Көлік-энергетика факультеті



бет1/5
Дата07.04.2022
өлшемі1 Mb.
#30189
  1   2   3   4   5

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Көлік-энергетика факультеті

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы
ЕСЕП

Кәсіптік-өндірістік практиканы өту туралы

Дайындаған: СжС-43 тобының

студенті Құдабай Т.Е

Тексерген: Хаймулдинова А.К.

Қорғауға жіберілді

«___» _________2022ж.

__________________________

(тәжірибе жетекшісінің қолы)

Бағасы_______________________

Нұр-Сұлтан, 2022 ж.



Мазмұны


Кіріспе

3

Негізгі бөлім

5

1.

ҚР СТ ISO 15189-2015 стандарты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті саласында қолданысы

5

2.

ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 стандарты туралы

8

2.1.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханасында сапа менеджмент жүйесі

10

4.

Дипломдық жұмысқа арналған материалдарды зерттеу

11

Қорытынды

14

Пайдаланылған әдебиеттер

15


Кіріспе
Өндірістік практика кәсіптік жоғары білімнің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың барлық нысандарының оқу жұмыс жоспарларына енгізіледі.

Өндірістік практикадан өтудің мақсаты - жұмыс істеп тұрған кәсіпорында жұмыс тәжірибесін зерделеу негізінде, оқу процесінде алған білімімізді бекіту, сондай-ақ, өндірістік дағдыларды игеру.

Өндірістік практиканы өту кезінде қойылатын міндеттер:

- ұйымның немесе кәсіпорынның құрылымымен танысу;

- ұйымның немесе кәсіпорынның қызметін регламенттейтін сыртқы және ішкі нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттарды зерделеу;

- практикалық жұмыс дағдысын қалыптастыру;

- ұйымның немесе кәсіпорынның қызметтері мен бөлімшелерінің күнделікті қызметіне қатысу.

Өндірістік тәжірибе өнімдерге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындарды жабдықтауға және сынақ зертханаларына (орталықтарына) стандарттау, сертификаттау және сапа менеджменті, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын жобалау, өндіру және пайдаланудың әдістері мен құралдарына тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізіледі.

Өндірістік практиканың негізгі мазмұны болашақ маманның кәсіптік қызметінің сипатына сәйкес келетін ұйымдарда немесе мекемелерде практикалық және өндірістік тапсырмаларды орындау болып табылады. Кәсіби тәжірибе теориялық білімді практикалық дайындықпен тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді және студенттерге таңдаған мамандықтарына тән дағдыларды үйретуге бағытталған болып табылады.

Мен, Құдабай Таншолпан 2022 жылдың қаңтар айының 3-ші жұлдызынан бастап, ақпан айының 12-не дейінгі аралықта Шымкент қаласында орналасқан ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалында өндірістік тәжірибеден өттім. Өндірістік тәжірибеден өту кезіндегі жұмысымның мақсаты: оқу процесінде алған білімді тереңдете отырып, нығайтып бекіту және кәсіпорынның ұйымдастыру, оның құрылымы, және салалық ерекшеліктерімен өндірістік және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысып қажетті тәжірибе жинақтау.

Өндірістік практика міндеттері:

1. Жақсы маман иесі болып шығу үшін тәжірибе жинақтау;

2. Зауыттың құрылымы мен шығаратын өнімдері туралы ақпарат алу;

3. Жетекшімен бірлесе жұмыс жасау және барлық жұмыстарды жетік меңгеру;

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басты мақсаты- халық арасында жіті жұқпалы аурулардың пайда болуының алдын алу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асырады. Сондай-ақ жұмыс берушілердің санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді сақтауын мемлекеттік қадағалауды арнайы уәкілетті федералды атқарушы орган жүзеге асырады. Тексеру (сараптама) нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

СЭБК ҰСО – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын кең филиалдық желісі бар жүйе. Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұдайы жетілдіруге, зерттеу уақытын қысқартуға, халықтың денсаулығының қажеттіліктері үшін нақты және сенімді нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге бағытталған. Орталық жұмыс орнында халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Орталық қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет