Кодекс куманикус. Армян жазулы ескі қыпшақ ескерткіштері. Дана Хиқар



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі28,47 Kb.
#41554
түріКодекс
  1   2

1 Жазудың жалпы даму тарихы

  1. Латын (гот) жазуы. Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері.

  2. Кодекс куманикус.

  3. 2. Армян жазулы ескі қыпшақ ескерткіштері. Дана Хиқар.

  4. 3. Шығыс Түркістаннан табылған жазба ескерткіштер (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.).

Жазудың тарихына қатысты шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер аз емес. Атап өтсек, В.А.Истриннің «Возникновение и развитие письма» (Москва, 1965), «Развитие письма» (Москва, 1961); Д.Дирингердің «Алфавит» (Москва, 1963), И.Фридрихтің «История письма» (Москва, 1979),; И.Е.Гельбтің «Опыт изучения письма» (Москва, 1982) сынды еңбектер.
Жоғарыда аталып өткен еңбектерге сүйене отырып, жазудың даму тарихын эволюциясын тануға тырысайық. Қазақ тіліндегі еңбектерде сирек кездесетіндіктен әдістанымдық негіз ретінде жазу тарихына шолу жасаудың қажеттілігі бар деп білемін.
Қоғамдағы адамның мәні өз ойын сыртқа шығару қабілеті мен өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеті арқылы ерекшеленеді. Біріншісі, жеке-дара қасиеті болса, екіншісі, әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін ән айту, өлең шығару, сурет салу, мүсін жасау сияқты қоғамдық шартты құбылыстар арқылы білдіреді. Тарихқа көз жүгіртсек адам қоғамсыз өмір сүре алмағын. Сондықтан қоғам болып бірлесіп қабылданған бейнелер арқылы өз ойын, сезімін сыртқа шығарудың жолдары көбейе түсті.
Жазу сурет өнерінен бөлініп шықты. Ол қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Айнала қоршаған ортадан көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларын, сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – «жазу», көнескандинавиялық rita – «керту», «тырнау» деген мағына береді)
Алғашқыда адам тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарды. Уақыт өте келе бұл туындыларды өзгелер де қарап, оқиға, құбылыстарды түсініп, қабылдай алатын болды. Жазудың қоғамдық сипаты сол дәуірлерден ақындала түскен. Бұның басты себебі, өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін әрі қолынан сурет салу келетін қасиет адамдар санаулы болды да, ол «құдай жіберген» адам түсінігінде қабылданды. Бұл пиктографиялық жазу түрі еді. Тек бұл жазу түрін зерттеушілер жазу тарихынан гөрі өнер, магия тарихына апарады. Д.Дрингердің айтуы бойынша: «Полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін сыртқа шығару үшін ғана керек болды». Адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес жазу типтері пайда болады. Ауызша тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті қолдану себебінен ең алғашқы жазулар сурет, идеограмма, логограмма болған. Сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап дербес жазу шықты.

Гот жазуы - әріптері бұрышталып, сүйірленіп, ұзынша болып келген латын жазуының графикалық бір түрі. Гот жазуының алғашқы үлгілері Италияда Х ғ-да , Батыс Еуропаның басқа елдерінде ХІ ғ-дың аяқ шенінде белгілі болды. Ал Гот жазуы Германия, Франция және Батыс Еуропа елдерінде кітап жазуға ХІІ ғ. қолданыла бастады. Гот жазуының 4 түрі болған:

  1. текстура - сүйір жазу;

  2. фрактура - сүйірленген сынық жазу;

  3. швабахер - кейбір әріптері дөңгеленіп келген сынық жазу;

  4. дөңгеленген Гот жазуы - Гот жазуының дөңгеленген, жұмырланған латын жазуына көшу кезеңі.

Осы соңғы түрі Қайта өркендеу дәуірінде Италияда кең тарады. Қазір Гот жазуы сирек қолданылады, көбіне сән ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет