Коллоидтар



Дата17.11.2022
өлшемі22,28 Kb.
#50756

1) Коллоидтар (грек. kolla – желім және eіdos – түр) – бөлшектерінің мөлшері 10–7 – 10–5 см болатын жоғары дисперстік (микрогетерогендік) жүйелер. Коллоидтарға (коллоидтар жүйесіне), бөлшектері ірірек дисперстік жүйелерге қарағанда, дисперстік фаза бөлшектерінің қарқынды броундық қозғалыстары тән.
2) Нағыз ерітінді және коллоидты ерітінді - олардың ерекше қасиеттеріне негізделген екі типті ерітінділер. Нағыз ерітінді мен коллоидты ерітінді бөлшектердің мөлшері, ерітіндінің көрінісі, сүзгіштік және көріну сияқты көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар негізінен қатты бөлшектердің мөлшерінің айырмашылығына байланысты туындайды. Нағыз ерітінді мен коллоидты ерітінді арасындағы негізгі айырмашылық мынада: гетерогенді қоспасы болып табылатын коллоидты ерітіндіге қарағанда шынайы ерітіндінің табиғаты біртекті.
3) Коллоидты жүйелерді алу әдістері: Коллоидты жүйелерді алудың негізгі екі әдісі бар: 1. Дисперстілеу - ірі дисперсті жүйелерді коллоидты дисперсті күйге дейін ұнтақтау. 2. Конденсациялау – атомдарды, молекулаларды, иондарды коллоидты дисперсті күйге дейін ірілендіру немесе біріктіру
Дисперстілеу әдісі 1. Механикалық ұнтақтау 2. Вольтты доғада электрлік жолмен шашыратып ұнтақтау. 3.Ультрадыбысты әдіс. 4. Пептизация әдісі жаңадан дайындалған борпылдақ тұнбаға электролит- пептизаторлар қосу арқылы коллоидты өлшемдегі бөлшектер алады.
Конденсациялық әдістер Коллоидтық жүйелерді алудың конден-сациялық әдістері физикалық және химия-лық болып жіктелінеді. Физикалық әдіс: Булардың конденсациясы (мысалы, тұманның, бұлттардың, түтіндердің түзілуі) Еріткішті алмастыру (мысалы, күкірттің гидрозольін дайындау).
Химиялык әдістер Стабилизаторлардың қатысында қиын еритін заттардың түзілуіне әкелетін әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану, гидролиз, алмасу) негізделген. Мысалы,суды тазалауда пайдалынатын темір (ІІІ) және алюминий гидроксидтерінің зольдарын гидролиз арқылы алады: FeCI 3 +3H 2 O Fe(OH) 3 +3H 2 O

4) Стабилизатор (лат. stabilis -орнықты, тұракты) — электр, қоректену желісі немесе тізбек жүктемесі параметрлері өз еркінше өзгергенде электр тізбегінде кернеуток немесе қуаттың нақты мөндерін автоматты түрде тұрақты үстап тұратын құрылғы. Тұрақты токтың қоректену кездерін пайдаланатын электрондық құрылғыларда, негізінен, параметрлік және компенсациялық стабилизатор қолданылады.


5) Мицелла – дисперсті фаза бөлшегі (ҚЭҚ-пен бірге).
Мицелланың ішкі бөлігі - агрегат көптеген атомдар мен молекулалардан тұрады.
Агрегат электробейтарап бөлшек, бірақ өзінің беткі қабатында ПАИ-дарды адсорбциялайды
6) Фаянса-Песков ережесі:
Агрегеттың қатты бетінде ең алдымен келесі иондар адсорбцияланады:

  • Агрегаттың құрамына кіретін;

  • Агрегаттың кристалды торын құруға қабілеті бар;

  • Агрегат иондарымен аз еритін қосылыстар түзетін;

  • Агрегат ионымен изоаморфты.

7) Пептизация – коллоидтық тұнбаларда, сірнелерде немесе суспензияларда бөлшектер агрегаттарының бастапқы бөлшектерге ыдырауы; коагуляцияға кері процесс. Ол тұнбаның немесе сірненің дисперстік фазасының бөлшектері арасындағы əрекеттесуді азайтатын жəне олардың еріткіш молекуласының əсерінен бір-бірінен бөлінуін жеңілдететін заттарды – пептизаторларды қосу нəтижесінде пайда болады.[1

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет