Код модулі: эг1 Модуль атауы:Әлеуметтік -гуманитарлық Пән атауы



бет20/119
Дата27.10.2022
өлшемі208,27 Kb.
#45787
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   119
Модуль коды: ТАҚ-4
Модуль атауы: Тірі организмдердің құрылымы
Пән атауы: Цитология, гистология және эмбриология
Пререквизиттері: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Постреквизиттері: Адам анатомиясы
Оқытудың мақсаты:
Адам және жануарлар ағзасындағы клеткалар мен ұлпалардың микроскоптық құрылыс ерекшелігімен танысу, эмбриология ғылым саласы бойынша зерттеудің әдіс-тәсілдерін, ұрықтың даму заңдылықтарын, ұлпалардың құрылымының практикалық және теориялық негіздерін оқыту және эмбриология ғылымының биологиялық ғылым салаларының ішіндегі орны туралы түсінік қалыптастыру.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Жасушалар мен ұлпалардың маңызды топтарының негізгі, іргелі қасиеттерін, жекелеген мүшелерде жасушалар мен ұлпалардың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы мен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін қарастырады. Органикалық құрылымы бар объектілерді, тірі организмдердің эмбрионалды дамуын, гаметогенезін, ұрықтандыруды, морфогенезін зерттейді.
Оқыту нәтижелері: -цитология және гистология пәні бойынша теориялық білім алады;
-микроскоппен жұмыс атқарудың қажетті практикалық дағдысы қалыптасады;
- клетка теориясы туралы білім алуы арқылы биология ғылымының дамуына үлесі жайлы көзқарастары қалыптасады.
-осы пәнді оқығаннан кейін омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың даму кезеңдерін гистологиялық препарат, микросуреттер арқылы анықтай алу;
-ұрықтың дамуы және пайда болуын оны сабақ мазмұнына қарай қолдана білу керек. Эмбрионалдық және постнаталдық кезеңдерде әсер етуші экологиялық факторларды анықтай білу. Жануардың эмбрионалды дамуына бақылау және тәжірибе қоя білу.
Қалыптасатын құзыреттер: Жалпы тіршіліктің мәнін, оның формаларын, дамуын, тірі табиғат дамуының жалпы заңдылықтарын игеру, жасуша және ұлпа түрлері, құрылысы, қызметі жайлы білім саласында демонстрациялай алу, микроскоппен жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағды қалыптастыру. Зертханалық жағдайда заманауи жабдықтармен, қазіргі заманғы тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану дағдысын қалыптастыру, педагогикалық технологиялар пайдалану саласында іздену, бағалау, саралай білу және позитивті ойлау дағдысын қалыптастыру.
Тірі ағзалардың даму үрдістері, гаметогенез, ұрықтану, зиготаның түзілуі мен бөлінуі, ұлпаалардың жіктелу үрдістері, мүшелердің қалыптасуы мен дамуы жайлы түсінікке ие болады.
Шығармашылық жұмыстың теориялық негіздерін меңгеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет