Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет9/38
Дата06.03.2017
өлшемі0.97 Mb.
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
      190-бап. Тұтынушыларды алдау
      1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе 
ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) 

тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
      белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге 
қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті 
тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті 
тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі 
мөлшердегі залал, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі залал деп танылады
.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      15-тарауды 190-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 14.01.2016 
№ 445-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
      191-бап. Қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын
                бұзу
      1. Тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруды және оның 
патрондарын сату 
 бұзуы –
қағидаларын
      лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу
      Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, 
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, 
тиiстi 
 жоқ тұлғаларға сату –
рұқсаты
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу
                туралы заңнамасын бұзу

      1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну 
қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы 
 бермеу –
қажеттi ақпарат
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа 
сыйымсыз пайдалану – 
      тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан 
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау –
      тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
                қабылдаудан бас тарту
      1. Қазақстан Республикасының аумағында 
 жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, 
сауда қызметін
қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды 
тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы –
      ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем
                карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
                жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының)
                болмауы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында 
 жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, 
сауда қызметін
қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi
дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге 
асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз
                сауда жасау

      Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының 
 тыйым салынған немесе шектелген
заңнамасымен
тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау –
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      197-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
      1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез 
келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды
қасақана тарату, көрмеге қою, сату –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат
                жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
      1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі 
 талаптарын бұзу –
заңнама
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және
                темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі
                бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ
                темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды
                өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын
                бұзу
      Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 
 Заңымен (алғашқы 
№ 299-V
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы Кодекстің 
 көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы 
133-бабында
 темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу –
заңнамасының
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын 

кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекi бұйымдарын 
имитациялайтын тауарларды өндiру, сату, тарату – жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сегiз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь
                өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
      1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға 
 өткізу –
алкоголь өнімін
      тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн: 
      сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
      этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12
-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –
      тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      
Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда
                объектілеріне әкелуді шектеу
      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан 
негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:
      1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда 
қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда 

қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
      2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас қызметті 
жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер 
беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда 
желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол
                берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын
                мөлшерінен асыру
      1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы 
 сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек 
заңнамасына
сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
      1. Осы Кодекстің 
 және 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, дара 
415
416-баптарында
кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, 
дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (
көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
      1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау –
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн
                қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес

                төлемдердi және негізгі капиталды сатудан
                түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы
                төлемеу
      Ескерту. 205-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 
 Заңымен (алғашқы 
№ 432-V
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес 
төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы 
төлемеу –
      жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 205-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 
№ 432-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын
                қабылдаудан бас тарту
      1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде көрсетілген
жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен 
монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың 
Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа ескертпеде көрсетілген 
жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта 
банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай 
жағдайларда:
      1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;
      2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (
пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының 
араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);
      3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;
      4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып 
табылмайды.
      207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу
                 туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға 
ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын 
ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) 
әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, 
көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын 
сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы 

заңнамасының талаптарын бұзу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      2. Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде
келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы 
қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық 
құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (
аукиондық құжаттаманың) мәтінін уақтылы орналастырмау –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген 
жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      4. Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық 
құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, 
конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа
(аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде 
ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық 
комиссияның) сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін 
қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (
аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында 
көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын 
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық 
құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын 
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы 
мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      8. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін 
қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына 
және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп
тану –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада 
бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін олардың біртекті 
түрлеріне қарай және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
      10. Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған
, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      11. Мынадай:
      1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен 
бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (
аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып,
оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы 

анық емес ақпарат бергені анықталған;
      2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн 
орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, 
өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен 
сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      12. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген 
жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу 
тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      13. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) 
тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (
аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның
біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес 
келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу –
      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      14. Осы баптың бiрiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      15. Осы баптың екiншi, оныншы және он үшінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      16. Осы баптың тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      17. Осы баптың үшiншi және он бірінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді
.
      Ескертпелер.
      1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
      1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi
басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу
рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық 
құжаттаманы) әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
      2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші 
басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу
рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе 
Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын 
өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
      4) төртінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның
орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысын;
      5) бесінші бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе 
Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын 
өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
      6) алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінінің 
бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру 
мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      7) жетінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ 
конкурстық комиссияның мүшелерін;

      8) сегізінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және 
оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін;
      9) тоғызыншы, он бірінші және он екінші бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, 
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      10) он үшінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және 
оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген 
жөн.
      2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама 
тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық 
бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы
бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
     
 
 
 
 Ескерту. 207-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
      
қолданысқа
енгізіледі).
      


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет