Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет38/38
Дата06.03.2017
өлшемі0.97 Mb.
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

туралы қаулыны орындау тәртiбi
 
      1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан 
айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны 
пайдалануға арналған рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
      2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан 
айырылған тұлға радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған 
рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиоэлектрондық 
құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қоюды белгiленген 
тәртiппен жүргізеді.
      3. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған 

рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      
 
 
 
Ескерту. 903-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
      
қолданысқа
енгізіледі).
      904-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру
                туралы қаулыны орындау тәртiбi
      Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау iшкi iстер 
органдарының тиiстi куәлiкті және қаруды 
 көзделген тәртiппен алып қоюы арқылы 
заңнамада
жүргізіледі.
      905-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                туралы қаулыны орындау
      Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын 
тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және рұқсаттар мен хабарламалар туралы 
 
заңнамада
белгiленген тәртiппен орындалады.
      906-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                туралы қаулыны орындайтын органдар
      Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын 
тоқтата тұру туралы қаулыны рұқсат берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
      907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                туралы қаулыны орындау тәртiбi
      1. Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы қаулыны 
орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық 
тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.
      2. Жеке тұлға, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, 
рұқсат берген орган – рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік 
электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау үшін заңнамада көзделген шараларды қолданады.
      908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
                мерзiмдерiн есептеу
      1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру (қолданылуын 
тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
      2. Белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы
шарасы қолданылған тұлға лицензияны 
 белгiленген тәртiппен алады.
заңнамада
      Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы 
қолданылған тұлғаға алынып қойылған рұқсат белгiленген тәртiппен қайтарылады.
      3. Рұқсаттың қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен бастап 
және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.

      909-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы
                қаулыны орындау
      1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу 
түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және шешiм заңды күшiне енгеннен 
кейін заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға тиiс.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
      2. Өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу бойынша, 
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегіне ақы мен өтемақы төлеу, әлеуметтік 
аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, салықтар мен 
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, айыппұлдарды төлеу бойынша төлемдерді 
қоспағанда, заңды тұлғаның және дара кәсiпкердiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде олардың банк 
шоттарындағы ақшаларын пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi 
тоқтатыла тұрған кезеңде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат 
жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткiзуге, сайлауға 
қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмі iшiнде қоғамдық 
бiрлестiк бұзушылықты жойса, онда қаулыда көрсетілген мерзiм өткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк 
өз қызметiн қайта бастайды.
      3. Заңды тұлға құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсiпкер 
олардың қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья қолданған әкiмшiлiк жазаны өз 
еркiмен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган 
 тәртiбiмен 
атқарушылық iс жүргiзу
орындайды.
      910-бап. Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы
                қаулыны орындау тәртiбi
      1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе 
толық тоқтата тұрады, ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр 
желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
      2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (
тарату) туралы шешiмдi ала отырып, заңнамада көзделген қызметке тыйым салу (тарату) тәртiбiнiң 
сақталуын тексередi және он тәулік iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейді, бұл 
жөнінде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға хабарланады.
      911-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
      1. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы соттың 
қаулысын өзiне қатысты осы әкiмшiлiк жаза шығарылған тұлға орындайды.
      2. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот 
қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық 
 тәртiбiмен орындайды.
iс жүргiзу
      912-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
                бойынша шығыстар

      Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау құқық 
бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.
      913-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау
      1. Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
      2. Әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда күзетпен
ұсталады. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамаққа алынғандардың жеке басы 
жете тексеріледі.
      Әскери қызметшiлер әкiмшiлiк қамаққа алуды гауптвахталарда өтейдi.
      3. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
қағидалар бойынша жүргізіледі.
      914-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару
                салдары
      Егер әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлға әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмi өткенге дейiн оны 
өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік қамаққа 
алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл ретте судья әкiмшiлiк қамаққа алуды 
өтеу мерзiмiнiң басталуын жаңадан белгiлейдi.
      915-бап. Мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде қаулыны орындау
      Осы Кодекстiң 
 сәйкес өндiрiп алуға жататын мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде 
59-бабына
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
      916-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
                Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен
                шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
      1. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк 
жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн 
адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуi арқылы жүргiзiледi.
      Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, көшіп 
келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған 
адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған 
жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, осы адамдарды 
жеткізген көлік ұйымы келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан 
әкету үшін жауапты болып табылады.
      2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде 
Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам сот шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен 
шығарып жіберілуге жатады.
      3. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекеттің өкiлiне беру Қазақстан Республикасының
аталған мемлекетпен шартында көзделмесе, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
      4. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, 
шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы 

арқылы өткiзу пунктінен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып 
жiберiлетiн шет мемлекеттiң билігi хабардар етiледi.
      5. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе бiржақты акт 
түрiнде ресiмделедi.
      917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
                Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен
                шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге
                асыратын органдар
      Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен 
шығарып жiберу туралы қаулыны:
      1) осы Кодекстiң 
 (екiншi бөлiгi), 
 (екінші бөлігі), 
(екінші бөлігі), 
 (
513
514
516 
517
екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктері)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған 
кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
      2) осы Кодекстiң 

 (үшінші бөлігі), 
 (үшінші, жетінші бөліктері), 
 (екінші 
109
449
490
495
бөлігі), 
 (екінші, төртінші, бесінші бөліктері)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар 
517
жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.
      
Ескерту. 917-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы
                қаулыны орындау
      Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны 
 белгiленген тәртiппен ішкi
заңнамада
iстер органдары орындайды.
53-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
 
      1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді 
қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң 
әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін 
белгілейтін осы Кодекстің 
 оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. 
5-бабына
Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша
қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
      2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген 
тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
      
 
 
 
Ескерту. 919-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы 
 қолданысқа енгізілген күннен бастап:
Кодекс
      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
 (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 
кодексінің

241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат
; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-
құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 
55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 
5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; 
№ 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22
-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; 
№ 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,
№ 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат
; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-
құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 
152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 
58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128
, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-
құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-
құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-
құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат;
№ 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20
-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-
құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-
құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17
, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 
11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар;
№ 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар
; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11
, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-
құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-
құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар
; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 
маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан 
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (
жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының 
) күші 
Заңы
жойылды деп танылсын.
      2. Осы Кодекс, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 281-баптың бесiншi 
 8) тармақшасын және 282-баптың 
 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы
бөлiгiнiң
үшінші бөлігінің
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      
Ескерту. 920-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                               Н.Назарбаев
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет