Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет2/38
Дата06.03.2017
өлшемі0.97 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

4-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ
      28-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа жататын тұлғалар
      Әкiмшiлiк жауаптылыққа:
      1) әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа 
толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға;
      2) заңды тұлға жатады.
      29-бап. Ақыл-естiң дұрыс еместігі
      Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда
болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған 
немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі 
кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке 
тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.
      30-бап. Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      Лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына 
байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай
мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы 
негiздерде жауаптылыққа жатады.
      Ескертпе. Осы Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе 
арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не 
әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың 
субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе 
әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар деп 
танылады.
      31-бап. Құқық бұзушылық арнаулы техникалық құралдармен
               тiркелген кездегi әкiмшiлiк жауаптылықтың
               ерекшелiктерi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық 
құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.
      2. Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру
барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не 
басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, 
осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан 
босатылады.
      Ескертпе.
      Осы Кодекстiң баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, 
сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға 
берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi деп танылады. 
      Осы Кодекстiң баптарында сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен 
аспаптары деп құқық бұзушылықтарды байқау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден 
өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк
құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы 
мен бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.
      32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік
               жарғылардың не арнайы ережелердің күші
               қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік
               құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк
               жауаптылығы
      1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 

651
652




 көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару 
676
677
680
681-баптарында
кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта 
болады. Арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтік 
міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тиiстi органдарда қызмет 
өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.
      2. Қазақстан Республикасының 
, Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк шекарасы режимiн
Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттеріндегі режимдi
, Қазақстан Республикасының 
, халықтың 
мемлекеттік құпияларды қорғау
 саламаттылығы саласындағы заңнамасын, 
 
санитариялық-эпидемиологиялық
өрт қауiпсiздiгiнiң
талаптарын, 
, қызмет орындарынан тыс жерде кеден қағидаларын, Қазақстан 
жол жүрісі қағидаларын
Республикасының 
 пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын, Қазақстан 
бухгалтерлiк есеп

Республикасының 
 және 
 заңнамасын, Қазақстан Республикасының 
 
бюджет
салық
мемлекеттiк сатып алу
туралы заңнамасын, 

 қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен 
аң аулау
балық аулау
қорғаудың басқа да қағидалары мен нормаларын бұзғаны үшiн осы баптың бірінші бөлігінде аталған 
адамдар жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық 
қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк 
жазалар қолдануға болмайды.
      3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен әскери және арнайы оқу 
орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылмайды.
      4. Әкімшілік жазаны қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың 
бірінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдарға әкімшілік жазалар қолданудың орнына 
кінәлілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық 
бұзушылықтар туралы материалдарды беруге тиіс.
      
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 
№ 248-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа
 
 
енгізіледі); 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі), 18.11.2015
№ 411-V
(
 
 
01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі). Заңдарымен.
      33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының,
               адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды
               тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы
      1. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды 
тұлғалар осы бөлiмнiң 
 көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн 
Ерекше бөлiгінде
әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.
      2. Егер осы бөлімнің 
 көзделген іс-әрекетті (әрекетті не әрекетсіздікті) 
Ерекше бөлігінде
заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе дара кәсіпкердің және 
заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын 
қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық
бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.
      3. Заңды тұлғаның дербес салық төлеушiлер болып табылатын және салық салу мен кеден ісі 
саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде 
әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара кәсіпкердің 
және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатады.
      34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және
               азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік 
қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, олардың 
филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылыққа 
жатады.
      2. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық 
бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы 
 бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
заңнамасын
      3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де 
шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн 
әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

      35-бап. Қажеттi қорғану
      1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және
қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен 
қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау 
кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғанудың шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы 
Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Кәсiби немесе өзге де арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық 
адамдардың бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығы бар. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан аулақ 
болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгiне 
қарамастан, адамға бұл құқық тиесiлi болады.
      3. Қолсұғушылықтың сипатына және қауіптілік дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, 
соның салдарынан қол сұғушыға жағдайдан туындамаған анық шектен тыс зиян келтiру қажеттi 
қорғанудың шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығып кету тек қасақана зиян 
келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың 
салдарынан қажеттi қорғану шегiнен шығып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.
      36-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу
      1. Құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде, осы адамды мемлекеттiк 
органдарға жеткiзу және оның жаңа қолсұғушылықтар жасау мүмкіндігінің жолын кесу үшiн, егер 
мұндай адамды өзге құралдармен ұстап алу мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi 
шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану деп адамға 
қажеттiлiктен асып, жағдайдан туындамаған, анық шектен тыс зиян келтiрген кезде, олардың ұстап 
алынған адам жасаған қолсұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстап алудың 
мән-жайларына анық сәйкес келмеуi танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру 
жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу құқығына оған арнаулы уәкiлеттiк берілген 
тұлғалармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.
      37-бап. Аса қажеттiлiк
      1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни аталған адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, 
денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей 
қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл 
қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл ретте аса қажеттiлiктің шегiнен шығып 
кетуге жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Аса қажеттiлiктің шегiнен шығып кету деп қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен 
дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болғызбаудан 
айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру танылады. Мұндай
шектен шығып кету тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
      38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
      1. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, егер мұндай мәжбүрлеу салдарынан адам 
өз әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау 

әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның 
салдарынан өз әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян
келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 
 ережелерi 
37-бабының
ескерiле отырып шешiледi.
      39-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
      1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы 
Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Мұндай 
іс-әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындауы үшін қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасаған тұлға жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе 
өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайды.
6-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ
ШАРАЛАРЫ
      40-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
      1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады 
және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте 
көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
      2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық 
тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да
жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
      3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе 
адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат
тұтпайды.
      4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк 
құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 
 көзделген тәртiппен 
59-бабында
толтырылады.
      41-бап. Әкiмшiлiк жаза түрлерi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін
:
      1) ескерту жасау;
      2) әкiмшiлiк айыппұл;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
      4) арнайы құқықтан айыру;
      5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау
;
      6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
      7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
      8) әкімшілік қамаққа алу;
      9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік 

жолмен шығарып жіберу.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi 
бөлiгiнiң 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды 
тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу 
қолданылуы мүмкiн.
      42-бап. Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары
      1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар 
ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
      2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ 
тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым 
салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен
әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде 
қолданылуы мүмкiн.
      3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша
әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
      43-бап. Ескерту жасау
      Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) 
жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны 
құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту 
жазбаша нысанда шығарылады.
      44-бап. Әкiмшiлiк айыппұл
      1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң 
 баптарында 
Ерекше бөлiгінiң
көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк 
көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.
      Осы бөлiмнiң 
 баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшерi:
Ерекше бөлiгiнiң
      1) қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының;
      2) орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының;
      3) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) 
әлеуметтiк аударымдар сомасының;
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 бастап
қолданысқа
 енгізіледі).
      4) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған)
және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік 
зейнетақы жарналары сомасының;
      5) заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құны сомасының;
      6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиiсінше есепке алынбаған соманың;
      7) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргiзiлген) мәмiле (
операция) сомасының;
      8) монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
туралы, 
 және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын, 
 және 
табиғи монополиялар
қаржы нарығының
қаржы ұйымдарының қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде 

алынған кіріс (түсiм) сомасының;
      9) құқық бұзушылық жасалған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезеңде бекiтiлген нормативтерден 
тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
      10) есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетiледi.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігін 11) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 406-V
 
Заңымен (01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
      Егер осы бөлiмнiң 
 баптарында көзделген айыппұл мөлшерi Қазақстан 
Ерекше бөлiгiнiң
Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасының 
пайызымен көрсетiлсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргiзiлсе, айыппұл сомасын 
теңгемен қайта есептеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкi 
 ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.
белгiлеген
      2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға 
болмайды.
      Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерiн жеті жүз 
елу айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
      Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық есептiк 
көрсеткiштен асыруға болмайды.
      Iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк 
көрсеткiштен асыруға болмайды.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта 
көрсетiлген айыппұлдардың белгiленген мөлшерлерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде белгiленуi 
мүмкiн.
      4. Осы Кодекстiң 
 сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң
729-бабына
, ауылдық округтердiң әкiмдерi салатын айыппұлдарды қоспағанда, айыппұл заңнамада белгiленген 
тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
      
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 271-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      45-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы
               болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық
               жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген 
тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады.
      Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан 
алынған зат мемлекет меншiгiне айналдыруға немесе жойылуға жатады.
      2. Егер осы Кодекстiң 
 өзгеше көзделмесе, құқық бұзушының меншiгi болып 
Ерекше бөлiгiнде
табылатын зат қана тәркiлеуге жатады.
      3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық 
аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып 
табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
      4. Тәркiлеудi судья қолданады және бұл осы бөлiмнiң 
 тиiстi бабында 
Ерекше бөлiгiнiң
әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
      46-бап. Арнайы құқықтан айыру

      1. Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.
      2. Арнайы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.
      3. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және он 
жылдан аспауға тиіс.
      4. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, масаң күйдi куәландырудан белгiленген 
тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген қағидаларды бұзып, өздерi 
қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда
бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
      5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау 
құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзуды 
қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға 
қолдануға болмайды.
      47-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру,
              сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау
      1. Рұқсаттан айыруды судья осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің 
ережелерін ескере отырып, қызметтi жүзеге асыру не рұқсатта көзделген белгiлi бiр әрекеттердi (
операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданады.
      2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
      3. Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы
ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан 
айыруды Қазақстан Республикасының 
 белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен 
заңдарында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
      4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден 
 белгiленген 
заңнамасында
негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан 
Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы 
 белгiленген негiздер бойынша 
заңнамасында
және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган, сондай-ақ жол жүрісі 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Микроқаржы ұйымдарының тiзiлiмiнен алып тастауды Қазақстан Республикасының микроқаржы 
ұйымдары туралы 
 белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан 
заңнамасында
Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру 
деп белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр әрекет жасауға лицензиядан, арнайы рұқсаттан, 
бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен), сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан 
Республикасының 
 көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданылуын 
Заңында
тоқтата тұру түсініледі.
      48-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата
               тұру немесе оған тыйым салу
      1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және 
(немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, 
құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне 
немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен 
құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін 
жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.
      2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер 
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде 
санкция тағайындау мүмкін болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген органның (лауазымды адамның) материалдарының негізінде сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi

. Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады.
      3. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды сот үш айға дейінгі мерзімге 
белгілейді.
      4. Сотта іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 
 
801-бабында
көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу
түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген 
түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасын сот
қолданса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне
қосылады.
      49-бап. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған
               құрылысты мәжбүрлеп бұзу
      Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды судья осы бөлiмнiң
 
 баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды.
Ерекше бөлiгiнiң
      50-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу
      1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын 
бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья 
айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.
      2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа 
толмаған адамдарға, 1 және 2-топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер 
мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.
      3. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.
      
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды
               Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк
               жолмен шығарып жіберу
      1. Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен 
әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң 
 көзделген тәртiппен және
Ерекше бөлiгiнде
негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
      Осы бөліктің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан 
Республикасының азаматтық iс жүргiзу 
 көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып
заңнамасында
жiберу жағдайында қолданылмайды.
      2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен 
әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, 
Қазақстан Республикасының 
 сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып 
Қылмыстық кодексiне
танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға 
қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексiнiң 
 белгiленген тәртiппен хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға 
179-бабында
дейiн кейiнге қалдырылады.
      52-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар 
жасауының алдын алу мақсатында мынадай әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн:
      1) жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру;
      2) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары 
әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзған адамды осы Кодекстің 
 
64-бабында
көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылуы 
мүмкін.
      
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
      Осы Кодекстiң 
 (оныншы бөлiгiнде), 
 (екiншi бөлiгiнде),
590
591
 (төртiншi бөлiгiнде), 
 (сегізiншi бөлiгiнде), 
 (төртінші бөлiгiнде), 
 (төртiншi 
592
593
594
595
бөлiгiнде), 
 (төртiншi бөлiгiнде), 
(бесінші және алтыншы бөлiктерінде), 
 (үшiншi 
596
597
598
бөлiгiнде), 
 (екiншi бөлiгiнде), 
 (екiншi бөлiгiнде), 
 (екiншi бөлiгiнде), 
 (
599
600
601
 602
екiншi бөлiгiнде), 
 (он үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған 
613
көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға 
жiберiледi.
      Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген 
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген 
органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
      54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар
               белгiлеу
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) 
iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде 
сот осы Кодекстiң 




 (үшінші бөлігінде), 
 көзделген әкiмшiлiк
73
128
131
436
442
461-баптарында
құқық бұзушылықты жасаған адамның мiнез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
      1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз 
мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, 
оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
      2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және 
пайдалануға;
      3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке
толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына толық көлемде немесе 
жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
      2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның 
мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн күзету 
және қорғау үшiн сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның 
басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге
де тұрғынжайда тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулiкке 
дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.
      3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған 
профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келіп 
тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.
      
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 
№ 378-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет