Көңілінде, халықтың жүрегінде



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

Бетпақдаладан 

Тянь-Шаньға, 

Шудан 


Қаратауға  дейін  созылып  жатқан  жазиралы 

Жамбыл  жері  талайға  киелі  мекен,  талайға  тал 

бесік  болды.  Қырқасына  дейін  қасиет  қонған, 

əр  төбесіне  тарих  тұнған  қастерлі  өлке  көптің 

көңілінде,  халықтың  жүрегінде.  Құдай  қолдап, 

аруақ  алқаған  Жамбыл  ақынның  атын  алған 

еліміздегі  жалғыз  облыс.  Жамбыл  жері  туралы 

айтқанда,  алдымен  оның  терең  қатпарлы,  сан 

салалы  тарихы  туралы  сөз  қозғамай  өту  мүмкін 

емес.  Кəріқұлақ,  көнекөз  шежіре  айтулы  мекен 

туралы  аңыз  əңгімелер  шертеді.  Болмысын 

баян  қылады.  Топырағы  тарих  болып  жүздеген 

ғасырлар  бойына  жан  сырын  ішіне  бүккен 

құпия  даланың  ғажабы  көп.  Ұлы  даланың  бір 

бөлшегі,  ғажайыптардың  отаны  болып  саналған 

əулиелі  мекен.  Батыс  пен  шығыстың,  оңтүстік 

пен  солтүстіктің  шырайы,  қазақ  ұлтының 

тарихы,  қадым  заман  куəгері  Жамбыл  өңірінің 

сағым  көшкен  сайын  даласы,  елдік  тұрғыдағы 

құндылықтары 

суретші 

қылқаламындағы 

таңғажайып өнер. 

Дүниедегі  барлық  өнер  мен  мəдениет 

атаулы  өзінің  негізін  дала  топырағынан  алады. 

Ешқандай  өркениет  топырақтан  алыс  ұзап 

кетпейді.  Дүниенің  жаратылуының  өзі  де 

тылсым  өркениет,  құдіретті  сəт.  Жамбыл  жері 

туралы  əңгіме  болғанда,  алдымен  еске  Айша 

бибі  кесенесі  оралады.  Бұл  ортағасырлық  аса 

құнды жəдігер Тараз қаласынан он екі шақырым 

қашықтықтағы  Жамбыл  ауданы,  Айша  бибі 

ауылының  орталығында  орналасқан.  Айша  бибі 

кесенесі – ХІ-ХІІ ғасырлардағы ортағасыр сəулет 

ескерткіштерінің  бірі.  Алпыс  түрлі  ою-өрнектері 

бар  эпиграфикалық  белдеумен  жасалған  бұл 

ескерткіш туристерді тек қана ерекше сəулетімен 

ғана  емес,  сонымен  қатар  Айша  бибі  бегім  мен 

Қарахан  батыр  арасындағы  шексіз  махаббаты 

туралы  аңыз  да  қызықтырып  келеді.  Ал  тарих 

бойынша Айша бибі əйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі 

бабаның қызы болып саналады.  Аңыз бойынша 

Айша  бибі  өзінің  ғашығы  Қарахан  батырға  бара 

жатқан  жолда  жылан  шағып,  соның  зардабынан 

қайтыс  болған  делінеді.  Əлем  əдебиетшілерінің 

айтуынша,  мазмұны  жағынан  əлемдегі  ең  қысқа 

роман  осы  Айша  бибі  кесенесінің  сағанасында 

жазылған. 

23 қазан, бейсенбі, 2014 жыл

№43 (471)

Жазиралы Жамбыл

3-бет


6-7-бет

ҰЛАНҒАЙЫР ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ БӨЛШЕГІ

Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы 

мекемелері арқылы жүргізіледі. Жазылу индексі: 66250.  

Тел: 43-69-04, 43-69-08.

 «АРАЙҒА» 

 «АРАЙҒА» жазыл, қалайда!

жазыл, қалайда!

Жазылу 

мерзімі

6 айға

1 жылға 

Қала тұрғындары 

үшін

1899,42 теңге

3798,84 теңге

Мекемелер мен 

ұйымдар үшін

2025,84 теңге

4051,68 теңге

Ауыл тұрғындары 

үшін

1975,86 теңге

3951,72 теңге

Ауыл мекемелері 

мен ұйымдарына

2102,28 теңге

4204,56 теңге

Тұйғынбек ТЕМІРБЕКОВ, Тараз 

қаласының Құрметті азаматы

Облыс әкімдігінде



ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕГЕН ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК

9-бет


ОБЛЫС ТУРАЛЫ ТҰҢҒЫШ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ 

КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Біздің оқырман

Жамбыл өңірі жазиралы

жаймашуақ мекен. Бұл өңірден талай 

тұлға қанаттанып ұшып, халықтың 

көкейдегісін қозғап, 

көңіліндегісін айтты. 

Жамбыл жастарының да 

тегеуріні темірдей, тәртібі 

тағылымды. Облыста 

бүгінде барлық салалар 

дамып, өнеркәсіп өндірісі 

алға шықты. Халқының 

қоғамдық пікірі орнықты

азаматтық көзқарасы 

айқын. Қазыналы 

Қаратаудың бауырынан 

өріп, айбарлы Алатауға 

барып тірелетін Әулиеата 

өңірінің келешегі жарқын, 

жастарының жалынды болуына 

тілектеспін!

Әулиеата өңірінің тарихын бейнелеп, 

ұрпаққа жеткізуді жергілікті «Қазақстан – Тараз» 

телеарнасы  қолға алды. Облыстың алдағы 

жетпіс бес жылдық мерейтойына орай түсірілген 

он бөлімнен тұратын «Жамбыл тарихы» деректі 

фильмінің айтары ерекше. Мұнда синхронды 

түрде емес, суреттер арқылы аудандардың 

құрылу тарихы, соғыс жылдарындағы облыс 

халқының тіршілігі суреттеледі.

ЖАМБЫЛ ЖЫРЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ 

ЖАМБЫЛ ЖЫРЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ 

«ШАБЫТТА» БАҚ СЫНАЙДЫ

«ШАБЫТТА» БАҚ СЫНАЙДЫ

Қазан айының соңын ала, қарашаның 

алғашқы аптасында Астана қаласында өтетін 

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар 

фестиваліне еліміздің әрбір өңірінен талантты 

жастар қатысады. Әлемнің бірқатар елдерінен 

де үміткерлер келіп, бақ сынайды. 

Жәдігер

ОБЛЫС МЕРЕЙТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Хамит ЕСАМАН

xamit.esaman@mail.ru

9-бет

ҚЫСҚА ƏЗІРЛІГІМІЗ ҚАЛАЙ?

ҚЫСҚА ƏЗІРЛІГІМІЗ ҚАЛАЙ?

Алдымен жергілікті мəндегі автомобиль жолдарының 

қысқы  мезгілде  күтіп-ұстау  жұмыстары  бойынша 

құрылыс,  жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль  жолдары  

басқармасының  басшысы    Рахманқұл  Байтелиев 

баяндама жасады. Басқарма басшысы облыс төңірегінде 

көлік  жолдарын  қыс  мезгілінде  күтіп  ұстауға  бөлінген 

қаржы  мен  оның  игерілуі,  жасалып  жатқан  жұмыстар 

жөнінде  айтты.  Сонымен  қатар,  анықталып  отырған 

бірқатар кемшіліктер бар екенін де жасырмады. Мəселен, 

облыстық  маңызы  бар  автомобиль  жолдары  бойындағы 

6  елді  мекенде  орналасқан  жылыту  пункттерінің  Талас 

пен Қордай аудандарындағылары өз деңгейінде күтілмей 

отыр  екен.  Сондай-ақ,  тексеріс  барысында  Сарысу 

жəне  Қордай  аудандарында  жергілікті  жолдар  мен 

көшелерді  қардан  тазарту  жұмыстарына  мүлдем  қаржы 

қарастырылмағаны  белгілі  болған.  Мойынқұм  ауданы 

бойынша қыста жолдарды таза ұстау жұмыстарына небəрі 

1 млн. теңге ғана бөлінген. Одан бөлек, бүгінгі күнге дейін 

қызмет көрсететін нақты мекеме анықталмаған. Сонымен 

қатар,  Т.Рысқұлов,  Жуалы,  Жамбыл  аудандарындағы 

жол күтумен айналысатын мекемелердің кемшіліктері де 

мəлім болды. Ал, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу, Жуалы, 

Мойынқұм  аудандарында    қыс  маусымында  көліктің 

қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін уақытша жол белгілері 

мүлдем жоқ болып шыққан.  



2-бет

Мұратхан ƏЛІМХАН

Əулиеатаның 

əлімсақтан 

əйгілі, 

тасын  түртсең  тарихы  ақтарылған 

сайын  даласы  талай  тарихты  ішіне 

бүгіп  жатқаны  анық.  Мұндағы  қасиетті 

қорымдар, таңбалы тастар мен кесенелер 

де сол көненің хабаршысындай. Алайда, 

сан  ұрпақтың  қуанышы  мен  қайғысын 

көрген, 

үнсіз 

атыраптың 

қиырсыз 

алабында  өткен  қилы  замандар,  қым-

қиғаш оқиғалар бүгінде тек аңыз ғана. Ол 

замандар  хақында  жаңа  ғасыр  ұрпағына 

тек  атадан  балаға  аманат  болып  жеткен 

ауыз əдебиеті ғана сыр шертеді. 

 

Сол  ауыз  əдебиеті  арқылы  заманамен 



қосыла  түлеп  жеткендердің  бірі – Құралай 

сұлудың  қайсарлығы,  ата  жұртын  аңсаған 

арудың  ана  аманатына  адалдығы  туралы 

аңыз.  Ақын  Иса  Байзақовтың  «Құралай 

сұлу» поэмасына да арқау болған осы аңыз. 

Ақынның  бұл  туындысы  алғаш  рет 1925 

жылы  «Қызыл  Қазақстан»  үнпарағының 

2-санында жарық көрген. Қазан төңкерісінен 

кейінгі  қазақ  əдебиетінде  тың  леп  əкеліп, 

қазақ 


интеллегенциясының 

таңдайын 

қақтырған.

Аталмыш  поэма  қазақ  пен  қалмақ 

арасындағы  кескілескен  шайқастар  жүріп 

жатқан  қанқұйлы  кезеңнен  сыр  шертеді. 

Сол  шапқыншылықтардың  бірінде  қалмақ 

қолбасшысы  қазақ  келіншегін  барымталап 

алып  кетеді.  Туынды  сол  келіншектен  туған 

Құралай есімді бойжеткеннің ғұмыры туралы 

баяндайды.  Анасының  о  дүниеге  аттанар 

шағында  «Елге  орал»,–  деген  аманатына 

адалдық  танытқан  сұлу  қалмақтың  қолына 

түсіп, тұтқында жатқан қазақ, Келден батырды 

босатып,  екі  жас  елге  қашады.  Алайда, 

қалың  қолдан  аман  құтылған  Құралай 

Бетпақтың  бауырындағы  Келден  батырдың 

еліне  жете  бергенде  жазымнан  қамысты 

паналаған  жолбарыстың  тырнағына  ілініп, 

қаза табады. Шарасыздықтан өзегі өртенген 

батыр  кең  даланың  төсіне  сұлулық  пен 

қайсарлықтың  мəңгілік  белгісі  етіп  Құралай 

сұлудың кесенесін тұрғызады деседі.

Кезінде  сəулеті  ерекше,  шикі  кірпіштен 

қаланған 

бірегей 


күмбез 

талайды 


тамсандырған. XVIII-XIX ғасырлардағы 

архитектуралық, 

мəдени 

ескерткіштер 



қатарына  енген  кесене    кіші  Қамқалы 

ауылының  маңында  орналасқан.  Алайда, 

қым-қуыт  заманның,  қыршыннан  қиылған 

ғұмырдың  жоқтаушысы  болған  ескерткіш 

дала  табиғатының  мінезіне  шыдас  бере 

алмай,  өткен  ғасырдың  ортасынан  ауа 

құлап,  биіктігі 2-3 метр  ғана  дуалы  қалған. 

Ал,  жаңа  ғасырға,  тіпті,  бір  ғана  босағасы 

аман жетіпті.

КОВ, Тараз

азаматы

алы, 


ңірден талай 

халықтың 

бі

сі

а



н, 

олуына 


4-бет

КӨНЕ ТАРАЗҒА ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ 

КӨНЕ ТАРАЗҒА ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ 

ТАМСАНАТЫН БОЛАДЫ

ТАМСАНАТЫН БОЛАДЫ

Үстіміздегі жылдан бастап, археологиялық 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру 

мақсатында 2014-2017 жылдарға арналған 

«Көне Тараз – мәңгілік елдің бесігі» атты 

археологиялық саябақтың бизнес жоспары 

жасалуда. 

п, 


» 

САМҒА, САРЫСУ!

САМҒА, САРЫСУ!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 

облыс басшыларына «Өңірлерді дамыту үшін 

шет елден инвестиция тарту керек» – деп үнемі 

айтып келеді. Осы саясаттың жемісі ретінде 

Сарысу ауданының өндірісін дамытуға мол 

инвестиция тартыла бастады. 

8-бет

Облыс  тұрғындары  қыстың  қытымыр  шағында 

қысылып  қалмауын  қамтамасыз  ету – аймақ 

басшылығының басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта 

бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, жұмыстар жасалып 

жатыр.  Алайда,  сол  тірліктің  тындырымдылығы 

қаншалықты? Тиісті мекемелер мен аудандардың кəрі 

құда  қысқа  дайындығы  қай  деңгейде?  Бұл  мəселе 

осы  аптадағы  облыс  əкімінің  аппараттық  кеңесінде 

қаралды.


23 қазан,

№43 (471)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

ТІРЛІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ – ТАТУЛЫҚ 

СЕНБІ САЙЫН ЖƏРМЕҢКЕДЕН ШЕТ ҚАЛМА!

Баға тұрақтылығы

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН КЕЛЕСІ 2015 ЖЫЛ ҚАЗАҚСТАН 

ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНҒАНЫ 

МƏЛІМ. 

МЕМЛЕКЕТІМІЗДЕГІ 

БАРЛЫҚ 

ҰЛТТЫҢ 

ОРТАҚ 

ҰСТАНЫМЫ – ТАТУЛЫҚ,  СОНЫСЫМЕН  ДЕ  ЕЛІМІЗДЕ  БІРЛІК 

ТҰРАҚТЫ.  ҚАЗАҚ  ЕЛІНДЕГІ  ХАЛЫҚТАР  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 

РӨЛІ ЖОҒАРЫ, КӨТЕРЕР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУҚЫМДЫ.

Облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  алдағы  Ассамблея 

жылын өткізуге дайындық барысын пысықтап, аудандармен 

бірге онлайн режимінде ауқымды жиын өткізді. 

Басқосудың  алғашқы  сөзін  алған  облыс  əкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов:



–  Ассамблея  жылына  дайындық  біздің  облысымызда 

іс  жүзінде  ағымдағы  жылдың  маусым  айында  басталып 

кетті.  Этномəдени  бірлестіктердің  активтерімен  жəне 

жетекшілерімен 4 консультативтік  кеңес  отырысы 

өкізіліп,  мерекелік  жылға  дайындықтың  негізгі  кезеңдері 

талқыланды. 

Барлық 

этномəдени 

бірлестіктерге 

Ассамблея  жылын  ұйымдастыру  мен  өткізу  бойынша 

іс-шаралар  жоспарларын  əзірлеу  туралы  ұсынымдар 

берілді. Атаулы жылды өткізуге дайындықты қадағалауға 

облыс  əкімдігінің  қаулысымен  арнайы  комиссия  құрылды. 

Ассамблея 

жылын 

өңірімізде 

өткізуге 

жергілікті 

бюджеттен 80 миллион теңге, оның ішінде 27 миллионы 

облысымыздағы  хатшылықтың  іс-шараларына  қаралды. 

Жұмыс  жоспарында  атаулы  жылды  өткізуге  бес  бағыт 

анықталды, – деп дайындық барысын мəлімдеді.  

Облысымыздағы  Ассамблеяның  ХVII  сессиясында 

жəне  кеңейтілген  кеңес  отырысында  аудандар  мен 

Тараз  қаласының  əкімдеріне  тапсырылған  істердің 

орындалу  барысы  жайында  хабарлаған  Ассамблеяның 

облысымыздағы  хатшысы  Лариса  Лысова  бұл  бағыттағы 

жұмыстарға  қаржы  қарастырмаған  екі  ауданды  атап 

көрсетті.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  жұмыстарына 

Жуалы  мен  Т.Рысқұлов  аудандарының  əкімдері  селқос 

қараған сыңайлы. Себебі, облыс əкімі аталған қос ауданның 

басшыларынан  қаржы  қарастырылмау  себебін  сұрағанда, 

Батырбек  Құлекеев  пен  Жарылқасын  Айтақов  бұл  істі 

ұмытып кеткендерін алға тартты. Кемшіліктерін мойындап, 

кешірім сұраған екі əкім де келер жылы міндетті түрде ақша 

бөлетіндерін айтты. 

Жиын 


соңында 

Ассамблеяның 

жұмыстарында 

еңбекқорлық  танытып  жүргендер  арнайы  бірлестіктің 

марапаттарына  ие  болды.  Ұйғыр  этномəдени  бірлестігінің 

жетекшісі Мухабат Турдыева «Өз саласының көшбасшысы», 

облыстық тері аурулары диспансерінің бас дəрігері Данияр 

Абдусаметов «Еңбегі жəне жетістігі үшін» медальдарымен, 

ал «Мейірім» медициналық орталығының дəрігері Гульчахра 

Маметова  «Жыл  маманы-2014»  арнайы  сертификатымен 

марапатталды. 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Атап  айтсақ, 21 тонна  ет, 6 тонна 

сүт, 5 тонна  шұжық, 4 тонна  макарон 

өнімдері  мен    5  мың  дана  жұмыртқа, 5 

тонна  балық, 5 тонна  бал, 1 тонна  тұз, 

161 тоннадан астам көкөніс жəне жеміс-

жидек  өнімдері  саудаға  шығарылды. 

Тауарлардың  барлығы  базар  бағасынан 

10-15 пайыз арзандатылған. 

Жəрмеңкені  аралап  шыққан  облыс 

əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  Шу  ауданынан 

мақсары  майын  əкелген  жəне    Жуалы 

ауданынан  картоп  өнімдерін  ұсынған  

шаруа  қожалықтарының  жетекшілерімен 

жеке 

тілдесіп, 



еңбектеріне 

табыс 


тіледі.  Сондай-ақ,  шаруашылықтарға 

өнім  көлемін  ұлғайту    үшін  мемлекет 

тарапынан  бөлінетін  несиеге  облыс 

əкімдігі  барынша  демеу  жасайтынын 

тілге  тиек  етті.  Ал,  мұндай  жəрмеңке 

ұйымдастырған  биліктің  игілікті  ісіне 

тұрғындар ризалығын білдірді. 

Гүлжамал  ТӨЛЕНҚЫЗЫ,  Тараз 

қаласының тұрғыны:

–  Өзім  «Ауыл  Береке»  базарының 

маңында 

тұрамын. 

Алайда, 

сенбі 

күні  арзандатылған  бағамен  ауыл 

шаруашылығы өнімдері сатылып жатыр 

дегенді  естіген  бойы  жəрмеңкеге 

жол  тарттым.  Шын  мəнінде,  базарға 

қарағанда баға айтарлықтай арзан екен. 

Бір қап картопты 2000 теңгеге алдым. 

Ал,  құмшекердің  қабы 3500 теңге. 

Еттің келісі 1000 теңге. Мұндай бағаны 

қаладағы 

базарлардан 

таппайсың. 

Бірден  барлық  өнімнен    молдау  алып, 

қыстың  қамын  жасап  алдық.  Осындай 

жəрмеңкелер  жиі  ұйымдастырылып 

тұрса, қара халық үшін жақсы болар еді. 

Рақымжан СМАЙЫЛОВ, зейнеткер:

–  Қалада  тұратын  қызыма  қонаққа 

келген  болатынмын.  Бүгін  жəрмеңке 

ұйымдастырылып 

жатқанын 

ести 

салып,  бірден 

орталық 

алаңға 

тарттық. 

Мұндай 

жəрмеңкені 

облыстағы    шаруа  қожалықтары  өзге 

өңірлерде  ұйымдастырып  жатқанын 

телеарналардан  көрген  едік.  Енді 

міне,  облыс,  қала  тұрғындары  үшін 

де 

жəрмеңке 

ұйымдастырылып 

жатқанына  қуанып  отырмын.  Жалпы, 

жəрмеңке 

өте 

жоғары 

деңгейде 

ұйымдастырылыпты.Саудагерлерге 

дайындалған  орындар  мен  санитарлық 

талап  қатаң  сақталған.  Мұндай  игі 

бастамалар    халық  үшін  үлкен  демеу 

екені сөзсіз. 

Иə,  тұрғындардың  дені  жəрмеңкеге 

дəн  риза  екендерін  жасырмады.  Тіпті, 

жақын  аудандардан  келген  тұрғындар 

да  қап-қап  тауарларды  көліктеріне  тиеп 

алып кетіп жатты. 

Жəрмеңкеге 

жалпы 


ұсынылған 

тауар  құны 51,2 млн.  теңгені  құраған 

екен.  Бұл  жайында  облыс  əкімдігі  ауыл 

шаруашылық  басқармасының  басшысы 

Абдалы Нұралиев баян етті.

– 

Бүгін 

облыстағы 

шаруа 

қожалықтарының  ұсынған  тауарлары 

220  тоннаға  жетіп, 51,2 млн.  теңгеге 

бағаланды. Мұндай жəрмеңке желтоқсан 

айына  дейін  əр  аптаның  сенбі  күні 

ұйымдастырылатын  болады.  Сонымен 

қатар,  алдағы  уақытта  жəрмеңкеге 

қырғыз елінің Талас, Шу облыстарының 

тауар  өндірушілері  де  қатысады  деп 

күтілуде, – дейді басқарма басшысы.

Өткен  сенбі  күні  орталық  «Достық»  алаңында  қала    тұрғындарына  арналған 

ауыл шаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесі өтті. Облыс орталығы мен он ауданнан 

келген  тауар  өндірушілердің  қатысуымен  өткен  жəрмеңкеде 218 тоннадан  астам 

ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ҚЫСҚА ƏЗІРЛІГІМІЗ ҚАЛАЙ?

1-бетте


Жуалы, 

Талас, 


Сарысу, 

Қордай  


аудандарында 

жолдарды 

күтіп-ұстау 

жұмыстарымен айналысатын мекемелердің 

қолданыстағы  техникалары  ескіріп,  үздіксіз 

қар  тазалауға  жарамай  қалуы  жəне  жаңа 

техникалармен  жабдықталуы  өте  төмен 

деңгейде  қалып  отыр  екен.  Сондай-ақ,  Р. 

Байтелиев  қыс  мезгілінде  жолдарды  тиісті 

деңгейде  тазартып,  төтенше  жағдайларға 

жол  бермеу  мақсатында  Сарысу  жəне 

Қордай 


аудандарына 

автогрейдерлер, 

бульдозерлер, арнайы техникаларды алуға 

қаржы  қарастырылуын  сұранды.  Сонымен 

қатар,  жиында  «ҚазақАвтоЖол»  РМҚ 

облыстық  филиалы  мен  «Қазақстан  темір 

жолы» АҚ «Жамбыл жол бөлімінің» өкілдері 

қысқа дайындықтарын баяндады. 

Аймақ  басшысы  жоғарыда  аталған 

мəселелердің  жыл  сайын  қайталанатынын 

айтып, қар түскенше аталған кемшіліктердің 

барлығын  жоюды  қатаң  ескертті.  Сондай-

ақ, «Батыс  Еуропа-Батыс  Қытай»  дəлізінің 

облыстағы  бөлігі  бойындағы  қауіпсіздік 

шараларын күшейтуді тапсырды.

Келесі  баяндаманы  облыстық  ауыл 

шаруашылығы  басқармасының  басшысы 

Абдалы  Нұралиев  жасады.  Биылғы  қыста 

мал  қыстатуға  облыстың  дайындығы 

турасында есеп берген басқарма басшысы 

аудандар  тарапынан  жіберіліп  отырған 

бірнеше  кемшіліктерге  тоқталып  өтті.  Атап 

айтқанда,  аудан  басшылығына  талай 

ескертілгенімен 

олардың 

пішендеме 

(силаж)  жəне  сүрлем  (силос)  дайындауға 

құлықтары  жоқ  екен.  Əсіресе,  облыстағы 

сүттің  негізгі  бөлігін  өндіретін  Байзақ 

жəне  Жамбыл  аудандарына  бұл  жем 

түрлерін  дайындау  аса  қажетті.  Жеммен 

қамтамасыз  ету  көрсеткіштерін  төмендетіп 

отырған  Мойынқұм (5,3 %), Талас (11 %), 

Т.  Рысқұлов (16,2 %) пен  Сарысу (31,4 %) 

аудандарына  да  үлкен  сын  айтылды.  Осы 

орайда  А.  Нұралиев  аудан  əкімдеріне  мал 

азығын  сыртқа  шығаруды,  оның  бағасын 

қадағалауды, 

елді 

мекендерде 



жем 

сататын  арнайы  нүктелер  ашуды  қолға 

алуды  ұсынды.  Сондай-ақ,  малшылардың 

қыстаулары  мен  қора-жайларын  қысқа 

жақсылап  дайындап,  былтыр  қыстағыдай 

олармен 


байланысты 

үзіп 


алмауды 

сұранды.


Баяндамашыны 

мұқият 


тыңдаған 

Кəрім  Нəсбекұлы  мал  жем-шөбінің  бағасы 

қай  деңгейде  екенін  сұрады.  Былтырғы 

жылмен 


салыстырғанда 

шөптің 22-

25 

пайызға 


қымбаттағанын, 

жемнің 


бағасы 15-20 пайызға  өскенін  басқарма 

басшысы 


жасырмай 

айтты. 


Сондай-

ақ,  аймақ  басшысы  мал  азығы,  оның 

ішінде  шөптің  неліктен  Алматы  жəне 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарына  сатылып 

жатқанына  алаңдаушылық  танытты.  Ал, 

Абдалы  Тоқбергенұлы  жем  сату  фактілері 

жоқ  екенін,  шөптің  қажеттіліктен  артық 

дайындалғандықтан,  аудандардағы  жеке 

шаруашылықтар шөп сату арқылы қаражат 

тауып жатқанын мəлім етті.

Жиын  соңында  облыс  басшысы  К. 

Көкірекбаев төрт түлік арасындағы жұқпалы 

аурулармен  күрес  жұмыстары  туралы 

сұрап,  аудан  əкімдерінен  баяндамашылар 

көрсеткен кемшіліктер хақында жауап алды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет