Көксерек – М



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата29.12.2022
өлшемі241 Kb.
#60173
  1   2



Sauap.org 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
 
 
 
КӚКСЕРЕК 
 



Sauap.org 
Кӛксерек 
 
Қара адырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар 
адырлар. Жақын тӛбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан. 
Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары кӛгеріп, бүрленіп 
қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып 
қояды. Маңайдан жуалардың, жас шӛптердің исі келеді. 
Ұзын кең ӛлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар 
бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні 
бар. Жақын елге мәлім ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп 
мекен етті. Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай аланда кеңдігі кісі 
сыйғандай үш үлкен ін болатын. Биыл жас топырағы жағасында дӛңкиіп, 
тағы бір жаңа ін шыққан. Бәрінің ауданы бір, жер астынан қатынасы бар. 
Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шӛптер басылып, тапталып қалған. 
Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері кӛрінеді. Қыстан қалған 
түбіті кәзір де әр жерде сӛйтіп жүлынып қалып жүр. Індердің орта жерінде 
екі қалың сасыр шайқалып ӛсіпті. Қазір соның түбінде қысқы жүні әбден 
түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кішкентай кӛк күшіктері 
қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерітеді. Кӛзі бір сығырайып 
ашылып, бір жүмылып қалғуға ке-теді. Иіген емшектері жыбыр-жыбыр 
тартылады. Тӛбесінде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен 
итмұрын бастары қозғалактайды. 
Бір мезгілде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы, 
қу шӛмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тасырлатып 
келіп қалды. Атып тұрды... Баурындағы кӛк күшік шашылып-тӛгіліп, ұмар-
жұмар домалап қалды. Тұрғанда "арс" етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай 
түрегелді. 
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете 
түсті. Соның артынан секіріп шыққан — кӛк шолақ. Ентіккен, кӛбік акқан 
тұмсығымен ақ қасқырды айнала иіскеп, әр жерін жалап алды. Содан соң 
жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны кӛре сала — "ырр" етіп барып 
бас салды. 
Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып дар-дар айрылды. 
Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш, қорқ-қорқ етіп қомағай 



Sauap.org 
қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл 
болған қасқырдың жасыл кӛздері от шашады. 
Аз уақытта екеуі қозының орнын ғана иіскелеп қалды. Енді біразда кӛк 
шӛпте әрлі-берлі аунап-аунап, керіліп тұрып, жегендерін құса бастады. 
Алдымен туған, кӛзі ашылған күшіктер жемденіп жатыр. Ең соңғы 
туған екі күшік баурын кӛтере алмай, тырбындап жатыр еді, енді оларды 
баурына алып емізе бастады. 
Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған 
дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп, 
індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді. 
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр 
молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын кӛбейді. Жерге ат үстінен тастаған 
ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Кӛргіш 
кӛздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне бірі үйіліп, баурын кӛтеріп 
қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді. 
Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті 
сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін кӛздеріне қарап отырып ӛлтірді 
де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып 
қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз 
күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды... 
Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып 
жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар ӛлтірілді. Далада 
құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді. 
Тұтқын болып кеткен кӛк күшік ауыл тұрғыны болды. 
Кӛзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға кӛнеді 
десті. Кішкене Құрмаш Кӛксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш 
айналасынан шықпайды. Ӛзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Баурын 
кӛтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. 
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. 
Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бӛлек жатады. Қасында не 
аяқ жағында, кӛрпенің астында Кӛксерек жатады. 
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Кӛксерек үлкейді. Семіріп 
жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. 
Ауылдағы ӛзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес. 
Бұл уақытқа шейін Кӛксерек ауыл итінен кӛресіні кӛрді. Бірде-бір ит 
мұны дос кӛрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл 



Sauap.org 
тӛбеттер бұны талап та тастайды. Ӛзге кӛп ит те ырылдап үріп, кейде тап 
беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. 
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын 
бұдан иесі кӛз жазып қала берді. Сондай кезде Кӛксерекке ылғи жау иттер 
кездеседі. 
Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала тӛбеті оңашада бұны алып соғып, 
кӛп езгіледі. Бұны талап жатқанын кӛріп, ӛзге иттер де келіп шабынан алып, 
борбайынан созғылап ӛлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер 
жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. 
Бірақ Кӛксерек әлі күнге ешбір уақытта "қыңқ" етіп ауыр-сынған 
дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, 
үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін 
ыржитады. 
— Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! — деп 
ауыл аңыз қылады. 
Сонымен қатар Кӛксерек жайында ауыл-үйдің қатындары әр алуан ӛсек 
те таратып жүрді. 
— Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! — десті. 
Кейбіреулер: "Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді. Қойды үркіте 
береді. Түнде даланы жақсы кӛреді. Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады" 
деседі. Құрмаш бұл ӛсектің бәрін елемейді. 
Шынында, Кӛксерек тамаққа ӛлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып 
қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. 
Жалғыз-ақ кісі кӛзі тайса болды, кәзір жоқ қылады. Бірақ егер тіпті қарны 
ашып кетсе, ӛзіне бермеген асты да жеп қояды. Кӛрнеу ши ішіне кіріп кетіп, 
керегеге асулы тұрған ет болса, жас тері болса, қазанда іркіт, қатық болса — 
барлығын да ӛзінің ыдысына құйып қойғандай кӛріп, иіскелеп жалап, жеп 
кетеді. 
Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді. Талай рет оқыста тӛбесіне 
таңқ етіп тиген оқтау бойын тызылдатып, шыпыртып тиген қамшыны да 
татты. Бұның жауабы — езуін ғана ыржитады. 
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Кӛксерек ұрлық пен адал астың 
айырмасы не екенін ұға алмады. Біресе ӛздері беріп тұрып: "же" дейді. Біресе 
сондай тамақты ӛзі тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей 
кездері алдына дайындап қойған тамақты да жемей, кӛзінің астымен жалт-
жалт қарап жатушы еді. 



Sauap.org 
Қалай да болса үзіп-жұла жүріп, Кӛксерек аш болмайтын. Күніне екі 
мезгіл тамақ ішу, мұның шарты болып алды. Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол 
күні Кӛксерек ӛз бетімен барып бірдемені жеп жататын. 
Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Кӛксерек зіңгіттей кӛк шолақ 
қасқыр болып шықты. Енді қара ала тӛбет те талай алмайды. Жота жүні 
үрпиіп, кӛздері жасылданып, бар тістерін кӛрсетіп, аузын ақситып ашып 
жіберіп, тап бергенде талай бұралқы тӛбет, быжыл қаншық қаңсылай, 
шәуілдей қашатын болды. 
Мынадай кезде Құрмаштың ӛзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді. 
Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Кӛксерек арлан еді. Сондықтан бұның 
бойы биіктене берді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара кӛк, 
жотасы күдірейіп, ауыз омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, 
күлдіреуіштей бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген, 
сүйірленген бір бітімі бар. 
Ӛзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. 
Әлі күнге бір рет жадырап ойнап кӛрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ 
атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Онда да жүгіріп келмей, 
қүйрығын сӛлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында 
істейді. Әйтпесе, кӛбінесе анадай жерде қырыстанып, кӛзінің астымен жалт-
жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң 
ғана үйге жүреді. Ӛскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін 
байқаған үлкендер: 
— Енді бұны ӛлтіріп, терісін алу керек осы кәпір түбінде ел 
болмайды,— дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш кӛнбеді. 
Осымен тағы біраз жүргенде бір күні Кӛксерек қара ала тӛбетке майдан 
берді. Қара ала тӛбеттің иесі Жұмаш бала жаз бойы Құрмашқа: 
— Қасқырың болса, қайтейін, менің қара ала тӛбетім бір-ақ бұрап 
соғады. Арашаламасаң, алдақашан ӛлтіріп тастар еді,— дей беретін. 
Бір күні түсте Құрмаш Кӛксеректі тысқа алып шығып, ас құйып 
жалатып тұрғанда, анадан шылапшынның салдырын естіген қара ала тӛбет 
үйдің кӛлеңкесінен шығып алып, адымды қойып еді. Екпіндеген бетімен, 
жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан, келе — Кӛксеректі бүйір 
жағынан келіп арс етіп қауып түсті. 
Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шығып 
кететін Кӛксерек енді зор дауыспен "гүрр" етіп, қара ала тӛбетті алқымынан 
ала түсті. Ұстаған жері құлақ шекеге жақын еді. Тӛбеттің мойнын 



Sauap.org 
бұрғызбастан қапсыра тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, үлкен тӛбеттің 
арт жағы бұлғаң-бұлғаң қағып барып, Кӛксеректің жанына дүрс етіп сұлап 
түсті. Маңайдан жұрт дабырлап жиылып қалып еді. Кӛксерек қара аланы 
тамағынан қысып буындырып тұрып-тұрып қоя берді де, жотасы үдірейіп 
топтан шыға берді. 
Жеңген жаудың сығымынан зорға құтылған қара ала қаңсылап, жүні 
жығылып, бір жаққа кетті. 
Осы оқиғаның ертеңінде кешке жақын ауыл жанында жатқан қойға 
қасқыр шапты. Дӛң басындағы қойшының айғайымен қатар ауылдағы кәрі-
жас, аттылы-жаяу иттерді айтақтап түгел жүгіріп еді. Кӛп ішінде "Кӛксерек 
те кетті" деп Құрмаш та жүгірді. 
Бірақ қасқырға ешбір ит жете алмады. Дӛң аспай, иттің бәрі де, адам 
атаулы да тоқтап қалды. Сам жақтағы алыстағы сары жотадан ереуілдеп, екі 
зор қарайған асты. Ол екі қасқыр еді. Солардың артында тұмсығын жерге 
салып тоқталмай ағызып, Кӛксерек кетіп бара жатты. Бір кезде жотадан о да 
асты. Артынан Құрмаш пен ӛзге балалар бірі артынан бірі: "Кӛ-ӛ-к-ӛ-к-се-ре-
к! Кӛ-ӛ-к-с-е-ре-к!" деп, шақырып айқайлап жүгірді. 
Әбден қас қараюға айналған уақытта Кӛксерек жалғыз ӛзі баяулап 
басып ауылға келді. Бірақ үйге кірген жоқ, анадайда тұрып қайта-қайта 
шандатып, жер тырнайды. Сары жотаға қарап-қарап қойып, әрлі-берлі жүріп 
жер иіскелейді. Тыныштала алмағандай. 
Кӛксеректің бұл жайын байқап ап, Құрмаштың әкесі: 
— Түу, мына кәпірдің екі кӛзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын 
сезген екен мына жүзіқара қой балам, енді мұны ӛлтіріп, терісін алайық,— 
деп еді. 
Құрмаш бұл сӛзге кӛнбеді. Бірақ осы кештен екі күн ӛткен соң, 
Кӛксерек бір түн ішінде жоқ болды. Құрмаш қашып кетті деуге қимай, 
айналадағы ши-қарағанды, жар-жыраларды тегіс арылтты. Таба алмады. 
Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп қойып еді, үш күн ӛткенде бір күні 
таңертең ойда жоқта Кӛксерек ӛз-ӛзінен сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі 
қасқырдың бұл мінезіне сүйсініп, қуана қарсы алды. Бұл келгенде Кӛксерек 
екі бүйірі суалып ашыққан. Ӛзінің үсті-басы батпақ болып сыбағысқан 
собалақ жүдеу пішінмен келді. Қайта тұрып қалды. Тағы да бұрынғысынша 
күйленіп, нық семіріп, енді орасан боп ӛсе бастады. 
Бұл соңғы күйленуі шынымен үлкен қасқыр боп ұлғаюының белгісі еді. 
Сонысын сезген болу керек, күздің бір қара дауылды қара түнінде Кӛксерек 



Sauap.org 
тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы шын болды. Енді қайтып оралмастай 
болып кетті. Сол кӛк қасқыр саршұнақ пен қоянның кӛжегі сияқтыны азық 
қыла жүріп, ӛлместей боп алды. Қысқа да жеткен еді. 
Жарық айлы түнде тұмсығынан бұрқырап бу шығады. 
Аязды түнде табанының астындағы қар шықыр-шықыр етеді. 
Жотадан-жотаға жортты. Талай жерден қарауыл қарап, желге 
тұмсығын тӛсеп, алыстан тартқан бір иіспен жүріп отырып, бір қыстаудың 
желкесінен келіп шықты. Тау желкесіндегі боз қарағанды, қарлы адырдан 
әрлі-берлі жүріп кӛп аңдыды. 
Шашау шыққан мал жоқ. Айналасы қарауытып, қыстау тұр. Бадырайып 
қараған кӛздердей болып, әр жерден тӛрт бұрышты қызыл оттар кӛрінеді. 
Пішен тӛбесі мен қораның ығында жатқан иттер үреді. Сақ, мазасыз... 
Бірақ сол қорадан кеш бойы мұрнын жарып ӛзіне тартқан қой исі де 
келеді. 
Қораға жақындайын деп еді, кӛп иттер шулап үріп, маңайлатпады. 
Қатты аяздан тұмсығының ұшы, езуі ашып, шыдатпай тоңа бастады. 
Табанына ӛткен ызғар да аяқтарын қарып, қатырып барады. Қайта жортып 
адырға шықты. 
Алғашқы рет амалсыздан кӛкке қарап аузын ашып ышқынғанда, ішінен 
зор дауыс шыкты. Күтпеген дауыс. Кӛксеректің ең әуелгі ұлығаны осы еді. 
Қарлы елсіз адырды басына кӛтеріп дауыс салды. Тынбай, ұзақ-ұзақ 
уақыт ұлыды. Мұның даусы шыққан сайын, сайдағы ауыл жақтан кӛп иттің 
арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі. 
Кӛксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі 
бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді. Бір мезгілде дәл 
жанынан ӛзінің дауысындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды... 
Кӛксеректің даусын естіп, маңайда жүрген қаншық қасқыр мұны іздеп 
келеді екен. Екеуі екі беттен бірін-бірі кӛрісімен — қарсы ұмтылысты. 
Етпеттеп біріне-бірі жақын келгенде "ырр", "ырр" етісіп, тістерін тигізіспей 
қағысып ӛтісті. Ашқарақ азулары сақ-сақ етті. Кӛксерек гүрілдеңкіреп, 
маңына кӛп дарытқысы келмей, әрлі-берлі ортқып түсіп, жылдам оралып, 
ашу шақырғысы келіп еді. Ақ қасқыр айнала қыңсылап бұның ізін иіскеледі. 
Аздан соң құйрық жағынан бір иіскеп, сирағын жалап ӛтті. Екеуін иістері 
табыстырды. Кӛксерек те айнала иіскеді. Бір-бір рет жақтарын жаласты. 
Кӛсіліп алып сайға қарай салды. Екеуі де енді ширақ, қатты жортады. 



Sauap.org 
Қора жанындағы дүңкиген сары жотаны құлдап тарта бергенде, қалың 
жүнді барқылдақ қара ала тӛбет сондарына түсті. Бұл Кӛксеректің жаз бойы 
ырылдасып ӛскен ала тӛбеті болатын. Қасқырлар бой салып қашқан жоқ. Ақ 
қасқырды алдына салып, Кӛксерек арт жағына онды-солды жалт-жалт қарап, 
ойға, тасаға таман түсті. Артындағы иттерді ілестірмек болып, үріп қуып 
келе жатқан ала тӛбет бұлар ойға түскенде тоқталуға айналып еді. Қалған 
иттер жота басында серейіп-серейіп тұрып қалып, сол арадан кәр жіберіп 
тұрған. Енді қара ала тоқтауға айналғанда, Кӛксерек бұрыла сала тап берді. 
Ақ қасқыр да айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті. Екеуінің 
бетіне шыдай алмай, жалт бере қашқан ала тӛбет құйрығы шошандап, 
барбандап бетке қарсы ұзай алмады. Ақ қасқыр бұрын жетіп жұлып кетті. 
Арты кӛтеріліп барып түссе де, ала тӛбет жығылмай қарсы қарап, ырылдап 
тұра қалып еді. 
Сол кезде ғана бұларға жеткен Кӛксерек келе құлақ шекеден қауып 
түсіп, кӛз ілескенше қара аланы жұлып соғып, астына жұмарлап басып алды. 
Қасқырдың екеуінің де жоталары дүңкиіп, жон жүндері үрпиіп алған. 
Ауыздары басында қалың жүнге толып-толып шықса да, артынан ыстық 
қанға, жұмсақ етке, сырт-сырт сынған сүйекке де араласты. Аяқтарының 
астында ойылып қалған қалың қар, бұрқ-бұрқ борайды. Жылы-жұмсаққа 
тұмсықтары кіріп алып, екеуі де ӛзге дыбыс шығармай, қорқ-қорқ асайды. 
Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады. 
Аяқтап келгенде екі санды екеуі ортасынан дар айырып жұлып-жұлып 
әкетісті. Аздан соң қара аланың қара табандары мен құйрығы ғана қалды. 
Одан басқа әр жерде шашылған жүндер ғана жатыр. 
Екеуі айға қарсы қасқайып, қайтадан Қараадырға тартты. Алдына — 
Кӛксерек, артына соның ізімен ақ қасқыр түсіп, адырға кіре бере бір ық 
жартастың баурында екеуі бірдей аунап-аунап алды. 
Осыдан соң екеуінің жұбы жазылған жоқ. Қасына серік ергеннен бері 
Кӛксерек зорайып қатты ӛсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де 
қалындап ұзарып, ӛзі жуан, ӛзі мықты кӛкжал болып алды. Қыс іші болса да 
жоны шығып, алқымы түсіп семіріп кетті. 
Оның есебіне, белгілі атышулы екі қасқырдан Қараадырдың іші-
тысындағы ел түгел кӛресіні кӛрді. Даладан қойшы алдынан қой тартып 
жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін 
жейтін — осы екеуі. Февраль, март кезінде үш-тӛрт түйе де желінді. "Кісіден 



Sauap.org 
қорықпайды. Әсіресе, бір кӛк шолақ бар. Қойды алып соғып жарып 
жатқанда, қасына сойыл-салым жерге келгенше қашпайды. 
Даладағы қойға тигенде, әуелі біреуі келіп шабады, соған қойшы 
алданып жүргенде, бір жақтан келіп, екіншісі шабады" десетін болды. 
Боранды, аязды түндерде бірен-саран қораға да түсіп кӛрді. Бір 
кедейлеу ауылдың қой қорасына түсіп, он шақты қойын жалғыз Кӛксерек ӛзі 
ӛлтіріп, құтылып шыққан уақыты да болды. Бірнеше ауылдың "қасқырмен 
таласуға жарайды — ер, сақ" деп жүрген әлденеше иттері де желінді. 
Және шірет жасағандай, Қараадырдың қыстауларына кезекпен 
соқтығады. Бірер күн бір-екі ауылдың айналасында қатты қимыл қылып 
жүріп-жүріп, соның артынан бір жұма, он күндей бұл маңайда жоқ болып 
кетеді. 
Оның есебіне, екінші, үшінші ауылдар әлгінің кӛргенін кӛріп жатады. 
Әр ауылдың тұстарында ӛздерінің кӛрініс беріп келетін қарауыл жоталары, 
жығылып келетін сай, ӛзектері бар. Торуға мезгіл таңдамайды: таңертеңі, 
түсі, түні — бәрібір. Күніне бір мардымды жем алмай, қанағат қылмайды. 
Келгенде: ана кезең жақтан, анау шиден, ана қарағанды сайдан келеді 
десе, сол жерлерден айтқандай шығады. Бұлар айналдырып жүрген елдер 
малын шашау шығармай кӛзден таса қылмай, қия бастырмай-ақ сақайған 
болады. Бірақ күндіз-түннің бірінде неғылса да бір қапысы болмай тағы 
қоймайды. Кӛксерек дәл соған кез келгендей дап-дайын болады. 
Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар кӛтереді. Атты кӛтере алмайды. 
Сондықтан талай рет ат жаратып, шоқпар қамдап, қуамын деген жігіттер 
болса да, ешнәрсе қыла алмайды. 
Бір рет қана белгілі бәйгі жирен атымен Арыстанбек шығып, 
сондарынан түсіп еді. Оны адырдан адырға салып, адастырып кетті. 
Маңайламайтын жерден, алыстан мылтық атып қорқытпақ болғандар 
да бар еді. Одан да жасқанбады. У салғандардың уларын да жемеді. Ол 
улардан иттер жеп, қырылып қалған уақыттар да болды. 
Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. 
Соңғы бірер айдай бір ауылдың кісісі бір ауылға қатынасса, жиын болып 
кӛпшілік бас қосса, кӛп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. 
Кӛксерек семіргенде, ірілеп ӛскенде — осындай даңқ, атақ ішінде 
семіріп, ӛсіп келе жатыр еді. 
Осы күйлердің бәрімен қатар, Кӛксерек оңашада елсізде қатты ойыншы 
болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, 


10 
Sauap.org 
елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен 
талып келіп тынығып жатса, Кӛксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп 
екпіндеп кеп тістеп ӛтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр 
ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда 
Кӛксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың 
желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі 
осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Кӛксерек қайта ойнайды. 
Күн жылына бастады. Бірнеше рет шағырмақ жақсы күндер болып, әр 
жердің қары тесілді. Ойдым-ойдым қара жерлер кӛріне бастады. 
Жылы күн ұйқыны кӛп келтіреді, тамақтың артынан бойды кӛп 
сергітеді, етті шымырлатады. Ақ қасқыр да ойыншы бола бастады. Ӛзі келіп 
Кӛксеректі иіскеп, жалай беретін болды. Қайта-қайта Кӛксеректің үстіне 
артыла береді, ыңырсып тістелеп те қояды. Бой тартты... Екеуі қалың қараған 
арасында ұйығып та алды. 
Кӛк молайып жаз шыққан соң, екі қасқырдан Қараадырдың елі сап 
болды. 
Қараадыр сыртында елсізде екі үлкен ащы кӛл бар. Соның 
аралығындағы қалың шидің ішінде ескі ін болатын. Кӛксерек пен ақ қасқыр 
сонда. Жақын жерде — қамыс, одан әрі — кӛл. Қауіпсіз. Адам кӛзінен алыс 
жай, бастап келген — ақ қасқыр. 
Бұл кезде Кӛксерек басқа жақтағы елді ториды. Ақ қасқыр ін маңында 
болады. Қамыс арасында кӛп құстардың жұмыртқасын жейді. 
Бір күні Кӛксерек інге салып келіп, аузынан кесек-кесек құйрыктарды 
құсып-құсып тастады. Бірақ бұрынғы дағды бойынша ақ қасқыр қарсы 
шығушы еді. Оны істемеді. Кӛксерек ін аузын тырналап, шаң боратқан соң 
ғана сүйретіліп зорға шықты. 
Ін ішінен жат иіс сезіп, Кӛксерек басы мен кеудесін сұғып "ырр" етіп 
барып, кішкене күйкі күшікті тістеп суырып алып шықты. Бұл бұны 
істегенде, ақ қасқыр арсылдап тап беріп еді. Кӛксерек сонда да тоқтамай, кӛк 
күшіктерді жерге жұлқып-жұлқып соғып, қабырғаларын кірт-кірт сындырып, 
ӛлтіріп тастады. 
Бірақ бір емес, екінші, үшінші, тағы әлденешеуі пайда болды. Аяғында, 
жылыды. Күшіктерді жалап, иіскелеп, кейде қастарына да жатады. Ақ 
қасқырға жем таситын болды. 
Аздан соң серігі қайта қосылды. Кӛп ұзап шықпайды. Сонда да талай 
жерге еретін болды. 


11 
Sauap.org 
Бір күні екеуі бір қозыны жеп келе жатыр еді. Індерінің үстінен кӛп 
үлкен жаулар кетіп барады екен. Қамыс арасына бүқты. Жау озған соң інге 
келді. Бір-ақ қана күшік қалған, бүралып тұра алмайды, арт жағын баса 
алмайды. Ақ қасқыр тістеп әкеліп қамысқа тықты. Екеуі қайтадан 
Қараадырға бет қойды. Жарысып, кезек-кезек озысып отырып келіп, 
даладағы қойға тиді. Түн баласында құлын жеді, тай жеді. 
Тыным алмай баяғы іздерімен баяғы елді қайта қанқақсатты. 
Бұрынғыдан жаман құтырды... 
Ақ қасқыр ойнамайды, қыңсылай береді. Жесе де, семірмейді. Кей 
уақытта жалғыз қаңғып кетеді. Кӛксерек артынан іздеп жүріп, зорға табады. 
Кейде Кӛксерек қатты жүріп кеткенде, бұл жүрмей тұрып та қалады. 
Кӛксерек қайта айналып келеді. 
Кей уақыттар бір-екі күндер аш та қалысады. 
Бірақ Қараадыр елі екі қасқырды ұмытқан жоқ. Әлде болса да сол 
екеуін кӛре береді. Енді жер кепті. Жазғытұрғы кӛкпен кӛбең семірген 
желқуық айғырлар қайта мінілді. 
Бір күні зор қуғын болды. 
Үш үлкен жау Қараадырдың ойында тобылғылы шұбардан шығарып 
алып, екі қасқырды сатырлатып, бастырмалатып қуып берді. Екі айрыла 
қашты. Ақ қасқырдың желіні түгел қатқан жоқ екен. Бәрі бірдей соның 
соңына қарай үңілді. 
Кӛксерек еріксіз ойысып келіп, үшеуінің алдына ӛзі түсті. Екеуі қатар 
қашты. Беттері Қараадыр еді. Ерікке қоймай, жандай шауып, тауға жібермей 
қайырып алды. Ақ қасқыр ойға қарай қашты. Кӛксерек ерегісіп тауға қарай 
тартып еді. 
Мұны біреуі ғана қуып, екеуі ананың соңынан кетті. Ықтиярсыз 
айрылып кетті. Артында жерді дүрс-дүрс басқан қатты тұяқтар бұны енді ақ 
қасқырға қоспады. Сонан соң бұл адырға кіріп, бір-екі бел асқан соң 
қуғыншыны адастырып, құтылып алды. Бірақ серігі жоқ. 
Сонымен қуғын күні Кӛксерек түні бойы ақ қасқырдың ізіне түсіп 
жортып еді. Бір тӛбенің ойына келгенде иіс те, із де бітті. Серігінің иісі жоқ 
оның орнына ат, адам иісі мол білінеді. Ағып, ұйып қалған қан кӛрінді. Аз 
ғана иіскелеп, бір рет жалап дәмін де кӛрді. 
Түн бойы кӛп-кӛп ұлыды, таң атқанша жер тарпып, шаң боратты, 
ыңырсыды, аунады. Ай астында әрлі-берлі сенделіп, кӛп аяңдцап жүрді. 
Қасыңда кӛлеңкесі ғана жүреді. 


12 
Sauap.org 
Тағы да жалғыз жортуылға түсті... 
Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Ащы кӛлдің солтүстік жағын жайлаған 
бес-алты ауыл Кӛксеректен тағы да кӛресіні кӛрді. Күндіз келіп кӛл 
жағасындағы қамыста жатады. 
Түн баласында бір ауылдың шуын бір ауылдікіне қосып, бықпырт 
тигендей қылады. Жаздай жеген қозы, бұзауының саны елу-алпысқа жетті. 
Екі рет қуғын болды. Бірақ екеуінде де кӛлге түсіп кетіп, судың тап 
ортасына барып, дүңкиіп жатып алды. Саяз сулы, айналасы зор батпақ, 
батпақты ащы кӛл бұған үлкен қорған болып алды. Әсіресе, жаңбырлы, желді 
түндерде, ай қараңғыда, ақ жауындарда Кӛксерек қатты құтырады. 
Түнгі ауылдың қорасына шапқанда күзетшінің айтағы, иттердің үріп 
тұрғаны — барлығы да бұған бӛгет емес. Кей-кейде ара-түнде жарқ етіп, күрс 
беріп мылтық та атылады. Даусынан ғана біраз сескенеді. Азғантай ұзап 
кетеді де, ел тыныштала бергенде қайта соқтығады. 
Жасынан бір күнде екі рет ас жеп ашқарақ болып үйренген Кӛксерек 
ауылға жақындап келгенде кӛзі тұнып, есі шығып кетеді. 
Сондықтан ауылға тақай бере-ақ ағызып ат қояды. Қораны ӛрт 
шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда, 
аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмайды. 
Бұл жазда Кӛксерек қатты семіз болды. Алдақашан түлеген тақыр жүн 
күзелген жылқының жалындай қайратты, қатты. Денесінің толуы, бойының 
биіктеуі, қайратының молаюы — биылғы жыл ерекше болды. 
Күздің ұзақ таңында бір дауылды қара түнде топ жылқыға араласып 
еді. Сонда қысырдың семіз асау тайын бастырмалатып қуып жетіп, 
құйрығынан алып табандап тұрып қалғанда, тай тапжыла алмады. Аз 
тырмысып-тырмысып тұрып, қоя беріп қалғанда—тай екпінімен барып 
тоңқалаң аса түсті. Сонда ағызып келіп бас салып алқымынан "гүрр" етіп 
қаба түскенде, тай кӛтеріп тұра алмай, Кӛксеректің астында ажал тапты. 
Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық 
түндері басталды. Ашумен жер тарпып, қар боратып, кӛп ұлыды. Бір мезгілде 
ай астында ағараң-ағараң еткен кӛп топты кӛрді. Бұрылып бір жаққа қарай 
жалтарғанша, тасырлатып, қар боратып, қасына ағызып келіп қалыпты. 
Бұлар: тілдері салақтаған, ауыздары арандай ашылған, жүгіріп келе 
жатқанда бәрі тегіс ырс-ырс етеді. Иістері Кӛксеректің мұрнын жарды. Қарсы 
аяндады. Қалың топтың алдында зор кәрі шолақ мұның жанынан "арс!" етіп 
желді қауып ӛтті. Кӛксерек те тұмсығы ашумен ыржиып, тістерін сақ-сақ 


13 
Sauap.org 
еткізді. Екеуі қайта беттесіп келгенде біріне-бірі ұмтылмай, құр ғана 
жанасып қор-қор етіп, ырсылдап тұрды. 
Артынан жеткен кӛп ақ қаншықтар Кӛксеректі айнала иіскеледі. Бір 
үлкен ақ қасқыр келіп жағын жалады, бұ да жалады. Бәрін иіскелеп алды. 
Үлкен кӛк шолақ қана иіскелеп жанасқан жоқ. Бәрі де аунап-аунап, қарды 
қауып-қауып алысты. Кӛксерек те соны істеді. Бұл қосылған топ жаңа ғана 
отардағы жылқыдан бір тайды жеп келе жатыр еді. 
Бірігіп алып, адырға қарай жарысып жӛнелісті. Бұл топтың саны — он 
шақты. Әзірге басшысы — кӛк шолақ. Қалғандары қаншық қасқырлар. 
Үшеу-тӛртеуі күшік, оның ішінде бір-екі арланы бар. Бірақ олар кӛк шолақ 
пен Кӛксеректен қаймығады, кӛп ойнайды. Үлкендерімен ырылдасып, 
таласпайды. 
Кӛксеректі қаншық қасқырлар кӛп жағалайды. Топ ішінде Кӛксеректен 
күйлі қасқыр жоқ. Бойға, денеге бұнымен кӛк шолақ қана таласады. Оның 
мойны Кӛксеректен де жуанырақ. Жалғыз-ақ жотасы ғана бұныкіне 
ұқсамайды, мұндай дүңкиген күдір емес, жазандау. Шабысқа артық болса да, 
алыс-қа мынадай сенімді сияқгы емес. 
Құтырынып шапқан мықгы, қомағай топтың бетіне ештеңе қарсы тұра 
алмады. 
Боранды күні ығып келе жатқан қойға араласып, бет-бетімен бӛліп-
бӛліп әкетіп, талай қойды жаралап, жеп, қырып шықты. Кӛксерек 
қосылғаннан бергі алғашқы шабуыл осы еді. Тамақты, емін-еркін 
араласқандықтан, әрқайсысы жеке-жеке, таласпай, қағыспай жесіп алды. 
Қар қауып, аунап-аунап, тағы бірігіп алып, ілгері қарай салды. 
Артынан адам келіп айырып алған қойлардың талайы таусылып біткен, 
талайы жаралы. Әр жерде сирағы, бас жүні шашылып қалған кӛп жемтіктер 
кӛрінеді. 
Топтанып келіп жылқыға да шапты. Бірақ қоңын ойып алған, жағын 
сындырып қалған тай болмаса, ешбірін жығып алып, емін-еркін жей алған 
жоқ. Кӛп жылқышы қуғын салып жегізбеді. 
Бір күн, бір түн аштық болды. Далада, сары жотаның басында шуласып 
ұлып-ұлып алып, күнбатыс жақта түтіні шығып қарауытып жатқан ауылға 
қарай тартып берді. 
Ел орынға отырар кезде ауылға қайтып келе жатқан екі-үш жылқыға 
келіп араласты. Жылқының екеуі қашып ауылға жақындап қалды да, біреуін 


14 
Sauap.org 
Кӛксерек омбы қарға қамап кеп, белгілі әдісімен жығып алды. Кішілеу 
құнаншығар еді. 
Бар қасқыр айнала тұра қалып, ашқарақ ауызды қойып-қойып жіберді. 
Алдақашан іші жарылған құнанның буы аспанға шығады. Қан-жын басы-
кӛздерін жауып, жота жүндері үрпиіп, естері шығып асап жатыр. 
Кӛксерек бұрынғы дағдысымен жемтіктің кеудесіне тұмсығын тығып 
жіберіп, жұлып асап жатыр еді. Желкесінен "ырр" етіп бір ауыз тістей түсті. 
Бұл орын кӛк шолақтың орны болушы еді. Жемтіктен басын суырып алып, 
кӛк шолақтың асылып тұрған аяғынан қатты тістеп алып, үстінен жұлып 
тастады. Екеуі де жемтіктен шығып, біраз гүр-гүр етісіп тұрып, қайтадан 
қызылға ұмтылысты. 
Таласа-тармаса жесіп алды. Соңғы бір-ақ саны қалған уақытта күшік 
қасқырлар мен қаншықтардың кӛбі шығып кетіп, екі кӛк шолақ қана жемтікті 
жұлмаласып қалды. 
Ӛзгелер бұлар жеп болғанша қарда аунап-аунап алды. Бірталайы 
тӛстерін қарға тӛсеп күтіп жатыр еді. 
Жем бітті. Тағы да адырға қарай тартты. Топ алдында екі кӛк шолақ 
қатар жортады. Біріне-бірі жол бермейді. Бірінің алдына бірі түссе, 
тірсектерінен тістеп ырылдасып қалады. Азу тісінің бірі сынған кӛк шолақ 
ызалы, долы. Гүрілдеп сыздана берді. Екі күндей аш болысты. 
Жылқы бұрынғы жерінде жоқ. Боран болған, қалың қар жауып, іздер де 
басылып қалған. Елсіз бір жарды жағалап келе жатқанда, кеуегінен шығып 
қоян қашты. Жардың екі жағына қақ жарылып бӛлініп алып, ұмтылып қуды. 
Аздан соң қоян жардан шығып, Кӛксерек жаққа қарай далаға шыға, адырға 
беттей қашты. Бұл топтың алдында Кӛксерек еді. Қоянға жақындап келеді. 
Бір кезде тӛтеден ағындап жеке дара болып, кӛк шолақ ағызды. Қоянға 
жақындап қысып келіп, Кӛксеректің алдына түсті. Артқы қасқырлар шұбап 
алыста қалды. 
Адырға кірді. Бірнеше тӛбелерден ӛтті. Кӛксерек кейіндеп қалып еді. 
Бір ылдида кӛк шолақ қоянды жұмарлап жатыр екен. Кӛксерек келе ауызды 
қойды. Екеуі жұлқысып тартысқанда қоянның басы мен кеудесі кӛк 
шолактың аузында кетті. Ӛзінде қалғанды қапаш-құпаш асап, Кӛксерек қайта 
тап берді. 
Кӛк шолақ қоянның басын тастай беріп, арс етіп Кӛксеректі аяқтан ала 
түсті. Ойда қар борап, аяқтарының асты аткӛпір болды. Шапшып келіп 
гүрілдеседі. Тістері бір-біріне сатыр-сатыр тиісіп, қарш-қарш шайнасады. 


15 
Sauap.org 
Тікейіп шапшыған бойда ұстасып тұрғанда, Кӛксерек басын бұрып жіберіп 
кӛк шолақты құлақ шекеден ала түсті. Жасынан ауыл иттерінен үйренген 
әдісі еді. Аузы тиісімен жұлқып бұрап жібергенде, кӛк шолақ майысып 
барып астына топ ете түсті. 
Жығысымен үстінен басып тұрып, құлақ шекеден ауызды жылжытып 
келіп, алқымға салды. Тамағынан қапсыра қысып буындырып алып, мойын 
сүйегін қырт-қырт шайнайды. Кӛк шолақтың аузы арандай ашылып, тынысы 
құрып, тыпырлауға шамасы келмей қалды. 
Сол уақытта артқы қасқырлар топырлап келіп жетіп, кӛк шолаққа ауыз 
салысты. Былбырап аққан қызыл қанның иісі аш қарындарға мас қылғандай 
белгі берген еді. Шаптан, қолтықтан, жалаңаш тӛстен мықты, ӛткір тістер 
жұлқып-жұлқып тартқанда, кӛк шолақтың қаны жосылып ағып, ішінен 
бұрқырап бу да шықты. Бұл арада бар ауыз түгелімен жабылып кетіп еді. Аз 
уақытта кӛк шолактан будыраған жүн мен тӛрт табан ғана қалды. 
Қалған топтың жалғыз даусыз басшысы Кӛксерек болды. Іздеп жүріп, 
отардағы жылқыны тауып алды. Тағы да атышулы тоғыз қасқыр деген даңқы 
шықты. 
Күндіз-түні жылқышы атаулыны күзеттен босандырмай, сонда да 
дамыл бермей, тай-құнанды жеп тұрды. 
Артынан ерген тобы аштық кӛрген жоқ. Бәрі де жонданып, құтырынып, 
мықты жүргіш болып алды. Шетінен Кӛксерекше батыл. Сол не істесе, соны 
істейді. Ара-тұра жылқыны тастап, маңайдағы ауылдарға да соғып кетеді. 
Тоғызы араласқан жерде сел қаптағандай, жау тигендей қылады. Ат, сиыр 
сияқты ірі қаралар бір-ақ жеммен таусылып, жоқ болып қалатын болды. 
Бір уақыт керуен жолында да болды. Кешеден бері ас жемей, ашыққан, 
аяздаған уақыт еді. Жалғыз атты шаналы жүргіншіні қамады. Айналасына 
қар боратады. Біресе жолына барып жатып алады. Жартысы артына, 
жартысы алдына түсіп, қашпай, мезгіл сайын жақындап, аяң салып отырады. 
Есі шыққан керуен аты жүре алмай қалған соң, айқай салып қашып еді. 
Атты топтарымен жығып салып талқандап, ӛлтіріп, талап жесе бастады. Топ 
осыған араласып жатқанда, Кӛксерек мұны тастай беріп, қасына бір-екі 
қаншықты ертіп алып, кісінің артынан қар боратып, бұрқыратып салып еді
жақындап қалғанда, кісі шошып жығылды. Бірақ алдарынан айқайлап, 
сатырлап шапқан аттылар шығып қалып, айырып алды. 


16 
Sauap.org 
Осыдан соң Кӛксерек қатты долы, ызалы болып, сызданып алды. 
Ырқына кӛнбеген күшіктерді, жүріске ере алмаған қартаң қаншықтарды 
кейде бас салып талап та тастайды. 
Тағы бір ретте қалың шилі қорықта отырған бес-алты ауылдың үстіне 
келді. Күндіз болатын. Күн шаңытқан аяз еді. 
Шеткі ауыл бұларды кӛріп қалды. Ши шетінде қарда аунап жатқанда 
бір түйе шықты. Үстінде кісі бар. Басына ақ оранған. Тура қасқырларға қарай 
жүрді. 
Ат емес, қашпаса да болады. Бірақ түйе жақындап келгенде, бар қасқыр 
тұрып, далаға қарай ақырын бүлкектей берді. Топтың артынан Кӛксерек 
керенаулап зорға тұрып, қырыстанып артына қарап, ол да аяндады. Түйе 
бақырып қояды да, шудасы желкілдеп желеді. Бетті елсізге қарай түзеп 
қасқырлар бүлкектеді. Артында Кӛксерек. 
Түйе бұрылып кетер деп, бақылайды. Бұрылмайды. Кӛксерек ашығып 
қалып еді. Дәмелене бастады. Біресе жортыңқырап барып, алдыңғыларға 
жетеді де бәрін тоқтатып, ӛзі жүресінен түсіп, түйеге қарап жатады. Түйе 
жақындап келгенде ӛзгелер жылжи береді. Бұл да артынан тұрып аяндайды. 
Аяғында, ауылдан әбден ұзап шықты. Кӛксерек ӛзгелерді ілгері 
жіберіп, ӛзі бір күшік қасқырмен бӛліне, оң жақ бүйірге қарай тартты. Түйелі 
қиыстап, топ пен бұл екеуінің аралығына қарай беттеді. Әлі де түйе 
бақырады. Иісі, дәмі қызықтырып, асықтырып барады. Кӛксерек түйенің 
артына түсті. 
Бірақ әлі онша жақындаған жоқ. Түйе енді ақырын жүре бастады. 
Кейде тоқтап, алды-артына қарайды. Ақбас әрлі-берлі бұрылып 
қозғалақтайды. 
Түйе токтағанда — Кӛксерек те тоқтайды. Тұрған жерінен қар боратып, 
тарпына бастайды. Сӛйтіп кеп, бір мезгілде ағындап шауып, түйенің жанына 
жақындай келіп, қиыс ӛте берді. 
Сол кезде түйе үстінен бір ұзын нәрсе шошайып созылды да күрс етті. 
Ӛлгенше қатты ащы дауыс даланы сілкіндіріп, шошытып жіберді. Бар қасқыр 
қар боратып ытқып, қашып жӛнелді. 
Күрс етіп жӛтелген кӛк түтінмен қатар Кӛксеректің артқы бір саны 
шыж ете түсті. Әрі ыстық, әрі суық бірнәрсе қадалып шаншып қалды. Санын 
"арс" етіп қауып қалып, түйенің үсті тағы да сыртылдап қамданып жатқанда, 
бұ да ытқып қашып жӛнелді. 


17 
Sauap.org 
Тоқталған жоқ, кӛп қашты. Бірнеше қырқадан, бір-екі жазықтан құлаш 
ұрып шауып ӛтті. Ӛзге қасқырлар бір бӛлек, бұл жалғыз — бір бӛлек. 
Түйе қалып қойды. Жүгіріп-жүгіріп келіп, бір жартасты сайға кіре бере, 
арт жағы қиралаңдап барып құлап түсті. Жол бойы тоқтамай аққан қан әлін 
кетірді. Жарасының ауруын да жаңа тоқтар алдында ғана сезе бастаған. 
Қыңсылап жатып санын жалайды. Қан шығады. Бір тұрады, бір 
жатады. Тұрғанда енді бір аяғын кӛтеріп тұрады. Үш аяғымен секектеп 
аяңдайды. 
Арада бірнеше күн ӛтті. Осы сайдан шыққан жоқ. Ашығып бұралуға 
айналды. Бірақ аяғы ептеп басуға келді. Бір-екі қырқадан асты. Бір сайда үш-
тӛрт ат жайылып жүр екен. Бұғып қасына келді. Шетте арықтау бір кӛк 
шолақ ат тұр еді. Тап беріп, қуып отырып, қалың омбыға әкеліп қамады. 
Осқырып, қорқып тұрған атты алқымынан алып, бауыздап түсті. Санын 
жұлды, қоңын ойды. Омбы қардан шығармай тұрып, жығып алды. Тоя жеп 
алып, сайына қайтты. Күңде кешті күтеді. Түн болған соң, жемтігіне келіп, 
асын жейді. 
Осымен бес-алты күн ӛтті. Қайтадан жоны шығып, тыңайып алды. 
Аяғы да әбден басуға келді. 
Күдірейген жоталы, ашулы Кӛксерек тағы да жортуылға шықты. 
Белгілі жемтік біткеніне екі күн болған. Содан бері аш еді. Жорта-жорта, 
баяғы Қараадырдан шықты. 
Түске жақын мезгіл еді. Жота-жотадан қарауыл салды. Желге 
тұмсығын тӛсеп, белгілі иіс күтті. Алыстан таныс иіс келіп, мұрнына жетті. 
Маңайға жалт-жалт қарап алып, қырдан-қырды, адырдан-адырды кезіп 
отырып, күнбатысқа қарай шырқап салды. 
Кӛп іздеді. Аяғында, күн кешке жақындағанда, бір жотаның басында 
шошайған аттылы қойшыны кӛрді. Айналасында, сол тӛбенің бетінде қой 
шашылып жайылып жүр. Теріп жеуге шашқан шашудай. Бірақ жақында ауыл 
бар. Алыстан ағындап бет түзеді. Жалғыз-ақ қарасын кӛріп қалған қойшы 
айғайды салып, бұған қарсы шапты. 
Қойшы үлкен емес, бала даусы шошытпайды. Қой дүркіреп үркіп, 
қойшыға қарай қашты. Қасқыр жақындап, бір қызыл қойға ауызды салғалы 
ентелеп келіп қалып еді, бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп 
қалыпты. Еріксіз жалтарып бұрыла беріп еді, қойшы бастырып қуып жӛнелді. 


18 
Sauap.org 
Бой салып қорқып қашқан жоқ. Содан ба, болмаса тегі жүйрік пе, 
әйтеуір боз ат бастырмалатып жетіп келіп, Кӛксеректің жотасына жеңіл ағаш 
сарт етіп тиіп қалды. 
Сол-ақ екен, қарсы бұрылып алып, аттыға қарай "арс!" етіп шапшып 
қалды. Арандай ашылған ауыз бірдемені жұлып түспек еді. Ыңғайына бала 
тонының ӛңірі ілінді. Соны бӛксеріп жұлып түскенде, боз ат осқырып атқып 
кетті. 
Баланың шошыған айғайы шықты. Қасқыр артына айналып тап 
бергенде, мӛңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. Кӛксеректе 
кәзірде бұрын ешқашан білінбеген долылық, жайындық бар еді. Туғаннан 
бергі барлық кӛресі осыдан — екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап 
жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп 
ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз 
ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас 
салды. 
Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға 
жіберген еді. Астына мінгені ӛзінің жүйрік боз дӛнені болатын. Үстіне 
гүрілдеп қасқыр тӛніп келгенде, кӛзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына 
таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында ӛзіне таныс 
құлақ кӛрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы 
сезген-білгені — сол... 
Содан әрі баланың үні ӛшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын ӛліп 
кетті. Кӛксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын 
шайқап ӛткенде, баланың бір жақ кӛзін қопарып алып кетті. Жүріп бара 
жатып, қылғып салды... Түнде баланың ӛлігін тауып алысты. Жанында 
тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен. 
Құрмаштың жаназасына жиналған Қараадыр елі Кӛксерек жайынан 
неше алуан әңгімелер құрды. Кӛпшілік мұны қорқау қасқыр деді. Кейбіреу 
құтырған қасқыр емес пе екен деп күдік айтты. Бірақ құтырған деуге орын 
жоқ. Ондай болса, бір баламен тоқтамас еді. Ауылға да шабар еді. Қойды да 
қуалар еді. Сол жиында бұны не қылса да ізіне түсіп соғып алуға, ӛлтіруге 
сӛз байласты. Бұл әңгіменің ортасындағы Қасен еді. Ол — белгілі аңшы. 
Баяғыдан құс салып, ит жүгірткен. Ӛзі — осы маңайдың ауқатты, әлді жігіті 
Қараадырдың мырзасымағы. Қалада қызметте тұратын інісі бар. Сол арқылы 
биыл күздігүні бұның аулына шетелден қасқыр алатын бір ит келген. Кәзір 


19 
Sauap.org 
барлық Қараадырға да, маңайдағы ӛзге елге де даңқы шыққан Аққасқа — осы 
Қасеннің иті. 
Келісімен Аққасқа күздігүні бір күннің ішінде бір бӛлтірік, бір үлкен 
қасқыр алған. Ӛзі екі қар басқан екен. Кәзіргі уақытқа шейін алты қасқыр 
алыпты. 
Аз күнде бір болыс елдің әңгімесі болған Аққасқаның арғы тегін 
тексерушілер де кӛп еді. Түбі Ереймен итінің нәсілі деп кеп, арғы затын 
ертегіге айналдыру үшін: "бұл қанжығалы қарт Бӛгембай итінің тұқымы" 
дейтіндер де болған. 
Жиын Кӛксеректі іздеуге сӛз байлаған соң, жаназадан тарай сала, Қасен 
ӛз аулына келіп, бес-алты жігітпен бірге Аққасқаны ертіп алып, адырға 
шықты. 
Күн кешкі бесін кезі еді. Сондықтан ертеңге қарап, аял қылысқан жоқ. 
Ең болмаса ізін кӛріп, бетін аңғармақ. Және жаңада қар жауған. Сонан енді 
тағы қар жауып қалмай тұрып, ізінен, бетінен Кӛксеректі танып алу керек. 
Қасен Құрмаштың әкесімен ағайындас жақын болатын. Жалғыз баласы 
— ерке Құрмаштың ӛлгені әкесіне ерекше батып еді. 
Бұның үй ішімен ботадай боздап, бейіт басында да қатты күңіреніп 
жылағанын кӛргенде, тірі жанның бәрінің сай-сүйегі сырқыраған. 
Құрмаштың әкесі Қасенге: 
— Сол жалғызымды ӛлтірген қасқырды қолыма әкеліп беріп, кӛзін 
ойғызбасаң, сен маған туысқан емессің, — деген. Ӛзге ел де Қасенге: "бүгін 
Аққасқа не ӛлсін, не ӛлтірсін! Осыдан басқа жерге итіңнің керегі жоқ, тіпті!" 
дескен. Осы сӛздердің барлығы Қасенді де асықтырып, ширықтырып еді. 
Құрмаш аулы мен Қасен аулының арасы жақын болатын. Сондықтан 
кӛп уақыт ӛтпей-ақ, аңшылар кешегі бала ӛлген жерге жетті. 
Ақша қардың үстінде бадырайып үлкен із жатыр. Беті елсізге, 
Тастықұдыққа қарай кетіпті. Барлық аңшы ізге қарап, қасқырдың үлкеңдігіне 
қатты қайран болды. 
Аққасқа бұрынғы еріншектеу әдеті бойынша ізге жеткенше жай жүріп, 
тартыншақтап келіп еді. Ізді кӛріп, біраз иіскелеп алған соң, басты тӛмен 
салып жіберіп, тұмсығын ізден алмай отырып, жонды адырға қарай шауып 
жӛнелді. 
Бар аңшы артынан ілесе желе-текіректеп шауып отырды. Аққасқа 
тоқтамайды, артына қарамайды, тынбай жортады. Әлі қар бекіген жоқ. 
Қалың да емес, қыстың орта кезі болса да, биыл қар жұқа болатын. 


20 
Sauap.org 
Аңшылардың айтуы бойынша, қасқыр, түлкіге ит қосатын уақыттың 
нағыз ӛзі еді. 
Қасен қолына келгелі Аққасқа барлығы үш қасқыр алды. Бұның екеуін 
бір күнде күздігүні жер қарада алған. Үшіншісін қар түскеннен кейін ауыл 
үстінен алып еді. Қасен ӛзінің бір-екі жігітімен және басқа да аңды сүйетін 
тӛрт-бес құрбысымен соңғы уақытқа шейін ат жаратып жүрген-ді. 
Алыс жерден еті ояндап келген Аққасқаның қыстыгүні қарда жүгіруге 
қызылы толық болсын деп етейтіп, баптап қайырып жүр еді. Бұдан бұрын 
Аққасқаны аз-аздап қоянға жүгіртіп, екі-үш суытып алған. Соңғы 
уақыттардағы тамағы кӛбінесе құрт араласқан сұйықтау ас болатын. Қоясын 
да екі рет тастатып алып еді. Содан бері қысқы жүні жетіліп, ӛңі ажарланып, 
қатты құлпырып алған. 
Жалғыз-ақ бүгін таңертең аз ғана ас құйылған екен. Соның тоғы қаша 
қоймады ма деген күдік бар. 
Одан басқа жоны жұмырланып, етін сыртына теуіп, бойдағы майдан, 
іштегі қыл-қыбырдан арылған кезі еді. 
Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық 
сомдығы да содан кем емес. Ӛзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын 
бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау 
келгенде, мандайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын. Екі кӛзі шатынап 
шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл 
кӛз. Ашу да, ерлік те бір ӛзінде. 
Екі шекесі "торсыктай" деп аңыз қыларлық. Бұның да жотасы 
күлдіреуіштей. Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дӛң сияктанып, күдірленіп, 
дүңкиіп тұрады. Оның үстіне, шеке мен мойын тұп-тұтас болып келіп, 
шеңбер тӛске қосылған. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды. 
Аққасқа ӛте қабаған. Сіркесі су кӛтермейтін долы, ызалы. Сондықтан 
ауылға келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне 
салғанша, жә қарасын кӛрсеткенше, ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе, 
жолда кез келген иттерге де соқтыға береді. 
Итке келгендегі жалпы әдеті: ӛзі барып таласпайды, бірақ ауылдың кӛп 
иті алдынан шығып, быжғылдап үре беріп, айналасын қамай бергенде, яки 
біреуінің жұлып қашқан тісі тигенде құтырып кетеді. Ондайда топ иттің 
ішіндегі ең үлкен тӛбетті секіріп барып құлақ шекеден алып, топ еткізіп 
соғып, жаншып-жаншып жібереді. Кісі айырмаса, астына түскен итті 


21 
Sauap.org 
ӛлтірмей шықпайды. Ӛзі жүрген жерде ӛзге иттің еркелігін кӛтермейді. 
Күзден бері Қасен аулының екі-үш сақ тӛбетін ӛлтіріп салды. 
Қатты ашуланып, ашқарақтанып кеткенде, иесін де қауып жібереді. 
Күздігүні үй ішінде сойып жатқан қойдың етін жегізбей ұмтылғанда 
Қасенді де бір-екі рет қолынан ала түсіп, қауып алған. 
Күн екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден 
бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Қараадырдан бес-алты шақырымдай 
ұзап шықты. Қасқырдың бұл күні беті Тастықүдықтан да ӛтіп, Ақсораңдағы 
жылқыға қарай тартты. Ақсораңда екі қос жылқы жатыр еді. Айналасы — 
аласа белес, қалың тобылғылы үлкен шұбар еді. Соның ортасындағы жадағай 
жалғыз биік — Ақсораң. Қасқырдың осылай беттегенін білген соң аңшылар 
ақылдасып тұрып, Аққасқаны шақырып тоқтатып алды. 
Мұның мойнына кендір тағылған соң, барлық жұрт аяндап 
Ақсораңдағы қосқа тартты. Бүгін түнде сонда қонып, ертең ерте 
жылқышыларды жүйрік ат-айғырға мінгізіп алып, қалың топ болып 
қуыспақшы болды. 
Екі қостың бірінде Қасен аулы мен барлық Қараадырдың да жылқысы 
бар еді. 
Жігіттер сол ӛз қостарына келіп қонды. Қоста түні бойы тынымсыз 
қызулы, лаулаған әңгімелер болды. Мол асылған семіз ет қонаққа да, 
жылқышыларға да кӛңілді желіктің шарты еді. Құрмаштың ӛлімі де кӛп 
уақыт әңгіме болды. 
Қасендер келісімен-ақ барлық жылқышы мәлім етті: ӛткен түнде кӛк 
шолақ жылқыға шауып, бір жабағыны жеп кетіпті. 
Жалғыз ӛзі бір семіз жабағының жарты етіне жақынын жепті. Бұл не 
деген жалмауыз екенін білмейміз, әкеңнің... деп, қос басшысы сӛйлеп еді. 
— Ол ұзаған жоқ. Ол болса, осы Ақсораңның айналасынан табылады. 
— Соңғы уақытта қасқырдан тыныш едік. Осы жалғыз қасқыр кешеден 
келіп араласты. Ізі тайдың ізіндей. Әнеугүні де келіп, бір тай жеп кетіп еді. 
— Іздегендеріңнің ӛзі — сол. Ел мен қосқа кезек тиеді. Бір кәпір 
сарқынды. Бәрін істеп жүрген сол. Енді, әттең дүние, соны ғана бір қолға 
берсе-ау! — деп жабағысы желінген Бейсембай жылқышы кіжінді. 
Жатарда Аққасқаға азын-аулақ құрт пен жылы-жұмсақ ет берілді. 
Жұрттың бәрі айнала үйіріліп, соны күтті. 
Бірақ тар үйде, кӛп бӛтен кісінің ортасында Аққасқа жиі ашу 
шақырады. Шынжырмен байлаулы жатып, кей уақытта "арс" етіп, от 


22 
Sauap.org 
айналасындағыларға тап береді. Кӛп уақыт қорылдап гүр-гүр етіп тұрып 
алады. 
Отқа қарсы қараған кӛздері ашумен қанталап шатынап кетеді. Қараңғы 
ала кӛлеңкеде жатқанда екі кӛзі қып-қызыл шамша жанады. Аққасқа 
ырылдағанда алдында отырған Бейсембайдың жотасы мұздап, еті тітіреп 
кетеді ентелеп ілгері жылжып, отқа қарай мінбелей береді. 
Таң қылаңдап келе жатқанда барлық аңшы мен кӛп жылқышы атқа 
мінді. Жарап жүрген бедеу биелер мен жүйрік айғырлар түн ортасында 
ұсталып, тоғын қашырып алып еді. Жұрттың бәрінің қолында сойыл, шоқпар. 
Сатыр-сұтыр етісіп, қостан желпіне шығысты. 
Ақсораңның етегіне таман келгенде, Қасен он бір-он екі кісілік 
жиынды тӛрт бӛлді. Ӛзі Аққасқаны алып Ақсораңның дәл биігінің басына 
шығатын болды. Ӛзгелерді тау мен ұсақ адыр, қалың шұбарды айнала 
қоршап алып, жан-жағынан қаумалап, Ақсораңның биігіне қарай қағып шық 
деп, таратып-таратып жіберді. 
Қыстың күні алыстағы ақ жотадан қызарып шығып келе жатқанда 
барлық аттылар жан-жаққа қарай шашырай жӛнелді. Ақша қар желе шауып 
жӛнелгенде, жүйріктердің аяқтарымен есіліп-үгіліп, борай түсіп жатты. 
Қасен аяңдап, биіктің басына қарай тартты. Жолшыбай екі-үш жерде 
Аққасқаны сарытып, аунатып, баптандырып алды. Сонымен жарты сағаттан 
артық уақыт ӛткеңде, биіктің басына келіп шықты. Дәл биіктің бір иекартпа 
иығына атын тастап, ӛзі Аққасқамен бірге жаяулап келіп, бір екі-үш обаның 
ығына келіп отырды. Айналасының бәрі де кӛрінеді. 
Тау басында желдетіңкіреп ызғырық соғады. Күн, әзірше суықтау. 
Аққасқаның астына ертеден қамдап алған киізін тӛсеп, ӛзінің ығына 
жатқызды. Айналаға Аққасқа да анда-санда бойлап-бойлап жағалай қарайды. 
Қасен бұны баулыған иесіне ішінен бас иіп алғыс айтады. Құрметпен 
еске алады. Ӛйткені Аққасқа тау басында кәзіргі отырыстың не мәні барын 
әбден түсініп, ұғынып отырған сияқты. Тыныштыққа бой ұрып, жатуды 
ойлап тұрған жоқ. Күтіп отыр. Биіктен томағасын тартқан қырандай ізденіп, 
бағып отыр. Жан-жақтағы қағушылардың бәрінің де алдына қарап ӛтеді. 
Кейде түрегеліп те жан-жаққа кӛз жібереді. 
Кешегі жабағыны жеген Кӛксерек екені рас еді. Кеше жартысына 
жақынын жесе, бүгін ӛткен түнде сол жеріне барып, тағы қалғанын тоя жеп 
алып, енді Ақсораңның етегіне келіп, бір жартасты, бозқарағанды қиындау 
сайда ұйықтап жатыр еді. 


23 
Sauap.org 
Құлағына алыстан бір сарын естілді. Елсіз тыныш тауда таңертеңгі ауа 
дыбыс атаулының барлығын екілендіріп кӛтеріп тұрған. 
Оянып, жүресінен жатып, қар қапты. Сӛйткенше, сатыр-сұтыр еткен 
ағаш даусы мен тастақ жерді тасырлатып басқан ат дүрсілі естілді. Түрегеліп, 
барынша керіліп алды. Екі аяқтылардың иісі сезілді. Бүлкектеп жотаға 
шықты. Сол-ақ екен, арғы беттен құлап келе жатқан екі үлкен қара айғайды 
салып, тап берді. 
Кӛксерек жалт беріп, жотаның тасасына түсе сала, сайды жалбылап, 
жоғары қарай салды. Қолында шошайған сойылы бар, астында қатып қалған 
ақ бедеуі бар Бейсембай ағызып жотаға шығып, тағы айғай салып, ӛрге қарай 
тасырлатып шапты. Бұл уақытта Кӛксерек сонша саспаса да кейде кӛсіле 
шауып, кейде құлағы жалбырап сӛлектей түсіп, Ақсораңның жонына қарай 
асып еді. 
Айғай жақын жерден шығып қалғанда, Аққасқа атып тұрды. Қасен 
бұны кендірінен сүйрете барып, атына шапшаң міне сала, айғай шыққан 
бетке қарай ағызып отырып, сол жақтағы жотаға шықты. 
Қарсы алдында оқ бойындай жерде сары жотаның дәл үстінде артына 
бұрылып қарап, тақ тайыншадай бір кӛк шолақ тұр екен. 
Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай 
кӛрінді. Ертегінің кӛкжалы. Жотаға шыға бере, Аққасқа да кӛріп, атылып, 
секіріп кеп кетті. 
Ақырын ғана "айт!" деп қалып, бәйгі керге Қасен де қамшыны басты. 
Кӛксерек артына қарап тұрып, байқамай қалып еді. Бір уақыт алдынан 
шыға қалған сатыр-сұтырға жалт қарағанда ағындап келе жатқан Аққасқа 
мен аттыны кӛріп, сол жақтағы ойға қарай ытқып, қашып жӛнелді. Бір сайға 
түсіп жосылып барып, екінші оң жақтағы жотадан асып түсті. Соның ойына 
таман жақындағанда аттының дүбірі басылып қалып еді. Мұның құлап 
түскен сайы тіп-тік жар болатын. Бірақ дәл сол кезде артындағы қар жиі-жиі, 
шықыр-шықыр басылып, бірдеме жақындап келіп қалды. 
Қашып келе жатып артына қарай алмады. Сол-ақ екен жаралы санынан 
бір мықты ауыз қауып түсіп, ойға қарай қатты жұлқып кӛтеріп тастады. Сол 
сәтте бұның жауы қасынан ағып ӛтіп кеп, алдыңғы омбыға екпіндеп барып, 
соқтығып ӛзі де құлап түсті. 
Аққасқаның жұлып кеткен екпінімен етпетінен түсіп қалған Кӛксерек 
енді атып тұрып, тап берді. 


24 
Sauap.org 
Бұрын Аққасқа бұндай жұлып ӛткенде, әсіресе, ойдан тӛмен жұлғанда, 
қандай қасқыр болса да омақатып, тұмсығынан шаншыла түсуші еді. 
Сондайда қапысыз мықты ауыз тұрғыз-бастан келіп, алқымынан жабысып 
қалатын. 
Бұл жолы олай болмады. Аққасқа ӛзінен бұрын тұрып, күрілдеп ырғып 
келе жатқан кӛкжалды кӛрді. Бұ да қарсы тап берді. Сол уақытта құлақ 
шекесінен тиіп қалған қышқаштай қатты темір ауыз жұлқып кеп жібергенде, 
ой жаққа қарай ытқып барып түсті. Бірақ Акқасқа жығылған жоқ, тік етіп 
барып, тӛрт тағандап тұра қалды. 
Ептілік, ыңғайлылығымен ғана кӛк шолақтың аузынан шығып кетті. 
Кӛксерек тістенгенде, қамти тістей алмай, кӛбінесе терісінен ала жұлқып еді. 
Сол бетімен Кӛксерек жотаға жүре бермекші болды. Ӛйткені 
артындағы дүсір тағы естіліп қалды. 
Бірақ Аққасқа да қалмады. Ағындап келіп, аржаққа шығып алып, 
кӛлденеңнен шапшып-секіріп келіп, Кӛксеректі құлақ шекеден ала түсті. 
Кӛк шолақ бұл жолы да жығылмады. Аққасқаны кӛтере жоғары 
шапшыды. Алғашқы алған жерден Аққасқаның аузы босап кетті. Екеуі бетпе-
бет келіп шапшып тұрып, қаршылдасып ұстасты. Енді бірінен-бірінің босап 
кетуіне жол жоқ. Бұл күй не қылса да біреуінің астына түсуімен біту керек. 
Және етіне тіс тиіп, ашынып алған Аққасқа қазірде долылықтан 
ӛртенгендей еді. Қасқырмен кӛп кездесіп, қырқылжың тарта бастағаннан бері 
қарай Аққасқа бойына тіс тигенше, онша ӛлерменденбеуші еді. Дәл қазіргі 
күй жалғыз тал қылына шейін қоздырып, күйдіріп-жандырғандай. 
Кӛксерек те бағанадан қалыспаған итке енді шын ойынды бастаған. 
Екеуі шапшысып тұрған бетте біріне-бірі құлақ шекеден де, алқымнан да 
алғызбайтын болды. Алдыңғы аяқтарымен ұстасып тіресіп тұрып, сол сәтті 
аңдығанда екеуі де тез іс бітпейтінін ұққандай болды. 
Қозданған қан толқынып кеп, тағы бір дем басқа шыкқанда, Аққасқа 
қарсы алдында арандай ашылып тұрған ауызға сақ еткізіп тістерін салып 
жіберді. Бұл қасқырдың тӛменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, 
қасқырдың жоғарғы азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғарғы 
ұрттарына келіп, кірш-кірш кірді. 
Ашулы тістер сытыр-сытыр, қарш-қарш шайнасады, әлі шапшысып 
тұр. 


25 
Sauap.org 
Дәл сол уақытта жоғарғы жотадан шыға сада тӛмен қарай кер ат пен ақ 
бие де аңырап еді. Қасен мен Бейсембай "а, құдайлап" сойылдарын оңтайлап 
келе жатты. 
Ӛр жақта Аққасқа. Шайнасып тұрған ауыздардан сілекей мен қан 
аралас ағып, сырылдап тұр. 
Аққасқа Қасен даусын ести сала, ойға қарай жұлқи бұрап қалғанда, кӛк 
шолақтың белі бұраң етіп барып, дүрс етіп құлап түсті. Ауыздары бір-бірінен 
айрылған жоқ. Екеуінде де үн жоқ. 
Шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған сияқты. Ең аяғы, 
болымсыз болса да, тыныс алған дыбыс та білінбейді. 
— А, құдай!.. А, құдай!.. Иә, сәт! Иә, сәт!.. Иә аруақ! Иә ақсарбас!.. — 
дей бере, екі атты үстеріне жығыла-жығыла үйіле түсті. Аттар босанып 
шықты. 
— Опыр-ай!.. Опыр-ай!.. Аузын!.. — деп келіп, Қасен жуан қамшының 
сабын Кӛксеректің кӛмекейіне тығып жіберіп, мықтап басып тұрып, 
жауының тұмсығын жоғары қарай қайырып жіберді. Аққасқаның қан басқан 
тұмсығынан кӛк шолақтың тістері бір-бірлеп шығып кетті. Аққасқа сонда 
ғана бүйірін тартып тыныс алды. 
Бірақ әлі де жанын шығарғанша қасқырдың тӛменгі жағын күрт-күрт 
шайнап жатыр. Бұл кезде Бейсембай да қара пышақты Кӛксеректің ӛкпесіне 
салып-салып жіберіп еді. 
— Осы... осы... осы ит! — десті. Кӛксеректің жаны әбден шыққан соң, 
Аққасқаны Қасен, Бейсембай екеулеп отырып, зорға дегеңде айырып алды. 
Құйрықтан қысып алып, алысқа сүйреп апарған соң ғана Аққасқа есін жиды. 
Бірақ әбден әлсірегендіктен, сол апарған жерге сілейіп жата кетті. Барынша 
шаршап, талған екен. 
Ес жиған соң жұрт кӛк шолақтың құлағына қарап отырып, бұрынғы 
кеткен Кӛксерек атты күшікті таныды. Құрмашты ойлап, кейбіреулердің 
кӛздерінен жас та шықты. Ауылға әкелгенде, Құрмаштың әжесі боздап келіп: 
— Қуарған-ай, ненді алып ем?!.. Не жазып едім?.. Баурына салып 
ӛсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?!.. — деп елді тегіс еңіретіп, 
Кӛксеректі басқа тепті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет