Коммерциялық емес


 дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата26.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#32267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
8 дәріс. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі 

 

1  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы  экономикалық дағдарыс және  

нарықтық экономикаға көшу 

2  1992-1997  жж.  экономикалық  реформалар  (мемлекеттік  меншікті 

жекешелендіру,  бағаны  ырықтандыру,  ұлттық  валютаны  енгізу  және  ұлттық 

қаржы жүйесін құру, шетел инвестициясын тарту, т.б.) 

3  Индустриалдық-инновациялық  дамудың  мемлекеттік  бағдарламасы 

және нәтижесі 

 

Д

әрістің  мақсаты:  Қазақстанның  тәуелсіздік жылдарындағы  жүргізген 

экономикалық  реформалары  мен  әлемдік  экономикалық  дағдарысты  игеру 

жолындағы шараларының басты бағыттарына талдау жасау. 

Дәрістің  мазмұны:  Қазақстанның  тәуелсіздік  жылдарындағы  ел 

экономикасын  жандандыру,  нарықтық  экономика  тетіктерін  қалыптастыру, 

дүниежүзілік  дағдарыстарды  еңсеру  жолындағы  экономикалық  саясаты 

қарастырылады. 




51 

1.  1980  жылдардың  соңы  –  1990  жылдардың  басындағы  орын  алған 

терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыс КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуына, 

шаруашылық 

байланыстардың 

бұзылып, 

елде 

жұмыссыздық 



пен 

инфляцияның  күрт  өсуіне  әкелді.  Дағдарыс  Қазақстан  экономикасын 

түбірімен  қайта  құру,  нарықтық  экономиканы  қалыптастыру  және  жаңа 

экономикалық  жүйеге  тиесілі  институттарды  дамыту  сияқты  шешуші  іс-

шараларды жүзеге асыруды талап етті. 

Ел экономикасын ырықтандырудың алғашқы кезеңі (1991-1993жж.) мен 

өтпелі  кезеңіндегі  (1994  -  1997  жж.)  әлеуметтік-экономикалық  дағдарысты 

басқару тетіктерін іздестіру бағытында төмендегідей маңызды  экономикалық 

реформалардың тұтас кешені жүзеге асырылды: 

а) бағаны ырықтандыру

б) мемлекеттік меншікті жекешелендіру

в) ұлттық валютаны енгізу

г) қаржы жүйесін құру, салық және бюджет жүйесін қалыптастыру; 

д) нарықтық инфрақұрылымды дамыту

е) шетел инвестицияларын тарту, т.б. 

Бұр реформаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақтандыру кезеңіне 

(1998-2001жж.)  өтуге,  нарықтық  экономикаға  қажетті  алғышарттарды 

қалыптастыруға жол ашып, макроэкономикалық тұрақтандыруға негіз болды.  

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен 

Қазақстан  бағаны  ырықтандырды.  Баға  алғашқы  кезеңде  –186,4  есеге  өссе, 

1992  жылы  сәуірде  554,5  есеге  өсті.  Нәтижесінде  ақшаның  құны  түсті. 

Халықтың  тапқан  айлық  жалакысы  тамағынан  аспады.  Қаңтар  айынан 

тамызға  дейін  өндірістік  тауарлардың  бағасы  бірнеше  есе  өсті.  Қалаларда 

қайыр  сұраған  адамдар  көбейді.  Әлеуметтік-экономикалық  дағдарыс  өршіп, 

инфляция үрдістері күшейді. 

Реформа қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қордағы үлесі 80%-

ды  құрады.  Дағдарыс  жылдары  олардың  басым  бөлігі  қаңтарылып  тұрды 

немесе  жұмысын  тоқтату  шегінде  болды.  Бұл  елдегі  инфляцияны  өршітті. 

Әлемдік  практика  көрсеткендей  кәсіпорындар  мен  компаниялар  қызметінің 

нәтижесі  мен  тиімділігі  олардың  меншік  формасына  байланысты  еді. 

Республика  басшылығы  нарықтық  экономиканың  басты  принциптерінің  бірі 

ретінде  елде  мемлекет  меншігін  тарату  мен  жекешелендірудің  кең  ауқымды  

бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады. 

Жекешелендіру  Қазақстанда  бірнеше  кезеңмен  өтті.  Осы  жылдары 

жекешелендіру  туралы  бірнеше  заң  жобалары  қабылданып,  оларға 

толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. 



Бірінші  кезеңде  (1991  -  1992  жж)  «Кіші  жекешелендіру»  бағдарламасы 

бойынша  мемлекеттік  сауда  және  қызмет  көрсету  кәсіпорындары  (31  мың 

нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. 

Бұл кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындар 

аукционға,  конкурстарға  қойылды  немесе  еңбек  ұжымының  меншігіне  тегін 

берілді. Бұл кезеңде барлығы 4 770 субъект жекешелендірілді. Сонымен қатар 




52 

осы  кезеңде  тұрғын  үй  нарығы  қалыптасты.  Тұрғын  үй  қоры  тегін 

жекешелендірілді. 

Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік 

меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға 

арналған  ұлттық  бағдарламасы  қабылданды.  Бұл  кезеңде  жұмыс 

істеушілерінің  саны  200  адамнан  5  мың  адамға  дейінгі  мемлекттік  меншік 

нысандарын  жекешелендіруді  көзделді.

1996  жылы

  республикадағы  бұрынғы 

мемлекеттік  бөлшек  сауда,  тұрмыстық  және  коммуналдық  қызмет  көрсету 

жүйесі  толық  жекешелендірілді,  бәсекені  дамыту  мақсатында  шағын  жеке 

меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді. 



Үшінші кезеңде  (1997 жылдан  бастап) жекешелендіру  отын-энергетика, 

көлік,  денсаулық,  ғылым  салаларында  өтті.  Аталған  кезеңдерде  Қазақстанда 

жабық  және  ашық  акционерлік  қоғамдар  көптеп  құрылды.  Ірі  және  орташа 

кәсіпорындар  үшін  жабық  акционерлік  қоғамдар  жекешелендірудің  негізгі 

түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік 

басқару  органдарына  құқық  берілді.  1994  жылдан  бастап  жекешелендіру 

нысандарын  сату  саясаты  жүргізілді.  Сенімгерлікпен  басқаруға  келісім-шарт 

жасалынған  66  кәсіпорынның  кейіннен  26-сы  басқарушы  компанияларға 

сатылды.  Жеке  жобалар  бойынша  барлығы  93  кәсіпорын  жекешелендірілді. 

Бұл республиканың барлық өндірістік қуатының 80%-ын құрады. 

Жекешелендіруді  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  мүлік 

бойынша 


Мемлекеттік 

комитеті  мен  оның  аумақтық 

органдары 

министрліктер,  ведомстволар  мен  жергілікті  әкімшілдіктердің  қатысуымен 

жүзеге асырды. 

Дегенмен, жекешелендірудің негізгі мақсаттарыорындалмады: 

1)  Кәсіпорындар  экономиканы  жандандыра  алмады,  оларда  жеткілікті 

көлемдегі  инвестиция  да,  шетел  банкілерінің  несиелері  мен  қарыздары 

бойынша мемлекеттік кепілдіктері де болмады. 

2) Жекешелендірілген кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігін қолдау 

үшін құқықтық, экономикалық тетіктері болмады. 

3) 1995-1996 жылдары Қазақстанда толымды салық жүйесі де жоқ еді.  

4)  Әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  төмендеуін  тоқтату  мүмкін 

болмады.  1998  жылдың  көктеміне  қарай  төленбеген  қарыздар  көлемі  шексіз 

өсіп,  осыған  байланысты  әлеуметтік  жағдай  әбден  нашарлады.  1997-1998 

жылдары  Кентау  (Оңтустік  Қазақстан  облысы)  және  Жаңатас  (Жамбыл 

облысы)  тау-кен  өнеркәсібі  жұмысшылары  ереуілдерге  шығып,  аштық 

жариялады.  



Төртінші  кезең  -  1998  жылдың  аяғында  үкімет  мемлекеттік  мүлікті 

басқару  жөніндегі  мемлекеттік  саясатты  жетілдіру  қажеттігін  түсінді. 

Жекешелендіруді  және  мемлекеттік  мүлікті  басқарудың  тиімділігін 

арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Меншікті 

республикалық  және  коммуналдық  меншікке  нақты  бөлу  көзделді. 

Жекешелендіруді  конкурстық  негізде  жүргізу  басты  талапқа  айналды.  2001 

жылы  мемлекеттік  мүлікті  басқару  және  жекешелендіру  тұжырымдамасы 



53 

қабыданды.  Тұжырымдамаға  сәйкес  ұлттық  мәртебесі  бар  «ірі  нысандарды» 

конкурстық  негізде  жекешелендірудің  формалары  мен  әдістері  жетілдірілді. 

Жекешелендірілген  ірі  кәсіпорындарға  бақылау,  шетелдік  және  ұлттық 

компаниялар  қызметіне  қаржылық  мониторинг  күшейтілді.  Инвестициялық 

ахуал  оң  нәтижелерін  бере  бастады,  қазақстандық  кәсіпкерлер  капиталының 

құйылуы  өрістеді.  Негізгі  капиталға  инвестиция,  негізінен  мұнай-газ 

өнеркәсібіне,  металлургияға  және  және  тамақ  өнеркәсібіне  салынды. 

Мемлекеттік инвестиция туралы бағдарламалар инфрақұрылым жобалары мен 

күнкөрісті  қамтамасыз  ететін  нысандарды  қаржыландыру  мақсатын  көздеді. 

1997 жылдан инвестициялық белсенділіктің артуы байқалды. Инвестицияның 

өсуі 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 29,4 %-ды құрады. 2000 жылдың 

бағалауы  бойынша  инвестицияның  жалпы  көлемінің  59%-ы  кен  өндіру 

өнеркәсібіне, 11%-ы өңдеуші өнеркәсіпке, 8%-ы көлік саласына бөлінген. 

Жекешелендіру  нәтижесінде  2000  жылдың  басында  100  мыңнан  астам 

жеке меншік кәсіпорын тіркелді, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 82%-

ы еді. 

1993 жылдың қарашасында отандық ұлттық валюта  - теңгенің енгізілуі 

республикамыздың  жылнамасындағы  ең  маңызды  оқиғалардың  бірі.  Теңге 

ресми  түрде  1993  жылы  15  қарашада  енгізілді.  Ол  еліміздің  тәуелсіздігін 

нығайту  жолындағы  түбегейлі  әлеуметтік-экономикалық  реформаларды 

жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. 

1992  жылы  рубль  аймағында  Қазақстан,  Өзбекстан,  Ресей  және 

Тәжікстан  елдері  ғана  қалды.  1993  жылы  Ресейдің  Орталық  Банкі  жаңа  50 

рубльдік  ақша  белгісін  енгізді.  Дегенмен  оны  Қазақстанға  бермеді.  Шын 

мәнісінде Ресей Қазақстанды рубльдік аймақтан ығыстырып шығарды.  

1993  жылы  3  қарашада  Президенттің  Жарлығымен  құрылған  Ұлттық 

валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің 

тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, 

тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол 

ақшаны  айырбастау  коэффициенті  мен  лимиттері,  валюта  бағамын 

қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 

1994 жылы республикада рубльдің қолданылуы біржола тоқтатылды.  

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»   Қазақстан 

Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі  Заңы оның банктік жүйедегі орны 

мен  рөлін,  құқықтық  дәрежесін,  қызметін,  міндеттерін  және  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  өкімет  органдарымен  өзара  қатынасын 

белгіледі. 

Ұлттық  Банк  елдің  орталық  банкі  ретінде  еліміздің  экономикалық 

дамуы және оның әлемдік экономикаға бірігуіне қолайлы макроэкономикалық 

жағдай  жасауға  мүмкіндік  беретін  мемлекеттік  ақша-кредит  саясатын 

қалыптастырады және іске асырады. 

Ұлттық  валюта  енгізілгеннен  кейінгі  алғашқы  екі  жыл  еліміз  үшін  өте 

қиын  жылдар  болды.  Жалпы  экономикалық  сипаттағы  объективтік 

қиындықтар  (бағаны  ырықтандыруға  және  өндірістің  құлдырауына 



54 

байланысты  инфляцияның  жоғары  деңгейі,  импорт  тауарларына  деген 

қанағаттандырылмаған  сұраныстың  едәуір  көлемі)  шетел  валютасына 

сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. Теңге айналымға 

енген алғашқы 7 айда 8 есе құнсызданды.  

Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету 

қажет  болды.  Бұған  дейін  теңге  құлдырап  бара  жатса,  Ұлттық  банк  өзіндегі 

алтын-валюта  қорынан  қосымша  ақша  жұмсап,  оны  реттеп  отыратын.  Бірақ 

бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын 

белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. 

Республика  тарихындағы  маңызды  оқиғаның  бірі  –  елдің  дамуының 

болашақ  бағыттарын  айқындап  берген  1997  жылдың  қазан  айындағы  Ел 

Президенті  Н.Ә.Назарбаеватың  «Қазақстан  -  2030»  даму  стратегиясы.  

Стратегия аясында бірнеше ортамерзімді стратегиялық даму жоспарлары мен 

бағдарламалары  өмірге  келді.  Ол  бағдарламалар  мен  жоспарлар  елді 

экономикалық  дағдарыстан  шығу  жолдарын  қарастыруды,  реформаларды 

аяқтауды,  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер  қатарына  қосылуды,  «Қазақстан 

барысын» қалыптастыруды  көздеді. 

Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  жариялаған  алғашқы  күндерден-ақ 

жоспарлы  орталықтанған  экономикадан  нарыққа  өтудің  басты  тетіктерінің 

бірі  ретінде  ел  экономикасына  инвестициялық  ресурстарды  тартуды  қолға 

алды.  Бұл  отандық  және  шетелдік  инвестицияларды  тартуда  қолайлы 

инвестициялық климат қалыптастыруды талап етті. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «біздің  міндетіміз  -  әлемдік  қоғамдастық 

алдында  Қазақстанды  инвестициялар  үшін  тартымды  орын  ретінде  көрсету, 

маңызды  салаларға  инвесторларды  белсене  тарту»,  -  деп  көрсете  келе, 

мәселеге ерекше басымдық берді. Шетелдік компаниялар, фирмалар мен жеке 

кәсіпкерлер  де  Қазақстанның  инвестициялық  климатын  жоғары  бағалайды.  

Олардың қатарында бай табиғи  кен көздері, кәсіби маман кадрлар мен арзан 

жұмыс күшінің сыртында тиімді геосаяси жағдай, саяси ахуал мен ұлтаралық 

қатынастардың тұрақтылығы ерекше орын алады. 

1991  -  2010  жылдар  аралығында  елге  140  млрд.  долл.  шетел 

инвестициясы,  оның  ішінде  80  млрд.  тікелей  инвестиция  тартылған.  Негізгі 

инвестор-елдер  қатарында  Нидерланды,  АҚШ,  Франция,  Қытай,  Жапония, 

Ұлыбритания бар. 

Дүниежүзілік  даму  Банкі  әлемнің  инвестиция  үшін  тартымды  жиырма 

елдің қатарына Қазақстанды да қосты. 

2007  жылы  тамызда  АҚШ-тың  ипотекалық  жүйесінде  басталған 

дүниежүзілік  экономикалық дағдарыс көптеген  мемлекеттерді  экономикалық 

құлдырауға  әкеліп  соқты.  Дағдарыс  Қазақстанды  да  айналып  өткен  жоқ. 

Қолайсыз  сыртқы  жағдай  біздің  компанияларымыздың  мүмкіндіктерін 

азайтты.  Әлемдік  қор  биржасында  шикізат  бағасының  түсуі  де  оны  өндіру 

көлемін тежеді.  

2007  жылы  күзде  мемлекеттік  бюджеттен  550  млн  теңге  бөлінді,  бұл 

тұрғын  үй  құрылысының  жандануына  мүмкіндік  берді.  Шағын  және  орта 



55 

бизнеске  көмек  ретінде  155  млрд  теңге  бөлінді.  Аграрлық  секторға  азық-

түлікті  қамтамасыз  ету  үшін  135  млрд  теңге  бөлінді.  Қаржы  секторындағы 

қиындықты  сезген  Ел  басы  Н.Назарбаев  4  млрд  доллар  мөлшерінде  ұзақ 

мерзімді несиені қамтамасыз етті. 

Елбасының шешімімен 2008 жылдың қазан  айында «Самұрық-Қазына» 

ұлттық  әл-ауқат  Қоры»  акционерлік  қоғамықұрылды.Олекі  ірі  холдинг  – 

«Самұрық»  пен  «Қазынаны»  қосу  жолымен  қаржы  дағдарысының  екінші 

толқынының  басталуы  кезінде  маңызды  мемлекеттік  активтерді  біріктіріп, 

Қазақстан  экономикасын  дамыту  мақсатында  құрылған.  Қор  дағдарыспен 

күрес  іс-шараларында  мемлекеттің  маңызды  құрылымдық  құралы  ретінде 

көрінді. 

Қор  қызметінің  негізгі  мақсаты  –  меншігіндегі  біріктірілген  активтерді 

басқару,  олардың  ұзақ  мерзімді  құндылығын  арттыру  және  дүниежүзілік 

нарықта бәсекелестігін көтеру. Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары 

– бірден-бір акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі 

таза жұмыс жүргізу. 

2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін 

бірлескен  әрекеттер  жоспарын  жасауда  Қор  негізгі  оператор  ролін  атқарды. 

Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қор қаржы секторын тұрақтандыруға, 

тұрғын  үй  саласын  дамытуға,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қолдауға, 

инновациялық,  индустриялық  және  ішкі  құрылымдық  жобаларды  жүзеге 

асыруға бағытталған 7 млрд. АҚШ долларын игерді. 

Қазақстан  бірте-бірте  Еуропаның  Азиямен  арадағы  өңірлік  көлік 

«көпіріне» айналды. Республикада транзиттік әлеует жасақталды, оның негізін 

бірқатар  көлік  бағыттары  құрайды.  Қазақстан  маңызды  екі  стратегиялық 

міндетті  шешті:  Қазақстанның  әлемдік  теңіз  порттарына  шығуы  және 

теміржол, автомобиль және әуе көлігінің негізгі үш бағыт: Ресей, Еуропа мен 

Балтық елдері; Қытай, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері; Оңтүстік Азия, 

Кавказ елдері, Иран және Түркия бойынша транзиттік қатынас. 

Бірқатар  мемелекет  басшылары  көрші  елдермен  тығыз  экономикалық 

қатынастардың  қажеттілігін  түсініп,  1994  жылы  ТМД  Еркін  сауда  аймағы 

құрылды.  ТМД  елдері  арасында  екі  жақты  еркін  сауда  шарттарына  да  қол 

қойылды.  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаевтың  интеграция  мәселесінде 

атсалысуымен  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы,  ЕурАзЭҚ,  Ұжымдық 

қауіпсіздік  шарты  тәрізді  көрші  елдер  басшыларын  бір  үстел  басына 

жинайтын, ынтымақтастықты талқылайтын бірнеше платформа өмірге келді.  

2000  жылғы  10  қазанда  Астана  қаласында  халықаралық  экономикалық 

ұйым  ретінде  Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастық  (ЕурАзЭҚ)  құрылды. 

Қоғамдастық  мүшелері:  Қазақстан  Республикасы,  Беларусь  Республикасы, 

Қырғыз  Республикасы,  Ресей  Федерациясы,  Тәжікстан  Республикасы, 

Өзбекстан  Республикасы.  Бақылаушылар  қатарында  Армения  Республикасы, 

Молдова Республикасы, Украина бар. 

2010жылдың  29  қаңтарындағыҚазақстан  Республикасы  Президентінің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет