан Арқалықтың көлденең жотасы 

көрінгенде, Күнікей артына бір қараса, Шәмши қапты далада. Манағыдай емес, енді 

Шәмшиден қорыққан жоқ: бойына бір ерлік, өжеттік пайда болған тәрізді. "Қашанғы 

қорғалай бергенше, бір ұрып алайын" деп ойлады. Астындағы бедеуден өлсе айырылғысы 

келмейді. 

Әлден уақытта қызының ойқастап барып тоқтағанын көргенде Шекер бір тамсанды да 

жымиды. 


-        Қарағым астыңа ат түспей, қор боп жүр екен ғой! Не болса, о босын, бәрінен де озды. 

Тілеуің берсін, Домбай!- деп, тақымын бір қысып қойды. 

    КҮН МЕНІКІ 

Күнікей ойысып барып бедеуін тежеп, шашыраған етегін жинап, көшке қараса, Қара 

бәйбішенің пәуескесі көш алдына түсіп қалған екен. 18 



Қара бәйбіше көштің қыр соңынан жөнелсе де божы ұстаған жалақ Нөкені "Айда, 

айданың!" астына алып, жолдағы сиыршыларды кие-жара, арбаларды соқпырта, бұ 

зауларды бүйірден түртіп домалата, қос құласын шаптыра, желдіре, көштің алдына түспей 

көңілі көншімейтін. 

Күнікей озғанына мардамсып, қоқиланып бұрылса да, қара пәуескені көргенде жүрегі 

зырқ ете түсті. "Мына тажалдың көзі тағы шалып қалмаса игі еді" деп қауіптенеді. 

Күнікейдің бағына қарай бұ жолы Қара бәйбішенің қанталаған ала көзі сүмектей боп 

танауратқан тор бедеуді шала алмай қалды. Өйткені пәуескенің ернеуіне еңсеріле асылған 

бәйбішенің көзі көште келе жатыр еді. 

Неге десеңіз, Ордабайдың үш баласы үш ауыл ғой. Олар бәйбіше қатыннан. Қара бәйбіше 

- Ордабайдың тоқал алған қатыны. Бәйбіше өліп, өзінен екі ұл, үш қыз туған соң, бұ да 

бәйбіше атанған. Сөйтіп, Ордабайдың төрт ауылы бірге көшетін. Бәйбіше балаларының 

көші бұрын жөнеліп, озып кетсе, қонғанша Қара бәйбішенің аузында да, астында да 

дамыл болмайтын. Бұл жолы да Оразбайдың үлкен баласы Омардың көш алдына түсіп, 

көрші Көшербайдың жырық кемпірі күндігі қайқайып, ала биені тебініп, жырық сары 

атанды қарсы алдына салып, шуда қақтырып, жеткізбей келеді екен. Олардың қыз-

келіншек, малшы, құлшылары да Қара бәйбішенің сырын біліп алған ғой: көштің ауған-

қалғанын ат үстінен түзеп, қасақана айдатып келеді екен. 

Манағы атына міне алмайтын кертанау мықыр Тұрсынға: Әбілет-ау, атың жүрмей келе ме? 

Неғып бақайын қыбырлатып келесің? Өлімтіктің қолына шыбық та түспегенін 

қарасайшы!..- деп Қара бәйбіше зығырланып, шабынса да, көштің орта кезіндегі қырсау 

қара атан мұрны созылып ауырған соң "Не де болса бәлесін бір-ақ көрейін" деген немеше 

кегжең етіп, бас жібін (бұйдасын) шарт еткізді. 

Ай, ай! Ана ақ шелек тағы қалды!- деп түйе басын тартқан биеші Дүйсенбай кейіп, баж 

ете түскенде, көш жетелеп келе жатқан Тұрсын бұрылып аялдайын деп еді, Қара бәйбіше 

одан жаман шарылдап: 

Тоқтатпашы көшті, тоқтатпа!.. Әй-й, салды балақ сасық күң-ай! Сенің шашыңды 

жұлмасам ба!- деп ойбай салды. 

Со кезде Күнікей пәуескенің ар жағын орағытып, көштің тасасымен қыздарға барып 

қосылды. Апасының бәсекесін жаттаған Шәмши де арттағы бір бунақ көште қара інгенді 

бір қызға жетектетіп, сарбас қамшымен қара терге шомылған борбайға шыпылдатып ұрып 

келеді екен. Жанынан Күнікейдің өткенін байқаған жоқ. 

Артқы көштің деңгейіне келгенде бос жүруге арланып, бір жағынан, "Бұ да болысып 

келеді екен" десін деп, Күнікей тартынып қалған бір түйеге жанаса кетіп, бас жібін іліп 

алды да, естісін дегендей: "Әтшу, әтшу!" деп, дауысын шығарды. Шәмши артына қарап: 

"Е, Күнікеймісің? Тірке" деді. Күнікейдің "немқұрайды" ғып, өтірік жарамсақтанып келе 

жатқанын қайдан білсін. Шәмшидің жүзінде зіл көрінбегенге, Күнікейдің де көңілі 

жайланайын деді. "Бай балаларының бәсеке таласқаны мұндай жақсы болар ма? Бізге 

жалынышты болады ғой. Бізсіз бұлардың күні бар ма?.." деген ой келді. 



Күнікей түйені тіркеп, тақиясын түзеп киіп, оң жағына қарағанда Ордабай айналасының 

барлық шаңырағынан да үлкен, күлімдеген қызыл жақұт күн көктің бір өңірін сары 

алтынға малып, екі түйенің арасынан абажадай боп адырдан суырылып келе жатыр екен. 

Мана Арқалықтың басын жалап тұрған алтын сәуле заматта ылди біткенге шашырап, ол 

сәуленің жуан ортасында Күнікей де келе жатыр еді. Өңі қашып тұрған көк шөп, 

қызылды-жасылды, сарылы гүлдер де аты бәйгеден келгендей, ажарланып, жылтырап, 

құлпырып ала жөнелді. Шарықтаған сайын үдеткен бозторғайдың шырылы, боталардың 

қоңыраудай сыңғырлаған жіңішке, сұлу, қаяусыз зары, енелерінің ауық-ауық қоңырлата 

бастап, қоюлата көтеріп, бір жоғары, бір төмен толқынтып, жіңішкерте, сүмірейте созып: 

"У-ү-ү-һ!" деп барып басылған ырғалаң боздасы сайын даланы жаңғырықтырып, өз 

алдына бір гөй-гөй тартып, біріне бірі ұласып, қызғыштай қытқылдап, қырғидай 

шықырлап бара жатқан арбалардың шиқылы: "Апа, деймін, бауырсақ, ірімшік..." деп, 

кебежеден басын шығарған қара қожалақ жас балалардың ызыңдаған қыңқылы - бәрі де 

бүгін Күнікейдің жанына майдай жағып, дүние өзіне бола жаралғандай, алтын күн өзіне 

бола туғандай көрініп келеді. 

Күннің мұндай айбынды, сұлу екенін Күнікей бұрын көрсеші! Мына күн тап өзінің, өз 

үйінің күні тәрізді. Жып-жылы, жап-жарық! 

"Әтшу-әтшу, мойнағым! Шырла-шырла, торғайым! Карның ашты-ау, ботақан! Мә, 

ірімшік берейін, қоя қой енді, қалқатай!.. Әлі-ақ ауыл қонады, ашқан қарның тояды..." деп 

ойлағанда, бала күнде ауыл көшкенде айтатын: 

Ертең ауыл көшеді, Түндік бауын шешеді. Қара койым қашады, Құмалағын шашады,- 

деп ойыншық өлең есіне түсті. Күнікейдің балалығы ұстап кетті: бозторғайша аспанда, 

қызыл гүлді, алтын күнді мадақтап ән салғысы келді. Сол кезде іркіс-тіркіс түйелер де 

біріне-бірі жалғанып, қатар түзеп көш сәніне кірді. Кыз-келіншектердің қолы босап, 

бастары қосыла бастады. Тыржықбайдың қызы: 

Жосалының басынан жоса алмадым, Жорға мініп алдыңнан тоса алмадым...- 

деп, "Ай-ай сәулем" деген әнді жөндеп сала алмай ыңырсып, әуре ғып келе жатыр екен. 

Күнікей мұрнын тыржитып, жаратпады. Айтты-айтпады, қазір сондай жай қоңыр, шобыр 

ән салатын шақ па? Қорғалдақтай шымырлатып, бозторғайдай шырылдатып, шырқап, 

қалықтатып, сорғалатып салатын шақ емес пе? 

Кыздардың ортасына Шәмши де кірді. Көшін жөндеп оздырғанға көңілі бір демдегені ме, 

кім білсін. 

Е, ән салып келесіңдер ме? Кәне айтыңдаршы?-деді. 

Байдың қызы жоқта ыңырсып келе жатқан жаман-жұман қыздар: 

Обай-ау... жоқ... әншейін...- деп, құты қашып, дымын қоя қойды. 

"Өңшең шірік күң! Онысы несі? Салмайтын несі бар? Соған бола ма, өзіме бола саламын" 

деген кісіше, көңілі тасып келе жатқан Күнікей ешкім "айт" деместен: 



Баурында Шұбартаудың қос балапан. Сол таудан дария толқып су тараған. Сұлу қыз, әсем 

жігіт - бәрі сонда Япырым-ау неге келдім сол арадан? Сол арадан а, ай Әкуда-дай...- 

деп, сайын даланы жаңғырықтырып, көшті басына көтеріп, сұңқылдатып қоя берді. 

Қыздар: "Мынау қай жақтан шыға келді?!" дегендей ауыздарын ашып қарай қалды. 

"Өзімді кошемет қып, ән салды ғой" деп, Күнікей бір ауыз өлеңді 

бітіре бергенде Шәмши бір қопарылып, мойнын бұраң еткізіп: 

-        Әй, Күнікей-ай! Сен бір жанып тұрған отсың ғой! Е, көңіл ашар деп осыны айт!- деп 

көпшіктеген болды. Өйткені бұрынғы көште бүйтіп суырылып соғып жіберетін қыз 

қасында болмаушы еді. Күнікей Шәмшидің ол қошаметіне құлақ қойған жок, жүдемелете-

жүдемелете 2-3 әнді тастап-тастап жіберді. Сол-ақ екен: 

Біржанның төңкерілген дауысымен, "Ешкіөлмес ел жиылды бауырында!..." дегендей-ақ 

Күнікейдің аққудай сұңқылдап, күмістей сыңғырлап, бұлақтай сылдырлап, бұлбұлдай 

құбылтып, бұлқындай жұтынып, жүйкені босата, сүйекті шымырлата сорғалатқан, 

кестедей нақысты, ботадай сүйкімді, балдай тәтті, күндей сұлу әніне көш бойындағы қыз-

бозбала, қатын-қалаш жиналып қалды. 

-        Е, базар мұнда екен ғой! 

-        Көп жаса, шырағым!.. 

-        Қалғып-шұлғып келе жатқанда, ұйқымызды шайдай ашты ғой... Ой тілеуің берсін!.. 

-        Тағы да, қарағым тағы да... десіп қатындар да көтермелеп: 

-        Шешесі Шекер ғой! Бұ қыз тегін өледі деймісің?..- деп аңыз қылысты. 

Астындағы торы бедеудей, бауыры жазылып алған Күнікей, құдай берген өнерді аясын ба? 

Жұрт анталап, топ көбейген сайын, аруақтана, дәуірлете соқты, делебесі қозған бір-екі қыз 

да Күнікейге қосылып кетті. Күнікей бірталай айтып, айызын қандырған соң, ерігіп келе 

жатқан жұрт: 

-        Ал, бозбалалар! Сендер де айтыңдар! Қыз екеш кыз да айтып келеді,- деп кеу-

кеулеген соң Мұсатай, Әйтікен сияқты бозбалалар да керіліп, ырғалаңдап, көзін ашып-

жұмып, айғайды салып, бүгінгі көшті ойын-сауық қылып жіберді. Сауықтың арты "ұйқы 

ашарға", "аударысқа", "көкпарға" айналып, жұрт дырду-думанмен қонар жерге келіп 

қалғанын да білмеді. 

Жолшыбай шидің, қарағанның, томардың түбінен үйректің жұмыртқасын тауып алысып, 

бозбалалар қаншыр қуысып, көк шалғынды жосылтып, өңшен саусылдаған, дулаған 

жастар көштен бұрын келді. Келсе - Арқалықтың бөктеріндегі Атшоңқайға көш басшылар 

да жетіп, жатық көгалдан ауылдарына жұрт сайлап, көп жүмыс тындырған немеше 

шіреніп-шіреніп тұр екен. Күнікейлер 22 

де аттан түсті. Бозбалалар ат ұстап, кантарып, матастырды. Ат екпіні күн кызуымен 

алқынып, қызара бөртіп, ісініп келген жастар белбеулерін шешіп, шапанын тастап, 

келпініп, Күнікей сияқты көршілердің қызы көш келгенше тезек теруге жөнелді. 



Кош келіп, байдың үйлері үлкен-үлкен жабасалмасын жасап алған кезде, сиырларының 

тілін салақтатып, сілекейін шұбыртып, бүйірін солықтатып, жүгіріп, сиырларын ұстап, 

жүгін түсіріп жатканда Шекерлер де келді. Түтігіп, Күнікейге: 

-        Сайтан-ау! Сонша шауып... астыңдағыны алып қойса қайтесің? Маңдайыңа басқан 

атыңнан жаман...- дегенде, Күнікей жайымен жұмыс істеп жатып: 

Ойбай, апа-ай! Ат беретін кісі мендей бола ма? Бүгінгі күні менікі болған жоқ па!- деді. 

Не дейді, ойбай, мына қыз?- деген соң, Күнікей бүгінгі әңгімесін айтып шықты. 

ІІІекер түк айта алмады. 

Сен бе? Сен!..- деп тамсанып жымиды. 

     ТӘЙТ ӘРМЕН! 

Аяңдаса - тымакты алшыдан салғызып, желсе - желдей естіріп, шапса - құйындай ұшатын, 

қашағанды шөбін жұткызбай қағып түсетін бедеу торыны ендігі көште Күнікей тағы мініп 

шыққанда, өз сыбағасына өзі құлдық ұратын құла ауыздар көлденеңнен көз салып: 

-        Шекердің қызы мына өнерімен әкетті-ау! Әйтпесе кедейдің тақымына сыятын 

жануар емес еді,- десті. 

Дей берсін. Күнікейге торы бедеу тақымына басқан атынан бір кейін емес. Күнікей енді 

жылқы келгенде жүгенін алып, өзі жүгіреді. Жүгендерде сағынып қалғандай, мойнынан 

құшақтап аялайды, жіберерде бас-арқасын сипап, мамық алақанымен қабырғаға қағып 

қояды. Ұлы дүсір жарыс болмаса, анау-мынаумен жарбаңдасып шаппайды. 

Кашаған қуып, қинап тастама!" деп, күркесіне келе бергіш Домбайға да тапсырып қойды. 

О да айтқанын қылып жүрді. 

Атшоңқайдан асқан соң немене, Шаңды, Сарыапан, Кызылқұдыққа қарай құлап кеткендей, 

демде барып қаласың, Кызылқұдықтан көшіп, Әулиетастың дөңінен асқан соң, қарсы 

алдыңнан жарқырап Майсор көрінеді. Майсордың құлағына бір түнеп, малды шалғынға 

шеміршектетіп алып, қалың қаулы, жауылшалы, жоңышқалы, бетегелі бұйрат пен белден 

бел асып отырып, Шақшан адырының түбінен Шідертіге қылт ете түсесің. Жердің бәрі 

Күнікейдің кеудесінде сайрап тұр. Бәрі де бала жасынан бері қозы қуған, бұзау қайырған, 

тезек терген, ән салған, ат ойнаған, асыр салған танымал жерлері. 

Жолшыбай Күнікей қыздармен бірге жарысып, төбе-төбеден тарғыл жуа терді. 

Бозбалалармен ілесіп, қоян қуып, Қүлболдының басына да шықты. Қызылқұдықтан 

көшкен күні Тыржықайдың қызына бір шолкестеу байтал кез келер ме, мініп жүре 

бергенде, байтал аяғын бір көтеріп еді, кобалақ сорлы жалп ете түсті. Байтал ер-тоқымды 

бауырына ала сартылдатып, Қызыладырға қарай құйрығын тігіп алып, шығандап жөнеле 

берді. Күнікей атына мініп дайын тұр еді, байталды қуып берді. Бірталай ұзап кеткен 

байталға үкідей ұшып барды да жетті. Қайырмалады. Болмады, құйрықтан алды - тоқтата 

алмады. Содан кейін қабырғалай беріп, байталдың тізгінінен шап беріп ұстап, алып 

қайтты. Артынан Мұсатай да шауып келеді екен. Тағы бір-екеуі әр жерде шашылып 

қалған ер-тоқымды жинап жүр. Мұсатай келіп: 




-        Әй, қарағым-ай! Сен бірдеңе боласың ғой! Әкеңнің көсегесін көгертер едің. Әттең, 

ұл боп тумадың, не керек! Сенен "мынандайын" (шынашағын шошайтып) аяған құдайды 

да тәйірі алсын!- деп қалжындаған болды. 

Мақтағанды іші тәуір көріп келе жатса да, Күнікей ойын-шыны аралас: 

-        Кет, көргенсіз, жоқты айтпай...- деді. 

-        Жатқа қор қылмайтын бала едің, не керек, Кейқуат, жаман Тұяққа қор боласың...- 

деп келе жатқанда Күнікей мырс етіп: 

-        Е, жаның ашиды екен ғой?- деді. 

-        Ашымай енді... Жаным ашығандықтан айтып жүргем жоқ па...- деп, баяғысын тағы 

жақауратты. 

Күнікей өп-өтірік түсінбегенсіп: 

-        Неменені?- деп, шешесі құсап көзін төңкеріп қылымсып, Мұсатайдың бетіне қарады. 

Мұсатай кәдімгідей басалқы айтатын адам сияқтанып, алақанын жайып, басын шұлғып: 

-        Тым болмаса оң жақта дәурен сүріп, қызық көріп қалсайшы. Жастық екі айналып 

келер деймісің... өстіп бұлғақтап жүре берем деймісің... Осы күні деген шағың... 24 

Жас-жастың тілеуі бір, жібектің түйіні бір...- деп, сүре сөзге салып бара жатқан соң, 

Күнікей күліп: 

-        Мен бір жөні түзу сөз айта ма деп келе жатсам, баяғы Кара тауың ба? Ондайыңды 

бізден өзгеге айт, шырағым!..-деп бірдеңенің шетін сездіріп, тежеп тастады. 

Мұсатай оған да тоқтамады. Анау көпке жетпей тұрып, бір сөз алып қалуға асығып, 

тікесінен: 

-        Бүгін түнде барамын. "Бұ қайсың?" деп жүрме!- деп көзін қысып қойды. 

Күнікей: 

-        Демінің сағын!- деп ернін шығарды. 

-        Күнікей, енді өзің білесің...- деп, Мұсатай қылмаңдап, қиқаңдап еді, Күнікей: 

- Бізді тәлкектеп не қыласың?- Қатышыңды айналдыра бер!- деп сөздің бетін ашты. 

Мұсатай абдырап: 

Қашан мен Қатыш...- деп келе жатқанда, ер-тоқымды жинаған жігіттер де ұшырасып, 

Мұсатай есек дәмелі боп қала берді. 

Қатыш Тұрғанбайдың "құрық қайтпас" сары қызы еді. Мұсатай да одан сау емес екенін 

Күнікей неғып білмесін. 

Ауыл Майсордын құлағына - Былқылдаққа қонды. Байдың төрт ауылы ығы-жығы. бықыр-

бықыр төрт түлік көк майсаға көміліп бырт-бырт жұлып, бырылдап, жусатып жат ыр. Лек-



лек балалар жарысып шуласып, құрактан жұмыртқа  алуға, қоға тартуға Майсорға кетіп 

барады. Еркектер бие қуып, құлын ұстап, әйелдер жаппа күркесінің алдына бықсытып от 

жағып, самауырын, шәйнектеріне шай қайнатып жатыр. Қыз-келіншектердің кейбірі суын 

әкеліп, кейбірі жолда дем алып, шелектерін колдасып, ән салысып, жаңа бара жатыр. 

Жалғыз-ақ Құлтума сияқты қойшылар көрінбейді. Өзгенің бәрі көк шалғынға аунап 

кенелуде, масайрауда. 

Таң аткалы оразасын ашпаған ел шайларын ышқына-ышқына ұрттап, маңдайдан 

сорғалаған терлерін алақанның қырымен сыпырып тастап, бойы жадырап, көйлектерін 

желпіп, қарындарын ашып, борбайын касып, күркесінен шықты. Мынау атты, анау өгізді 

жіберу керек екен ғой..." деген тәрізді, малсақ кісімсіп, суыған көліктерді коя берді, 

жіберді, жібертті. Көзінің іріңі шоқпардай болған шал - түйеші Жаманай да (манағы 

Тұрсынның байы) байдың түйелерін жіберіп, одан бір түйеге мініп, ауыл-ауылдың түйесін 

қайырып Майсордың көкпегіне апарып салып, жайрап битін қарап отырғалы: Шөк 

былай!" деп, сар желіп, сойылдап жүр. Жалғыз-жарым мал көздеген қоңылтақ кедей 

шалдар, бұзау көздеген, ұршық иірген кемпірлер немесе тізе қап байлаған, бір балағы 

салпылдаған биешілер болмаса, өзгенің бәрі біраздан соң кымызға қанып, күр-күр кекіріп, 

қарнын сипап, итарқа, шаңырақ салма, жүк күрке, арба күркелерінің астына кіріп, 

манаурады. 

Жұлдыз-жұлдыз жаман итарқасының күн жағын жауып, кимешегін қайырып, білтеленген 

бұрымдары сексиіп, күркесінің ауыз жағына Шекер де қисайды. Таз Жұматай байдың 

биесін сауғызады. Құлтума келуге қашан! Апасының ірге жағына борансоз жастыққа 

Күнікей де жантайды. Күні бойы атқа шауып, күрке тігіп, жүк тасып, су әкеп, тезек теріп 

шаршаған Күнікей, басы жастыққа тиген соң қор ете түсті дейсіз бе? Жоқ, көзі жуырда 

ілінбеді. Ұйықтайын деп көзін жұмса да, балдырғандай уыз дене шаршағанды елемей, 

местің емізігіндей бұлтиған жас көкірегін нәуетек, албырт жүрегі қайнаған шәугімнің 

қақпағындай бүлкілдетіп, қиялы бірден-бірге көшеді. Көкірегін қысып ыстықтата берген 

соң, кірлеп кеткен тартқының түймесін ағытып, жастығының астына салды. Кеудесі әнтек 

сая табайын деді. Жалаң қат көйлектен торсия білінген қос алмасын оңды-солды сипап, 

шалқасынан жатып манағыны тағы ойлады. 

"Манағы" мынау еді: 

Құлтумаға ағайын Сүлеймен деген болатын. Оның қатыны - Бәден. Күнікейдің Бәденнен 

жақын жеңгесі жоқ. Мана Бәден екеуі су әкеле жатып, шелектерін жерге қойып, дем алып 

отырып шүңкілдескен. 

-        Еркежан, мен десең көн. Одан артық патшаның баласы керек пе? Құдайға шүкір, жас 

емессің. Сендей күнімізде біз талай қызықты көргенбіз. Дүниеде бозбала құшқаннан 

қызық не бар дейсің? Сен оның дәмін әлі татқан жоқсың, білмейсің, - деп қайдағы жоқты 

айтып қызықтырып азғырған. Күнікей ә дегенде: 

-        Қойшы, жеңеше!- деп арындаса да, әрі-беріден соң жер шұқып, ойланып: 

-        Апатай, тіпті жаным шошиды. Жаман болады... Адам қиналады дейді ғой...- деп, 

икемге келген тәрізді болған. 




-        Қой енді, балалық қылма! Сырғытқаның жетті ғой. Бүгін қабырғаңа кеңес те, бір 

жауабын бер!- деп жеңгесі кеткен. 

Жеңгесінің айналдырғаны жалаң бұл емес, екі жылдан бері көр-жерді айтып, құшақтауды, 

сүйісуді, қойынға жатуды, келіншек болуды сөз қылып, баулып, қылқылдай беретін. Бір 

ретте: "Бәленшені қойныңа алсаң қайтеді?" дегенде, Күнікей: "Апама айтам" деп тұра 

жөнелген болатын. Содан былай жерге кіргір жеңгесі еппен айналдыруға, тана моншаққа, 

иіс сабынға қызықтыруға кіріскен. Бұл күнде Күнікейдің құлағы ондай сөзге әбден 

үйреніп, ойын-сауықта бозбалаға бетінен сүйдіріп, өзі де сүйіп, омырауын қыстырып, 

барлық сұмдықты әбден білген еді. Жалғыз-ақ ана жағына келгенде, әнтек батылы бармай, 

кипақтай беруші еді. 

Бүгінгі Бәден жеңгесінің айтқаны: Ордабайдың бір немересі Мәжікен деген жігіт еді. 

Мәжікен катыны да бар, жасы да жиырма екі-жиырма үшке келген үлкен жігіт болса, 

қаршадайынан көршілерінің қыз-келіншегіне ауызданып, жаман үйренген ауыздықсыз бай 

баласы - бозбалалығын әлі қойған жоқ еді. Қою қара қасты, қошқар тұмсықты, қызыл 

шырайлы, ат жақты, келбетті жігіт еді. Осы Бәденнің өзімен де, шешесі Шекермен де 

Мәжікен он төрт жасынан бері айналыс қылған еді. Күнікей онысын қайдан білсін? 

Бәденнің Мәжікенмен әрі ескі тамырлығы бар, әрі "жеңгетайлығын" есептеп өйткені 

көйлегі іс тозыңқырап жүр ғой), әрі бай баласының буына жығылып, айдынынан қорқып, 

қалай да Күнікейді көндіріп беруге, бұ жолы төс табанын сала кіріскен еді. 

Міне, Күнікейді ұйықтатпай, ойландырып жатқан «манағы»- осы еді. Күнікей: 

"Бозбаламен неткен... қандай болады екен?" деп, бір ауық әуес қылады. Біресе Ұмсын-

дықтың күйеу қол ұстаған түні: "Жан терге түсіп, қиналдым" дегенін есіне түсіріп, 

қорқады. "Жеңешемді өкпелетіп алам ба" деп тағы ойлайды. Ойын-сауықта омырауынан 

қысқанда, тамағынан сүйгенде бойы шымырлап кететінін ойлағанда: "Одан да тәтті ме 

екен" деп тағы қызығады. Біресе күйеуін де есіне алады, бірақ о жағына келгенде, 

аяғынына боқ басып алған кісіше жеркенеді. "Оған сақтағанша, итке тастасам болмай ма? 

Оған кара басым да көп" дегендей қылады. Қалайда Күнікейдің ақылы алтыға, ойы онға 

бөлініп, көпке дейін көзіне ұйқы келмеді. 

Кешке таман ала сиырдың бұзауы жоқ болып, Күнікей ауыл-ауылды қыдырып іздеп жүрді. 

Көз байланған қараңғы кез еді. Бидің ауылына қарай келе жатқанда аяқ астынан бір адам 

сораң етіп ұшып түрегелді. "Көтек!" деп жалт бергенше болмай, колынан шап беріп ұстай 

алды. Бұл әлігі айтқан Мәжікенмен немерелес Қасым деген жігіт екен. Қасым да қатын-

балалы, сақалды жігіт. 

-        Немене, қоя беріңізші!- деп бұлқынғанына қараған жоқ, аш белінен құшақтай алып, 

бір шөптесін шұқырға түсті. 

Күнікей не болғанын білмеді. Жүрегі аузына тығылып, қалшылдап, дірілдеп, кеудеден, 

сақалдан итеріп, төбетпен жағаласқан мысықша шапылдап, шырылдап, алыса кетті. 

Еңгезердей кісіге әлі келсін бе - умаштап алып ұрды. Күнікей "апатайлап!" шырылдай 

бастап еді: 

-        Шығарма дымыңды!- деп, аузын басты. 




Күнікей оған қорықпады, булығып, қақалып: 

-        Ойбай-ай, ойбай!- деп құлындағы дауысы құраққа ұшты. 

Сол-ақ екен, Күнікейдің оң жақ беті де ду ете түсті: Қасым жақтан тартып-тартып 

жіберген еді. Күнікей күйіп кетті, бетін тырнап кеп алды. Қасым: "Ә, ә аузынды..."- деп 

бетін ұстай алғанда, тулап жүрген Күнікей коянша бұлт етіп, сытылып шыға берді. Сол 

кезде дүбірлетіп бір атты кісі де келіп қалған екен. Қасым қайта ұмтыла алмады? Күнікей 

үкідей ұшып үйіне тартты. 

Шаш будыраған, қамзолдың түймелері үзілген, көйлек жыртылған, өңі өрт сөндіргендей 

Күнікей күркесіне келе етпетінен түсіп, ышқынып, солқылдап жыламасын ба? Шешесі: 

"Ойбай-ай! Құдай атқан-ай! Кім тиді? Не болды?"- деп жұлмалап еді, қолын итеріп тастап, 

бүк түсіп, жастықты құшып, одан жаман кеңкілдеді. Биенің екі сауымындай жылап, әбден 

сілесі құрып, мауқы басылған соң, апасын оңаша шығарып алып кетіп сөйледі. Апасы 

үрейленді, таңдайын қақты, күйіп пісті. Бірақ "тірі адамға ауыздан шығар-майық, жабулы 

қазан жабуымен қалсын" деген ойға келіп тоқтады. Кімді қиратсын? Кім теңдік әпереді?.. 

Со күні түнде Күнікей ұйықтай алмай жатқанда, бір адам шөпті сыбдырлатып, ептеп 

басып, іргеге келгендей болды. Күркенің о жақ-бұ жағына шығып тыңдады. Қайта 

Күнікейдің іргесіне келіп біраз отырды. Бір мезгілде іргеден суық қол кіріп келді. Күнікей: 

-        Бұ кім?- деп, шап беріп ұстай алды. 

Қол ақырын ғана: 

-        Мен,- деп еді Күнікей: 

-        Мені кім өзі? Кет аулақ!- деп, даурығып қолды итеріп жіберді. 

-        О қай көргенсіз өзі? Кімді тәлкек қып жүр?- деп ІІІекер де шаңқылдап, басын көтеріп 

алды. Қол жылысып жөнелді. Ол манағы жеңгесінен сөз айтқызып жүрген Мәжікен еді. 

Таң алды кезінде Күнікей шырт ұйқыда жатыр еді, жып-жылы төсіне бір суық қол тағы 

кеп тиді. Күнікей жұлқып кеп тастады. 

-        Бұ қайсының? 

-        Мен... Мұса...тай... 

-        Тәйт, әрмен! 

Со кезде Шекер тағы ояна келіп: 

-        Өңшең көргенсіз аузыңа с... Осы үйде әкелеріннің көз құпы қалды ма?~ деп аузы-

мұрнына шай қайната бастаған соң, Мұсатай итті абалата, дүрсілдеге жөнелді. 

-        О не? О не?- деп ұйқылы көзімен қоңқылдап Құлтума да бір аунап түсті... 

БАС БӘЙГЕ БАЙМАНДІКІ 



Ертеңіне Қасым бетіне орамал байлап шықты. Жұрт "аттан жығылып, бетін тас жырып 

кетіпті" десіп жүрді. Не жырғанын Күнікей мен Шекерге аян, түндегі аттыға аян. Оның 

аузын Қасым тығындаған. 

Күнікей жеңгесінің сөзіне ойыса қалса да, түндегі оқиғадан кейін бай балаларын ит етінен 

жек көріп, катайып алды. Шідертіге қонған түні тезек теріп жүріп, Бәден жеңгесі тағы да: 

-        Ерке бала, түнде дауыстап ұят қылғаның не?- деп келе жатыр еді, Күнікей түсін 

бұзып: 

-        Жеңеше, менімен тату болам десең, о жағына аузыңды ашпа!- деп, шортынан 

қайырды. 

-        Өкпелеймін,- десе де: 

-        Өкпелесең, өкпелей бер, еріккен бай баласының тәлкегіне көнер жайым жоқ,- деп, 

теріс айналды. 

Содан кейін сүттей ұйып жүрген жеңгесі араз боп, Күнікей жайынан өсек таратуға кірісті. 

Күнікейдің тырнағы уытты екен: Қасымның оң жақ беті тарақ таңбалы тыртық болып 

кетті. Он бес күннен кейін Құлтуманың ала сиыры далада шек-қарыны жарқырап өліп 

жатқанын Кіші ауылдың қойшысы айтып келді. Тұяқтан балалы мал үшін алған жалғыз 

бұзау қашары жаз ортасында ұшты-күйлі жоғалып кетті. Құлтуманікі жалғыз бұзаулы 

сиырға қарап қалды. Мұның бәрі Қасымның жұмысы екенін Күнікей мен Шекер білді. 

Соңғы қашары жоғалғанда: "Енді біржола құртқаны ғой!...- деп Шекер жылап жіберді. 

- Малыңды жау алсын! Өй, ұлы-қызыңның алдына келсін! Бізді зарлатсаң, құдай сені 

бізден де жаман зарлатсын!.." деп, айтпаған қарғысы қалмады, бірақ содан басқаға 

шамасы келмеді. Шешесі зарлап, қарғап-сілеп жатқанда, Күнікей де қынжылды, іргеге 

қарап көзінің жасын бұршақтай домалатты. "Осы үйді сорлы қылуға мен себеп болдым-

ау" деп, адам боп, қойшының, қоңсынын кызы боп жаралғанына өкінді. "Бай баласынан 

қайтсем кек алам" деп зығырланды, толғанды - ешбір лаж таба алмады. 

Әйтеуір көктің көлемі ғой, бір жағынан, Құлтума мен Жұматайдың еңбегін еміп, бір 

жағынан, қызымен екеуі байлардың жібін иіріп, алашасын, бауын тоқып, сырмағын сы-

рып, кестесін тігіп, ұрттап-жалап, жаз бойы тамақтан кенде болған жоқ. Құлтума да 

торсығын бұрынғыдан үлкейтіп, қой келгенде күпісімен жауып тасалап әкеп, Шекер 

жалмажан жүгіре шығып, шешіп ала қоятын болды. 

Жаз ортасында Шәмшидің қайнысы келеді, құда түсері, қол ұстатары қабат болады деген 

хабар естілді. 

Бұл хабарды естіген соң Ордабай айналасындағы төрт-бес ауылдың әйелдері өз күйеуі 

келетіннен жаман шала бүлініп, қыдырмашыдан көйлек-жаулық алып, кірі-қоңын жуып, 

көк моразға малып, әркім өз әлінше тыраштана бастады. Қашаннан бері шаң басып, 

боқжама болып жатқан байдың кілем-киіздері де көп малайдың күші - Қара бәйбішенің 

өмірімен қағылып-сілкіп, үй сыртына жайылды. Бұрын өңезі туырылып тұратын шелектер 

де түледі. Базданып жатқан іркіт сабалар да аузы төмен қарап, бақан бастарында 

салбырады. Аузы құрттаған қарындардың да жіңішке ақ құрттары іргеде жыбырлады. 



Борбайын бөксеріліп, жалт-жұлт етіп жүретін таз Жұматай, қазаншы Дүйсенбай 

сияқтыларға да ақ домнан тылтиған көйлек-дамбал пайда болды. Әсіресе бұл науқан ауыл 

артында ақ шатырда маңайы қара май сасып жататын Ахмет, Риза сияқты қырманшы 

абзилардың шекесін шылқылдатты: жүн-жұрқа, қыл-қыбыр, тері-терсекке арбаларын 

таудай қып тиеп, қойды қотандап айдап, бауырмал кісімсіп, қайта-қайта қош айтысып, 

ырғап-жырғап жөнелді. Жалғыз-ақ бұл науқан биттерге бапты болмады; көптен жуылмай, 

таралмай, кірлеп, терлеп, қайызғақтанып жүрген шаштарға ыстық су, ақ сабын тие 

бастады. Қордаланып, оңалып, етек алып кеткен шіркін, қайнап тұрған су болмаса, анау-

мынауыңды қырау құрлы көрсін бе, қанша тарақтағанмен берекелі неме таусылмады. 

- Ойбай-ау! Бұ құрып қалғыр арылар емес қой... мүлде құжынап кетті... Күйеу келгенде 

самайымыздан битіміз сорғалап отырса, тірідей масқара ғой,- десіп, әйелдер биттің жауын 

іздеп сұрау салысты. Іздей берсе, не табылмайды, біреуден біреу құлақтанып, сақармен, 

күлмен, керосинмен жуатынды, майға өлтірген сынап жағатынды тауып алды. Әсіресе, 

керосин мен сынап мың да бір дәрі екен: бит біткенді қасқыр тиген қойдай дүркіретіп, ана 

шаштың да, мына шаштың да түбінен андағайлатып айдап шықты. Ақ жаулықтың етегіне 

тарыдай төгілген қара жорға, боз жорғалар бірін-бірі жаныштап, қойдай маңырап, қозыдай 

шуласып, аяғында жер ошақ біткенді бытырлатып: "Ой, күйеуің құрысын" деп, жоқ болды. 

Күні-түні тықырлатудан көз ашпайтын бастарға да, қолдарға да бірталайға дейін 

бостандық берілді. "Тым құрығанда жұмасына бір қыздың күйеуі келіп тұрсайшы!" деп, 

жалыққан қолдар тілек тіледі. Оған қыз шақ келетін-ау! 

Құдалардың келу қарсаңына бозбалалар да дәмелі аттарын таң асырып, ер-тоқымын, 

айыл-тұрманын түзеп, қам қылысты. 

Анадай жерге сегіз қанат ақ отау тігіліп, іші кілем, киіз, алаша, көрпе жастық, тұс киізбен 

безелді. 

Құдалар келетін күні үш жерден қарауылшы қойған. Шақшан басындағы қылаң атты 

қарауылшы тымағын қолына алып, атой беріп шапқанда, ықшам киімді жалындаған 

бозбалалар қылаң ұрған сандақтарына міне сала дүрсілдете жөнелді. Сол шапқаннан 

шауып, андағайлап, ІІІақшаның басына шықты. Алыстан қатар тізіліп келе жатқан 

құдаларды санап алып, қырық құдаға қырық жігіт іріктеліп шығып, алдынан шықты. 

Қалғаны адыр басында қарап тұрды. 

Шақшаның арғы тепсеңінде жігіттер құдаларға жолығып, ат басын тиістіріп тұрып 

бірталай сөйлесті. Құдалардың ақсақал жағы: "Күш сынаспай-ақ, жолдарынды беріп  

құтылсаңдаршы..." десе де, желөкпе жастары намысқа қызып: "Біз де қатыннан тудык кой, 

біздің мінгеніміз де сиыр емес, жылқы",- деп, қолдарын сермеп, қоқандап болмады. "Ал. 

ендеше..." деп, құданың бас ақсақалы, ауылдың бес жігітін ертіп, төбеге шықты. Тепсенде 

іркіліп қалған жетпіс жігіт аттарынан түсіп, айылдарын тартып, белдерін қатты буынып, 

білектерін түрініп, қайта атқа қонды. 

Мінуі-ақ мұң екен. "Ал қимылда!" десіп, бірін-бірі қуып, сайын далада салды 

аударыспақты. Отыз бес құдаға отыз бес ауыл жігіті жекпе-жек келіп тұрмады. Аты да, өзі 

де шалымды жігіттер онысын олай, бұнысын бұлай қуып, қолы тиген жерінен еңсеріп, 

доптай түсіріп жатыр, кейбірі жан сауғалап қашып, кейбірі атының басынан аса домалап, 

кейбірі сүйретіліп атын бермей жатыр. Екі жақтан бірталай кісі аударылды. Құдалардың 




ішінде үш мықтысы бар екен. Олардың ауыл жігітінен үш-төртеуін аударып кеткенін 

көріп, Байман деген жігіт біреуін қуып берді. Бара жауырыннан алып төңкеріп кетті де, 

қалған екеуін кезекпе-кезек аударысып, жұлысып жүріп тағы түсірді. Байман болмаса 

ауыл жігіттері масқара болып еді: қымызға тойып шыққан кісі алқынып, құсып, берекесі 

кетіп еді. Биенің бір сауымында отыз бес құданы түгел түсіріп, Баймандар бәрін жаяу 

айдады. Ауылдың қалған жігіті құдалардың аттарын куып, қайырып келе жатты. Құдалар 

жеңілді: ауыл жігіттерінің жолын беріп, ырза кылды. 

Бұл жолы қайрат көрсеткен Байман болды. Байманның қайратына ауыл да, құдалар да 

сүйсінді. "Байман, Байман" деген лақап бес жасар баланың да аузына тарап, ол жүрген 

жер базар бола бастады. 

Әйелдер құдаларына сый көрсетуге әзірленіп тұр екен: есіктен кіре берген кұданы 

босағада тұрып, көзге ұнмен ұрып, бірталайын соқыр қылуға таяды. Ертеңіне ойын 

басталғанда одан да сорақысын көрсетті. 

Әңгіме "Кәне, құда, айттан" басталды. Онысы тек сылтау. Айта алмай әнтек бөгелсе, 

аяқтан дырылдата жөнеледі. Төрдегі қадірлі құдаларға жаулық салындырды, қошкардың 

енін, қамшысын, түйенің құмалағын саусылдатып қадаған құрым киіз сәукелесін кигізді. 

Олардың жолы сонымен бітті, өйткені бауыздау құдаларға ауыл адамдары да ара түсті. 

Әңгіменің үлкенін аяқ жақтағы аяусыз, кедейлеу құдаларға көрсетті. 

Борбайын жоғары көтеріп, екі балағынан су құйған, киімшең өзенге тоғытқан, арба 

жеккен, қол аяғын буып, домалатып, асау өгізге теңдеген, күл төккен киізге салып, 32 

жоғары-төмен домалатып, ыршытқан әншейін ойыншық екен. Тойдын қызығы шығырға 

мінгізгенде болды. Шығыр - бір құдайдың пәлесі. Дөңгелек кигізген жалғыз бақанды 

тікесінен жерге орнатып, бақанның басынан үш жігітті салбыратып дөңгелектің үш 

жағынан байлайды да құданы дөңгелекке мінгізіп, шыр көбелек айналдырып, басына 

шығарып қоя береді. Шиыршық атқан дөңгелек ұршықтай зырылдап жерге жеткенше, 

құданың зықысын әбден шығарды: зырылдағанына шыдай алмай, ұшып кетеді, басы 

айналады, құсады, өлмесе де өлімші болады. Бұл азап құдаларға тамүқ азабынан бір кейін 

болған жоқ. "Өзгенді істесең де, шығырыңа апарма!" деп жалынды. Оған қарайтын 

қатындар ма? 

Одан да сорақы бір жұмыс: "Өлең айт" деп сүйреп жүргенде, кейбір қатын әлгінің 

дамбалын шешіп жіберіп, жанды жерінен ұстап, лақша бақыртып, тартып тастауды 

шығарды. Әсіресе ондай жұмысқа қолы оташының қолындай сумаңдап Шекер болды. "Ит 

ашуын тырнадан аладының" керін қылып, Қасымның кегін жазықсыз кедей құдалардан 

алды. 


Ордабай ауылы бес ту бие, жиырма қой сойып, Өлеңті, ІІІідерті, Жон бойындағы елді 

түгел шақырып, той қылды Шапқызған жетпіс аттың отызына бәйге тігілді: алды қасқа 

тоғыз, арты - он сомға дейін. Он бес балуан бәйгесі: алды - жамбы бастатқан тоғыз, арты - 

төрт кез мата. Сонша төгілген мал, өлген, зорыққан ат, еркектігінен айрылған, мертіккен, 

жарымжан болған адам! Не үшін, кім үшін? Екі ауыз сөздің басын қосып айта алмайтын 

мыңқылдағаи шотпақ қара күйеу мен көзі біттиген, былшиған сары қыздың шашыратқысы 




үшін. Шекерді, Күнікейді қан қақсатқан, Құлтума, Жұматай, Жаманат, Дүйсенбайлардың 

көзіне көк шыбын үймелеткен екі байдың атағы, мақтаны үшін. 

Бекер ме? Кім айтады бекер деп? Ешкім айта алмайды. Байдың тойындағы күресті, 

көкпарды, ат жарысты,төбелесті жазбаймын: оларды мадақтау біздің мақсатымыз емес. 

Жалғыз-ақ бұл тойда күрес, көкпар, жерден күміс алудың бас бәйгесі Баймандікі 

болғанын ескертеміз. 

Ардақты окушылар, "Байманның бәйге алғаны бізге не керек? Ондай бәйгені кім 

алмайды?" деп күні бұрын сөге көрмеңіздер. Байманның сіздерге керегі болмаса да, бізге 

керегі болғалы тұр. Байман кім еді? Не істеді? Бұл әңгімеге қандай қатысы бар? Оны 

кейінгі жағынан қарай беріңіздер. 

ӨЗ ЕСЕБІ 

-        Ат бастатқан тоғыз болса керек... 

-        Саған кім айтты? Жамбы бастатқан дегені қайда?.. 

-        Бұйырмасын, тай тұяқ, оған өңештемей-ақ қойыңдар!.. Сақау Іңкарға айтқан екен, 

Іңкар біздің Несібелдіге айтыпты. Несібелді аузы-мұрны қисаймастан маған айтты. Өтірік 

айтса, жаны шықсын,- деп түзге барған үш қатын көйлектерін тізесінен асыра түріп қойып, 

ыстандарын қызартып, беті-қолдарын жуып жатып, біріне-бірі бой бермей, Дәмегөй: 

-        Бұйырмасын, мұрнымды кесіп берейін,- дей бергенше: 

-        Дәмегөй-ау, құртымдай құрғырыңды кесіп беріп сымбылбайыңмен дем аласың ба?- 

деп, арт жағынан Қатыш келіп, иықтан бір салды. 

Дәмегөй: 

-        Көтек!- деп селк ете түсті. 

Қатыш қастарына келе, ыстанының бауын шешіп, бөксесін алды-артына изеңдетіп, артқы 

етегін лақтырып тастап, жапалақша жалп етті. 

-        Е, араласып жүрген мына қатын біледі ғой!- дескен соң, Қатыш ыстанының бауын 

бір қолымен ұстап, шәугімді алып жатып: 

-        О не?- деп сұрады. 

-        Қыз ибасын айтамыз,- десті. 

-        Сүйінші берсең, бәт құндыз бастатқан тоғыз,- деген соң таласып отырған үшеуі 

біріне-бірі ернін шығарды. 

О кезде Қара бәйбіше кілем төсегінің кемерінде Көксаумен аузы-аузына жабысып отыр 

еді. 


Әңгіме мынау: 


Шәмшидің қыз ибасын төрт кісі сұрап, соның қайсысына беруді Қара бәйбіше Көксаумен 

ақылдасып отыр еді. 

Көксаудың шын аты Ыбырай ма, Ысқақ па, Баймұжық па, Жүндібай ма? Кім білсін, 

әйтеуір өмірі күркілдеуден көз ашпаған соң, жұрт "Көксау" деп кетіп еді. Кейбір жек 

көретін кісілер оны "Пітне" деп те атаушы еді. 

Көксау мойны мықырайған, көзі бақырайған, бет-аузы жұртта қалған сірідей тырысқан, 

қол-аяғы шидей, бойы шүкиттей бір жарқанат еді. Көксаудың араласпайтын сөзі 

болмаушы еді: көбінесе әйелдер мен еркек арасына елшілікке жүруші еді. Көксау 

білмейтін ел жапсары, қатын өсегі, партия, пәле жоқ еді. "Жақсылар" кейде аңғырт кетіп 

бара жатқанда Көксау қасына таман еңбектеп барып: 

Оның бір кестесі бар, өзіңізге ұғындырайын...- деп, бірдеңені күбірлеп, мыңқ ете қалар еді. 

Айтқанындай-ақ ондай жұмыстың "кестесі" табылып, Көксаудың топшылауы дұрыс шыға 

бергендіктен, мырзалар оны: "Ін түбінде ойлап жататын байғыз" деп те қоюшы еді. 

Көксаудың екі қатыны мен қызы мырзалардың аяқ ылауы еді. Оны Көксау сезсе де 

сезбегенсіп жүре берер еді. Бір есептен мырзалармен белдесерлік күші де жоқ: жаман, аз 

атаның тұқымы. Анау Құлтума, Дүйсенбай, Сақаулар осының ағайыны: оның бәрі бай 

тұқымының малайы, атарман-шабарманы, бір есептен мырзаларға жалынышты: өз 

тұқымына түскен алым-шығынды түндік басына үлестіру, жинау, олардың арасынан мал 

табу Көксаудың қолында. 

«Жақсыларды» жанап, женге болғандықтан, алпыс үйді өзі билегендіктен, орташа ауқат 

бітіп, орта шарқы үй боп қалды. Бір есептен қатын-балаға қатты сөйлеуге өзінде пәлендей 

қауқар да жоқ. Және бай тұқымынан тұқым алғанды, бала көргенді жаман ойы теріс 

көрмейді. 

Қара бәйбіше Сүлейменді ауызға алғанда Көксау тыртиып, қыржиып: 

Ой, тәйірі-ай! Баяғыда пәленшенің қара шаңырағы еді демесек, о бір берекесіз адам ғой. 

Кас болып қастығын, дос болып достығын көрсетуге жарарлық кісі емес, не керек?- деді. 

Расында Сүлеймен партияда ел аларлық, дүние шашарлық, салмақ боларлық кісі емес, 

біртоға, сыпайы,шаруақор адам еді. 

Қара бәйбіше Ыбырайымды айтқанда, Көксау оны да жаратпады. 

- Шопан атаңнан қыз алғаны болмаса, о бір қарау ит емес пе? Кайтсем малым қалады деп, 

партияда екі жақты кезек алдап, безбеннің ауған жағына шыға кетеді. Керек десе,өзінің 

үш түндігіне ие бола алмайды. Оныкі тек әншейін, бір сылтау болсын, әйтпесе ол берсең 

де алмайды,- деді. 

Анығында Ыбырай кім болыс болса, соның жемі еді. Оның ту биесінде, еркек қойында 

ерік жоқ: болыс керек қылған күні шабарман бажылдатып, ұстап әкетер еді. Болыстық осы 

ауылда тұрғанда, тым құрыса, бір алуына кіпарат болар ма екен деп, Ыбырай өп-өтірік 

тілеулестігін білдірмек еді. 

-        Қожбандікі ше?- дегенде: 




-        Жо-жоқ. Оны атақ қылма!- деп, Қара бәйбіше қолын сермеп, безек-безек етті. 

Өйткені оның керім сал қара қатынымен баяғыда байы тамыр боп, талай түнгі 

сыбағасынан құр қалдырғаны өлмей есінен кетсін бе? Бәйбішенің бетін байқаған соң, 

Көксау да таласқан жоқ. "Бұ кәпір әлі ұмытқан жоқ екен"' деп ойлап: 

-        Оның ауылы да шалғай: бала-шаға шұбатылып бару да қиын ғой,- деген болды. 

Сонымен олай-бұлай екшеп келіп, қыз ибаны Рақыштікіне беруді ұйғарысты. Ол ауыл әрі 

жақын, әрі бастас: өз тұқымы, әрі тілмаш та сол: елдің бір тұтқасы ғой. Рақыштың кер 

ауыз қатыны былтыр көш-жөнекей Шәмшилер түскенде, қой сойып бермей, қатқан етпен 

жөнелткеніне бәйбіше ішінен наразылау боп, бір қаржуын қайырам ба деп жүруші еді. 

Сонда да Көксаудың дәлелдері басым келген соң, айтары болмай қалды. Ана бәйбіше 

балаларының болыс болғанын қаламаса да, оны сыртына шығара алмады. Өз балалары әлі 

жас қой. Ал былтырғы өкпесін сылтау кылуды тым болмашы нәрсе көріп, Көксауға сыр 

бермейін деп ойлады. 

Омырауында қақ сіңген, шуаш сасыған алжапқыш, бұтында құйысқандығынан жүні 

көрінген, Жұматайдың көне тері шалбары екенімен ісі жоқ, Шекер желкеден түйген кылаң 

жаулықтың құйрығымен шалбардың жырығын жауып, кебісін шөпке үйкеп, "сендерге осы 

түрім де жарамай ма?" дегендей, жан-жағына түйіле қарап, мықынын бұлтыңдатып, сол 

қолын аспандатып, оң қолымен шелек көтеріп, қосақтан байдікіне қарай жүрді. Жалаң 

Шекер емес, қараша үйлердің қатын біткені байдың салқар алты қосақ қойын сауысатын, 

өйтпесе қоңсы бола ма? Байдікінен ұрттап-жалап ала ма? Қаттысын қайырып, жұмсағын 

жымырмаса, қойдың пұшпақ жүнін, киімінің ескісіп, етіктің сірісін, бас ауырғандағы бір 

қайнатым қара шайын, малдың өкпесін, бір жөргем ащы ішегін, ұйқысын, сорпасын 

байдікі тегін бере ме? "Қолы ойнағанның аузы ойнайды" деп Қара бәйбіше неге қақсайды 

дейсің? 


Шекер бұрын еміне бермей, еркінсіп, былғаныш кара жұмыстан бойын теткіп ұстаушы еді. 

Өйткені сомадай Жұматай мен Құлтума, әрі көлеңдеген ақ жаулығы мен құймыр 36 

отты көзі тұрғанда, аштан өліп, көштен қалмаспын деп ойлаушы еді. Ала сиыр мен тарғыл 

қашардан жүдемете айрылған соң, бұрынғы еркелік, кербездік, бұрынғы ожар үміт, өр 

кеуде артын қысайын деді. Күнікейге қамзол, көйлек, өзіне кебіс, шапан, Жұматайға күпі 

керек. Құлтуманы қойшы, о түгілі Күнікейге жаңа көрпе, жастыққа тыс, кестелі орамал, ақ 

шымылдық, сары қол сандық, қызыл сал керек. Тұяқ: "Есік көрсет, малыңды алып, 

қалыңдығымды бер"- деп қыңқылдағалы қашан. Қысқы азығы, соғымы тағы келеді. Үш 

қанат желкөз баспаның туырлығы жұлдыз-жұлдыз: бүктеумең, жазумен, артумен, тігумен 

сұрғылданып, өзі үлдіреп тозығы жеткен құрымға қой сүйкеніп, лақ секіріп, сиыр 

мүйіздеп, сау тамтығын тастамады. Бір жағынан бозбаласы түскір іргенің сиқын кетіріп 

бітті: шиде қарамаған аяқ, үзілмеген бау қалған жоқ. Бұ жұртта тың жерін ауыстырып 

келтірсе, ендігі жұртта Күнікейдің іргесі тышқан қиғандай жырым-жырым боп шығады. 

ІІІәмшидің күйеуі келгенге жұрт масайрап, Күнікейдің құрбы-құрдастары атлас, торғың, 

жібек, бәтес, мақпал, шарқыт киіп, күміс баулы, сапдық шомбал шолпылары күнге 

шағылысып, құйымшағын соғып, қызылды-жасылды, оқалы, зерлі тақиялардың 

шоқпардай үкілері үлпілдеп, күлтелі қос етектері күлкілдеп, он кез бәтесті аяғымен теуіп, 

бұлғаңдап, сәнденіп жүргенін көргенде, Шекердің іші қазандай қайнайды, оларды 




көргенде Шекердің көзі мұзға тайғандай, сырғанап өте шығады да, көрмегенсіп, қырын 

қарап кетеді. 

Бұл жолы да Шекер сүт толы шелегін жамбастай көтеріп, сол колын әнеугі Байжұмыр 

құданың борбайынша ербеңдетіп, байдың жер ошағына таяна бергенде өңшең асыл 

киінген қыз-қырқындар үйден шығып, түзге жөнелді. 

«Үстіндегісін сыпырып алып, ырбаңдаған сайтандарды желкегс бір түйіп, қой сауғызар ма 

еді? Көрер ем сәнденгенінді!»- деп зығырланды. Самаладай болып бара жатқан қыздарына 

қарап, насаттанып, өзінің де қыз күні еске түсіп, үй жанында Қара бәйбіше тұр еді. Шекер 

соны аңдиды. Аңдығандағысы - көзін тасалай беріп, шелегіндегі сүттің түп жағын үйіне 

ала қайтпақ еді. Қыз күнін есіне алып, қиялға батып тұрған бәйбішеге, тілеуің бергір, ар 

жағынан Катыш кеп шүңкілдесе қалар ма! Шекер жалма-жан жер ошақтағы тайқазанға 

сүтін сыбдырсыз құйып, түбіне екі аяқтай қалдырып, қызыл күйменің ар жағымен қосаққа 

қарай сызып берді. Үйіне жеткенде, бәйбішеге бір қаралық қастық қылғандай, өзі бір 

қазан сүт олжа тапқандай, әлдеқандай мардамсып, ернін жымырып, тілін бір жалап алды. 

Күнікей қара құманға су ысытып, басын жуып жатыр еді. Шекердің келген жерден 

сұрағаны бұзау болды. 

-        Шынарбай үйінің бұзауымен бірге. Шөккенге соңыра айдай кел дедім,- деген соң, 

Шекердің көңілі жайланып, шелегін іргеге қойып, үстіндегі сауыс шомыттарын шеше 

бастады. 

Күнікей екі алақанымен шашын шартылдатып, бір сілкіп желкесіне тастап: 

-        Апа-ау, "бай" деп сәнденгені болмаса, күйеу бір топас екен ғой,- деді. 

-        Неғыпты? 

-        Зағипа тақасын жұлып алып еді, қолға салып қалды. Зағипа ашуланып: "Аузында 

әзілі жоқтың, қолында тоқпағы бар" деген осы-ау,- деп еді. Сендей қызды солай сүй... 

үйрету керек деп қарап отыр. Бетімізден отымыз шықты. Сөйтсек, Күлтай көріп қапты; 

қақ төбесінде танадай жалтыры бар екен... 

-        Ойбай-ау! Таз десеңші!..- деп, Шекер мырс ете түсті. Біздің Жұматайға күле беретін 

немелер ғой, келсін өз бастарына да!..- деді. 

Шекер беті-қолын сабындап жуынып, Күнікейін алдына отырғызып, шашын тарап 

отырып күйеуді тағы жамандады: 

-        Көзі - дәл өлетін сиырдың көзі. Мұрны - Шолақтың күйген бармағы, аузы - талыс, өзі 

- аумаған Түйебай...- деп, сол елдегі сұмпайы біреуге теңгеріп, әбден іске алғысыз қылды. 

-        Апа, қойшы, байғұсты сонша құлдыраттың ғой!- деп Күнікей ішек-сілесі қатып күлді. 

Қызын күлдіргенге, күлдіргендей сөз айтқанына Шекер қайта-қайта: 

-        Аумаған Түйебай! Құдды сол...- деп кеңкілдеп өзі де күлді. Бірақ аяқ кезінде күйеуді 

сонша жамандағанына өкінгендей ой кірді. Өз күйеуі - Тұяқ қайбір жұтынып тұрған жігіт. 

Істі өткізіңкіреп алып, түзетем дегенше жуырда оңала ма, дереу күлкісін тыйып алып: 



-        Еркектің түрі не керек? Ақылды, өнерлі болса, асырап-сақтауға жараса, тұз-еңбегі 

жарасса, со-дағы...- деді. 

Апасының Тұяқты мақтамақ болған ойын сезе қойып, үп-үлкен кісімсіп, түсін бұзып: 38 

-        "Келбет көрсең, сын сорма!" "Түсі игіден түңілме!" деп, қазақ неге айтады? Апа, 

кейде жоқты айтып кететінің бар-ау! Түрі шошқа кісінің сыры қай оңушы еді?- деп 

апасын іле түрегелді. 

Апасы да сұмдықты сезгіш қой. 

-        Е, қойшы орман, кәрі кісіше мақалдамай! Көксауда не келбет бар? Бір жұрын. Сонда 

да алпыс үй Жаманқұсты си десе, сигізіп... отыр. Көктұмсықта не түр бар? О да ауылнай 

боп пәлен етіп, түген етіп жүр... деп елдегі атқа мінер, пысықтарды, сұмдарды санай 

бастады. 

Оған Күнікей жеңістік бермеді. 

-        Өсек айтқан да, жыбырлаған да, кедейді жеп зарлатқан да өнер боп па?- деп 

тайталасты. 

Айтыстан мән шықпасын білген соң Шекер сөзді басқа жаққа бұрғалы үндемей аз кідіріп, 

есік алдына қарап: 

-        Кебісіңді жуып, майлап алсаң етті,- деген болды. 

-        Май кісінің үстін былғайды: түкіріктеп киізбен сүртем,- деді. 

-        Барғанда аяғыңнан тастама: мұндай қара құртта ұрлап кететін,- деп апасы ақылын 

үйретті. 

Алдағы ойынды ойлағандікі ме, әйтпесе апасын сөзден тосқанына ішінен мардамсығаны 

ма, Күнікей тарақты тырнағына тырсылдатып, ыңырсып ән сала бастады. Шекер 

шолпысын шашына қабат өре байлап жатып: 

-        Шолпынды қалтаңа салып қой. Есің шығып желендемей, байқап отыр: қиып әкетеді... 

"Өлең айт" дегенде, жар дегенде сен қоя берме! Әуелі анау үкілі Айшалар-ақ айтсын... 

арттан асырып салсаң да болар... Салғаннан қатты бастап, тығылып қалма!.. Аузыңды 

аңқитып ашып жіберме. Айшаға ұсап, көмекейіңді көрсетіп...- деп білгенін үйретіп 

отырғанда, Күнікей ыңырсыған әнін қоймастан, жауырынын қиқаң еткізіп: 

-        Койшы, апа! Жоқты айтпай!- деп қыржындап жаратпады. 

-        Кет, сайтан, о несі?- деп, апасы қолымен арқаға түртіп қалып отырды. 

Әйтсе де апасын ренжітіп алам ба дегендей, қыржыңдап отырған Күнікей замат 

жайраңдап: 

-        Апа-ау! Мен Жұмабектің тағы бір әнін үйреніп алдым ғой!- деп, мойнын былғаң 

еткізді. 




-        Кәне, салшы!- деген соң Күнікей ақырын сыңсыған дауысымен "Ысматты" айтты. 

Апасы тыңдап болып: 

-        Жақсы екен!.. Бірақ жаңа әндеріңді әбден жаттап, жаттығып алмай, айтпа! Жаңылып 

қаласың,- деді. 

-        Е, өзім де айтпаймын... Уай, шіркін, Жұмабек не деген әнші! Дауысы бір 

қарлықпайды, бір жарықшақ жоқ, әні таң атқанша таусылмайды. Өзі де көңіл ашар, ойын-

шы жігіт екен!- деді. 

Соны айтқанда, апасы мойнын бұрып, қызына түйіле қарап: 

-        Ойыншы екенін қайдан білдің? Ойнадың ба?- деп сұрады. 

Күнікей көзін бажырайтып, тілін шығарып: 

-        Әшейін айтам,- деді. 

-        Қарағым, мықты бол, мықты бол! Айтып ем ғой. Жас кұда құдашаны қатты 

айналдыратын: масқара боп жүрме!- деп, қамқор ананың қалпын қылып, қызын арқаға 

қағып, құлағының түбінен иіскеді. 

Күнікей пәлен деген жоқ: 

-        Болдың ба, апа?- деп, қаздиып түрегеліп, көйлегінің етегін сілікті. 

      АЛ СОНДА... 

Қой-қозының беймаза ызыңы басылып, көгенде жалғыз-жарым лақтар ғана шырылдайтын 

мезгіл болды. 

Күйлеген қызыл құнажынның соңында "көптікі, көптікі" деп, өгіздер өңкеңдейді. "Маған 

да, маған да" деп тайынша бұқалар томпаңдайды. Қаға берісте біреуі шылтың етіп артыла 

кеткенде, қу мүйіздің бірі жайқап қалса, домалаң ете түседі. Бір аунап тұра сала 

тайыншаға бұқалар тағы ұмтылады. Өгіздер, тайыншалар қырқысып, қызыл құнажынға 

кім көрінгені бұқалық қып жатқанда, ауылдың ана шетінен: "Өзімдікі, өзімдікі" деп 

күжілдеп, бүйірлері сартылдап, тұяқтары сыртылдап, ұмтылып көк бұқа бара жатыр. Өзге 

сиырлар үй жанында, қотан жиегінде: "А, құдай, бергеніңе шүкір!" дегендей, әуелі алдын, 

содан артын шөгеріп, тыныштанып жатқанына бір күрсініп, тұмсықтарымен жұлдыз қарап, 

қараса да түк көрмей, дүрдек ауыздары молжаңдап күйіс қайыруға кірісті. Қанды көз, 

қызыл езу қаншықтар жол шолып, ауыл қорып, күн бұрын қызғыш боп, шәуілдеп, шала 

бүлініп жүргенде, дүрдей көк қасқа, сары ала төбеттер қотан шетінде жайымен аяңдап 

келе жатып, анда-санда ауыздарын толтыра, "оһ! оһ!" деп қояды. 40 

Жаман үйінің жанына сүйене шалқалап, санына шейін түрілген қара қайық, қотыр 

борбайын қос қолдап тыр-тыр қасып, "еһ, еһ" деп, қышуы қанғанда түшіркеніп Құлтума 

жатыр. Манағы олжа сүтіне жалғыз сиырдың сүтін қосып, жер ошаққа асып, анда-санда 

астын бір көсеп қойып, отқа талтая табынып Шекер отыр. 

Үлкендер, еркектер тойған сиырдай тырайып дамыл алуға кіріскенде, қыздар қызыл 

құнажындай қылаңдап, сылаңдап, шоқтанып, топтанып, сылдырлап, былдырлап, 



ІІІідертіні өрлей Рақыш ауылына бет қойды. Олардың соңынан "өгіздер де, тайынша 

бұқалар" да шұбырды. Деген алтыбақан, ақсүйектің айсыз қара көк аспанды тұңғиық түні. 

Шідертінің кейде тастақ қыл буып, кейде құмдық шүңейт суы сылдыр-сылдыр ағады. 

Жиегінде келе жатқан қыздардың күлкісі мен шолпысы да сылдыр қағады. Өңшең ақ 

көйлектердің жерге төгілген етектері тұтасып, қара барқын қынамалар қараңғыда ақ селеу 

мінгендей толқынып, шоқ-шоқ үкілер орман басындай жайқалып, жарасып келеді. Жүрген 

іздері иіссу, жұпар аңқиды. Жұматай таз сықылды жалаң аяқ, жаман саяқ малайлар ық 

жағыңда келе жатып, "ым, ым, ай дүние-ай!.." деп, мұрындарын тыжыра-тыжыра 

иіскелейді. 

Ана ауылдан да, мына ауылдан да дауыстары күмістей сыңғырлап, бірін-бірі шақырысып, 

айғайласып, шуласып, "қой әрі!" десіп, әндетісіп, қара көк түнді шыңылдата жаңғ 

ырыктырып, бала-шаға, қыз-келіншектер ағылып барады. Кіртің-бұртың, кірбең-күйбең, 

күйкі өмірден бәрі де жалыққан, іші пысқан. Бәрінің де есі-дерті: бір түн, бір сағат болса 

да, осындайда ойнап-күліп, көңіл көтеріп қалуда. 

Өзгесі не керек? Күнікейді айтсайшы! Аяғы жер басып келе жатқанын, сағым құшып келе 

жатқанын білмейді. Жүрек кеткен лепіріп, көкірегін көтере, тамағын кенеп кояды. Тамыр 

біткені ұшқын түссе, мылтық дәрісіндей лап еткелі келеді. Тамырында, жүрегінде, тұла 

бойында жарылып сыртқа шығуға арпалысқан, қамаулы қайнаған, быжылдаған әлдебір 

жалын, шарап, күш бар секілді. Қандай күш екенін өзі де сезбейді, әйтеуір мас кісі тәрізді. 

Жұлдыздары жыбырлаған жарқ-жұрқ көк болат аспан жамылып, аяғымен бұйра бетеге, 

тырбық жауылшаны жантайта жапырып, бытбылдықтай шіп-шіп еткен, шыңыдай мөлдір, 

құрыштай шымыр, қымыздай жұтымды ауаны сіміріп, мастанып келеді. 

Келсе, сегіз қанат ақ орданың оң жағына недәуір қыз-келіншек жиналып, төр жақ қана 

олқы тұр екен. Қарлығаштай қалбалақтаған жалаң аяқ жас балалар ғана төрге қораздана 

отырған боп, атып тұрып шоқалаңдап жүр. Ана жақтағы бозбала емес, сымақтар екен, 

төрге бата алмай, көбі босаға жақта үйме-жүйме көрінді. Күнікейлер жұпар иісін аңқытып, 

жайнап, саусылдап кіріп келгенде, бәрі бастарын көтеріп, көсілген аяқтарын жинап алды: 

топты нөкерлермен салауаттана Шәмши келді ғой. Күнікей Шәмшилерге таяу, көрнекті 

жерде отырғалы бүкшиіп жатқан бір-екі қызды итеріп жіберіп: "Ой, бұ қайсың?"- дегенде, 

дым сезбеген боп тымырайып отыра қойды. Төменгі жақтағылар сыйыса алмай, бірінің 

үстіне бірі отыра жаздап, жуастарды шеттете, озбырлары омыраулай ығы-жығы отырысты. 

Шәмшилерді аңдып тұрғандай-ақ ауылдың сорпаға шығар бозбалалары да, жас құдалар да 

лег-легімен келіп, төрді толтыра бастады. Төрден босағаға дейін үй лық толып, түндік 

қайқита тартылып, көздер оңды-терісті құйрықтасып, еріндер қыбырласып басылған кезде: 

-        Кәне! Не отырыс бар? Ойын бастаңдар!- деген қадау-қадау сөздер шыға бастады. 

-        Е, бастаңдар!.. Ойнағалы келді ғой жұрт... Пәленше, сен неғып отырсың?.. Е, өзің 

неғып отырсың?..- деп, біріне-бірі сілтеп, тоғытатын қойдай ұйлығып, шегіншектей берді. 

Өйткені көсем серкедей алдына түсе кететін өжеттер кем еді. Жайда өжетсініп жүрсе де, 

топ алдында бір жерімнен дәнекүс шығып қала ма, әлдебіреу тілімді алмай, бетім қайта ма, 

көптің бабын таба алам ба... деп бірі жүрексініп, бірі сыпайысып, бірі ақылдымсып, 

бірталайы жантайып жатып қызға көз салған-ды, касына қыз әкеп берсе, айналдырғанды 

тәуір көріп, ырың-жырыңмен бірқыдыру уақыт өтті, біраз отырысты. 




Сол отырыстың үстіне төрт-бес жігіт - Баймандар келді. Оларға серпіліп орын берісті. 

Неге екені белгісіз, найзағай ұшкыны зулап өткендей, Күнікейдің тамыр біткені шым ете 

түсті. 

-        Ойын басталды ма? Неге аңтарылып отырсыңдар?- деп Байман жайнаңдай, жалақтай 

келді. 

-        Жоқ әлі... Өзің қыздырмасаң...--- деген сон, Байман: 

-        Ал ендеше, мен бастайын. Айтқанымды істейсіңдер, істемегенің ойын бұзар 

бересің,- деп, кеудесін ашып, білегін сыбанып, түрегелді. 

-        Е, бәрекелді!... Ой, сабазым-ай!.. Топтың гүлі жаңа келді ғой!..- деп, өзінен өнер 

шықпайтын тоғышарлар қошамет қылысты. 

-        Бәрің де ойнауға келдіңдер ғой?.. Ендеше, бұлай отырып ойнауға болмайды. Әйда, 

кыз-бозбалалар, аралатпа отырасыңдар. Кәне, пәленше, сен бері кел, сен мұнда отыр!..- 

деп қыздарды да, жігіттерді де жетелеп, сүйреп, көтеріп, заматта опыр-топыр қып, бір қыз, 

бір жігіттен, қыз жетпегеніне келіншектен аралатпа қып отырғызды. 

Кеуделеу орынға Күнікей де ие болды. Байманның тегеуірінді қолы қолын ұстағанда, әлгі 

найзағай тамырын тағы бір аралап өтті. 

-        Жаным, ағатай! Өзім барайын... Қай жерге, қай жерге,- деп, елбектеп ере берді. 

Байман дедектетіп апарып, екі құданың арасына сыналап жіберді. 

Қыз-бозбала реттеліп отырған соң, Байман домбыраны қолына алып, әуелі ауыл 

әншілеріне, одан кейін Жұмабек құдаға ән салғызды. Бозбаладан үшеу айтқан соң, 

домбыраны қыздарға қыдыртты. 

Бұл елде "Үкілі Айша" деген келте мұрын, кербез, домбырашы, әнші, даңғойлау, 

мақтаншақ, көңілшек қыз бар еді. Со қызды шүу дегеннен сый құданың қасына, қақ төрге 

отырғызуы тегін емес екен: домбыра алдымен соған барды. Үкілі Айша: 

-        Ойбай-ау! Енді не айтам?- деп өтірік сынықсып, домбыраны жуырда баурамай, 

бұлданған болды. Күнікей ішінен: "Әдірам қалайын" деді. Үш ауыз өлең мен үш түрлі ән 

саласың деген соң, Айша үкісі бұлғаңдап, көзін ашып-жұмып, көмекейін көрсетіп, 

таңыраңдап, дағдылы "Еркем-ауын", "Зұлқиясын", "Әліп-би, нәпсің тый, лэ-мо-си-ли, 

титүр-тусьтн" айтып маңдайын орамалымен бір сипап, домбыраны оң жағындағы құданың 

алдына қойды: 

-        Е, дұрыс-ақ! Пәлі! Айша домбыраның жөнін тапты!- деп, қошаметшілер пұшпақ 

бөрікті, барқыт жағалы, ашаңдау қара торы жігітті айналдыра бастады. 

Құда қипақтап, терлеп, мойнын ит аланың айғырындай қылқындатып, дауысын 

өлімсіретіп, кезегінен әрең құтылды. Домбыраны қарындасы Шәмкенге жылжытып еді, 

үлде мен бүлдеге бөленіп танауын көтеріп отырғаны болмаса, мәні кем екен, ол 

домбыраны ар жағындағы Күнікейге ұсынады. Күнікей домбыраны итеріп тастап, алмады. 

Түнеугі өзін бас салатын, екі сиырын бірдей жоқ қылған Қасымның қарындасы ұсынды 

екен деп, бүгіп айдатып жіберсе де, неге алсын? Оның кезегіне бола өлең айту Күнікейге 




намыс емес пе? Құдалардың бірі немесе ойын бастаушы Байман әкеп берсе, айтқалы-ақ 

отыр. Шәмкен: 

-        Сәнденбай айтсайшы!- деп тікірейіп еді, Күнікей: 

-        Айта бер өзің! Кезегім келгенде айтам,- деп безеріп отырып алды. 

-        Ол зор шөп бір безергенде, болар дейсің бе?- деп, ана жақта отырған түнеугі Бәден 

(Мәжікенді... алмадың деп, араз боп кететін сол), домбыраны алып қасындағы бір 

келіншекке ән салғызды. 

Екі-үш кісі аралаған соң, домбыраны Байман Күнікейге бергенде, жымың етіп, тамағын 

кеней бастады. 

Күнікей үш ауыз өлең айтты: "Бал Қадиша", "Сұлу шаш", "Әлди бөпем" деген, үшеуі де 

теңіне қосыла алмаған әйелдің өлеңі еді. 

"Ағалар, осындайда ойна да күл",- 

деген үкілі Айша сияқтылардың жалғыз-жарым салдаман өлеңдері болмаса, жалпы 

әйелдердің өлеңі, көбіне, теңіне тие алмағанын, малға, шалға сатылғанын, қорлық 

көргенін, оң жақтағы дәуренін, тым болмаса бір жылша ұзатпай тұруын жырлаған, 

сұраған, еріксіз, көріксіз өксіген өмірлерін суреттеген, мұң-зарлы, қайғы, шерлі еді. Бай-

қаған адам ол мұң-зарды сезген еді. Бірақ қызық көруді, ойнап-күлуді аңсап, қасындағы 

қыздардын қызуына мастанып, арсалаңдап, қолдары, тізелері айкасып отырған есірік 

жастар, ол мұң-зарға құлақ қоймады. 

Тұйғыным-ай, дегенде тұйғыным-ай! 

Болдым ғашык көзіңнің құйрығына-ай! 

Мал бердім деп бір жаман алып кетсе, 

Шара бар ма алланың бұйрығына-ай! 

Немесе: 


Бір жұлдыз ай астында сәулеленген, 

Көп дұшпан сырттан асық, әуреленген; 

Басында қап тауының сіз бір пері: 

Тұра алмас тағат қылып, сізді көрген. 

Немесе: 

Көрінер алыстан тау мұнарланын, Қосылар екі ғашык құмарланып, Ақ үйдің оң жағында 

жатар ма еді, Түлкі алған ак иықша жұмарланып... 

дегендей, жастық, мастық өлеңдерімен қыздарды өздерінше үгіттемек, сүйіспек, сүймек 

боп қызуланды, қызықты, буланды. 



БЫЛАЙ 

Өлеңнен кейін "орамал тастамақ" болды. Бұл елдің әйелге бар көрсететін бір артық сыйы: 

жігіт орамал тастаса, қыз үн-түн жоқ барып сүйер еді, қыз тастаса, жігіт үш ауыз өлең 

айтып сүйер еді. "Орамал тастамақтан" өлең білмейтін топастардың мысы шықты. 

Айтайын десе, әрі жұртқа естіртерлік дауысы, өлеңі жоқ, әрі қыз сүйе алмау намысы. Өте-

мөте жамбастап жатып, қызға қалжыңдаған "мырзаларды" құдай ұрды. Кейбірі: "Кара 

таудың басын", енді бірі: "Арияйдай дегепге арияйдай, ақ серкенің мүйізі қарағайдайды" 

айтып, тағы бірі жаңылып тұрып қап, жұртқа күлкі болды. Төменгі жақта отырған 

жағымпаздар: "Со да болар" деп, жуып-шайды. 

Бір реті келгенде, Күнікей орамалын Байманға тастады. Байман қақ ортада ойын басқарып 

жүріп, орамалдың кімнен келгенін білмей: 

- Бұ кім? Бұ кім?- дегенде, Күнікей қызараңдап, қасындағы құданың артына бұғып кетті. 

Күнікей екенін білген соң, Байман домбыраны қолына алып: 

Дүние бір қисык жол бұраңдаған, 

Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған. 

Меңзеген асқар тауға есіл көңілім, 

Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған,- 

деп, өзінің бақсыз, дәулетсіз, бірақ көңілі көп жерде екенін аңғартқандай болды. Өзі 

шығармаса да, өзіне лайықтап жаттап алған өлеңі ме, кім білсін, содан кейін көзін 

Күнікейден алмай отырып: 

Бір түлкі шұбарланған қашар шыңнан. 

Көңілім әлдеқалай жауабыңнан. 

Жібек пен түрлі перен белін буған, Қазақта бала бар ма сендей туған? Бұлтпен аспандағы 

бетін жуған, Сықылды ақ балапан, тұйғын куған. Құдайға сонда риза болар едім, Баланы 

бір көрсетсе, сенен туған,- 

деп келіп, Күнікейдің бетіне таянды. Бұл өлең әркімдерге-ақ айтылатын өлең болса да, 

"Жібекпен өмірі белін бумаса" да, Күнікей өзіне арнап шығарылған өлеңдей көріп, әрі 

насаттанып, әрі өзіне көпсініп, әрі "тұйғын қуған ақ балапандай" сасқалақтап, ұялып, 

Байманның қолы тигенде денесі шімірігіп қытықтанып, қараңғы жерге қарай тығыла берді. 

Жұрт мақтап жүрген балуан, ер, өлеңші, өнерлі, топ басы Байманға не бетінен, не 

тамағынан, не аузынан, не тілінен сүйгізерін білмей, қай жерінен сүйсе де аяғандай емес, 

буыны босап кетті. Байманның отты лебі бетін жыбыршытып таяна бергенде, жалт 

караймын деп аузына дәл келіп қалды. Қараңғы жерде ернін емізе түсіп қайырыла 

бергенде, өзі де құшырлана шөп еткізді. 

- Міне, бізге ұқсап сүйіссендерші!- деп Байман басын көтерді. Тегін сүйіс емесін сезді: бір 

күрсініп қойды. Мана сұнқылдатып ән салғанда, дауысында бір соны күш, бір түрлі 

нақысты ырғақ, бір "қитұрқы" барлығына сүйсіне: "Уа пәлі!- деп, бір айғайлап, көтеріп 



тастап еді. Енді еті тығыршықтай жұп-жұмыр денесіне қолы тиіп, деңгелектеу жанарлы 

қара көзі мен көзі айқасып, уытты, тәтті ернін татқан соң, сарт айтқандай: "Мұнысында 

бір гәп бар екен" деп, түйді де қойды. 

Ойын созыла берді. "Хан қалай? Белбеу соқ, тақия жүгіртпек, сақина тықпақ, мыршым, 

ондай қылма, мұндай қыл, лопи молда, қалдырма қақи, балтам тап..." сияқты сүйісетін, 

белбеумен ұрысатын жұдырық жұмысы аралас ойындарды адақтаған кезде, жігіттер 

түрегелісіп, "қүр-күр" қалмақ ойыны сияқты жақтан ұратын, күш сынасатын ойындарды 

да істеді. Шалқасынан сіресіп жатқан жігітті аяғынан көтеріп тұрғызуға, екі аяғын 

айқастыра ұстап, бүкшиген жігітті бір қолтығына қысып, иығынан асыруға, белбеуден 

ұстасып, бірін-бірі басын төмен салбыратып, шалқая бергенде, дөңгелекше айналдыруға 

келгенде Байманға тең келер жігіт болған жоқ. 

Жігіттер ойыннан жалығып, Жұмабек құданың әнін тыңдауға, көбі қасындағы 

қыздарымен шүңкілдесуге кіріскен кезде, Күнікейден жарымады ма, кім білсін, сол 

жағындағы құда тұрып тысқа шығып кетті. 

-        Мен де бір дамыл алайыншы,- деп, ашық орынға Байман барып жантайды, Күнікей 

қымтырылып орын берді. Оң қарап, қылымсып, мойнын тұқырта, көзін қырындата, 

құбылта, қайта-қайта "ә" деген майда даусын созып, жоқтан өзгеге күліп сөйлесе бастады. 

-        Мен байқамай жүр екем ғой,- дегенде, Күнікей шүғылдан қоюлана біткен қою қара 

қасының қақ жылғасын өбістіре көтере қойып: 

-        Кімді?- деп, көзін төңкере қарады. 

-        Сені. 

-        Оны неліктен айттыңыз? 

-        Жақын адам екенбіз ғой. 

-        Е, со ма?- дегенде, жаратпаған адамша тұмсығын көтерді. 

Онысы Тұяқты күйеуім деуге қорланған еді. Байман Тұяқтармен ағайын ғой. Осы ауылда 

бір қойшының қызы - Тұяқтың қалыңдығы бар деп естігені болмаса, "қойшының қызы" 

деген соң, қай бір тәуір қыз дейсің деп, оны елеп, сұраған да емес еді. Және Байман бұл 

ауылмен биыл үйір боп, топтан, ойын-сауықтан, дүрмектен, қымыздан қолы босанбай, 

көбінесе, "мырзалармен" ат үстінде жүрген жігіт қой. Құда, күйеулер үйінде, қыздардың 

арасында жаңа өспірім қайқы төстеу қара торы қызға көзі түсетін, Бірақ тым жас қой деп, 

көз тоқтатпайтын. Сол қайқы төс, қара торы қыз өзінің жақын жеңгесі екенін манағы 

сүйістен соң біліп, қасына келгенде, бастаған әңгімесі сол еді. 

Күнікейдің: "Е, со ма?" деп, жаратпағанын Байман байқаған да, елеген де жоқ. 

-        Уа, Тұяқ біздің ағамыз болады,- деді. 

-        Ағаңыз келіскен екен,- деп Күнікей ернін шығарды. 

Байман қарқылдап тұрып күлді. Тұяқтың сыры өзіне 




мәлім ғой. Жұрт: 

-        О, немене, Байман?- деп қарай қалды. 

-        Әшейін бір сөз,- деп Байман аңғырт күлкісін тоқтатып, қайта әңгімеге кірісті. 

-        Өлгенше күлдіңіз, тегі, ағаңыздың бір ақауы бар ғой,- дегенде. 

Байман: 

-        Жоқ, ойбай! Түгі де жоқ... Ол қолы іскер жігіт,- деп жұбатпақ болды. 

Содан кейін Байман: "Жеңешем екенсің ғой... Ойбай, жеңешетайым-ай!- деп, Күнікейдің 

қолын екі алақанының арасына салып, аялдап отырды. Бір сөздің кезегінде Байман: 

-        Жеңгейдің бір бұты адал...- деп келе жатқанда, Күнікей ернін тістеп, қолын қысып 

қалды. Байман тым ожар кеткенін сезіп аузын жұма қойды. 

Әлі беті ашылмаған нәуетек Күнікейге добалдай Байманның "жеңгей" дегені әрі ерсі, әрі 

қызык, әрі жаңа, жат көрініп, Күнікей бой жетіп қалғандығына көзі жеткендей дардиып 

қалды. Байманмен әзілдесу, күлісу, еркелей қылымсу жанына жағымды тиді. 

Күнікей Байманды әнеугіден бері білетінін, құда аударғанда, күресте, көкпарда оның бас 

бәйге алғанын, жұрттың оны мақтап жүргенін анда-санда үзіп-үзіп, алқынып, аз сөзбен 

еріксіз айтып қап отырды. Күнікей сөйдегенде, Байман: 

-        Солай ма? Мен білсемші! Жеңгетайым сырттан бәрін байқап жүр екенсің ғой?- деп, 

Күнікейдің қолын бауырына тартып, жүрегіне басып, сипап қояды. 

-        Әнеугіден бері жеңешеңізге бір келіп амандасуға жарамай, ағаңыздың қадірі 

барлығы ғой... Кісі көргендей үйіміз де, күйіміз де жоқ, сонда да...- деп, Байманды бір 

састырды. 

-        Құдай ақына, құдай ақына! Бұл ауылда деген есімде жоқ...- дегі, Байман қалбалақтай 

берді. Манағыдай емес, байқап сөйлемесе, әр жерден-ақ тиалдыратынын сезді. 

Байман басымен өзінен ұтылып, кішірейгені, қалбалақтап, көзін жыпылықтатып, 

жалынған іспетті болғаны Күнікейге одан бетер қызық, ермек сияқты көрінді. Жұрт 

әлдеқандай қол жетпес қып көтеріп жүргені болмаса Байман бала мінезді аңқаулау, ақ 

көңіл, салдыраған жігіт екен. 

Сол мінезіне елігіп, ерленіп, желденіп, Күнікей не сөйлеп, не қойып отырғанын да білмеді. 

Оған сенгендігі сонша - барлық сырын айтып салудан да тайынатын емес еді. Дәл бір құда 

болатын кісіше, оның ауылына баруға асыққан кісіше, Байманның неше ағайынды екенін, 

әке-шешесін, малын да сұрады. Байман кедей кемпір-шалдың жалғыз баласы екен. Әкесі 

құдай деген біродар адам екен. Байман қалтқысыз аңқылдап, сұрағанын айта берді. 

Күнікей бірталай қипақтап, сөз аралатқан болып отырып, Байманның қатыны бар-жоғын 

да сұрады. Байман балаша ыржиып, бетіне жымия қарап, басын шайқап: "Жоқ"' деді. 

Байманның өтірік айтады дерлік түрі жоқ. Қасы-көзі, 48 



аузы бәрі татаусыз сайрап шын айтып тұрған тәрізді. "Жоқ" дегенде Күнікейдің көңілі 

бірдеме дегендей, албырт кеудесінен лебін бір шығарып қойды. 

Таң таяу болса керек: сол әңгімемен жатқанда, қатындар қайтамыз деп қозғала бастады. 

Өзге қыздарға қыбыржу кірген соң, Күнікей де колын Байман қолынан суырып тұруға 

оқтанып еді, Байман қолынан тартып отырғызды. Қыздар ереуілдеп түрегеліп, шам 

тасаланып қараңғы болған кезде Байман мойнынан құшақтап, өзіне тартып, аузынан бір 

сүйді. Күнікей тілінен сүйгізіп, тұра беріп еңкейіп бетінен бір "шөп" етті де, жарықтағы 

қыздарға қосылды. Байман есеңгіреп кеткендей әнтек сұлық жатты да, дереу ұшып 

түрегеліп: 

-        Әй, немене, қайтпайсыңдар!- деп ақырды. Жігіттерді шақырып, есікті бастырып, 

қатындарды қамап алды. Қатындар шығамыз деп омыраулады. Оларға құдалар қосылды. 

Ауыл жігіттері: "Шығармаймыз, жол аламыз" деп бірін-бірі итермелесіп, опыр-топыр 

тартыс басталды. 

Байман ауыл жігіттеріне даурығып жүрсе, бірсыпырасы қатындарға қосылып, түсін 

суытып: "Жіберу керек" дегенді айтты. Байман онысына түсінбеді. Оны айтушылар: мана 

қыз-бозбалаларды аралатпа отырғызғанда, көңіліндегі қызы қасынан табылмағандар, бай 

балаларының ішіндегі бір-бірінс күндестер, Байманды бұралқы көрушілер, оның ауызға 

ілініп, бай балаларына жаққанын көре алмаушылар, өздерін маңына дарытпай жүрген 

Күнікейді меңгеріп әкеткенін қызғанушылар немесе құдалардан өздері жол алып, 

пайдакүнем, өнерсіз күншілдер, тоғышарлар еді. Байман арсалаңдап жүріп, ондай сасық 

ойларын сезбеді. 

-        Сендерге не болған? Ауыл намысымызды жібергеніміз бе? Жолды келістіріп алайық 

та,- деп те көрді. Ол сәз құлағына кірмей, әлгілер өзді-өзі күбірлесіп, біреулері: 

-        Майлыбай, сен барсайшы, сөйлессейші! Құдалардың беретіні не екен?- деп өз 

араларынан біреуді жұмсады. 

Майлыбай барып сөйлесіп "бітістік" деп келді. 

-        Ал енді қайтесіңдер?- деп, қатындар өздері жеңгендей масайрап, кимелеп, Шәмшиді 

ортаға ала, есікке лап берді. 

-        Бітіссеңдер болғаны,- деп Байман тұрып қалды. 

Майлыбай калтасын қамти ұстап, жаудан түсіріп ал- 

ғандай одыраңдап, өңшең Байманға қарсыларды соңынан 

шұбыртып, қызыл көрген құзғындай анталатып, олжаны бөліске салуға үй артына жөнелді: 

- Уай, уай! Біз де бір атаның ұлы едік қой!- деп, Байман да омыраулап барса да, 

Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала 

жаздағанын көрген соң, аяғында арашашы боп, олжаны ұмытып, жігіттерді боқтап, жөніне 

кетті. 



Қатындар қалыңдықты ортаға алып, оң жаққа шымылдық құрып: "Шымылдық құрар", 

"қол ұстатар", "шаш сипар", "төсек салар", "етік шешер", "ірге тебер", "көрпе қимылда-

тар" кәделерін "жол менікі, сенің жолың анау, жолы біткен" десіп, керілдесіп, керісіп, 

таласа-тармаса бір жапырақтан жырымдап алысуға, оның артын ала жаздай өсекке, пыш-

пышқа, араздыққа айналдыруға байдың үйіне қарай ентелесті. 

"Біз де осындай боламыз ғой, Шәмшидікі қандай болар екен?" деп таңырқаған қыздар сол 

дырдудың ішінде бара жатты. Олармен бірге Күнікей де кетті. Дүрмекпен келе жатқаны 

болмаса, Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап, сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі 

ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе екі 

иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. Елес кейде 

алыстағы мұнарланған жалғыз ағаштай елбеңдеп, үзіліп-созылып, кейде самауырда 

көлденеңнен көрінген беттей екі езуі жырта қарыс, басы сиырдың жапасындай боп көрінді. 

    СОНЫҢ АРТЫНАН 

Шәмшиді шырғалаған қыз-келіншек үлкен үйдің ығында үйме-жүйме боп тұрғанда, 

желеңдеген жеңгелері күйеуді ертіп, үйдің оң жағын орап, "алтын босағасын" аттатты. 

Шабар қатындар алқынып: "Жүр-жүрдің" астына алып, жалма-жан Шәмшилерді үйге 

кіргізді. 

Екі ашпалы пайы шымылдықты оң жаққа құрып, жібек көрпеге күйеулерді отырғызған 

екен. Күйеудің жанында үш жолдасы бар. Олар - төр жақта. Күйеу - төменірек. 

Қатындар Шәмшиді: "Қарағым, шырағымдап", өліп-өшіп сүйемелдеп, қолтықтап, 

күйеуінің қасына апарып шөгерді. Шәмши бет-аузын атлас шапанмен тұмшалап алыпты. 

Өзге қыз-келіншектер де жеткен жеріне жалп етті. Дүниеде болмаған бір зор оқиға қазір 

болатындай, бәрінің тағдыры осы 50 

шымылдық ішінде шешілетіндей, көздері күйеу, қалындықты ішіп-жеп, анталауда. Күйеу 

соғымға соятын өгіздей, мойнын ұсынып, тымағын көзіне түсіре киіп құдиған, Шәмши де 

пірге қол тапсырғалы отырғандай бүгжиіп, сүлкиген. 

-        Кәне, отырасыңдар ма? Кім ұстатушы еді?..- деп қатындар танауы желпеңдеп, 

желпілдетіп жүр. 

Ана жақтағы Қара бәйбішенің жарлығымен Қатыш деген қатын омыраулап, күйеу, 

қалыңдықтың алдына келіп отырып, екеуінің оң қолдарын екі қолымен ұстап: 

-        Кәне, шырақтарым, ата-ененің жоралғысы... бір-біріңе жібектей жұмсақ, балдай тәтті 

боп өмір сүріндер! Өмір жастарың ұзақ, үбірлі-шүбірлі болындар!-деп, күйеудің жібек 

орамалымен ұстаған қолын қалыңдықтың қолына айқастырды да, жібек орамалды 

қалтасына салды. 

-        "Шаш сипардың" жөні менікі емес пе?- деп, қатындар Қара бәйбішені қамалап 

жатыр еді. Орынбасар деген катын маңдайы жарылғандай: "Былай тұрлап", екі қолын 

ербеңдетіп кимелеп келіп, күйеудің асыл шүберек ұстаған қолымен Шәмшидің шашын 

сипады да, шүберекті ол алды. 




Содан кейін күйеулердің алдына төс салынған бір табақ ет тартылып, татпаса қысыр 

қалатыннан жаман, бәрі де таласа-тармаса жесті. 

Бұрын "қол ұстатқанды" көрмегендігі ме, мынау жібек шымылдық, күлім сәуле, қызылды-

жасылды киім, сыпайы ырым-жырымдардың жаттығы ма немесе өз көңілі де қызыл-

жасылды боп кетті ме, қалайда бұл істеліп жатқан жоралғылар Күнікейге әлдебір ертегі 

әлемінде елбелектеген жанды сурет тәрізді боп көрінді. Кешегі шотпақ қара, төбел таз, ұрт 

мінез күйеудің бұ жерде әп-әдепті, жібектей жатық жігіт бола қалғаны: анаған да, мынаған 

да арсылдап отыратын, малшы-құлшымен өсекке қалып жүретін, тау көкірек, мақтаншақ, 

сиырдай сары қыздың қой аузынан шөп алмас мүп мүлөйім, нәуетек, науша қыз бола 

қоюы Күнікейге торғын қағазға ораған сасық сабындай немесе алтын жалатқан мыс 

сақинадай, алдауыш, бояма болып көрінді, тыржиды, жиренді, тезірек кеткісі келді. 

Қатындардың. төсек салуга қамданғаны сылтау болып қыздар тарай бастағанда, алдымен 

Күнікей жөнелді. Көп қатынның арасында  отырған апасына, шығып бара жатып: 

Жүрмейсің бе, апа?- деді. 

Жүре бер, қазір қайтам,- дегенсін, Күнікей үйіне жалғыз қайтты. 

Жаздың тұтам таңы куйеу, калыңдык найқалсын деп аялдап тұра ма, бай үйінің тұсындағы 

шапақ жылжып келіп, Шекердің алдына қарай итінген құмандай қара тоңқаймасының ар 

жағынан ақ таңдақтанып қалыпты. Күнікей таңның тез атқанын да теріс көрген жоқ: 

жаман күйеуге жаны ашымақ тұрсын, "өлмесең, өрем қап" дегісі келді. Алдыңғы жағын 

көтермесе жабылмайтын, қиюы қашқан, таспалаған жаман есігін керегенің көзінен қол 

жүгіртіп ашып, Күнікей үйіне кірді. Терінің, тердің, құрымның, Құлтуманың, жаман 

тонның, шуаштың, өңездің иістері қосылып, күлімсілеу боп мүңкіп тұрған өз үйіне 

кіргенде Күнікейдің мұрны тосаңсиын деді... "Бұф, бүф!" деп қатты қорқырап жатқан 

әкесі есік шықыр етіп шалқасынан түскенде, "һүу-һүу-һүу" деп бір аунап түсіп, борбайын 

тыр-тыр касынды. 

Апасы төсегін салып қойған екен. Күнікей шашбауын сылдыратып, шешініп, есікті іліп 

жантайды. Жантайды да жас ботадай ыңырсып, ақырын, тәтті "ымһ" деді. 

Ол "ымһ!" деген лепте көп мән бар еді. Түні бойы ойнап, шаршаған балдырған денесінің 

әнтек дамылдап сая тапқаны да, ойында Байманмен сөйлескені де, оның артынан қиялына 

келген шіли-міли сұлу елестер де, жаңағы "қол ұстатардың" сән-салтанатына қызыққаны, 

жек көргені, күңіркегені де, содан барып жаман Тұяқпен қол ұстаймыны есіне түсіп, оған 

мойны жар бермей, қапастағы торғайдай жүрегінің бұлқынғаны да,- бәрі де сол толған 

көкіректің "ымы" деп қыңқ еткен жалғыз дыбысымен сыртқа шығарған лебізі еді. 

Одан кейін Күнікейдің көзіне көпке дейін ұйқы келмей, аунақши беруі, көзін бір ашып, 

бір жұмып керіліп-созылуы, кейде оймақ аузының бір шеті өңтек шұңқырайғаны несі екен? 

Әлденені ойлап жатыр ма екен? Ол Байманды ойлағаны, оны сөзбен қамағанына өзінің 

сүйсінгені, оның жалынғаны, оның саудыраған ақ көңіл мінезі ұнағаны, онымен тағы да 

жолыққысы, сөйлескісі, сүйіскісі келгені, оған жолығатын қызық күндерді қиялымен 

суреттегені еді... 

Ұлы сәске кезінде Күнікейдің сілекейі қызыл жастығына шұбырып, оймақтай аузы әнтек 

ашылып, ұйықтап жатқанда, құлағының түбін шыбын жыбыршытты. Ұйқылы-ояу жатып 



қолымен екі-үш рет сипаса да, ақыры оятты. Күнікей "құрып қалғырлап" кейіп оянды, 

өйткені бір тәтті түс көріп жатыр еді. Тыстан кірген апасы: 

- Шай да қайнады; тұр енді, қарағым!- десе де, Күнікей керегенің көгіндегі сағызға қарап, 

әлгі түсін есіне түсіре алмай, жауап қатпай, ойланып біраз жатты. Көгендеулі қозыдай 

тізбектелген сұлу түсінің көп жері ескі текеметтің түріндей көшіп, үзік-үзік сыңар мүйіз, 

түйе мойнақ, мот аяқ, теңбіл-теңбіл бірдеңе сияқтанып кетті. Күнікей "Өлі арыстаннан да 

тірі тышқан" дегендей ойға мініп, сұлу түсті тастап, жаман көрпесін сырғытып, басын 

көтерді. 

Аяқ жағында жатқан көне мәсісін киерде, көйлегінің етегін қайырып, етті жұмыр 

жіліншігін жоғары-төмен ысып-ысып жіберді. Аяғын жаңа көргендей балтырын қысып, 

бөрткенін шұқылап, азырақ айналды да, сауыс қызыл шұлғауын керіп ұстап қағып-қағып, 

мәсісін тарс еткізіп киіп алды. 

Күнікей тысқа шығып, есік алдында тұрып, ауылға барлай қарады. Содан кейін 

бармағының ұшымен шапанның жағасын көтеріп, шашының жарымына дейін жауып, 

сәулімдерше сызылып, түп-түзу аяндап, Шідертінің бер жағындағы өзекке түсті. 

Өзекте бірталай отырып, асықпай қайтып келе жатқанда аяқ басуы "бұ келе жатқан мен 

емес пе?" дегендей еді. 

Күнікей үйіне келіп, оң босағада жүресінен отырды. Жаздың жайдары күні маңдайынан 

түсіп қыз-қыз қайнатады. Маңдайдан түскен қызу арқасынан өтеді. Ұйықтап тыңайып 

қалған жас денесі ширатқан қыл шылбырдай шиыршық атады. Ой жағалап ойнақтаған 

шұнақ қара қасқа лақша ыршып-ыршып түскісі келеді. Бірақ Күнікей ыршымайды: ол енді 

өзінің сәулім болғанына көзі жетті. Сәулім болса, бала қаздай байпаңдап, салмақпен жүру 

керек. 

Күнікей кіріп боқжаманың бұрышында қыстырулы тұрган жұпар сабынын алып шығып, 

иығына дейін түрініп, әуелі тығыршықтай жұмыр білегін көпіртіп жуды. Сонан соң 

сабынды екі алақанына езіп алып, бетіне, мойнына, құлағына шейін баттастыра жағып, 

аппақ қып бір қойдьг, бетіндегі ақ көбікті әуес қып, көпке дейін су тигізбеді. сабын сіңді-

ау деген кезде бетін, құлағының іші-тысын, мойнын айналдыра бипаздап, баптап жуынды. 

Содан кейін бір бұрышы сынған, төрт бұрышты қаңылтыр айнасын керегенің басына іліп 

қойып, қасын керіп, көзін бажырайтып, тісін ақситып, бұғағын бұлтитып, таранып-тара-

нып, сүртініп, шаштарын сылап жатқызып, ашық омырауына тартқысын байлап жатқанда, 

апасы қарап: 

Немене, күн ұзын бипазданып болмағаның?- деп шайын ұрттай бастады. 

-        Неге асықтың, апа?- деп Күнікей жылы-жұмсақ жымиып, шайға отырды. 

Күнікейдің бүгінгі жүріс-тұрысында, қозғалысында байқаған адамға бір түрлі жаңа өзгеріс 

бар секілді еді. Әлде көптен күтіп жүрген арманына қолы жеткендей, әлде алдынан бір 

қызық дәурен күткендей, өзін бір нәрсеге арнағандай, ол арнағанына жан-тәнімен 

сенгендей, әйтеуір мәлімсіз бір күш бойын билеп, канын кернеп, еркін алып, "мейлің" 

дегізгендей бір күйге түсіріп еді. Бұрынғы "өзі"- өзі емес, өзіне бірдеңе пайда болған, 

жамалған іспетті. Қарап отырып ойланады. Ойына әлденелер келеді, бірақ неге 




ойланғанына өзі де түсіне алмайды, өзіне-өзі есеп бере алмайды. Неліктен бүгін бүйтіп 

бипазданып кеткенін де сезбейді. Ойы әлдеқайда қыдырып отырып, шыны аяқ деп, 

қасықты аузына апарды, ірімшік екен деп, тұзды тістеп қалды. Сөйтті де сақылдап тұрып 

күлді. Апасы: 

-        Жаймысың? Немене алаңдап отырғаның?- дегенде: 

-        Білмеймін...- деп тағы күлді. Әйтсе де апасына сездірмейін деп, түндегі "қол 

ұстатардың" ерсілігін сөз қылды: күйеудің, Шәмшидің өп-өтірік мөлие калғанына күлген 

кісі болды. 

Күнікей күліп отырып, томсарып қалады, томсарып отырып, күліп жібереді, біресе 

апасымен шартпа-шұрт келіп қалады; біресе жайдарымсып, апасының мойнынан 

құшақтайды, бір сағаттың ішінде күзгі күндей қырық құбылады. Бір жерде байыз тауып 

отыра алмайды: кіреді, шығады, жантаяды, айнаға қарайды, кестесін бір тігеді, бір қояды... 

сағыз шайнайды, бізін тістелейді... 

Қара сабаның ауыр піспегі дүмпілдеп дабыл қаққан кезде, Күнікей апасынан сұранып, 

күйеу жаққа баруға үйінен шықты. 

     АҢДАТУШЫЛАР 

Күйеудің қабағы жабыңқы: қалыңдыққа ырза болмаған секілді... Қасындағы балдыздары 

өзара шүңкілдесіп, бірінің-бірі қос етегін, шырғасын, қалтасының қақпағын шұқыласып, 

киім, кесте жайын сөз қылып отыр. 

Құдалардың бірсыпырасы тыста жүр. Алтау-жетеуі ана жақта жантайысып, біріне-бірі 

сүйеніп, шалжиып, домбыра дыңғылдатып жатыр. 54 

Күнікей құда-күйеуге, қыздарға қыдыра қарап қояды. Есіктен біреу кірсе, мойны бұрылып 

қалады. Қарайды да: "Тәйірі сен екенсің ғой" деген адамша теріс айналып кетеді. Күтіп 

отырғаны Байман еді. 

Күйеудікіне күнде келіп-кетіп жүретін Байман бүгін қайда жоғалып кеткені мәлімсіз. Бұл 

үйде отырғандар Күнікейдің көзіне адам сияқты көрінбейді: көлеңкедей, елестей 

бірдеңелер, Байман кешіккен сайын Күнікей оны көруге ынтығады. Ол жайраңдап, 

апыраңдап кіріп келсе, осы үй толып кететіндей, жұрт ойнап-күліп, көңіл көтеретіндей 

көрінеді. Бірақ Байман келмеді. Көрінер ме екен деп бір ауық Күнікей тысқа шығып, 

сіңбірген болып, ауыл жаққа көз салып келді - көрінбеді. 

"Байман отырған үйге бірдеңені сылтауратып, өзім барсам қайтер екен?" деген де ой келді. 

Бірақ өзге қыздардан сытылып шығып, ауыл қыдыру - жеңілдік болатынын ойлап, тағы 

тоқтады. Әлдебіреу Байманның қайда жүргенін айтар ма екен деп: 

-        Құдалармен ойын қылып отырмай, осы ауылдың көп бозбаласы қайда жүр?- деп, 

қасындағы қыздарға қарап сөйлеп еді, олардан жарытымды жауап шықпады: 

-        Айтты-айтпады қайда жүр?.. 




-        Қымыз аңдып жүр дағы...- деген сияқты бірдеңе дегені болмаса, Байманды 

ешқайсысы ауызға алмады. 

Кұда-күйеулер қымыз ішіп жайланғанша Байман көрінбегенсін, енді отыра беруін мәнсіз 

тауып, Күнікей үйіне қайтты. 

Апасы үйде жоқ екен. Күнікей үйіне келіп, жантайып, керіліп, созылып, күрсініп жатты. 

Көзін шаңырақтан көрінген көгілдір аспанға салып, әнтек сығырайтқанда, Байманның 

түндегі сөйлескені, күлгені, сүйгені одан да қызық, одан да тәтті бір сұлу түрде көз 

алдына елестегендей болды. Денесі тағы да сондағыдай қытықтанып, шымырлап, қызып, 

ұшқынданып, жүрегі де сондағыдай лепірсе екен деп тіледі. Оңаша үйде жалғыз жатса да 

әлденеше адамдармен сөйлескендей, өз ойы өзіне өте кызыкты болып көрінді. Апам келіп, 

ойымды бөліп жібере ме деп қорқып, мысықша басып, есіктен сығалап келді. Ойлаған 

сайын Байманның қолын қысқаны, өзіне қарағаны, кірпік қаққанына шейін көңілінде 

сайрап, анықтала берді. Енді Байманды ойламаса, көрмесе, тұра алатын сияқты емес. 

Онсыз өмір өгей өмір сияқты, ойлап-ойлап, кешке жақын Күнікей күйеулер жаққа тағы 

кетті. Жанына қыз-қырқын нөкерлерін ертіп, күйеу серуендеп, даладан келе жатыр екен, 

Күнікей олардың алдынан баруға арланып, құдалар үйінің босағасынан сығыр көзімен 

сығалады. Үйден шыққан бір жас құда Күнікейдің білегінен ұстай алып: 

-        Құдаша, кімді қарап тұрсың?- деп еді, Күнікей: 

-        Күйеулерді...- деп, қолын тартты. 

-        Әй, құдаша-ай, өзің бір болайын деп тұрған құдашамсың-ау... Менің бір сөзім бар 

еді...- деп келе жатканда: 

-        Жоқ, шырағым, біз ондайыңды білмейміз,- деп, Күнікей қолын суырып алды. 

Анау-мынау деп тәжікелесіп тұрғанда балдыздары мен күйеу де келіп, Күнікей солармен 

бірге үйге кірді. 

Күнікей іңірде бір рет тысқа шыққанда, үй жанында Мұсатай ұстап алып, баяғы "Қара 

тауын" тағы қозғап еді: 

-        Тәтті аузыңның дәмін кетірме,- деп, Күнікей оған да болмады. 

-        Болмағаныңды көрермін!.. Басқа біреуге неттің бар ғой? Онсын өкпелеме!- деп, 

кіжініп ол кетті. 

-        Көрсек, көреміз,- деп қала берді. 

Ай қорғалап туатын іңір қараңғысы. Күнікейді қыздар шамға жұмсап, қараңғыда жалғыз 

келе жатыр еді. Көп арбаның деңгейіне жеткенде, арбаға атын байлаған біреу төтеден 

қосылып, бір қолтығына қаусырмалай, құшақтай алды. 

-        Бұ кім?- деп селк ете түсті Күнікей. 

-        Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығар деген осы ма?- дегенде, Байман екенін 

тани кетті. 




Күнікей бұлқынған жоқ: 

-        Көрінген жоқ едіңіз... қайдан келдіңіз?- деді. 

-        Шықаң ауылынан бір жұмысқа барып... Өзің немене?.. 

-        Жай... Құдаларға шам апарайын деп... 

-        Апарарсың; бері таман жүр,- деп Байман арбаға қарай икемдеді. Алғашқыда: 

-        Қойыңыз, ойбай!- деп, денесі дір ете қалса да, Күнікей тірескен жоқ, ерді. 

Екеуі бұзау байлаған, сиыр қамалаған қара-құралы көп арбаның тасасына тоқтады. 

Күнікейдің жүрегі қаттырақ соғып, буындары дірілдеп барады, әйтсе де панасы үлкен 

таудың қойнына енгендей. Жау батпас жанның соңына ергендей, өзінен ерік кетіп, 

қасында тығылып тұрғанын тәуір көрді. Байман бір қолымен қолын ұстап, бір қолымен 

иығынан құшақтап тұрып, бетіне аузын таяп: 56 

-        Кеше мен сені жақсы көріп кеттім ғой, оны білдің бе?- деді. 

-        Сүйттіңіз бе? 

-        Сүйттім... сен ше? 

-        Мен бе?.. білмеймін...- деп Күнікей тұқырып, мырс етті. 

-        Білмесең, түнде кетіп бара жатып, неге сүйіп алдың? 

-        Кісі қайнысын сүймей ме? 

-        Жарайды... сүйсең, шын сүй... 

-        Сіз  әлде өтірік сүйесіз бе? 

-        Жоқ, тегін айтқаным ғой. 

-        Мен еңдеше, өтірік сүюді білмеймін... Сүйіп көргем де жоқ... 

-        Кешегің шын ба? 

-        Шын болса, қайтер едіңіз? 

-        Шын болса, сені: "Жаным, күнім" деп жүрер ем... Сенің жолыңа басымды берер 

ем...- деп, Байман белінен қысып, бетінен сүйді. 

-        Көптің бірі боп кетпесем...- деп, Күнікей көп қарады. Байман "Болмассың" деп уәде 

берді. Екеуі де емін- 

еркін құшақтасып, қалтқысыз сүйісті. Біраздан кейін "қашан, қайда жолығамызға" келді, 

Күнікей: 

-        Қоя тұрыңыз, мен әлі жаспын ғой,- десе де Байман: 




-        Сүйгенің шын болса, несиеге қаратпа,- деді. Күнікей недәуір бұлтақтап, апасының 

сақтығын, ауыл 

жігіттерінің өштігін айтып көріп еді, Байман: "Көңіл болса, көш-жөнекейге" салып, жайға 

қаратуға көнбеді. Ақырында Күнікей ойланып тұрып: 

-        Жарайды... енді..- деді. 

-        Қай жерде?- дегенде: 

-        Ретін таба алсам шығайын, кешке іргеден келіңіз,- деді. Соны айтуы-ақ мұң екен, 

кара сиырдың ар жағынан 

Бір адам сопаң етіп шыға келді. Күнікей жалт берді. Байман ол адамға қарсы жүрді. 

-        Бұ қайсың? 

-        Бұ қайсың?- десіп, олар сөйлесіп қала берді. Күнікей тез аяңдап үйге кіріп кетті... 

Ауылдың көзі ұйкыға барған кезде, іргенің шиін сытырлатып, бір қол керегенің көзінен 

өтті. Күнікей ояу жатыр еді, қолды ұстай алып, сипады да қысып қойды. Қозғалмай тұра 

қалды. 


Күнікей басын көтеріп, ар жағынан бұрылып, тыңдады. Әкесінін жуан қорылы - апасының 

ұйқылы-ояу екенін естіртетін емес. Біраз тыңдап отырған соң қолды кейін итеріп, "күте 

түр" дегендей ғып, өзі ептеп орнынан түрегелді. Есікте құлып бар, бірақ құлып сияғы жоқ, 

бізбен де, шегемен де ашыла береді. Күнікей күндізден әкесінің ұлтару бізін тауып алып, 

ашып-жауып көрген. Кілтті апасы жастығының астына салып жататын. Оны ұрлауға 

оянып кете ме деп қорыққан: апасының ұйқысы сергек қой. 

Қара бізді қолына алып шапанын жамылып, Күнікей есікке барды. Құлыпты 

сылдырлатпайын-ақ деп ептесе де, мұндайға үйренбеген епсіз қолы дірілдеп, 

сылдырлатып алды. Болар-болмас сылдыр тіпті салдыр-гүлдір сияқтанды. Жалма-жан қоя 

қояды да, апасы жаққа құлақ салады. Ұйықтап жатқан тәрізді. Құлыпты тағы ұстайды. 

Сылдыр шықса, тағы тұра калады. Не керек, әбден қысылып, қиналып, жан дәрмен күйі 

бір заманда құлыпты ашты-ау. 

Енді шығуы бір қиямет: итеріп қалса, қажыған жаман есік қираң етіп, шықыры бүкіл 

ауылға естіледі, көтерсе, көтерген жағының тақтайлары жоғары сусып, топса жағы жерде 

қалып, тағы шықырлайды. Бұ бір "құдайдың пәлесі" болды. 

Күнікей біржола ашып қалудың да, саумалап ашудың да есебін таба алмай, түйіншекті 

тұтқа жіптен ұстап, дағдарып, бірталай тұрды. Кешіккенге Байман кетіп кала ма, өкпелеп 

қала ма деп, бір қыпылдап барады. Апам оянып кетіп, ұшып түрегелсе, не айтам деп тағы 

қысылып барады. Есік көзінде тұрғанына талай заман өткен сияқты. Әбден азапты шегіп, 

бір уақта "тәуекел" деп есікті саумалаңқырап аша берді де, шықырлап бара жатқасын 

тезірек ашып, өзі сыйғандай жерден кебісін ұстап, жалаң аяқ шықты да, есікті қайта 

жапты. Әбиір беріп, апасы оянған жоқ. 




Есік алдында елу адымдай жерде өзек бар. Оның ар жағы - өзен. Со жақта шығар деп, 

аяғынан кебісін іліп, ақырын басып алақтап жөнелді. 

Өзектің қабағына жетер-жетпесте, айдың жарығында ағараңдап, алдынан бір адам 

түрегелді. Сол екенін таныды: аяғын тезірек басты. Жолығуға бес-ақ адымдай жер қалды. 

Сол кезде: 

-        Ұста, ұста!- деп шаңқылдап, өзен жақтан төрт-бес жігіт дүрсе қоя берді. Күнікей 

үйіне қарай қашты. Байман айдалаға қашты. Қуып берді. Күнікей үйіне сүңгіп жоқ болды. 

Бұ жолы есіктің шықыры қатаң шықты. Шекер шошып кетіп: 

-        Бұ кім?- деп басын жұлып алды. 

Күнікей ақырын ғана: 

-        Мен,- деп еді, апасы: 

-        Қайда бардың?.. Қалай аштың?- деп, тергей бастады. 

-        Түзге отырғым келді... Тартып қалып едім, өзі ашылып кетті,- десе де, сұмдықпен 

көзі шыққан апасы нану қайда: 

-        Дүзі қара, дүзі қара-ай! Бір сойқан ғып жүр екенсің ғой!.. Ойбай-ай! Енді қай жаққа 

барайын?.. Шашыңды бір талдап жұлайын!.. Пәлен-түген деп ұрсып, бірталай жерге 

апарып тастады. 

Күнікей апасының ызыңдап, құлағына маза бермесін сезді... Амал жоқ, өтірік айтып, 

ақталмақ боп қарсы сөз айтып, шырылдады. 

Ертеңіне апасы тағы  ұрысты. Күнікей шынын айтсын ба, жолатпады. 

Енді ауылдың жаман-жәутік бозбалалары аңдитын болды. Олардікі: "Бізді менсінбедің. 

Байманды таңдадың. Әрі Байманды бұралқы көріп күндеу". 

Сөйтіп, Күнікейге үйден де, түзден де андушы табылып Байманға жолықтырмады. 

Түнде жолыға алмасына көзі жеткенсін, Байман "құдалығын" сылтауратып, Шекердікіне 

күндіз келіп жүрді. ІІІекер оның келгенін теріс көрген жоқ: әрі құдасы, әрі құрдасы, әрі 

ауызға ілініп жүрген, өзі әнші, өзі балуан, ер, өнерлі жігіт. Тәуір бозбалаға өзінің де жыны 

қозып тұратын адам ғой. Бірақ Шекердікіне Байман барса, ауылдың Әйтікен, Мұсатай 

сияқты бозбалалары да ере барып, Күнікей мен Байманды оңаша бір сөйлестірмей-ақ 

қойды. 

Аңду күшейген сайын екі жастың бірін-бірі аңсауы да күшейді. "Сүйемін, қайтейін? 

Болмайды..." деген ойларын көздерімен ғана білісті. 

Сөйтіп жүргенде Күнікейдің күйеуі Тұяқ "мырзаның" да қол ұстайтын мезгілі жетті. 

    ҚОЙ КАЙДА? 



Бір тамса да, соған тамсын деп, Тұяқ бір шеге қақса да, "Илаһи ниет қылдым Күнікейдің 

қалың малын өтемекке..."- деп қағып, тапқан-таянғанын тамызықтап төлей берді, төлей 

берді. Әйтеуір бере берген соң еңбек қой, малынан құтылуға таяп еді. 

Ол "есік көрсет" деп қыңқылдағалы қашан. Әдейілеп адам жіберіп үзілді-кесілді хабар 

алайын дейтін Тұяқ қайбір көшебелі кісі? Тек өткен-кеткеннен әлгі қыңқылын қайталай 

берді. Шекер: "Қойсын әрі, балам жас" деп аяғына отырғызбай жүретін. 

Сөйтіп жүргенде Тұяқтан әдейілеп елші келді. Кәдімгідей адам сияқтанып амандасып, 

жөн-жапсарын, құда екендігін айтып отырды. 

Тұякты кемсінген соң, Күнікей о жақтан келген қайындарынан да пәлендей қаймыға 

қоймайтын. Бұ жолы да "Кейқуатқа көк екенімді көр" дегендей, міз бақпай отырып алды. 

Тасаланатын көзінің соқыры, мұрнының пұшығы жоқ. Жо, барын отыра қоятын жау 

байлардікіндей оң жағында ағасының ақ отауы тұр ма? Жасық адамша несіне бетін басып, 

жас балаша қайдан үй айналып жүрсін. 

Елші де пәлендей епті жігіт емес. Екі ұрықты, періп кетпелеу мінезі болушы еді. "Отырсаң, 

отыр. Әкеңді танытайын" деген немеге шешесі мен екеуі отырған жерде: 

-        Құдаларыңыз сәлем айтты. Күйеу балаңыздың ішкені ас болатын емес. Не қылса да, 

ел жайлаудан қайтпай тұрып мені бірдеңе қылсын дейді. Ендігісін өздеріңіз білесіз, мен 

мойнымнан түсірдім,- деп, тосыннан тосын қойып қалды. 

Күнікей түк естімегенсіп, төмен қарап сұрланып, инесін жылдам-жылдам шанша берді. 

Шекер көзінін астымен қызына бір қарап, құдаға бір қарап, азырақ кідіріп қалды. Соңғы 

кезде Шекер бұрынғысынан ойысып, икемге келейін деп еді, өйткені баласының жас 

еместігіне көзі жеткендей болды. Құлыпты өзі ашып, түнде өзі шығып жүрген "жүрек 

жұтқан" қыз қатқаны жас болсын ба? Қаршадайынан ауызға ілінген, өзіне тартқан "зор 

шөп" бір күні жер соқтырмасын кім біледі? Сондықтан құданың сөзіне үндемей қоюдың 

жөнін таба алмай, бір есептен Күнікей естісін деп: 

-        Сәлем айтса, енді несі бар?.. Жөні бар сөз... Өз қызығымыздан өзіміз қашқанмен 

бола ма?..- деп сипай салды, есек дәмелі жауап берді. 

Соны айтқанда Күнікейдің қабағы түсіп, томсырая қалды. 

-        Құдайдың бұйрығы. Әйтеуір жат жұрттық боп жаралғасын, қимағанмен қайтейік 

енді...- дегенде, Күнікей ұшып түрегеліп, тарс-тұрс етіп шыға жөнелді. 

Қызының бұл қылығына Шекер о дегенде: 

-        Ойбай-ау, мынанікі не?- деп, өтірік мырс еткен болса да, артынан баласынып 

жастығын, жабдығының сай еместігін, жоқшылығын айтып, өзі де қамығып, көзіне жас 

ірікті. 


Құдасы кеткесін, Шекер қызына доң айбат көрсетіп, ұрысқан болды: "Жеңілсің, баласың, 

есің жоқ" деді. "О несі екен, кісінің көзінше тарс-тұрс етіп" деді. "Несі бар оның?" деп, 

Тұяқты мақта білтелеген болды. Бірақ оның бәрі тек шеше болған соң айтылған, қара 

судай кенеуі жоқ, бос сөз екенін Күнікей де ұқты, шешесі де сезді. Күнікей күйеуінің 




келуіне түк айтпады. Көңіл білдірмеді, бітеу жара болды да қойды. Күнікейдің 

үндемегенін апасы көнгенге жорыды. 

Бір күні кешке таман байдікінен алған жамандаттың сүйек-саяғын асып, орталарына 

қойып, жеп болған кезде, төрт көзі түгел отырғанда, Шекер құда-күйеулерінің келетінін 

естіртті. Өзгеден бұрын: 

-        Немене тығыл-таяңдатып?- деп Жұматай түксиді. Онысы - қарындасын қимағаны, 

Тұяқтан қызғанғаны еді. 

-        Сен не білесің? Малын беріп бітіріп қойды. Оның жазығы не? Жайға қаратқанымыз 

жеткендей болды...- деп, Шекер бастырмалатып тастады. 

Құлтума тоқпан жіліктің жуан басын мүжіп болып, кішкене басын өзіне қаратып алып еді, 

жықпылындағы жылтаң қараққа алтын тауып алғандай шұқшиып, апармай жатып аузы 

бүлк-бүлк етіп, істік пышағын тісіне шақырлатып сұғып қалып, жылтың еткізіп суырып 

алып жатыр еді. Жылтаң қарақты құтты жеріне қондырып, көңілі дауалаған соң, жайымен 

отырып: 


-        Оған бір қой сою керек,- деп қоңқ етті. 

-        Е, қой соймай... бір түгілі екі қой соярсың. Бір қойды ауыл-үйге берем: ырым 

істеймін. Бір қойды құдаларыңа қонақ асыға бересің...- деп Шекер соқты. 

-        Ненің ырымы? Қой қайда?- деп Құлтума қоңқылдады. 

-        Қайда болсын? Табасың? Екеуің бірдей сомадай боп отырып, жалғыз қызымды 

қуартқаным ба?- деп, Шекер қызынын шашбауын көтерген болды. 

-        Ауыл деп, ауылды тойғыза аламыз ба? Жылқы сойып берсең де, жұқ болмайды,- деп 

Құлтума сіресті. О байғұстікі борыш-қарыштан қашқандық қой. 

Құлтуманың тайталасқанына Шекердікі де ұстап кетті: 

-        Сенің не білгенің бар? Немене аузыңа келгеніңді күйсеп отырғаның... Малға ие жігіт 

боп... Мал тұрсын, басыңда билік бар ма? Шірік-ау! Сен Көксаудың қара табан құлы 

емеспісің? Қырық қарасы бар Дүймағамбеттікі де он бес сом, сен де он бес сом алым 

төледің. Бір ауыз ләм деуге жарадың ба? Аузың кепердей боп, қара басып отыруың... 

Осындай бір пысық жігіт бола қалатыны бар дейім өзінің. Бұл пысықтығыңды Көксауға 

неғып көрсетпей жүрсің? Өл де маған... Қайта өз қызығыңа, өз қызыңа өзім соям дейтін 

кісі емеспісің? Ә-ой, шіркін-ай, қайтейін сені, қайтейін... Әуелі сыбағалы көтеніңе ие бола 

алмай Жаңылға жегізіп отырып, сен билік соққанды не қыласың? Саған неткен билік? 

Жүре бер қойынды құрттап, қойыртпағыңды ұрттап. Сенде түйсік, сенде мынандай сана 

болса, Күнікейден мал аяр ма едің? Жұрттың басынатыны - сенің қортықтығың ғой... 

Әйтпесе Күнікейім қай байдың қызынан кем?.. Сенде сүйек жоқ, намыс жоқ. Кісі емессің, 

білдің бе? Қысып отыр, аузымды қыздырмай...- деп, Құлтуманы біржола орнынан 

тұрғысыз қылды. 

Құлтуманың аузы-мұрны маймылдың тұмсығындай қомпайып, сорайып, аңырайып, 

ақымақ болды да қалды. Мына сияқты көк айыл, кер ауыз қатынға неғып шыдап 




жүргеніне өзі де таң қалды. Ішінде бірдене түйіртпектеніп тұрғандай болса да бірақ оны 

шетінен тарқатып, ашудың аузын ағытып, құтырын төгуге тілі түскірі жетпеді. Ол 

түйіртпек өңешімен өрлеп келіп, дәл жұтқыншағының түбіне тоқтағанда, ернін сылп-сылп 

еткізіп, екі-үш тамсанып, кезеніп отырып-отырып: 

-        Осы елге неғып болыс болмай жүргенсің?- деді. 

-        Әдірам қал! Тілінің ащысын жаман ш-ш-шіріктің!- деп Шекер тағы бірталай жерге 

апарып тастады. 

Құлтума бұ жолы қомпайған тұмсығын жинастырып, сабасына түсіріп, пышағының 

майын бармақтарымен сыпырып жалап, тізесінің астына қойды да, Жұматайдың 

қолындағы шоқпытты шетінен тартып, икемсіз қара қайыс қолын үйкей берді. 

Таз Жұматай алғашқыда: "Немене тығылтаяңдатып?" деп арындап қалса да, артынан 

әкесінің қойға саудаласып отырғанын есітіп: "Бір қой жетпейді... Той ырымын қылмай 

бола ма?" деп Шекермен қабаттасып, бір-екі айтып қалды. Жұрт қызының күйеуі келгенде 

той қылушы еді деп, о да тыраштанбақ болғаны ғой. Шекердің Құлтуманы құдай аманаты 

жосып тастауына Жұматайдың сөзі де қамшы болды. 

Жалғыз-ақ бұл сөзге Күнікей қатысқан жоқ: шешесі шаптығып жатқанда, қолын жуып, 

сүртініп, тысқа шығып кетті. Құлтума сыбағасын алып, жайланып, жантайып, бір 

борбайын көтеріп, тыр-тыр қасынып жатып, "қой қайдан табылар екен" деген ойға батты. 

Бұл ой Құлтумаға мемлекет мәселесін шешкеннен бір кейін соқпады. Алты-жеті жүз 

қойды қысы-жазы өзі бағып, өзі қағып, суығына тоңып, ыстығына күйіп жүрсе де, өзінде 

бір қой болмау деген не деген сұмдық? Далада өзге қоймен шендескенде, алдындағы о 

қойды өз қойындай көріп: "Қайтар, қойым қосылады" деп бақырушы еді. Бөтен қойға бір 

қойы кетсе, өз қойынан жаман, "бір қойым жоқ" деп, қотаннан қотан қоймай іздеуші еді. 

Қойы аз қойшыларды: "Кетен басындай неменді әрі айда" деп кемсітуші еді. Сол "өз 

қойым жоқ" деп жүрген қойдан бір қойға билігі келмейтінін жаңа білгендей болды. Мұны, 

сірә, бұрын ойласайшы!.. Япыр-ай, о!! Бұ қалай! 

Байдың бір қойын сұраусыз сойып тастаса ғой: "Ұрлап сойдың" деп, төбесіне әңгір таяқ 

ойнатып, басына қосақ, көтіне тіркеуімен төлетіп алады, өзін көтке бір теуіп шығарып 

жібереді. Бір қой емес, пәлен жүз қойды оңалтамын, қасқырға жегізбеймін, ұрыға 

алдырмаймын, ұраға жықпаймын, шұқанакка үйелетпеймін, бір қозысын далада 

қалдырмаймын, бір тоқтыны құрттатып өлтірмеймін деп, Құлтума қанша шыжақ болады; 

екі көзі төрт болып, қадағалап қарайды. Құлқын сәріден ымырт жабылғанша жалғыз өзі 

құла түзде сарылып, қоймен қой боп жүргені. Сонда да бір тәңір жарылқасын жоқ. Сонда 

да бір қойдың қанына ортақ бола алмайды. Бұ не деген жұртшылық? Бұ не деген қорлық, 

құлдық - адам емес, қой болғандық?... Япыр-ай, о?! Бұ қалай болды? 

Сол дәулет масы, жатып ішер мырзаларға бір күн өз қойын өзіне баққызып байқар ма еді? 

Білер еді сонда қой баққанды!.. 

Құлтуманың бұл ойлары қансонардағы қоянның ізіндей сайрап келе жатып, койдың 

шарлауына соққандай шатасып, бытысып, алғашқы бет алысынан көз жазып, қала берді. 

Қазір бір қойды борыштанып тауып алып, соңыра байдың бір қойын далада ұрлап беріп 




жіберген дұрыс па? Немесе анау қойшылармен айлалас болып, біреудің бір қойын 

қақтырып әкеліп, сойып тастаған жөн бе? Бірақ "Бұ қойды қайдан алдың" деп, біреу етін 

көріп қойса, ол барып айтып қояды-ау!.. Япыр-ай, ә! Бұ қалай болды? 

Қалай да қой табу керек. Бір емес, екі қой... Қатын о бір құдайдың пәлесі: ойына бірдеңе 

алса, өлуіне бейіл болмайды... Бұ қызы түскірдің өзі де бір пәле екен ғой... 

Жоқ жерде қой іздетіп... Дәнеңе ойламай, қойын бағып жүре берген де бір ғанибет екен... 

Япырым-ай, ә? Бұ қалай болды?.. Қалай табады, ә?! 

Қанша ойланса да, аяқтап келгенде: "Япыр-ай, ә? Бұ қалай болды?" деген тығырыққа 

айналып кеп тіреле берді. Сол тығырықтан жол тауып шыға алмады. 

Ал Жұматай қойды мәз ойлап, басын қатырған жоқ. Ол ана жылы ғана тұлымшағы ербиіп, 

борбайы жалт-жұлт етіп жүгіріп жүретін қаршадай қара табан қарындасының бүгін ер 

жетіп, қатын болуға жарап, әлдебір бөтен еркекпен құшақтасып жататынын ойлап, әрі 

таңырқап, әрі қызғанып, әрі түсінбей, бір тосын жұмысқа оқыс жолыкқандай, о да 

тығырыққа қамалды. Бірақ оның тығырығы Кұлтуманікіндей бұлтарысты болмады. 

Күнікейді ойлап отырып, соның өз басына қарай кешті. Тұяқ келеді - күйеу боп отырады. 

Әнеугі Шәмшиге ұқсап бұ да қашан оңаша үйде қыз құшақтар екен? Бұл қашан қалыңдық 

ойнар екен? Мұның қалыңдығы да Күнікей секілді бүлдіршіндей қара торы қыз болар ма 

екен? Жоқ, әлде Нысанбайдың жырық қара қызындай бір сұмпайыға тұс келер ме екен?.. 

Құрып қалсын! Құдай жырықты көрсетпесін!.. Шешесі әлгі Сақаудың Пішанін аузына 

алып жүруші еді... Ол әлі жеті-сегізде. Қыз сияғы жоқ. Бір пері. Өскенде қандай болар 

екен. О да Күнікейге ұқсап, шашбау тағып қыз болар ма екен?.. Жоқ, сонда да танауынан 

қос боз аты жылтыңдап, бет-аузы сауыс боп тұрар ма екен?... деген ойлардың аяғы кешегі 

өзінің Тұрсынға (түйеші шал Жаманайдың қатынына) бір жөргем ішек беріп: "Есіңе ала 

жүр" дегеніне соғып, соған қалай бару, қалай жанасудың амалына шауып кетті... Сол 

ойдың үстінде, мұрнын бір тартып, самайын бір қасып, байдікіне - жұмысына қарай 

аяңдады... 

Шекер бірқыдыру шиыршық атып, қара табақты қазан түбіне қарай итере тастап, тері 

дастарқанды сүйек-саяғымен саудыратып, есіктен ыршыта қағып, ақ күшікті аяғымен 

бүйірден бір теуіп, қайта келіп, жүресінен талтайып қолын жуып отырып, шымшуырмен 

алдындағы отты көсеп-көсеп жіберді. Мүның бәрі үй ішін қыран шапқандай қылғаны, 

қырланғаны, ашуланғаны еді. Құлтуманың жамандығына, кедейлігіне, кемдігіне, жайда 

қабырғасы мұздай жабық боп сөйлейтін басы, ертең күйеу келгенде, досқа күлкі, 

дұшпанға таба болам ба деп қауіптенгені, кейігені, күйзелгені, тарылғаны еді... 

     КҮЙЕУ 

Күйеуі Сұлушаштың ұрын келді, Қисайып жаман тымақ қырын келді,- 

дегендей-ак, Күнікейдің күйеуі бір күні кешке таман салша жетіп келді«Қасында үш-төрт 

жолдасы бар. О да ауылға келмей, анадай жерге түсіп, атын ұстап отырды. Не дегенмен 

күйеу аты бар ғой. Тымағының төбесіне селтитіп үкі де қадап апты. "Шауып келді" алуға 

балалар да жүгірісті. Қараша үйдің қыз-қырқындары да барып, кастерлеген боп ертіп 



әкеліп, "алтын босағасын" аттатты. Көк ала шытпен тыстаған қоңыр елтірі тымағын көзіне 

түсіре киіп, танауы кержиіп, о да келіп, ақ шымылдықтың ішіне кірді. 

Өз әлінше ІІІекер де үйінің ішін мырсындай қылып қойыпты. Атасы өлсе, атамайтын 

жалғыз қара ала сырмағып төрінің алдына төсепті. Ноқталы кебісін, тот әбдіре, шал-жақ 

ауыз сандығын, шоқпыт төсегін. тон-мон, жүн-жұрқаларын текшелеп жинап, ескі 

алашамен бүркеген болыпты. Бұрын жадағай-жайдақ жататын қазан-аяқ жаққа шыпта 

кұрыпты, жалғыз-ақ от басында тұратын қара құман жылжып барып, босағадан орын 

алыпты. Әттен, қолдың қысқалығы. Әйтпесе Шекер кісіге кеудесін бастырғандай әйел ме? 

Құлтума екі қойды қайдан табарын білмей күшеніп, басын қатырып жүргенде, Шекер 

қойды да өзі жайғастырып қойып еді. Бір қойды Жұматайдың ақысына сындырып, 

байдікінен алмақ болып еді. Байдың бір әдеті: күні толмай, малшыға ақы бермеуші еді. Бұ 

жолы Шекер өзі барып, құда, күйеу келетінін айтып, Қара бәйбішеге талақша жабысқан 

соң мейірімі түсіп еді. Енді бір қойды Мақатайдан алды. Оның қырык-елу қойы бар ғой. 

Ана кезде Мақатай қатыны өліп, зарығып жүргенде Шекердің бір "сауабын алғаны" 

болушы еді. Өзімсіне, өжеттене сөйлеген тілін жыға алмады. Жұмсақ адамды билей 

сөйлесең, ырқыңа көне кететін бір әдеті бар ғой. 

Бір күні кешке таман байдікінен алған жамандаттың сүйек-саяғын асып, орталарына 

қойып, жеп болған кезде, төрт көзі түгел отырғанда, Шекер құда-күйеулерінің келетінін 

естіртті. Өзгеден бұрын: 

-        Немене тығыл-таяңдатып?- деп Жұматай түксиді. Онысы - қарындасын қимағаны, 

Тұяқтан қызғанғаны еді. 

-        Сен не білесің? Малын беріп бітіріп қойды. Оның жазығы не? Жайға қаратқанымыз 

жеткендей болды...- деп, Шекер бастырмалатып тастады. 

Құлтума тоқпан жіліктің жуан басын мүжіп болып, кішкене басын өзіне қаратып алып еді, 

жықпылындағы жылтаң қараққа алтын тауып алғандай шұқшиып, апармай жатып аузы 

бүлк-бүлк етіп, істік пышағын тісіне шақырлатып сұғып қалып, жылтың еткізіп суырып 

алып жатыр еді. Жылтаң қарақты құтты жеріне қондырып, көңілі дауалаған соң, жайымен 

отырып: 


-        Оған бір қой сою керек,- деп қоңқ етті. 

-        Е, қой соймай... бір түгілі екі қой соярсың. Бір қойды ауыл-үйге берем: ырым 

істеймін. Бір қойды құдаларыңа қонақ асыға бересің...- деп Шекер соқты. 

-        Ненің ырымы? Қой қайда?- деп Құлтума қоңқылдады. 

-        Қайда болсын? Табасың? Екеуің бірдей сомадай боп отырып, жалғыз қызымды 

қуартқаным ба?- деп, Шекер қызынын шашбауын көтерген болды. 

-        Ауыл деп, ауылды тойғыза аламыз ба? Жылқы сойып берсең де, жұқ болмайды,- деп 

Құлтума сіресті. О байғұстікі борыш-қарыштан қашқандық қой. 

Құлтуманың тайталасқанына Шекердікі де ұстап кетті: 



-        Сенің не білгенің бар? Немене аузыңа келгеніңді күйсеп отырғаның... Малға ие жігіт 

боп... Мал тұрсын, басыңда билік бар ма? Шірік-ау! Сен Көксаудың қара табан құлы 

емеспісің? Қырық қарасы бар Дүймағамбеттікі де он бес сом, сен де он бес сом алым 

төледің. Бір ауыз ләм деуге жарадың ба? Аузың кепердей боп, қара басып отыруың... 

Осындай бір пысық жігіт бола қалатыны бар дейім өзінің. Бұл пысықтығыңды Көксауға 

неғып көрсетпей жүрсің? Өл де маған... Қайта өз қызығыңа, өз қызыңа өзім соям дейтін 

кісі емеспісің? Ә-ой, шіркін-ай, қайтейін сені, қайтейін... Әуелі сыбағалы көтеніңе ие бола 

алмай Жаңылға жегізіп отырып, сен билік соққанды не қыласың? Саған неткен билік? 

Жүре бер қойынды құрттап, қойыртпағыңды ұрттап. Сенде түйсік, сенде мынандай сана 

болса, Күнікейден мал аяр ма едің? Жұрттың басынатыны - сенің қортықтығың ғой... 

Әйтпесе Күнікейім қай байдың қызынан кем?.. Сенде сүйек жоқ, намыс жоқ. Кісі емессің, 

білдің бе? Қысып отыр, аузымды қыздырмай...- деп, Құлтуманы біржола орнынан 

тұрғысыз қылды. 

Құлтуманың аузы-мұрны маймылдың тұмсығындай қомпайып, сорайып, аңырайып, 

ақымақ болды да қалды. Мына сияқты көк айыл, кер ауыз қатынға неғып шыдап 

жүргеніне өзі де таң қалды. Ішінде бірдене түйіртпектеніп тұрғандай болса да бірақ оны 

шетінен тарқатып, ашудың аузын ағытып, құтырын төгуге тілі түскірі жетпеді. Ол 

түйіртпек өңешімен өрлеп келіп, дәл жұтқыншағының түбіне тоқтағанда, ернін сылп-сылп 

еткізіп, екі-үш тамсанып, кезеніп отырып-отырып: 

-        Осы елге неғып болыс болмай жүргенсің?- деді. 

-        Әдірам қал! Тілінің ащысын жаман ш-ш-шіріктің!- деп Шекер тағы бірталай жерге 

апарып тастады. 

Құлтума бұ жолы қомпайған тұмсығын жинастырып, сабасына түсіріп, пышағының 

майын бармақтарымен сыпырып жалап, тізесінің астына қойды да, Жұматайдың 

қолындағы шоқпытты шетінен тартып, икемсіз қара қайыс қолын үйкей берді. 

Таз Жұматай алғашқыда: "Немене тығылтаяңдатып?" деп арындап қалса да, артынан 

әкесінің қойға саудаласып отырғанын есітіп: "Бір қой жетпейді... Той ырымын қылмай 

бола ма?" деп Шекермен қабаттасып, бір-екі айтып қалды. Жұрт қызының күйеуі келгенде 

той қылушы еді деп, о да тыраштанбақ болғаны ғой. Шекердің Құлтуманы құдай аманаты 

жосып тастауына Жұматайдың сөзі де қамшы болды. 

Жалғыз-ақ бұл сөзге Күнікей қатысқан жоқ: шешесі шаптығып жатқанда, қолын жуып, 

сүртініп, тысқа шығып кетті. Құлтума сыбағасын алып, жайланып, жантайып, бір 

борбайын көтеріп, тыр-тыр қасынып жатып, "қой қайдан табылар екен" деген ойға батты. 

Бұл ой Құлтумаға мемлекет мәселесін шешкеннен бір кейін соқпады. Алты-жеті жүз 

қойды қысы-жазы өзі бағып, өзі қағып, суығына тоңып, ыстығына күйіп жүрсе де, өзінде 

бір қой болмау деген не деген сұмдық? Далада өзге қоймен шендескенде, алдындағы о 

қойды өз қойындай көріп: "Қайтар, қойым қосылады" деп бақырушы еді. Бөтен қойға бір 

қойы кетсе, өз қойынан жаман, "бір қойым жоқ" деп, қотаннан қотан қоймай іздеуші еді. 

Қойы аз қойшыларды: "Кетен басындай неменді әрі айда" деп кемсітуші еді. Сол "өз 

қойым жоқ" деп жүрген қойдан бір қойға билігі келмейтінін жаңа білгендей болды. Мұны, 

сірә, бұрын ойласайшы!.. Япыр-ай, о!! Бұ қалай! 



Байдың бір қойын сұраусыз сойып тастаса ғой: "Ұрлап сойдың" деп, төбесіне әңгір таяқ 

ойнатып, басына қосақ, көтіне тіркеуімен төлетіп алады, өзін көтке бір теуіп шығарып 

жібереді. Бір қой емес, пәлен жүз қойды оңалтамын, қасқырға жегізбеймін, ұрыға 

алдырмаймын, ұраға жықпаймын, шұқанакка үйелетпеймін, бір қозысын далада 

қалдырмаймын, бір тоқтыны құрттатып өлтірмеймін деп, Құлтума қанша шыжақ болады; 

екі көзі төрт болып, қадағалап қарайды. Құлқын сәріден ымырт жабылғанша жалғыз өзі 

құла түзде сарылып, қоймен қой боп жүргені. Сонда да бір тәңір жарылқасын жоқ. Сонда 

да бір қойдың қанына ортақ бола алмайды. Бұ не деген жұртшылық? Бұ не деген қорлық, 

құлдық - адам емес, қой болғандық?... Япыр-ай, о?! Бұ қалай болды? 

Сол дәулет масы, жатып ішер мырзаларға бір күн өз қойын өзіне баққызып байқар ма еді? 

Білер еді сонда қой баққанды!.. 

Құлтуманың бұл ойлары қансонардағы қоянның ізіндей сайрап келе жатып, койдың 

шарлауына соққандай шатасып, бытысып, алғашқы бет алысынан көз жазып, қала берді. 

Қазір бір қойды борыштанып тауып алып, соңыра байдың бір қойын далада ұрлап беріп 

жіберген дұрыс па? Немесе анау қойшылармен айлалас болып, біреудің бір қойын 

қақтырып әкеліп, сойып тастаған жөн бе? Бірақ "Бұ қойды қайдан алдың" деп, біреу етін 

көріп қойса, ол барып айтып қояды-ау!.. Япыр-ай, ә! Бұ қалай болды? 

Қалай да қой табу керек. Бір емес, екі қой... Қатын о бір құдайдың пәлесі: ойына бірдеңе 

алса, өлуіне бейіл болмайды... Бұ қызы түскірдің өзі де бір пәле екен ғой... 

Жоқ жерде қой іздетіп... Дәнеңе ойламай, қойын бағып жүре берген де бір ғанибет екен... 

Япырым-ай, ә? Бұ қалай болды?.. Қалай табады, ә?! 

Қанша ойланса да, аяқтап келгенде: "Япыр-ай, ә? Бұ қалай болды?" деген тығырыққа 

айналып кеп тіреле берді. Сол тығырықтан жол тауып шыға алмады. 

Ал Жұматай қойды мәз ойлап, басын қатырған жоқ. Ол ана жылы ғана тұлымшағы ербиіп, 

борбайы жалт-жұлт етіп жүгіріп жүретін қаршадай қара табан қарындасының бүгін ер 

жетіп, қатын болуға жарап, әлдебір бөтен еркекпен құшақтасып жататынын ойлап, әрі 

таңырқап, әрі қызғанып, әрі түсінбей, бір тосын жұмысқа оқыс жолыкқандай, о да 

тығырыққа қамалды. Бірақ оның тығырығы Кұлтуманікіндей бұлтарысты болмады. 

Күнікейді ойлап отырып, соның өз басына қарай кешті. Тұяқ келеді - күйеу боп отырады. 

Әнеугі Шәмшиге ұқсап бұ да қашан оңаша үйде қыз құшақтар екен? Бұл қашан қалыңдық 

ойнар екен? Мұның қалыңдығы да Күнікей секілді бүлдіршіндей қара торы қыз болар ма 

екен? Жоқ, әлде Нысанбайдың жырық қара қызындай бір сұмпайыға тұс келер ме екен?.. 

Құрып қалсын! Құдай жырықты көрсетпесін!.. Шешесі әлгі Сақаудың Пішанін аузына 

алып жүруші еді... Ол әлі жеті-сегізде. Қыз сияғы жоқ. Бір пері. Өскенде қандай болар 

екен. О да Күнікейге ұқсап, шашбау тағып қыз болар ма екен?.. Жоқ, сонда да танауынан 

қос боз аты жылтыңдап, бет-аузы сауыс боп тұрар ма екен?... деген ойлардың аяғы кешегі 

өзінің Тұрсынға (түйеші шал Жаманайдың қатынына) бір жөргем ішек беріп: "Есіңе ала 

жүр" дегеніне соғып, соған қалай бару, қалай жанасудың амалына шауып кетті... Сол 

ойдың үстінде, мұрнын бір тартып, самайын бір қасып, байдікіне - жұмысына қарай 

аяңдады... 




Шекер бірқыдыру шиыршық атып, қара табақты қазан түбіне қарай итере тастап, тері 

дастарқанды сүйек-саяғымен саудыратып, есіктен ыршыта қағып, ақ күшікті аяғымен 

бүйірден бір теуіп, қайта келіп, жүресінен талтайып қолын жуып отырып, шымшуырмен 

алдындағы отты көсеп-көсеп жіберді. Мүның бәрі үй ішін қыран шапқандай қылғаны, 

қырланғаны, ашуланғаны еді. Құлтуманың жамандығына, кедейлігіне, кемдігіне, жайда 

қабырғасы мұздай жабық боп сөйлейтін басы, ертең күйеу келгенде, досқа күлкі, 

дұшпанға таба болам ба деп қауіптенгені, кейігені, күйзелгені, тарылғаны еді... 

     КҮЙЕУ 

Күйеуі Сұлушаштың ұрын келді, Қисайып жаман тымақ қырын келді,- 

дегендей-ак, Күнікейдің күйеуі бір күні кешке таман салша жетіп келді«Қасында үш-төрт 

жолдасы бар. О да ауылға келмей, анадай жерге түсіп, атын ұстап отырды. Не дегенмен 

күйеу аты бар ғой. Тымағының төбесіне селтитіп үкі де қадап апты. "Шауып келді" алуға 

балалар да жүгірісті. Қараша үйдің қыз-қырқындары да барып, кастерлеген боп ертіп 

әкеліп, "алтын босағасын" аттатты. Көк ала шытпен тыстаған қоңыр елтірі тымағын көзіне 

түсіре киіп, танауы кержиіп, о да келіп, ақ шымылдықтың ішіне кірді. 

Өз әлінше ІІІекер де үйінің ішін мырсындай қылып қойыпты. Атасы өлсе, атамайтын 

жалғыз қара ала сырмағып төрінің алдына төсепті. Ноқталы кебісін, тот әбдіре, шал-жақ 

ауыз сандығын, шоқпыт төсегін. тон-мон, жүн-жұрқаларын текшелеп жинап, ескі 

алашамен бүркеген болыпты. Бұрын жадағай-жайдақ жататын қазан-аяқ жаққа шыпта 

кұрыпты, жалғыз-ақ от басында тұратын қара құман жылжып барып, босағадан орын 

алыпты. Әттен, қолдың қысқалығы. Әйтпесе Шекер кісіге кеудесін бастырғандай әйел ме? 

Құлтума екі қойды қайдан табарын білмей күшеніп, басын қатырып жүргенде, Шекер 

қойды да өзі жайғастырып қойып еді. Бір қойды Жұматайдың ақысына сындырып, 

байдікінен алмақ болып еді. Байдың бір әдеті: күні толмай, малшыға ақы бермеуші еді. Бұ 

жолы Шекер өзі барып, құда, күйеу келетінін айтып, Қара бәйбішеге талақша жабысқан 

соң мейірімі түсіп еді. Енді бір қойды Мақатайдан алды. Оның қырык-елу қойы бар ғой. 

Ана кезде Мақатай қатыны өліп, зарығып жүргенде Шекердің бір "сауабын алғаны" 

болушы еді. Өзімсіне, өжеттене сөйлеген тілін жыға алмады. Жұмсақ адамды билей 

сөйлесең, ырқыңа көне кететін бір әдеті бар ғой. 

Со кезде іргеде тыңдап жатқан бір қатын жөтеліп қалды. "Ә-о, жаңа білдім! Қатындардан 

ұялып отыр екен ғой" деп Тұяқ қуанып кетті. "Үндемей біраз жатамын, қатындар кетсін" 

деп орнына қайта жатып, көрпесін жамылып, тындырған немеше бір күрсініп қойды. 

Қатындар аздан кейін тұрып кеткендей болды. Қалғаны болса тағы кетсін деп, тағы біраз 

жатты. Сол кезде шықырлап есік ашылды: "Қатын иттердің біреуі ме? Жоқ, әлде өзіміздің 

жолдастар ма? Бір түнге қуығы жарылып бара ма екен? Дәу де болса, Шелекбай ғой. 

Қуығының майы кеткен бір ит ол. Қайдан ерттім соны?"- деп зығырланды. Есік жабылып, 

аз уақыт өткен соң басын көтеріп, сипаласа - Күнікей жоқ. Үйдің ішін олай бір, бұлай бір 

шарқ ұрып іздеді. Күнікей ұшты-күйлі жоқ. Тұяқ тамсанып, таңдайын қағып, боғын 

пышақтап іздей тұрсын, біз Күнікейдің ізіне түсейік. 



Тұяқ ойлағандай, Күнікей іргедегі қатындардың кетуін күтіп отыр еді. Бірақ Тұяқ ойынан 

Күнікей ойының азырақ айырмасы болды. Қатындар кеткенде, Күнікей Тұяқтың қойнына 

қарай емес, есікке қарай бет алды. Әлгі шығып кеткен сол еді. Күнікей шықса, үрген иттен 

басқа ың-жың жоқ. Түн түнеріп, таң қараңғысы басқан екен. Күнікей үйдің о жақ-бұ 

жағына барлап қарады да, ептеп басып есік алдындағы өзекке қарай жүре берді. 

Өзекке жеткенде, қараң етіп алдынан біреу түрегелді. Алқынған, аңсаған көкірек қарсы 

ұмтылып: 

-        Жеттің бе, жаным?- деп құшағын жайғанда: 

-        Жеттім-ау, қалқам!- деп құшағына кіре кетті. 

-        Серт пе? 

-        Серт! 

-        Жүр, ендеше, былайырақ!- деп Күнікейді шапанына тығып, қолтығына қысып алып 

кетті. 

Әнеугіден бері Күнікейдің күткені, көнгені осы серт, осы үміт еді. Кешегі түндегі 

Сүлеймендікіндегі шүңкіл де сол серттің қайрауы еді. Қыбырттаған жаман-жұман боз-

баланың да, қиқаңдаған кейқуат Тұяқтың да аузын аппақ қылып, қараңғы түнде қапысын 



тауып. албырт Күнікей асыл қазынасымен ер жігіттің қолына тиді... 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет