Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата26.04.2022
өлшемі0.93 Mb.
#32267
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудыӊ жаӊа мүмкіндіктерін 

беру». 


Екінші  бастама:«Жалақысы  төмен  жұмысшылардыӊ  еӊбекақысын 

көбейту үшін олардыӊ салық жүктемесін азайту». 



Үшінші  бастама:«Жоғары  білім  алудыӊ  қолжетімділігі  мен  сапасын 

арттырып, студент жастардыӊ жатақханадағы жағдайын жақсарту». 



Төртінші бастама:«Шағын несие беруді көбейту». 

Бесінші бастама:«Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». 

2.1990-1995  жылдардағы  әлеуметтік-экономикалық  дағдарыс  халықтың 

денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын да күрт нашарлатты. 

80-жылдардың  аяғынан  бастап  республикада  бала  туу  ұдайы  төмендеп, 

ал  өлім-жітім,  керісінше,  көбейген  еді.  Соның  салдарына  табиғи  өсіп-өну  де 

қысқарды.  Мәселен,  табиғи  өсіп-өну  коэффициенті  (халықтың  1000  адамына 

шаққанда)  1987 жылы 18,1 промилле, 1995 жылы 6,8 промилле, 1996 жылы 

5,6 промилле, 1997 жылы 4,8 промилле, ал 1998 жылы 4,6 прмилле болды. 

Халықтың  денсаулығына  байланысты  проблемалар  қоршаған  ортаның 

нашарлай  түсуімен  де  байланысты  еді.  Семей  ядролық  полигонының 

зардаптары,  Арал  теңізі  аумағындағы  агрохимиялық  ластанудың  салдарлары 

осы  өңірлердегі  қатерлі  ісіктер,  генетикалық  бұзылу  сияқты  ауру  түрлерінің 

көбеюіне  әкелді.  Мәселен,  Қазақстанда  1990  жылдан  1999  жылға  дейін  100 

мың адамға шаққанда 188,5 адамнан 410,0 адамға дейін онкологиялық дертке 

шалдыққан.  Эндокриндік  жүйе  сырқатының,  асқазанның  бұзылуы,  зат 

алмасудың  бұзылуы  көрсеткіштері  де  жоғары  болды.  Мәселен,  1990  жылы 

398,8  науқас  (100  мың  адамға  шаққанда)  тіркелсе,  1999  жылы  610,3  адам 

тіркелген екен. 

1990 жылдары елде орын алған қиын экономикалық жағдай денсаулық 

сақтауға жұмсалатын қаржы көлемін күрт төмендетті. Бұл өз кезегінде емдеу-

профилактикалық  мекемелердің  жай-күйіне,  медициналық  көмек  көрсетудің 

сапасына  салқынын  тигізді.  Мемлекеттің  бюджеттің  бұл  салаға  жұмсайтын 

шығысы 

ұдайы 


азайып, 

межеленген 

қаржыландыру 

жоспарлары 




61 

орындалмаған.    1995  жылы  денсаулық  сақтау  саласын  қаржыландыру 

межеленген  көлемнің  92,2%-ын,  1998  жылы  -  80%,  ал  1999  жылдың  1-

мамырындағы  көрсеткіш  бойынша  денсаулық  сақтауға  арналған  шығыс 

небәрі 51% -ға орындалған. 

Халықтың  өмір  жасының  ұзақтығы  тұрмыс  деңгейі  мен  сапасының 

нақты көрсеткіші болып табылады, бұл көрсеткіш республикада 90-жылдары 

бойы  тұрақты  төмендеген.  Мәселен,  1991  жылдан  1998  жылға  дейін  өмірдің 

орташа  ұзақтығы  жалпы  Қазақстан  бойынша  67,6  жастан  64,4  жасқа  дейін 

төмендеді. (Жапонияда - 76,1 жасқа тең болса, Испанияда -75,7 жас, Гонконг 

пен Израильде - 75,1 жас, Австралияда - 75 жас, Швецияда –- 74,8 жас). 

Денсаулық сақтау саласын дамыту Қазақстан үкіметі алдындағы басым 

міндеттердің біріне айналды. 

2000  жылдардан  бастап  денсаулық  сақтау  саласын  қаржыландыру  оң 

үрдіске  ие  болды.  Мәселен,  1999  жылы  мемлекеттік  бюджеттен  осы  салаға 

44 825 миллион теңге бөлінсе, 2003 жылы – 89 781 миллион, яғни екі есе көп 

қаржы  бөлінді,  2004  жылы  –  131 184  миллион  теңге,  2005    жылы  –  185 456 

миллион теңге бөлінді. 

2011  жылғы  28  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

«Болашақты бірге қалаймыз!» 

атты 

Қазақстан 



халқына 

Жолдауында 

Денсаулық саласына жеке бөлім арналды. Елбасы денсаулық сақтау саласын 

қаржыландырудың 2002 жылы ЖІӨ-нің 1,9 %-дан 2010 жылы 3,2 %-ға өскенін 

атап өтті. Ауқымды іс-шаралар нәтижесінде 2000-2010 жылдары аралығында 

ана  мен  бала  өлімі  азайып,  бала  туу  көрсеткіші  1,5  есеге  өсті.  Халықтың 

табиғи  өсіп-өнуі  3  есеге  артты.  Бұл  2005-2010  жылдарға  арналған  Қазақстан 

Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  реформалау  мен  дамытуға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде мүмкін болды. 

2010  жылдың  мамырында  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігі  2011-2015 

жж.  арналған  Денсаулық  сақтау  саласын  реформалау  туралы  мемлекеттік 

бағдарлама  әзірледі.  Бағдарламаның  басты  мақсаты  -  Қазақстан 

азаматтарының  денсаулығын  жақсарту  және  бәсекеге  қабылетті  денсаулық 

сақтау  жүйесін  қалыптастыруға  негізделді.  2011-2015  жылдары  денсаулық 

сақтау саласына 449,3 млрд теңге бөлінді. 

2016  жылыдың  қыркүйегінде  Астанада  «Қазақстандағы  денсаулық 

сақтау  саласын  реформалау:  ұлт  саулығын  қорғау»  тақырыбындағы  Форум  

өтті. Онда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова 

Денсаулық сақтау саласын дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын (2005-

2015  жж.)  іске  асыру  нәтижесінде  Қазақстандағы  күтілетін  өмір  сүру 

ұзақтығы 70 жастан асқанын, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-

ға, ана мен сәби өлімі 1,8 есеге төмендегенін атап өтті. 

3.1990-жылдары  орын  алған  әлеуметтік-экономикалық  қиыншылықтар 

білім  беру  саласын  да  айналып  өтпеді.  Осы  бағыттағы  басты  проблемалар 

қатарында мыналарды атауға болады: 



62 

-  оқытушы  еңбегін  материалдық  ынталандыру  жүйесінің  мүлдем 

болмауы, осы саладағы еңбекақы көлемі ең төменгі деңгейде болып, ол елдегі 

орташа еңбекақының 60 %-ын ғана құрады; 

- оқытушы мамандығы беделінің күрт төмендеді; 

білікті  маман  кадрлардың  білім  беру  саласынан  халық 



шаруашылығының басқа саласына жаппай кетуі байқалды

- елде орын алған сыбайлас-жемқорлық күшейді; 

- оқытушылардың 80%-нан астамын әйелдер құрады. 

Жалпы  білім  беретін  мектептерді  жаппай  жабу  болмағанымен, 

жұмыссыздық  пен  кедейліктің  өсуі  салдарынан  интернаттық  мекемелер  үш 

еседен астам қысқарды, бұрын-соңды болмаған құбылыс - мектеп жасындағы 

балалардың мектепке бармауы өршіді. 

Республикада  кәсіптік-техникалық  білім  беру  саласының  да  жағдайы 

мәз  емес  еді.  Кәсіптік-техникалық  мектептердің  саны  1991  жылмен 

салыстырғанда  1997  жылы  40%-ға,  ал  олардағы  оқушылар  саны    40%-дан 

астамға қысқарды.  

Бюджеттен қаржыландыру  мүмкіндігінің шектелуі  мемлекеттік жоғары 

оқу  орындарына  қабылдау  жоспарының  қысқаруына  әкелді.  Ол  1991  жылғы 

59 950  адамнан  1995  жылы  40 160  адамға  дейін  азайды,  яғни  33%-ға  дейін 

шегерілді.  1997  жылы  студенттердің  төрттен  бірінен  астамы  шарт  негізінде 

оқыды. 


1990-жылдары  білім  беру  саласын  трансформациялаудың  қажеттілігі 

айқын көрінді. Оған мынадай төмендегі факторлар түйткі болды: 

-ақпараттық-технологиялық  дүмпу,  ақпаратты  іздеу  және  қайта  әрлеу 

дағдысы; 

-  әлемдік  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер:  білімді  меңгеруден  дағды 

жинауға өту; 

-  қазақстандық  мамандардың  әлемдік  білім  беру  кеңістігіндегі 

интеграциясын  қамтамасыз  ету  және  тиісінше  әлемдік  білім  беру 

стандарттарына өту. 

Өтпелі  кезеңнің  қиыншылықтарына  қарамастан  1990  жылдардың 

басында-ақ  білім  беру  саласы  мен  маман-кадрлар  даярлау  саласын  реттеу 

мақсатында алғашқы шаралар қолға алынды. 

1992 жылдың 18-қаңтарында «Білім туралы Заң» қабылданып, ол Білім 

беру саласындағы негізгі мқсаттар мен міндеттерді айқындап берді. 

1993 жылы Қазақстан үкіметі Жеке меншік оқу орындарын лицензиялау 

тәртібі  туралы  бірінші  ережені,  1995  жылы  Білім  беретін  мемлекеттік  емес 

мекемелер туралы ережені бекітті. 

1996 жылы Гимназия және лицей туралы ереже қабылданды. Мемлекет 

басшысының  «Дарынды  балаларға  арналған  мектептерді  мемлекетік  қолдау 

және  дамыту  туралы»  өкімі  шықты.  Өкімге  сәйкес  дарынды  балаларға 

арналған  «Дарын»  республикалық  мектебі  ашылды.  Осылайша,  мемлекет 

елдің  зияткерлік  әлеуетін  күшейтуге  арналған  шараларын  бастады.  2004 




63 

жылға  қарай  елдің  жалпы  білім  беретін  мектептері  жүз  пайыз 

комьютерлендірілді. 

1993  жылы  10  ақпанда  Қазақстан  Республикасының  «Жоғары  білім 

туралы» Заңы қабылданды. Онда «жоғары білім үздіксіз білім беру жүйесінің 

аса маңызды құрылымдық буыны» деп жарияланды. 

Осы  бағыттағы  айтулы  оқиға  -  1993  жылы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  «Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  енгізілуі  болды. 

Бағдарлама  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  оқу  орындарында  маман-кадрлар 

даярлауға  негізделді.  Бүгінде  Жоба  аясында  мыңдаған  стипендия  бөлініп, 

мыңдаған маман-кадрлар даярланды. 

1999  жылғы  7  маусымда  барлық  білім  беру  деңгейі  үшін  ортақ 

Қазақстан  Республикасының  жаңа  «Білім  туралы»  Заңы  қабылданды.  Кейін 

2000  жылы  осы  заң  аясында  жоғары  оқу  орындарын  жекешелендіру 

тұжырымдамасы қабылданды. 

2004  жылғы  11  қазанда  Елбасы  «Қазақстан  Республикасында  білім 

беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» 

туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарламаның басты бағыттары «Білім туралы 

Заңда»  (2007  ж.)  бекітілді.  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысында 

қазақстандық ұлттық білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің 

Халықаралық стандарттау классификациясымен сәйкестендірілді.  

Бастауыш  және  орта  мектеп деңгейінде  12-жылдық  білім беру  моделін 

енгізуге  жағдайлар  жасалынды,  техникалық  және  кәсіби  білім  беруді  қайта 

құру  жұмыстары  басталды.  Жоғары  мектеп  деңгейінде  үш  деңгейлі 

(бакалавриат-магистратура-PhD) маман-кадрлар даярлау енгізілді. 

2010  жылдың  11  наурызынан  Қазақстан  Еуропалық  білім  беру 

кеңістігінің  тең  құқылы  мүшесіне  айналды.  Бүгінде  Қазақстан  жоғары  оқу 

орындары 

Tempus, 

Erasmus 


Mundus, 

INSPIRE,т.б. 

халықаралық 

бағдарламаларға белсенді түрде қатысады. 

2010  жылы  «Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі 

стратегиялық  даму  жоспары»  аясында  қазақстандық  білім  берудің  бәсекеге 

қабылеттілігін  арттыру  және  адами  капиталды  дамытуда  қолжетімді  сапалы 

білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2011-

2020  жж.  арналған  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы» 

қабылданды. 

2010  жылы  1  ақпанда  Қазақстанда  "Интеллектуалды  ұлт  -  2020" 

мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды.  Бағдарлама  мына  негізгі  үш  басым 

бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет