Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет17/22
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

 

73

 



табысқа  жеткізген.  Аудармашының  басты 

жетістігі - өлеңнің  мазмұнын,  ішкі  эмоциялық 

байлығын  орыс  тілінде  белгілі  дәрежеде  дұрыс 

бере  білуінде.  Әйтсе  де  аудармашы  бұл  жерде 

де  өз  тарапынан  өзгертулер  жасамай  тұра 

алмаған.  Абай  бұл  өлеңінде  өзінің  ғылым 

жолын  жастай  қумағанына,  ержеткен  соң 

іздегенде,  ғылым  жеткізбей  кеткеніне  өкініш 

білдіріп,  сол  өкінішін  сыр  қылып  толғайды. 

Ақын  бұл  сырын  нақты  ешкімге  де  арнамаған. 

Аудармада ақынның осы сыры едәуір қосымша 

желілермен 

толықтырылады. 

Абай 


өлең 

мазмұнын  тек  өз  сыры,  өз  өкініші  ретінде  ғана 

баяндайтын болса, аудармада ақын өзінің ақыл-

ойына наз айтқандай күй танытады. Түпнұсқада 

істің,  құбылыстың  иесі  ақынның  өзі  болса, 

аудармада  ғылымға  кеш  ұмтылған  ақын  емес, 

оның  ақыл-ойы  болып  шыққан.  Бұл  секілді 

өзгертулер,  толықтырулар,  сөз  жоқ,  түпнұс-

қаның тұтастығына, стильдік бітіміне өз салқы-

нын  тигізіп  тұрғаны  рас.  Бұл  арада  ақынның 

ойлау жүйесінің ерекшелігі де өзгеріске түскен. 

Мүның  бәрі,  әрине,  аудармашының  түпнұсқа 

табиғатын  мейлінше  дәл  аудару  талаптарының 

үдесінен  шыға  алмай  жатқанын  көрсетпесе 

керек.  Дегенмен  мұндай  өзгерістердің,  толық-

тырулардың  қайсы  бірі  түпнүсқа  мәтініндегі 

кейбір  сөздердің  орыс  тілінде  аударылу 

мүмкіндігінің төмендігімен байланысып жатыр. 

Мысалы, «түспеді  уысыма», «қолымды  мезгі-

лінен  кеш  сермедім», «қолымды  дөп  сермесем, 

өстер  ме  едім»  секілді  сөз  тіркестерін  орыс 

тіліне  өте  дәл,  тура  аудару  мүмкін  емес. 

Ауыспалы  мағынада,  тұрақты  тіркес  дәре-

жесінде  пайдаланылған  мұндай  тілдік  құрал-

дардың  мазмұнын  аудармашы  орыс  тіліне 

қарапайым,  тура  мағынадағы  тілдік  құралдар-

дың тобы арқылы аударған. Өлеңнің мазмұндық 

желісі  де  осы  бағытта  аударылады.  Сөйте  тұра 

ол түпнұсқаның мағыналық құрылымына, тақы-

рыбы  мен  идеясына,  ондағы  характер  табиға-

тына  мүмкіндігінше  терең  бойлаған.  Соның 

нәтижесінде  аудармашы  түпнұсқаны  сөзбе-сөз 

немесе  жолма-жол  аударуға  бармай,  оның 

мазмұны  мен  мағынасын  терең  жеткізуге  жол 

тапқан.  Сонымен  қатар  ол  түпнұсқаның 

пішініне  тән  ерекшеліктерді  де  сақтауға  күш 

салады. 

Аударма түпнұсқаның мазмұны мен пішінін 

өзге  тілде  қайта  жасай  алғанда  ғана  сәтті  бола-

ды.  Түпнұсқаның  мазмұны  мен  пішіні  арасын-

дағы  бірлік  пен  келісімді  жарастықты  түрде 

басқа  тілде  жеткізе  алған аударма ғана көркем-

дік тұрғыдан бағалы. 

Абайдың  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескер-

медім»  өлеңінде  ақын  өзінің  өмірін,  іздеп  тап-

қаны  мен  іздемей  жоғалтып  алғанын  ақылға 

салып, жастықта аңғырттықпен өткізген жылда-

ры  үшін  өкініш  білдіреді,  өкініп  қана  қоймай, 

өзіне  үлкен  сыншылдықпен  қарап,  ғылымнан 

кеш  қалғаны  үшін  өзін-өзі  қатты  сынайды, 

мінейді. Білгеніне қанағат түтпай, білген үстіне 

біле  беруге  ұмтылған  таныммен,  сыншыл 

таныммен  танылады.  Ақын  өз  басынан  өткен 

осындай  жайларды  айта  отырып,  енді  өзінен 

кейінгі  буынның  білім  алуын,  өмірін  текке, 

арзан  қызыққа  арнамай,  ғылым  жолын  қууын 

ғибрат  етеді.  М.Әуезов: «Бұл  шығарма  енді 

халықтық, адамгершілік,  ағартушылық жөнінде 

үлкен  қияға  қарай  жол  тартқан  жаңа  ақынның 

бейнесін  көрсете  бастайды» [5,110], - деп, 

өлеңнің  осындай  жаңашыл  мазмұны  мен 

ақынның  жаңа  бағытын,  сол  арқылы  оның 

ақын-дық  бейнесінің  жаңа  қасиетпен  даралана 

баста-ғанын  аңғартады.  Бұл  айтылған  пікірлер 

Абай-дың өлеңінің мазмұны мен мәніндегі, түрі 

мен  түсіндегі  бірлік  пен  байланыстан  туындап 

жат-қан тұтастықты дәл анықтайды. Аудармада 

ақын  өлеңінің  осындай  ерекшеліктері,  оның 

мазмұны мен пішіні арасындағы диалектикалық 

бірліктен, келісім мен жарасымнан туып жатқан 

осындай  поэтикалық  даралығы  бар.  Жекелеген 

сөздер  мен  сөз  тіркестерінің,  кейбір  тұстарда 

әсерлі  бейнелеу  құралдарының  өз  дәрежесінде 

аударылмай,  өзгерістерге,  толықтыруларға  түс-

кеніне  қарамастан,  аудармашылардың  шебер-

лігі,  түпнұсқаның  әлеуметтік,  эмоциялық  маз-

мұнына  адалдығы  ойдағыдай  деңгейде  көрініс 

тапқан. 


Абайдың  «Жасымда  ғылым  бар  деп 

ескермедім», «Ғылым  таппай  мақтанба»  өлең-

дерінде  баяндалған  ұстаздық  үлгі  мен  тұрғы 

үзілмей,  басқа  өлеңдерінде  де  жалғасып  отыра-

ды. Жоғарыда аталған өлеңдер мен «Интернатта 

оқып  жүр»  жазылу  мезгілі  жағынан  өзара 

жақын,  тақырыбы  мен  идеясы  жағынан  да  са-

рындас,  бағыттас. «Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі 

қымбат»  өлеңі  туралы  да  осыны  айту  дұрыс. 

Басты  идеясы  алдыңғы  өлеңдермен  үндес, 

сарындас  болғанмен,  кейінгі  өлеңде  ақынның 

жастар  алдындағы  ағалық  ниеті,  ұстаздық 

ғибраты  тікелей  оқу,  білім,  ғылым  төңірегінде 

ғана  болмай,  өмірдегі  адамгершілік  іс,  достық 

пен  татулық,  адалдық  секілді  әлеуметтік-

этикалық  биік  қасиеттерді  үлгі  етіп,  өсиет 

қылады. Адамгершілік, кісілік туралы «ойларды 

шешендік, ақылгөйлік түрінде әсіресе баса айту 

- бұл Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті» [5,123]. 

Тақырып  пен  идея,  мазмұн  тұрғысынан  алып 

қарағанда,  аудармада  Абайдың  осы  ниеті, 

осындай  ұстаздық  ғибраты  мен  көзқарастары 

ашылуының  маңызы  жоғары.  Өлеңнің  алғашқы 

шумағын  алып,  онда  берілген  жайлардың  орыс 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

74

 



тіліне  аударылу,  орыс  тілінде  берілу  деңгейіне 

назар аударайық: 

 

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат

 [1,59]. 

 

Өлең  тармақтарындағы  әр  ой  анық,  оны 



жеткізіп  түрған  тілдік  құралдар,  түрге  пішін 

беріп  тұрған  бейнелеу  құралдары  да  жара-

сымды.  Мазмұн  мен  пішін  арасынан  ешқандай 

жарықшақ табылмайды, бәрі де сұлу келісіммен 

үндесіп  тұр.  Ақын  өлеңнің  бастапқы  тарма-

ғында  жігіттерге  екі  түрлі,  біріне-бірі  қарама-

қарсы  екі  құбылысты  қатар  пайымдауды  ұсы-

нады: ойын және күлкі. Ауызекі сөз барысында 

ойын мен күлкі бір-бірінен ажыратылмай, екеуі 

өзара шектес, мәндес құбылыстар ретінде айты-

латыны  рас.  Ақын  осы  екі  құбылыстың  ара-

жігін  ашып,  олардың  әрқайсысының  мәні  мен 

мәнісін  ажыратып  сипаттайды.  Олардың  мәнін 

ашу  мақсатында  ақын  бір-біріне  қарама-қарсы 

мағынадағы,  антонимдік  қатынастағы  екі  сөзді 

таңдап  алған:  арзан - қымбат.  Өлеңнің  мағы-

налық  өзегі  мен  құрылым  жүйесі  үшін  «ойын-

ның  арзан»  болуы  қаншалықты  шешуші  болса, 

соған  орай  «күлкінің  қымбат»  болуы  сон-

шалықты  маңызды.  Бұл  секілді  антонимдік 

қатынаста  тұрған  сөздердің  мағыналары  ақын-

ның  айтайын  деп  отырған  негізгі  ойының  сал-

мағын  арттырып,  өлеңнің  поэтикалық  қасиетін 

күшейте  түсетіні  сөзсіз.  Ақынның  осы  ойы 

өлеңнің  келесі  тармағында  және  бір  жұп  құбы-

лыстармен егізделеді. Ол құбылыстар - сыр мен 

сымбат. Өлеңнің басты идеясы мен тақырыбын, 

мазмұны  мен  пішінін  тану  үстінде  осы  екі  тар-

мақта түзілген түр мен өрілген ойдың өзара қа-

тынасы,  байланысы,  сабақтастығы  айрықша 

мәнді.  Өлеңнің  ішкі  болмысына,  нақты  мағы-

насы  мен  эмоциялық  мазмұнына,  поэтикалық 

тұтастығына  бастайтын  арна  осы  екі  тармақтан 

басталады.  Ақынның  ішкі  сырына,  ақындық-

азаматтық  нысанасына  барар  жол  осы  екі  тар-

мақтың көркемдік-эстетикалық табиғатынан та-

мыр тартады. 

А.Гатовтың  аударуында  өлеңнің  осы  екі 

тармағы былай берілген: 

 

Джигиты, ценен смех - не шутовство, 



Различны внешний вид и естество

 [6,21]. 

 

1951 жылғы басылымдағы осы аударма 



кейінгі басылымдарда басқаша редакцияда 

ұсынылған: 

 

Джигиты, дорог смех, не шутовство, 

Несходны внешний вид и естество

 [7,37]. 

 

Редакциялау 



нәтижесі 

айтарлықтай 

нәтижелі де емес, әсерлі де емес екені өз-өзінен 

көрініп  тұр.  Рас, «ценен - дорог»  тобында 

түпнұсқадағы  «қымбат»  сөзіне  мағыналық 

жағынан  жақыны - кейінгі  редакциядағы 

«дорог»  сөзі.  Бұл  сөз  аударманы  түпнұсқаға 

бұрынғыдан  гөрі,  жеке-леген  сөз  деңгейінде 

болса  да,  жақындата  түс-кен.  Ал  «различны» 

сөзін 


«несходны» 

сөзімен 


ауыстыру 

түпнұсқадағы  «екі  түрлі  нәрсе  ғой»  сөздерінің 

мағынасын  дәл  жеткізу  мақсатынан  шықпай, 

аудармадағы  «внешний  вид  и  естес-тво» 

тіркестерінің өзара байланысы мен маз-мұндық-

мағыналық  қатынастары  талабынан  ту-ып 

отырған  қажеттілік  десе  болғандай.  Сөйтіп, 

аудармада  ақын  «сыр  мен  сымбаттың  ұқсас 

еместігі»  туралы  айтқан  болып  отыр.  Оның 

үстіне  «внешний  вид  и  естество» «сыр  мен 

сымбаттың»  дұрыс  аудармасы  да,  баламасы  да 

бола  алмайды. «Внешний  вид»  орыс  тілінде 

құбылыстың  эмоциялық  мазмұнын,  реңін  біл-

діре  алмайды.  Ал  Абайдың  «сыр», «сымбат» 

сөздерінің  әрқайсысында  олардың  лексикалық 

тура  мағыналарынан  басқа,  оларға  қосымша 

эмоциялық  мазмұн  бар.  Бұл  мазмұн  басқа 

сөздер  беретін  мағыналар  аясында  барынша 

жарқырап ашылады. 

Өлеңнің  кілті  «ойын  арзан,  күлкі  қымбат» 

тіркестері  айналасында  екені  туралы  ілгеріде 

айтылды.  Ойын  мен  күлкінің  айырмашылық-

тарын  ақын  «арзан - қымбат»  секілді  мағы-

налары  жағынан  антонимдік  қатынаста  тұрған 

екі  дара,  бір-біріне  қарама-қарсы  мәндегі 

сөздердің жұбы арқылы аңғартады. Мұны ақын-

ның  ақындық  ойлауын,  нысанасын  даралайтын 

ерекше  поэтикалық  тәсіл  қатарына  жатқызу 

дүрыс. Өкінішке қарай, бұл тармақтардағы мән 

мен  мағына  да  ақынның  өз  шығармашылық 

шеберлігі  мен  даралығы  дәрежесінде  аударыл-

маған.  Аудармада  ойын  мен  күлкі,  арзан  мен 

қымбат  арасы  мүлде  ажыратылмаған.  Өлеңнің 

алғашқы  тармағының  мағынасын  қазақша-

лайтын  болсақ, «ойын  емес,  күлкі  қымбат» 

дегендей  ұғым  туады.  Абай  ойын  мен  күлкінің 

қайсысы қымбат екенін айтуды мақсат етпеген. 

Ақын  «ойынның  арзан,  күлкінің  қымбат» 

екенін,  басқаша  айтқанда,  ненің  қымбат,  ненің 

арзан екенін арнайы баса баяндап отыр. Сондай-

ақ  «ойын»  сөзін  «шутовство»  деп  аудару  да 

келісіп  тұрғанға  үқсамайды. «Шутовство»  мүл-

де басқа мағынаны білдіреді. Айтылған жайлар-

дың  бәрі  өлеңнің  мазмұны  мен  пішінін  келіс-

тіріп  аударуда,  мазмұн  мен  пішіннің  үйлесімін 

түпнұсқаның  көркемдік-эстетикалық  дәреже-

сінде  тәржімалауда  аудармашылардың  айтар-

лықтай  биік  көркемдікке  жете  алмағанын 

байқатады. 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

75

 



Шумақтың  кейінгі  екі  тармағын  да  бұдан 

гөрі дәл және көркем аударуға болар еді. Ақын 

күлкінің қымбат екендігі  туралы  ойын  одан  әрі 

жалғастырып, «арзан,  жалған  күлмейтін,  шын 

күлерлік»  ер  туралы  толғанады.  Сондай  ер 

табылса, сонымен сұхбат құрудың ғанибеттілігі 

туралы пікір түйеді. Аудармашы ақынның ойын 

дәл  жеткізе  алмай,  сондай  ер  табылса, «соған 

сен,  соны  сүй»  дегенді  айтады. «Сонымен 

сұхбат  құру»  және  «соған  сену,  соны  сүю»  екі 

түрлі,  бір-бірінен  алшақ,  алыс  ұғымдар  қата-

рына  жатады.  Олар  бірін-бірі  алмастыра  ала-

тындай  тең  дәрежедегі  баламалар  қызметін 

атқара алмайды. Арзан, жалған күлмейтін, шын 

күлерлік  кісімен  сұхбат  құрудың  ғанибеттілігі 

туралы  ой - өз  алдына  жеке  бір  ой  сарыны, 

поэтикалық  мотив  болып  табылады.  Ойынның 

арзандығы,  күлкінің  қымбаттығы  туралы  ой 

жүйесі туралы да осыны айтқан дұрыс. Сыр мен 

сымбат  жайы  да  осындай.  Өлең  шумағындағы 

бұл  секілді  ой  сарындары,  мотивтер  өлеңнің 

көркем  шығарма,  поэзиялық  туынды  ретіндегі 

көркемдік-эстетикалық  тұтастығы  мен  бітім 

даралығын  түзеді.  Олардың  бірін  назардан  тыс 

қалдырған  жағдайда,  өлеңнің  болмысы  да 

келеңсіз  күйге  түсіп,  сыр  мен  сымбаттың 

келісімі  бұзылады.  Олай  болса,  мұндай  мотив-

тердің  құрамдас  бөліктерін  аудармада  алып 

тастау  немесе  ықшамдап,  бірі  мен  екіншісін 

кіріктіріп  жіберу,  мағынасын  өзгерту  түпнұсқа 

өлеңнің  табиғи  жаратылысына,  жарасымына 

кінарат түсіреді. 

Аудармашы  осы  өлеңнің  екінші  шумағын 

мазмұн  мен  пішін  үйлесімін  сақтап  аударып 

келе  жатып,  соңғы  тармаққа  келгенде,  шалыс 

басып  кетеді.  Әрине,  алдыңғы  тармақтардың 

аударылуында  да  ауытқулар  жоқ  емес,  бірақ 

олар  ақынның  ойына  қарама-қарсы  келмейді. 

Ал  мына  екі  тармақтағы  ой  аудармада  мүлде 

басқа, ақынның ойынан алыс кетеді: 

 

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, 

Абайлар әрбір сөзді өз халінша

 [1,59]. 

 

Есть и такой, кто понимает слово, 

Но истолкует к выгоде своей

 [7,37]. 

 

Өлең тармақтары сөз мәнісін білерлік кісінің 



қасиеті  туралы.  Ақын  оны  жек  көріп, 

жақтырмай  отырған  жоқ,  қайта  басқаларға  үлгі 

боларлық дәрежеде сипаттап отыр. Оның «әрбір 

сөзді  өз  халінша  абайлауына»  ақынның  іші 

жылып,  қанағат  тауып  отыр.  Бұдан  тыңдау-

шының, сұхбаттасушының жаңа типі танылады. 

Басқаларға көңілі толмай отырғанда, ақын бұған 

іші  жылып,  оны  жақын  тартып  суреттейді. 

Әрбір  сөзді  абайлап,  өз  халінше  сөз  мәнісін 

білерлік  кісі  аудармада  басқа  қасиетімен  көрі-

неді.  Ол  сөз  мәнісін  білгенмен,  әр  сөзді  өз 

пайдасына  қарай  бұрып  пайдаланатын  қутұяқ-

тың өзі болып шыға келген. Абай сөз тыңдаушы 

кісілердің  үш  түрлі  типін  көрсетеді:  біріншісі 

«үйден  шыққанша  тыңдайды»;  екіншісі  «ұққа-

нынша  көңіл  қояды»;  үшіншісі  «сөз  мәнісін 

білерлік,  әрбір  сөзді  өз  халінше  абайлайды». 

Осы үш  түрлі  тыңдаушы  типі  аудармада былай 

сипатталған:  а)  один  пропустит  мимо  ушей;  ә) 

другой  проникает  в  смысл  твоих  речей;  б) 

понимает слово, но истолкует к выгоде своей. 

Тыңдаушының  үш  түрлі  типі  де  аудармада 

өзгеріп, өңін құбылтып жіберген. Абай тыңдау-

шылардың  ешқайсысын  тыңдамайды,  құлағына 

ілмейді  деп  отырған  жоқ.  Әрқайсысы  шама-

шарқына қарай тындайды. Сол шама-шарықтың 

деңгейі  түрліше  болғандықтан,  тыңдаушы-

лардың  тыңдай  білу  қабілеті  де  әр  басқа. 

Солардың ішінен ақын сөз білерлік, сөз мәнісін 

танырлық  қабілеті  бар,  әр  сөзді  өз  халінше 

танитын  мүмкіншілігі  бар  кісіні  жекелеп,  дара-

лап мінездейді. Бұл тектен тек емес. Ақын үшін 

тыңдаушылардың,  сұхбаттастардың  дәл  осы 

типі  бағалы.  Ақынның  ойы  мен  қалауы  осы 

типтегі  тыңдаушыға  көбірек  ауады.  Аудармада 

ақын  сипаттап  отырған  тыңдаушылардың  осы 

типі жойылып кетеді. Бұл, әрине, жекелеген сөз, 

тармақ  деңгейіндёгі  өзгертулер  қатарына 

жатпайды, бұл мазмұн мен мағына деңгейіндегі 

өзгеріс,  мазмұн  мен  мағынаны  өзгертіп  қана 

қоймай,  оларды  жадағайлайтын,  жұтаңдататын 

олқылықтар. 

«Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат» 

өлеңіндегі  адал,  шынайы  адамгершілік  негізіне 

құрылған  достық  пен  мейірмандық,  адалдық 

пен  татулық  қарым-қатынас  сипатын  ашатын 

ойлар-дың  жүйесін  даралай  отырып,  М.Әуезов 

мына  тармақтардың  мазмұнын  ерекше  жоғары 

баға-лайды [5,123]: 

 

Күншіліксіз тату бол шын көңілмен, 



Қиянатшыл болмақты естен кеткіз! 

*** 

Жолдастық, сұхбаттастық - бір үлкен іс, 

Оның қадірін жетесіз адам білмес

 [1,60]. 

*** 

Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ, 

Қажымас, қайта айнымас қайран тату!

 [1,62]. 

 

Аудармада  Абайдың  бұл  секілді  ойлары, 



ақындық  нысанасы  жастарға  айтқан  ғибраты 

орыс  тілінің  заңдылықтарына  сәйкес  ойға  қо-

нымды,  бірсыдырғы  болып  шыққан.  Алайда  әр 

тармақты  түпнұсқа  мен  аударма  негізінде  са-

лыстыра  отырып  талдағанда,  ақынның  ойлау 

машығына,  ақындық  нысанасына  тән  кейбір 

ерекшеліктерді  аудармашының  үстірт,  күңгірт 

пайымдағаны  аңғарылады.  Көрсетілген  егіз 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

76

 



тармақтарда  ұлттық  тілдің  ерекшелігіне  сай 

өрілген  бейнелілік,  астарлы  ишара,  ауыспалы 

мағыналы,  мағынасы  бай  сөздер,  фразео-

логиялық  оралымдар  жоқ.  Ақын  әр  нысаналы 

ойын,  ғибрат  сөзін  жастың  ұғымына  сәйкес 

анық,  ашық  баяндаған.  Соған  орай  аудармашы 

да  бұл  жолдарды  еркін,  ашық,  анық  тілмен 

аударуы  шарт  еді.  Мұндай  еркіндік,  аудар-

машының  түпнұсқа  мәтінін,  ондағы  ойды 

өзінше  өрбітуі  өлеңнің  басқа  бөліктерінде  де 

кездеседі: 

 

Біріңді бірің ғиззат құрмет етіс, 



Тұрғандай  бейне  қорқып,  жаның  шошып

 [1,60], 



 

деген  тармақтарда  да  ақынның  жастарға 



өсиет еткен тұжырымды пікірі, ғибраты жатыр. 

Аудармашы  осы  тармақтарды  мына  түрде  ау-

дарған: 

 

Друг к другу проявите уваженье, 



Которого у нас обычно нет

 [7,38]. 

 

Ақынның  өлеңінің  осы  екі  тармағының 



біріншісі  негізгі  ойдың  пәні  қызметін  атқарса, 

екінші тармақ түгелдей сол пәннің сын-сипатын 

білдіреді.  Басқаша  айтқанда,  бірінші  тармақ 

белгілі  бір  құбылыстың  мәнін  білдірсе,  екінші 

тармақ  сол  құбылыстың  образын  береді.  Бұдан 

да  гөрі  қарапайым  айтар  болсақ,  бірінші  тар-

мақта  ақын  жастардың  бірін-бірі  құрмет  етуін 

нысана  етсе,  екінші  тармақта  сол  құрметтеудің 

амалын,  сыны  мен  сипатын  білдіреді.  Соның 

нәтижесінде  оқырман  мен  тыңдарман  үшін 

жастардың бірін-бірі құрмет етуінің сипаты, мә-

нісі қандай болатыны көзге елестеткендей анық 

әрі  бейнелі  болып  шығады.  Аудармада  жастар-

дың  бірін-бірі  құрмет  етуі  туралы  ой  сақталған 

да,  екінші  ой,  жастардың  бірін-бірі  құрмет 

етуінің сипатын, мәнісін білдіретін ой назардан 

тыс  қалып  қойған.  Мұның  өзі  өлең  тармақ-

тарындағы  негізгі  ойдың  толық  аударылмай, 

жартылай, жадағай берілгеніне айғақ болып түр. 

Сондай-ақ  аудармашы  аударуға  тиісті,  орыс 

тілінде жеткізуге тиісті мағынаны назардан тыс 

қалдырып  қоймай,  оның  орнына  өз  тарапынан 

басқа ой қосады. Оны қазақшалағанда, мынадай 

ойдың  желісі  шығады:  біздің  әдетімізде 



құрметтеу деген жоқ, бірақ бір-біріңді құрмет-

те.  Жоғарыда  берілген  аударма  үзіндісінен 

осындай  ойды  қазақ  оқырманы  да,  орыс  тілді 

оқырман да табады. 

Өлеңнің тұтас желісін сүзіп шыққанда, ақын 

шынында  да,  қазақ  жастарының  бірінен-бірі 

бейне  қорқып,  жаннан  шошып  түрғандай  құр-

меттеуі  туралы  толғанады,  сондай  қасиеттің 

жастар  арасында  орын  алуын  мұрат  түтады. 

Бірақ ақын қазақ ішінде кісіні құрмет тұту жоқ 

деген  ойды  айтпайды,  ондай  ойдан  ол  алыс. 

Аудармашының ақынның айтпаған сөзін айтқан 

етіп,  ойламаған  ойын  ойлаған  етіп  көрсетуі  әр-

қашан кемшілік, олқылық бола бермеуі мүмкін. 

Ал  мұндай  орынсыз  еркіндік  түпнұсқаның 

негізіндегі  басты  идеяны,  авторлық  мұрат  пен 

нысананы  бұрмалайтын  болса,  онда  мұндай 

аудармаға сын көзімен қарамасқа амал жоқ. 

Ақынның өлеңіндегі мына тармақтағы ой да 

жадағай аударылған: 

 

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар 



Ата-ананың қызынан ғапыл қалма

 [1,61] 


 

Но, если это дочь людей хороших, 

Не будь глупцом, не упускай - женись

! [7,39]. 

Ақын  қыздың  ата-анасы  туралы  «ары  бар, 

ақылы  бар,  ұяты  бар»  деген  кісі  қасиетін 

таразылап,  анықтайтын  сөздерді  бекер  айтып 

отырған жоқ. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-

ана тәрбиелеп өсірген қыз да  жаман болмайды. 

Мұндай  ұғым  қазақта  күні  бүгінге  дейін  бар. 

Аударма «ары бар, ақылы бар, ұяты бар» деген 

кісі  қасиетін  анықтайтын  бірнеше  ұғымның, 

түсініктің  орнына  аудармашы  «жақсы» (хоро-

ших  людей)  деген  бір  ғана  ұғымды  жеткізеді. 

Әрине, «жақсы  ата-ана»  ұғымы  мен  «ары  бар, 

ақылы  бар,  ұяты  бар  ата-ана»  ұғымы  арасында 

едәуір  өзгешелік  барын  жоққа  шығаруға  бол-

майды. Сонымен бірге Абайдың танымында ар-

ұят,  ақыл  туралы  толғамдар  оның  дүние-

танымын,  философиялық  тұрғысын  танытатын 

эстетикалық  категориялармен  ұштасады.  Бір 

ғана  айтып  қоя  салған  сөз  не  ұғым  болса,  онда 

оны  аудармашы  осы  үлгіде  де  аударуы  мүмкін 

және одан айтарлықтай олқылықты көре қою да 

қиын.  Ал  мұндай  ұғымдар  мен  түсініктер 

ақынның  дүниетанымын,  ақындық-азаматтық 

тұрғысын  белгілейтін  ұғымдармен  астасып, 

сабақтасып  жатқан  жағдайда,  оларды  басқа  бір 

қарапайым  сөзбен  немесе  ұғыммен  алмастыру 

орынсыз болып табылады. 

Аудармашы  Абай  өлеңдерінің  кейбір  шу-

мақтарының  да  мазмұнын  өзінше  баяндап  шы-

ғып,  бетімен  кететіні  бар.  Мына  салыстыру-

ларға назар аударайық: 

 

Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі, 

Абыройлы қалжыңмен келсін сөзі. 

Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда, 

Қатыныңда болмасын оның көзі

 [1,61]. 

 

Разборчивее выбирай друзей, 

Отбрось развязных шутников скорей. 

Но к разуму и красоте стремленье, 

К Познанью рвенъе оценить умей

 [7,39]. 

 

Авторлық 



мұрат 

пен 


нысананы 

бұрмалайтын болса, онда мұндай аудармаға сын 


1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет