Коллаж жасау өнері



Дата28.02.2023
өлшемі34,5 Kb.
#70462
түріСабақ

Коллаж жасау өнері

Технология сабағын жүргізуші ұстаздар білім алушылардың сабақтан тыс уақытта арзан материалды пайдалана отырып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін қолданбалы өнерде жүзеге асыруын жоғары деңгейде ұйымдастыруға көңіл бөлуі тиіс.


Жұмыс барысында үнемділік жағынан өте тиімдісі түсті қағаз, мата, тері, жіп, жүн және басқа табиғи материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін көркемөнер түрінің бірі – «коллаж».
Коллаж (французша соllage желімдеу деген сөз) әдісі белгілі бір жазық тұғырға түрі мен болмысы әр түрлі материалдарды желімдеу арқылы өнер туындысын дүниеге келтіруге мүмкіндік береді. Коллаж жасау екі әрекеттен тұрады: қию және желімдеу. Кейде қию өзіндік жеке мағынаға ие болады. Осындай әдіспен жасалған шығарма коллаж деп аталады.
Қолөнердің бұл түрі күні бүгін табылған жаңалық емес, оны халық өнері туындыларында көптеп кездестіруге болады. Мысалы қазақтың «құрағы» соның айқын дәлелі. Коллаж көптеген елдерде көп тараған. Әсіресе Въетнам, Жапония және Шығыстың басқа елдерінің өнерінде өте жоғары сатыда тұр. Коллаж әдісімен тері мен жүнді пайдалана отырып киім, кілем безендіру солтүстік халықтарында кеңінен қолданылады.
Қазақстанда тұратын біздің көптеген коллаждарды көруге мүмкіндігіміз мол. Қазақ халқының киізден, матадан, теріден жасалған заттарын, зергерлік бұйымдарын, кестелері, киімдері мен кілемдерін көріп біз өнер әлемінің есігін ашқандай боламыз. Сол туындыларда бір халықтың қол жеткізген белестері, ақыл-ойы, дархан мінезі, ойы мен сезімдері тоғысқан. Халық өнері иелерінің көрегендігі мен шеберлігі табиғат әлемін оюмен бейнелей білген.
Коллаждың дамуы мен кеңінен пайдаланылуы техника дамуының ғасыры кезінде басталды. Жаңа дәуір әлем жөнінде жаңа көзқарас туғызды. Жаңа туындылар мен талғамдар пайда болды. Коллажда заттарды бейнелеу қалпы өнердің басқа түрлеріндегідей нақтылықты қажетсінбейді. Бұл қалыптар жалпылама болып, ұсақ бөлшектерге көңіл бөлінбейді.
Білім алушыларды сабақтан тыс үйірмелерде коллаждың ең оңайы мен күрделілерін жасауды үйретуге болады. Коллаж жасау барысы іске ықтияттылықпен кірісуге, ұқыптылыққа, әдемілікке, талғампаздыққа және сұлулықты көре білуге үйретеді. Бұл әдіс көп нәрсені қажет етпейді, қолда бар мата, қағаз қиындылары мен терінің қалдықтары, жіп сияқты заттар болса болғаны. Сонымен қатар коллаж білім алушыларды қолда барды ұқсата білуге баулиды. Аз ғана заттарды пайдаланып бала өзінің ыждағаттылығы мен төзімділік қасиеттерін ұштай отырып керемет заттар жасай алады.
«Коллаж жасау» үйірмесі білім алушыларды қазақ өнерінің әлеміне жақындастыра түсіп, олардың қиялын ұштауға, өз қолымен жасаған ісіне қуануы арқылы рухани жан-дүниесінің кеңеюіне тигізер көмегі мол. Әсіресе үйірме жұмысындағы басты мақсат – білім алушыға өз ойын, сезімін, әсемдікті танудағы талғампаздығын қолда бар материалды көп шығындамай көпшілікке жеткізе білуге көмектесу. Коллаж жасау әдісі шәкірттен жапсырма жасауда тәжірибелікті, ептілікті, қоршаған ортадағы өзгерістерді байқай білуді талап етеді. Сондықтан үйірме жұмысын 12-18 жас аралығындағы жас өспірімдер арасында жүргізген тиімді. Осы жаста білім алушылардың әсемдікті сезіну тәжірибесі айтарлықтай толысады. Сондықтан олардың басым көпшілігіне қолөнермен айналысу рухани қажеттілікке айналады. Демек, өнер туындысын түсінуде, мазмұнына тереңірек үңілуде олардың жасы кіші оқушылардан мүмкіндігі басым. Жасөспірім өзін-өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қойып, оған өз күшімен қол жеткізуге ұмтылуының басталу кезеңі. Осы шақта ол өз қалауымен өнердің бір түрін таңдап айналысуға мүмкіндік алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет