Кодексі Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне тмд-дағы kpmg мазмұны



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі5,66 Mb.
#10971
түріКодекс

SECTORS AND THEMES

Credits and authors in Univers  

45 light 12pt on 16pt leading

Мінез-құлық

кодексі

Қаңтар 2015

Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG


Мазмұны

Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG басқарушы серіктесінің 

Кіріспе

KPMG құндылықтары



Міндеттемелер 

Міндеттер

Кімнен көмек сұрау керек

Мінез-құлық кодексін сақтау

01

02

06



08

10

12



12

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.



Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG табысы мен көшбасшылық ұстанымы-кәсіби адалдық пен пара-

саттылық қағидаттарын  басшылыққа ала отырып, әрдайым жоғары сапалы жұмыс жасауға ұмты-

латын, компания беделін нығайтуға ықпал ететін  біздің қызметкерлеріміздің қосқан үлесі болып 

табылатыны күмәнсіз.

KPMG (KPMG – Эксперт ЖА нұсқасы бойынша Ресейдегі ең ірі аудиторлық фирма; аудиттегі 

нарық үлесі – «Эксперт-400» 2015 жылғы рейтингіне сəйкес ең ірі 100 ресейлік компания) 

табысы мен көшбасшылық жайғасымы –– кəсіби инабаттылық, əділдік жəне адал ниеттілік 

қағидаттарын ұстана отырып, жұмыстың жоғары сапасына мүлтіксіз талпына отырып, KPMG 

іскерлік абырой-беделін нығайтуға септігін тигізетін, Ресейде жəне ТМД елдерінде 

орналасқан барлық кеңселердегі қызметкерлеріміздің еңбегі екені шүбəсіз.

Дəл осы қағидаттар, Жүріс-тұрыс кодексіміздің негізінде жатыр жəне фирманың, 

клиенттердің жəне қоғамның алдындағы міндеттемелерімізді орындаудың кепілі болып 

табылады.

Мінез - құлық кодексі 2005 жылы қабылданған, ол нарықтың және қоғамның үнемі 

өзгеріске ұшырап тұратын қажеттіліктерін, сондай-ақ ғаламданған  нарықтың  одан әрі  

анағұрлым күрделене түсетін және екіұшты жағдайын ескере отырып  үнемі  

жаңартылып отырады. Ол  біздің  брендіміз – кәсіби шеберлік, ғаламдық ойлау 

біліктілігі, ұзақты көре білу, құнды үлес қоса білу қабілеті мен ынталылық сипатта-

масын  клиенттерге нақты және анық ұсыныстар беру үшін қалай көрсететінімізді 

бейнелейді.  Біздің негізгі құндылықтарымыз бен қағидаттарымыз сол қалпында 

қалғанына қарамастан, Мінез-құлық кодексі заңнамадағы, нормативтік ретте-

мелер, кәсіби этикалық стандарттар және құпиялықты сақтау талаптарындағы 

өзгерістерді бейнелеу үшін түзетілуі мүмкін. 

Жоғарыда аталғандардан басқа, Мінез-құлық кодексі біздің қабылдаған 

әлемдік мәселелерді талқылауға, өсу мен тұрақты дамуға белсенді жәрдем 

көрсетуге қатысу туралы міндеттерімізді, сондай-ақ біздің әлемнің түрлі  

елдерінің қоғамдастықтары алдындағы қосымша міндеттерімізді, оның  

ішінде нарықтық экономиканы дамыту және бизнесті жауапкершілікпен 

жүргізу туралы міндеттемелерімізді бейнелейді. 

Жоғарыда айтылғаннан бөлек, Жүріс-тұрыс кодексі жалпыəлемдік 

мəселелерді талқылауға қатысу, өсуге жəне тұрақты дамуға белсенді 

түрде ықпал ету бойынша өз тарапымыздан қабылданған 

міндеттемемізді, сондай-ақ əлемнің түрлі елдерінің 

қоғамдастықтарының алдындағы, соның ішінде нарықтық 

экономиканы дамыту жəне бизнесті жауапты түрде жүргізу бойынша 

қосымша міндеттемелерімізді көрсетеді.

Біз өзіміздің қызметімізде корпоративтік басқару саласына қатысты 

ең жоғары стандартты ұстануға талпынамыз жəне сондай 

стандарттардың көрінісі –– KPMG Жүріс-тұрыс кодексі болып 

табылады.



Олег Гощанский 

Басқарушы серіктес, Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG

Басқарушы серіктес 

Олег Гощанскийдің хабарламасы 

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған



Кіріспе

KPMG басты активі – бұл біздің 

қызметкерлеріміз; 

сондықтан да біз қызметкерлерді 

қолдау, оқыту және дамытуға 

кепіл бола алатын жұмыс 

жағдайы мен одақты мәдениетті 

құруға ұмтыламыз, ол өз 

кезегінде жұмыстың ең жоғары 

тиімділігін және клиенттердің 

қажеттіліктері мен үмітіне жауап 

берерліктей қызмет көрсетуді 

қамтамасыз етеді. KPMG Жүріс-

тұрыс кодексі осы шарттар мен 

корпоративтік мəдениеттің, 

сондай-ақ осы Кодекстің 

Ресейде жəне ТМД елдерінде 

енгізілуін қамтамасыз ететін 

көптеген өзге факторлар 

жиынтығының қысқаша сипатын 

білдіреді.

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

2 | Мінез-құлық кодексі


Бұл Мінез-құлық кодексі мыналарға арналған:

этика саласында шешімдер қабылдау үшін



жауапкершілігін баса көрсететін, оның еліктеуге

тұрарлықтай жағымды үлгілік рөлін нығайтатын

және KPMG құндылықтарын бұлжытпай орындауды

дәріптейтін ұстанымды әзірлеу мақсатындағы



басшылық үшін;

өздері жұмыс істеуді жоспарлап отырған фирмамен



танысу мақсатында 

жаңа және әлеуетті

қызметкерлер үшін;



біздің  клиенттеріміз үшін, жеткізушілер

(өтемшілер), жақтас кеңес берушілер және өздері

ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіп отырған

ұйымның сипаттамасын түсінгісі келетін

байланысушы тұлғалар үшін;

жəне ең маңыздысы –– 



барлық қызметкерлеріміз

үшін, олар əрбірімізге жүктелетін міндеттемелерді

түсінуі мақсатымен, қызметкерлердің, Ресейдегі

жəне ТМД елдеріндегі KPMG желісіне мүше

фирмалардың, клиенттеріміздің жəне өзіміз жұмыс

істейтін жергілікті қоғамдастықтардың мүддесінде

KPMG құндылықтарын ұстануды қамтамасыз ету

үшін.

Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG Мінез-құлық кодексі-



не барлық қызметкерлер басшылыққа алатын KPMG

1



құндылықтары енеді. Бұл кодекс KPMG веб-сайты 

арқылы қол жетімді алуға болатын жария құжат болып 

табылады:

KPMG құндылықтары. KPMG құндылықтары біздің 

жұмысымыздың негізі болып табылады және KPMG 

желісіне мүше барлық фирмаларда қабылданған және 

оларды біздің барлық қызметкерлеріміздің орындау-

лары тиіс этикалық мінез-құлықтың басқарушылық  

қағидаларын білдіреді. 



KPMG міндеттемелері. KPMG қызметі аталған 

құндылықтарға сәйкес келуі үшін, біз өз қызметкер-

леріміздің, өз фирмаларымыз желісінің, біздің желіге 

мүше фирмалар клиенттерінің және жергілікті қауымда-

стықтардың алдындағы бірқатар маңызды міндет-

темелерді өзімізге алдық. Бұл міндеттемелер KPMG 

желісіне мүше барлық фирмалар үшін бірдей, олар 

KPMG қызметі жүзеге асырылатын елден тәуелсіз түрде 

мінез-құлықтың этикалық нормаларын орындауға деген 

үздіксіз ұмтылысымызды көрсетеді.



Біздің қызметкерлеріміздің міндеттері. Аталған  

міндеттемелерді орындау үшін біздің қызметкер-

леріміздің оларға өздерінің күнделікті жұмысында 

орындауы тиіс маңызды міндеттер жүктелгенін түсінуі 

қажет. Міез-құлық кодексінің аталған бөлімінің соңында 

этикалық нормаларды сақтауды тексеруге арналған 

бақылау сұрақтарының тізімі келтірілген.

1

Осы Жүріс-тұрыс кодексінде «Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG», «біз», «KPMG», «бізге», «бізді», «өз 



тарапымыздан» жəне «біздің» сөздері мен сөз тіркестері кез келген фирманы –– Швейцария заңнамасы 

бойынша тіркелген KPMG International Cooperative (“KPMG International”) қауымдастығына кіретін Ресейдегі жəне 

ТМД елдеріндегі KPMG желісі мүшелерін білдіреді.

KPMG International қауымдастығы клиенттерге кəсіптік қызмет көрсетпейді. KPMG желісіне мүше фирмалардың 

ешбірі KPMG International компаниясын үшінші тұлғаларының алдында немесе KPMG желісіне мүше 

фирмалардың кез келгеніне міндеттемелерді жүктеу өкілеттігіне ие емес, сонымен қатар KPMG International 

компаниясы да KPMG желісіне мүше фирмалардың ешбіріне осындай міндеттемелерді жүктеуге құқылы емес.

© 2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ | 3


Мінез-құлық кодексі оның өзектілігін қолдау 

үшін келіп түскен пікірлерді ескере отырып 

үнемі қайта қарап толықтырылатын 

болады.


Жоғарыдағы сызбада KPMG 

құндылықтары Мінез-құлық кодексі 

көмегімен KPMG желісіне мүше фирмалар 

және біздің қызметкерлеріміз орындайтын 

анық белгіленген ішкі ережелер және 

олардың орындалуымен байланысты екені 

көрсетілген.



Мінез-құлық кодексі

4 | Мінез-құлық кодексі 

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.



© 2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ | 5



KPMG құндылықтары біздің қалай жұмыс істейтінімізді, сондай-ақ 

біздің одақтық мәдениет пен жеке және кәсіби мінез-құлықтың ең 

қатаң нормаларын орындаудағы ұмтылысымызды анықтайды.

Жеке үлгі негізіндегі басшылық

 – өз әрекеттерімізбен 

біз үнемі KPMG қызметкерлеріне, сондай-ақ біздің  

клиенттерге үлгі көрсетуге тырысамыз.

Бірыңғай командалық жұмыс  

– біз әркімге өзін  

көрсете білуіне көмектесеміз және әріптестермен тығыз 

іскерлік  қарым-қатынас орнатамыз.



Жеке тұлғаға құрмет 

 – біз тек білім мен тәжірибені ғана 

емес, сондай-ақ біздің әріптестеріміздің жеке тұлғасын 

бағалаймыз.



Жан-жақты талдау негізінде оңтайлы шешімдер  

ұсыну  

– ксындарлы көзқарас пен деректерді мұқият 

талдау бізге сенімді және әділ кеңесші ретіндегі       

беделімізді нығайтуға мүмкіндік береді.



Қарым-қатынастағы адалдық пен туралық 

 – біз 


клиенттермен және әріптестермен тұрақты түрде  

ақпарат, қорытындылар және ұсыныстар алмасамыз, 

сындарлы диалог жүргізуге ұмтыламыз және қиын 

жағдайларда батыл қимыл жасаймыз.



Әлеуметтік жауапкершілік 

– біз қоғам алдында   

жауапкершілігі бар компания ретінде әрекет етеміз және 

өз біліміміз бен тәжірибемізді үздіксіз жетілдіре отырып 

ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз.

Адалдық пен парасаттылық бәрінен жоғары

 –  


біз ең жоғары кәсіби үлгіқалыптарды орындауға, нақты 

және релеванттық нұсқаулықтар беруге және кәсіби 

тәуелсіздік қағидаларына қатаң түрде сүйенуге сөзсіз  

талпынамыз.

Адалдық пен парасаттылық – Мінез-құлық кодексінің барлық 

қағидалар негізінде жататын аса маңызды құндылықтар. 



KPMG құндылықтары

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

6 | Мінез-құлық кодексі


Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ | 7

© 2013 «КПМГ» 

ЖШС

. Барлық құқықтар қорғалған.



Біздің қызметкерлеріміз

«Біздің қызметкерлеріміз» – біздің жұмыскерлеріміз, серіктестеріміз, 

қосалқы мердігерлеріміз, кеңесшілеріміз  және  біз олармен бірге кәсіби 

қызмет көрсететін немесе осыған ұқсас қызметтер көрсетуге 

көмектесетін басқа да тұлғалар.

Біз өз қызметкерлерімізге әділ, этикалық және кәсіби



түрде әрекет етуге көмектесеміз.

Біз өз қызметкерлеріміздің, өз тараптарына қандай да



бір жауап шаралар қабылданады деп үрейленбестен,

этика және кәсібилік мәселелерін ашық көтеруіне қозғау

саламыз.

Біз өз қызметкерлеріміздің кәсіби дамуын олар өз



әлеуеттерін толық аша алуы үшін инвестициялаймыз.

Біз қорқытуға, кемсіту мен қысым көрсетуге жол



берілмейтін және әр қызметкерге сыйласымды және

лайықты қатынас орныққан жұмысқа тарту және ынты-

мақтастық ахуалын қолдаймыз.

Біз өз қызметкерлеріміздің жеке өміріне қол



сұқпаушылық құқығына құрметпен қараймыз және

олардың жеке деректерінің құпиялығын сақтаймыз.

Біз жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз



етеміз.

Біз жұмыс пен жеке өмір арасындағы



лайықты тепе-теңдікті қамтамасыз етеміз.

Біз сыйақыға әділ және ақиқат көзқарасты



пайдаланамыз.

Біздің тобымыз

«Біздің тобымыз» –– KPMG International қауымдастығына кіретін, 

Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG желісіне мүше фирмаларды өз 

ішіне алады. KPMG қауымдастығы Ресейде жəне ТМД елдерінде жиырма 

жылдан артық уақыт бойы жұмыс істеп келуде; қазіргі таңда аталған 

компанияның 18 кеңсесінде 4 000-нан астам маман жұмыс істеуде.

Біз клиент таңдауға аса мұқият қараймыз және өзіміздің



жоғары сапа үлгіқалыптарымызды сақтай отырып

орындай алатын жобаларды қолға аламыз.

Біз KPMG қабылданған негізге этикалық нормаларды



сақтайтын клиенттермен, жеткізушілермен, кеңесшілер-

мен және қосалқы мердігерлермен жұмыс жасаймыз.

Біз сәйкесінше әдістеме мен оларды жүзеге асыру



жолдарын  әзірлей және пайдалана отырып жоғары

сапалылыққа ұмтыламыз.

Біз дұрыс қорытынды жасау үшін, кәсіби этика үлгіқалып-



тарын басшылыққа ала отырып және KPMG тәжірибелі

мамандарымен кеңесе отырып күрделі жағдайларды

табысты шешеміз.

Біз үнемі KPMG беделі мен сапасын қорғауға және



нығайтуға ұмтыламыз.

Біз активтер мен ресурстарға мұқият қараймыз және



оларды өз қызметімізбен тікелей байланысты

мақсаттарда ғана пайдаланамыз.



Міндеттемелер

Бұл бөлімде біз өз қызметкерлеріміз, фирмалар желісі, біздің желіге 

мүше фирмалар клиенттері және жергілікті қауымдастықтар алдында 

қабылдаған міндеттемелеріміз атап өтілген.

8 | Мінез-құлық кодексі

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.



Біздің клиенттеріміз

«Біздің клиенттеріміз» – бұл біз немесе біздің тобымы-

зға кіретін кез келген фирма кәсіби қызмет көрсететін 

ұйымдар мен жеке тұлғалар.

Біз клиенттерге біздің біліктілігімізге, тәжірибемізге,



кәсіби міндеттемелерімізге және жасалған шарт

талаптарына сәйкес келетін жоғары сапалы қызметтер

ұсынамыз.

Біз заңға сәйкес әрекет етеміз және этикалық нормалар



мен қоғам мүдделерін сақтаймыз.

Біз тәуелсіздік пен әділеттілікті сақтаймыз және



мүдделердің нақты немесе әлуеттік қақтығыстарынан

қалыс қаламыз.

Біз өз клиенттеріміздің құпия ақпаратын қорғаймыз



және олардан алынған деректерді біздің қызметімізге

тікелей байланысты мақсаттар үшін ғана

пайдаланамыз.

Біз KPMG желісіне мүше фирмалар қызметін ұсынған



кезде адал әдістер қолданамыз және әділ бәсекелес

күрес жүргіземіз.

Біз өз қызметкерлеріміз арасында парақорлық пен



жемқорлыққа жол бермейміз және біздің клиент-

теріміздің, жеткізушілеріміздің немесе мемлекеттік

шенеуніктердің заңсыз әрекеттерімен, сондай-ақ

этикаға жат мінез-құлықтарымен келісуге  жол

бермейміз.

Жергілікті қауымдастықтар 

«Жергілікті қауымдастықтар» – бұл біз жұмыс істейтін 

нарықтар мен өңірлер, сондай-ақ билік пен қоғамның біз 

қарым-қатынасқа түсетін өкілдері.

Біз аудитор мен кеңесші мамандықтары беделін



көтереміз және капиталдың әлемдік нарықтарына

сенімді нығайтуға көмектеміз.

Біз нарықтық экономиканың қызмет етуінің жақсаруына



өз үлесімізді қосамыз.

Біз британдық Қаржылық есептілік жөніндегі кеңес



әзірлеген Аудиторлық фирманы одақты басқару кодексі

талаптарын сақтаймыз.

Біз климат өзгеруі, тұрақты даму және халықаралық



даму саласындағы халықаралық бағдарламаларды

жүзеге асыруға белсенді қатыса отырып қоғам алдында

жауапты компания ретінде әрекет етеміз.

Біз өз қызметіміздің экологиялық салдарларын



қадағалаймыз.

Біз БҰҰ Ғаламдық шартының он қағидасын  қоса



алғандағы этикалық мінез-құлықтың әлемдік жоғары

үлгіқалыптарын орындаймыз.

Біз жергілікті қоғамдастықтар жағдайын жақсарту үшін



басқа компаниялармен, мемлекеттік органдармен және

қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс

істейміз.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ | 9

© 2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.


Міндеттер

Қызметкерлердің міндеттері

KPMG-нің әрбір қызметкері аталған міндеттемелердің 

орындалуы үшін жеке жауапты. KPMG барлық қызметкер-

лері  міндетті:



• Барлық қажетті ақпараттарды игеру.

Сізге және сіздің жұмысыңызға қатысты қолданылатын 

заңнамадағы, кәсіби үлгіқалыптардағы және KPMG ішкі 

ережелеріндегі өзгерістерді біліп отыру үшін сіз  тре-

нингтерге қатысуға, ақпараттық хабарламаларды оқуға, 

KPMG ресурстарын пайдалануға және қажет болған 

жағдайда мамандардан кеңес алуға тиіссіз. 

• Табандылық көрсету.

 Сізді кез келген жолмен алға

қойылған мақсаттарға қол жеткізуге немесе лайықсыз 

түрде әрекет етуге мәжбүрлейтін қысым қаншалықты 

күшті болса да, ешқашан KPMG құндылықтарынан бас 

тартпау керек. Басқалардың пікірінен ерекшеленетін 

пікір айтудан немесе жағымсыз ақпаратты    

хабарлаудан қорықпаңыз. 



• Өзін жауапты ұстау. 

Өзіңіздің күнделікті

міндеттеріңізді орындаған кезде осы Мінез-құлық  

кодексі қағидаларын ұстаныңыз. Сіз KPMG кәсіби 

беделін қорғау үшін жауаптысыз. Кез келген лайықсыз 

қылық компания беделіне орасан нұқсан келтіре  

алады. 

• Мәселелерді талқылауға шығару. 

Сіздің пікіріңіздің

маңызы бар. Егер сізге әлдене дұрыс емес тәрізді    

болып көрінсе, үндемей қалмаңыз. Өз қаупіңізді 

айтыңыз және мәселені шешудің мүмкін жолдарын 

ұсыныңыз. 



• Басқалармен ақылдасу. 

Ешкім де барлығын тегіс білуі

мүмкін емес, егер сізде күмән болса немесе сіз не басқа 

біреу қателік жіберді деп есептесеңіз, сіздің басқа 

біреуден ақыл-кеңес сұрағаныңыз дұрыс. 

Басшылардың міндеттері

Басшылардың қосымша міндеттері бар.   

Сіз серіктес немесе шағын топтың менеджері болып 

табылатыныңызға қарамастан, сіз келесі қағидаларды 

орындауға міндеттісіз:

• Өзің өнеге көрсету негізінде басқару. 

Өз өнегеңіз

арқылы өз қызметкерлеріңізге өзіңді адал және өнегелі

ұстау және Мінез-құлық кодексі қағидаттарын орындау

дегеннің нені білдіретінін көрсетіңіз.

• Өз қол астындағыларға қолдау көрсету.

Өзіңіздің қол астыңыздағылар Мінез-құлық кодексімен

танысқанына және түсінетініне, сондай-ақ олардың

KPMG құндылықтарын сақтау үшін олардың қажетті

ресурстарға қол жеткізе алатынына  көз жеткізіңіз.

• Өз қол астындағыларды дамыту. 

Этикалық нормалар

мен клиенттерге қызмет көрсетудің ең жоғары

үлгіқалыптарын сақтауды талап ететін, нақты, өлшемді

және әртүрлі міндеттер қойыңыз.

• Бекітілген үлгіқалыптарды қорғау. 

Басшы ретінде өз

қол астыңыздағылардың осы Мінез-құлық кодексін қоса

алғандағы KPMG бекітілген үлгіқалыптарының

біртіндеп және шын ниетпен орындалуын  қамтамасыз

етіңіз.


• Парасаттылық таныту. 

Қызметкерлер адал ниетпен

қойған сұрақтар мен күдіктерге мұқият және ақылмен

қараңыз.


• Жеке өзінің жауапты болуы. 

Өзіңіздің және қол

астыңыздағылардың іс-әрекеттері үшін жеке өзіңіз

жауап беруге дайын болыңыз.

KPMG әрбір серіктесі мен қызметкері оның 

лауазымына жауапкершілік деңгейіне лайық 

заңнамалық талаптарды, кәсіби үлгіқалыптарды 

және этикалық нормаларды лайықты түрде 

орындауға жеке өзі жауапты.

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

10 | Мінез-құлық кодексі


Этикалық нормалардың орындалуын тексеруге 

арналған бақылау сұрақтарының тізімі

Біздің моральдық қағидаттарымыз, яғни біздің ортақ 

игілігіміз үшін дұрыс әрі лайықты болып табылатындар 

туралы біздің жеке ұғымымыз жұмыс жағдайындағы 

іс-әрекетімізді анықтауы тиіс. Сонымен қатар біздің 

мінез-құлқымыз қолданыстағы заңнамаға және үлгіқа-

лыптарға, сондай-ақ KPMG-нің ішкі ережелеріне қатаң 

түрде сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, біз KPMG –нің 

құндылықтары мен міндеттемелері енетін анағұрлым 

кең этикалық нормаларды ұстануға міндеттіміз. 

Ұсынылған бақылау сұрақтарының тізімі сіздерге тек 

күрделі жағдайда ғана емес, сондай-ақ өздеріңіздің 

күнделікті жұмыстарыңызда шешімдер қабылдау үшін 

арнайы жасалды.  



Шешім қабылдай отырып өздеріңізден 

сұраңыздар:

Менің мінез-құлқым KPMG құндылықтарына,



этикалық нормаларға және кәсіби үлгіқалыптарына

сай келе ме?

Мен қабылдаған шешім дұрыс болып табыла ма?



Мен қабылдаған шешім негізінде жауапты кәсіби

ой-тұжырым  жатыр ма?

Менің іс-әрекетім KPMG саясаты мен қолданыстағы



заңнамаға сай келе ме?

Егер ол туралы тұлғалардың кең ауқымына белгілі



болған жағдайда, мен өз шешімімді түсіндіруге

ұялмайтыныма сенімдімін бе?

Менің әріптесімнің немесе клиенттің іс-әрекеті



қолданыстағы заңнамаға, этикалық нормаларға

және KPMG саясатына (егер бұл әріптес болса)

сай келе ме?

Егер бұл сұрақтардың тым болмаса біреуіне сіз  

жағымсыз жауап берсеңіз немесе жауап беруге    

қиналсаңыз, сіздің көмек сұрауыңыз қажет. Мұндай 

жағдайларға мысалдар:

Сіз қолданыстағы ережелер, заңдар, нормативті



талаптар мен кәсіби үлгіқалыптарды жеткілікті

дәрежеде жақсы түсінетіңізге сенімді емессіз –

олардың көпшілігі айтарлықтай күрделі.

Әр түрлі көзқарастар болғандықтан сізге қандай



нақты әрекет қабылдауды таңдау қиын.

Мүмкін әрекеттер (әрекетсіздіктер) немесе



шешімдер қандай да бір себептермен сіздің

көңіліңізден шықпайды.

Сіз сондай-ақ KPMG саясатын, қолданыстағы    

заңнама мен кәсіби үлгіқалыптарды бұзушылықтар 

болуы мүмкін екендігі туралы хабарлауға міндеттісіз. 

Мұнда сіз өзіңіздің әріптесіңіз, KPMG клиенттері немесе  

клиентпен қатысты тұлғалар, жеткізуші, қосалқы   

мердігер немесе фирмамен байланысты басқа да  

үшінші тұлғалар құқыққа қарсы әрекеттерді немесе  

этикалық нормаларды бұзатын қандай да бір әрекет-

терді жасауға  тартылғаны немесе тартылуы мүмкін 

екендігін білген немесе күдіктенген жағдайлар кіреді.

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ | 11



Кімнен көмек 

сұрау керек

Қолдау көрсетілуінің көптеген әдістері бар – сізге олардың 

ішінен, өз пікіріңіз бойынша, қалыптасқан жағдайда  

оңтайлы болып табылатындарын таңдап алу керек.  

Нақты айтқанда, сіз:

жасы үлкен әріптестерге, сіздің желілік менеджеріңізге



немесе жетекші-менеджерге;

жоба бойынша серіктеске;



сіздің бөлімшенің/кеңсенің сәйкес мамандарына:

 



тәуекелдерді басқару үшін жауап беретін



қызметкерлерге;

 



қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма

қызметкерлеріне; 

 



одақты заңгерлер тобы қызметкерлеріне хабарласа



аласыз.

Өз кəдігіңізді жоғарыда аталған тұлғаларға айта 

алмаймын деп ойласаңыз, Ресейдегі жəне ТМД 

елдеріндегі KPMG қауырт желісіне жүгіне аласыз.

Қауырт желі арқылы алынған жəне оның құзыретінің 

саласына кіретін сауалдар, хабарламаларды қарауға 

жауап беретін тəуелсіз омбудсменнің бақылауымен 

қаралады.

Қауырт желіге жіберілген сауалдар мұқият түрде 

тексеріледі.

Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі барлық KPMG 

фирмалары белгілі бір саясатты ұстанады, ол 

бойынша, жосықсыз сауал берген қызметкерге 

айыппұл салынбайды жəне оның құқықтары ешбір 

жолмен шектелмейді:

Сонымен қатар, қызметкерлер көмек, кеңес алу үшін 

немесе өз қауіптері туралы хабарлау үшін басқа да  

аймақтық немесе ғаламдық ресурстарды пайдалана  

алады. Оған кіретіндер:

сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бойынша



аймақтық серіктес;

сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бойынша



ғаламдық бөлімшелер (оған автоматтандырылған  

сұрату жүйесі арқылы немесе тікелей хабарласуға 

болады).

Мінез-құлық кодексін 

орындау

KPMG барлық қызметкерлері осы  Мінез-құлық 

кодексін орындауға міндетті.

Қызметкерлердің Мінез-құлық кодексін немесе KPMG желісіне мүше фирмалардың сәйкесінше    

қосымша ережелерін орындамауы олардың жұмыс нәтижесінің бағасына кері әсер етуі мүмкін және 

фирма тарапынан тәртіптік шараға алып келуі мүмкін. 

KPMG қызметкерлері екі жылда бір рет Мінез-құлық кодексін қоса алғандағы этикалық нормалар 

бойынша тренингтен өтуге міндетті.

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

12 | Мінез-құлық кодексі 

Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG үшін



«Қауырт желі» – қауырт желі туралы анағұрлым

егжей-тегжейлі ақпаратты мына сілтеме арқылы

ала аласыз – http://www.kpmg.com/RU/ru/Pages/

Whistleblowing-hotline.aspx.



Мінез-құлық кодексі бізге, халықаралық бизнестің 

қазіргі заманауи кәсіби шеберлері ретінде, біздің 

алдымызға қойып отырған күрделі міндеттерді 

шешу барысында, қалай әрекет етуіміз керектігі 

туралы ескертеді.

© 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ | 13


© 2015 «KPMG» АҚ, Ресей Федерациясының заңнамасына сəйкес тіркелген компания жəне Швейцария заңнамасы бойынша 

тіркелген KPMG International Cooperative (“KPMG International”) қауымдастығына кіретін KPMG тəуелсіз фирмалары желісінің 

мүшесі. Барлық құқықтар қорғалған. Ресейде басып шығарылған.

KPMG жəне KPMG логотипі –– KPMG International қауымдастығының тіркелген тауарлық белгілері немесе тауарлық белгілері 

болып табылады.

KPMG International рұқсатымен аударылған.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет