Коммерциялық емес


  дәріс.  Ұлы  Дала  еліндегі  жаңа  тарихи  сананы  және



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата26.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#32267
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
12  дәріс.  Ұлы  Дала  еліндегі  жаңа  тарихи  сананы  және 

дүниетанымды қалыптастыру саясаты 

 

1Тәуелсіздіктің 

алғашқы 

жылдарындағы 

ұлт 

тарихындағы 



«ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. 

2  «Мәденимұра»мемлекеттікбағдарламасы.Оныңмақсаты  және  жүзеге 

асырудың негізгі бағыттары. 



73 

3  Жаңа  қоғамдық  сананы  қалыптастыруда  «Қазақ  хандығының  550 

жылдығының» аталып өтілуінің маңызы. 

 

Дәрістің мақсаты: Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жою мен әлемге 

тарап  кеткен  тарихи  мұралар  мен  деректерді  жинастыра  отырып,  ел  ішінде 

тарихи саналылықты орнықтыру мәселесі мақсат етіледі. 



Дәрістің  мазмұны:  Жаугершілік  пен  отаршылдықтан  болған  азақ 

тарихына  жасалған  қиянат  шындығы  ақтарылып,  халық  санасын  тарих 

арқылы тәрбиелеудің қоғамдық-саяси жолдары қарастырылады. 

 

1.  Қазақ  тарих  ғылымы  да,  өзге  ғылымдар  сияқты,  үстіміздегі  ғасырда 



тың  бағытта  зерттеулер  жүргізу  арқылы  жаңа  серпіліске  ие  болды.  Оның 

басты  себебі  еліміздің  тәуелсіз  ел  болып,  өз  бағыт-бағдарымызды  анықтап, 

халқымыздың  ертеңі  үшін  жаңаша  ізденістерге  жол  ашылып,  қоғамда  орын 

алған  терең  демократиялық  бетбұрыстармен  байланысты.  Әрине,  қазақ 

тарихының  ХХІ  ғасырға  дейінгі  зерттелу  деңгейі,  оған  мыңдаған  аға-буын 

тарихшылар,  өлкетанушылар,  шежірешілердің  өзіндік  үлес  қосқанын  естен 

шығармаймыз.  Өйткені  олар,  бізге  дейінгі  қазақты  тануда  қыруар  жұмыстар 

атқарды. Айналып келгенде олар, қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі арқылы 

сан  мыңдаған  оқиғаларды  жадында  сақтай  жүріп,  тарихымыздың  санадан 

өшпеуі жолында орасан зор еңбек етті. 

Кеңестік жүйе заманында қазақ тарихы біртұтас орыс халқы тарихының 

құрамдас  бөлігіне  айналып  кетті.  Бұл  тарихта  басты  рөл  «алып  империяны 

біріктіруші»,  «құраушы»,  «бастаушы»  деген  айдармен  орыс халқына  берілді. 

Ал  өзге  ұлттар  тарихы  солардың  көзімен  қаралып,  орталық  цензурадан  өтіп, 

КСРО тарихына енгізілді. 

КСРО  ыдырап,  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасы  жарияланған  тұста 

қазақ  тарихшылары  түрлі  қиыншылықтарға  қарамастан,  міндеттерін 

мүмкіндігінше атқара берді. 

Өткен  ғасырдың  90-жылдардың  бас  кезеңінде  М.Қ.  Қозыбаев,  К. 

Нұрпейіс,  М.Х.  Асылбеков,  К.Л.  Есмағамбетов,  З.А.Алдамжар,  Ж. 

Қ.Қасымбаев т.б. белгілі тарихшылар мектебінен бүгінгі белгілі тарихшылар – 

М.Х.Әбжанов,  М.Қойгелдиев,  Т.Омарбековтер  өздерінің  жаңа  ойларымен 

көпшілікке  танылды.  Олар  көтерген  ұлт  зиялыларының  тағдыры,  кеңестік 

билік  кезеңіндегі  Қазақстан,  түрлі  репрессиялар  тарихы  өз  оқырмандарына 

жетті.  Сонымен  қатар  90-жылдардың  басынан  бастап  «арнайы  қоймаларда» 

сақталып  келген  ұлт  зиялылары  -  С.Асфендияров,  М.Тынышпаев,  Ә. 

Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Шоқай, Т. Шонанұлы, Қ. Кемеңгерұлы, А. 

Байтұрсынұлы,  Ш.  Құдайбергенұы  т.б.  шығармалары  қолымызға  тиді.  Міне, 

енді  тарихшылар  да,  тарих  сүйер  қауым  да  өткен  өмірімізге  жаңа  қырынан 

қарауға мүмкіндік алды. Дәл осы тұста бұрын ғылыми айналысқа енбеген ата- 

шежіремізді  тануға  ерекше  ден  қойылды.  Сөйтіп,  Әбілғазы  Қосымұлының 

«Түрік  шежіресі»,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм 

хандар  шежіресі»,  Шоқанның,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің,  Мұхамеджан 



74 

Тынышпаевтың шежірелік жинақтары халқымен қауышты. Ал елбасымыздың 

1998  жылды  «Халық  бірлігі  және  ұлттық  тарих  жылы»  деп  жариялауы, 

арнайы  «Қазақстан  Республикасында  тарихи  сананы  қалыптастырудың 

тұжырымдамасы» 

тарихшыларға 

жаңа 

бағыт-бағдар 



сілтеді. 

Тұжырымдаманың  басты  қағидалары  тарихшы,  профессор  Х.Әбжанов 

пікірінше,  «бұдан  былай  Қазақстан  тарихы,  біріншіден,  әлемдік  тарихтың 

құрамдас  бөлігі,  екіншіден,  шығыс  әлемінің  құрамдас  бөлігі,  үшіншіден, 

Ислам әлемінің құрамдас бөлігі, ал одан кейін Ресей империясы мен Кеңестер 

Одағындағы  кезеңдер  ретінде  анықталады».  Тұжырымдама  мен  тарих 

жылының  мақсат-міндетін  зор  түсіністікпен  қабылдаған  тарихшылар  өткен 

өміріміздің  күрделі  кезеңдерін  жаңа  ұстанымдар  тұрғысынан  саралауға 

белсене кірісті. Жаңа ХХІ ғасыр қазақ тарихын танудағы түбегейлі бетбұрыс 

кезеңін  құрайды.  Ол  мынадан  байқалады:  біріншіден,  тарихшыларымыз 

белгілі  бір  тақырып  аясында  ешкімге  жалтақтамай-ақ  қолда  бар  деректер 

негізінде  жаңаша  пайымдаулар  жасай  бастады.  Мәселен,  өзіміз  пайдаланып 

келген  Қазақстандағы,  Ресейдегі  мұрағат  құжаттарында  жатқан  бұрын 

ғылыми  айналысқа  енбеген,  енсе  де  ондағы  кейбір  пікірлер  алынып 

тасталынған тұстардың барлығы тарихқа жаңа пікірлер әкелді. Көп жағдайда 

олар  қазақ-орыс  қатынастарын  саралауға  және  қазақ  мемлекеттігінің 

қалыптасуына  қатысты  болды.  Екіншіден,  қазақстандық  тарихшылар  қазақ 

тарихына назар аударған алыс шетелдік тарихшылардың еңбектерімен, өзіндік 

пікірлерімен таныса бастады. Олар жаппай барлық еңбектерде көрініс тапты. 

Мұның  өзі  сол  кезге  дейінгі  қалыптасқан  тек  қана  орыс  зерттеушілері 

еңбектерін пайдалануды біртіндеп ығыстырып, балама пікірлерге бастама жол 

салынды. Үшіншіден, мемлекетіміз қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы 

Қазақстанға  Қытай,  Иран,  Араб,  Америка,  Еуропа  елдерінен  көптеген  құнды 

деректерді әкеліп қана қоймай, оны қазақшаға аудару қолға алынды. 

Бұл  Қазақстанның  тарихи  ғылымының  дамуына  игі  әсерін  тигізді. 

Республика тарихының мәселелері бойынша дереккөздер мен монографиялық 

зерттеулердің  үлкен  саны  жарық  көріп,  бірқатар  конференциялар  өтті.  Н.Ә. 

Назарбаевтың  1999  жылы  жарық  көріп,  маңызды  оқиғаға  айналған  «Тарих 

толқынында»  атты  еңбегінде  тарихи  үдеріс  ұлттық  рухтың,  ұлттық  идеяның 

дамуы тоғысында қаралып, ұлттық және мемлекеттік сәйкестіктің қалыптасуы 

мәселелері айқындалған.  

Сөйтіп, Қазақстанның қазіргі тарихы дербес пән ретінде жоғары білікті 

мамандар  даярлау  ісінің  оқу  жоспарында  құрметті  орын  алады.  Ол  төменгі 

курстарда  оқытылып,  студенттердің  мемлекеттік  емтихан  тапсыруымен 

аяқталады.  

Отандық  тарихтың  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  курсы  кез 

келген  білікті  маманның  орта  мектепте  алған  білімдерінің  жалғасы  іспетті 

және  басқа  пәндермен  қатар,  іргелі  білім  қорының  қалыптасуына  септігін 

тигізеді. 

2.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  күндерінен-ақ  мемлекет  тарих  ғылымның 

дамуына  және  ел  азаматтарының  тарихи  санасының  қалыптасуына  елеулі 



75 

назар  аударып  келеді.  Жаңа  жалпы  мемлекеттік  идеялар  іздеу  –  қазіргі 

Қазақстан  мен  тарихи  ғылым  үшін  күн  тәртібінде  тұрған  міндет.  Қазақстан 

халқына  арнаған  2003  жылғы  Жолдауына  Президент  Н.Ә.  Назарбаев 

республикамыздың  мәдени  мұрасын  зерттеудің  арнаулы  бағдарламасын 

әзірлеуге,  тарихи-мәдени  және  сәулет  ескерткіштерін  қайта  жасауға,  ұлттық 

әдебиет  пен  жазуды  жинақтап  қорытуға  тапсырма  берді.  Қазақстан 

Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-

2006  жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы» 

Жарлыққа  қол  қойды.  Нәтижесінде, 2004  жылдан бері қарай  «Мәдени мұра» 

атты  мемлекеттік  бағдарлама  кезең-кезеңмен,  яғни  2004  -  2006,  2007  -  2008, 

2009-2011  жылдарға  бөлініп,  келесі  бағыттар:  тарих  пен  археология 

ескерткіштерін  жүйелеу,  сақтау,  қалпына  келтіру  бойынша  жұмыс  істей 

бастады. 

Аталған  бағдарлама  аясында  отыздан  астам  ескі  қала  мен  басқа  да 

қоныстардың,  қорғандар  мен  өзге  де  нысандардың  қазба  жұмыстары 

жүргізілді.  Олардың  қатарында:  Ақмола  облысында  –  Бұзықты,  Алматы 

облысында  -  Қойлық  пен  Талғар,  Атырау  облысында  –  Сарайшық,  Шығыс 

Қазақстанда  –  Берел–Шілікті,  Жамбыл  облысында  –  Мерке  мен  Жайсаң, 

Батыс Қазақстанда – Жайық пен Қараоба, сондай–ақ Қарағанды облысында – 

Тоқтыауыл, Айбас пен Кент, Қостанай облысында – Бестамақ, Қызылордада – 

Рабат, Маңғыстауда – Тоқсанбай, Павлодар обылысында Шілдерті, Солтүстік 

Қазақстанда  –  Ботай,  Оңтүстік  Қазақстанда  –  Сауран  мен  Сейтек  бар. 

Шетелдік жобалар – Сұлтан Әз–Зәкір Бейбарыстың Дамаскідегі кесенесі мен 

тарихи–мәдени орталықтың құрылысы табысты іске асты. 

Бағдарлама  қабылданғаннан кейінгі  төрт  жылда  тарих пен  мәдениеттің 

51  ескерткіші  қайта  жаңғыртылып,  Қазақстан  аумағындағы  39  қалашық, 

қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер 

жүргізілді.  Қытайға,  Түркияға,  Арменияға,  АҚШ  пен  Батыс  Еуропа  елдеріне 

15  ғылыми  экспедиция  ұйымдастырылып,  Қазақстан  тарихы,  этнографиясы, 

өнері  жөнінде  бұрын  белгісіз  болып  келген  5  000-ға  жуық  қолжазбалар  мен 

баспалық  басылымдар  табылды.  Тек  Қытайға  жасалған  ғылыми 

экспедицияның  барысында  Қазақстанның  тарихы  мен  мәдениетіне 

байланысты  бұрын  зерттелмеген  маньчжур  тіліндегі  3  мың,  қытай  тіліндегі 

300,  шағатай  тіліндегі  60,  ойрат  тіліндегі  70  дерек  табылды.  Ұлттық  және 

әлемдік  ғылыми  ой-сананың,  мәдениет  пен  әдебиет  басылымдарының 

фольклортану,  әдебиеттану  мен  өнертану,  философия,  тарих  ғылымы, 

саясаттану,  тіл  білімі  сияқты  16  бағыты  бойынша  бірнеше  жүз  томды 

құрайтын  кітаптар  шығарылды.  100  томдық  «Бабалар  сөзінің»  51  томы, 

«Қазақ  философиясының»  16  томдығы,  «Әлемдік  философияның»  18 

томдығы,  «Баласағұн»  қалашығы,  Отырар,  Орхон  ескерткіштерінің  толық 

атласы  жасалды.  «Қазақстанның  электрондық  кітапханасы»  және  «Мәдени 

мұра»  ғаламтор  –  порталдары  жасалды.  Қазір  «Мәдени  мұра» 

бағдарламасының  2007-2009  жылдарға  арналған  екінші  кезеңі  аяқталып, 

үшінші кезең бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.  



76 

Қазақ  тілінде  бірыңғай  әлемдік  көркем  ойды  қалыптастыруға 

бағытталған  кітап  басып  шығару  ісіне  ерекше  назар  аударылды.  Маңызды 

басылымдардың  арасынан:  «Қазақ  фольклорын»,  «Дүниежүзілік  әдебиеттің 

таңдамалы  шығармаларын»,  «Қазақ  музыкасының  антологиясын»,  «Ұлттық 

философия мұрасын» және басқаларын атай аламыз. 

3.  Кезіндегі  КСРО  құрамында  болған  Қазақстан  ғалымдары  үшін, 

тарихи  білімдегі  қазақ  хандығы  мәселесі,  жарты  ғасырдан  аса  уақыт  бойы 

зерттеу  нысанасынан  түспей  келе  жатқан  күрделі  де  ауқымды  әрі  өзекті 

мәселенің  бірі  еді.  Сол  бір  кеңес  жылдары  КСРО  Ғылым  академиясына 

қарасты  Түркология  комитеті  көптеген  жұмыстардың  атқарылуына  ұйытқы 

болып  келгенін  Қазақстан  ғалымдарының  көпшілігі  әлі  ұмыта  қойған  жоқ. 

Бірақ  ол  кездегі  Комитет,  түркологиядағы  тарихи  білім  мәселесін 

идеологиялық  шеңберден  асыра  алмады.  КСРО  тарағаннан  кейін,  әлемде 

түркологияны  үйлестіріп,  оның  бағдарын  айқындайтын  ғылыми  орталыққа 

деген  сұраныс  күшейді.  Осы  орайда,  Еліміздегі  тәуелсіздік  жағдайында 

түркітілдес елдердің басын біріктірудегі ауқымды жұмыстар түркі әлеміндегі 

тарихи  білімнің,  оның  ішінде  қазақ  хандығы  мәсеесіне  де  даңғыл  жол  ашып 

отыр деп ойдамыз.  

2015 жылдың өзі, еліміз үшін аса маңызды мерекелермен ерекшеленсе, 

ол сөз жоқ, түркі әлеміндегі тарихи білімнің өрісіне де ықпал ететіні даусыз. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  айтқандай:  «2015  жылды  ұлттық  тарихымыхды 

ұлықтау  бағытындағы  мерейлі  белестер  жылы  деп  есептеуіміз  керек»-деген 

сөзі,  тарихшыларды  ғана  емес,  Елімізбен  бірге,  әлемдегі  бүкіл  түркітілдес 

халықтарды  да  сілкіндіріп  жіберді.  Қазақ  хандығы  құрылуының  осы  жылғы 

550  жылдығына  арналған  ғылыми  конференциялар  обыс  ортаықтарының 

бәріне  дерлік  боып  өтсе,  2015жылдың  29-30  мамыр  және  7-9  қазан 

аралығында  болған  Тараз  қаласындағы  қорытынды  конеренция  думанды 

тойға  айнаумен  өткізіді.  Ондағы  ұйымдастырылған  «Қазақ  хандығының  550 

жылдығына  арналған  «Ұлы  Дала  Елі»  халықаралық  форумы»  мен  «Орталық 

Азия:  аймақтағы  халықтардың  ынтымақтастығы»  -  «Жібек  жолындағы 

сұхбат»  -  деп  аталған  Халығаралық  дөңгелек  стол  хақымыздың  тарихи 

санасын арттыруда өзіндік ерекшеігімен көрінді.  

Бүгінгі  посткеңестік  тәуелсіз  түркі  мемлекеттері  мен  дүниенің  әр 

түкпіріне  тарыдай  шашырап  кеткен  30-дан  астам  түркітілдес  ұлттар  мен 

ұлыстардың  ұлы  бабасы  ер  түрік  аталарымыз  болатын.  «Егер,  -  дейді 

Президент  Н.Ә.  Назарбаев,  2015  жылдың  11  қыркүйегіндегі  қазақ 

хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде, - 

«Түрік» сөздігі «бірлік» сөзінің мағынасын берсе, онда жаһандану заманында 

тағдыр талайымен бөлініп кеткен, тілі, ділі, діні мен тегі бір түрік халықтары 

XXI ғасырда ынтымақ жарастыруы қажет. Сөйтіп, саясатта, эканомика, ғылым 

мен  технологияда  өзара  ықпалдастық  пен  байланыстарды  күшкйте  беруіміз 

керек.  Ата  тарихы  бізді  осыған  шақырады».  Міне,  біздің  осы  дәрісіміздің 

негізгі ұстанымдары, түркілік ой-өрісінен шыққан Елбасының осы сөздерінен 

туындап отыр.  



77 

XX-ғасырдың 60-шы жылдары болу керек, Қытай жерінен келе бастаған 

ағайындардың  аузынан:  «Мекені  Албандардың  Қап  тауы  екен...»  деген  өлең 

жолдары есімізде. Бұған қосымша: 

Барар жерің Балқан тау, 

Ол да біздің барған тау. 

Есте жоқ ескі заманда

Бұлдырап артта қалған тау..- деген өлең шумақтарын бүгінгі күндердің 

өзінде еміс-еміс естіп қаламыз. 

Расында,  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  егер  кезіндегі  түркілер  Байкалдан 

Балқанға  дейінгі  алқапты  еркін  жайлаған  ел  болса,  онда  бүгінгі  қазақтар 

арасында  айтылып  жүрген:  «Мекені  Албандардың  Қап  тауы  екен,...»  деген 

жоғарыдағы  өлең  жолдарының  тарихи  тамырына  үңілсек,  онда  қазақтың 

ежелгі бауырлары – арғы албандарды бүгінде, Балқан тауын жайлап отырған 

мұсылман елі – Албаниядан да іздеуге тура келеді. Осындай жағдайда, Түркі 

халықтарының тарихи білімдік деңгейі мен басты бағыттары туралы түйіндеп 

айтар болсақ, онда оның бүгінгі зерттелуі көңілден шығып отырған жоқ  

Қорытындылай айтсақ, жоғарыдағы қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналған  салтанатты  жиындар  мен  респубикаық  және  халықаралық 

конференцияларда сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кейінгі жылдардағы 

сөз  төркіндерінен  мәлім  болғанындай,  тарихи  білімге  қатысты  бүгінгі  түрік 

зерттеушілерінің алдында тұрған мынандай міндеттерді көрсеткен болар едік: 

-көшпеліліктің әлемдік мәдени уақыттық-кеңістіктік өрістен тыс болмыс 

емес екендігін дәлелдеу

-  түркі  мәдениетінің  уақыттық-кеңістіктік  тұтастығын,  археотиптерін, 

хронотоптарын, сұхбаттасу бағдарларын анықтау, олардың құрылымдық және 

функционалдық белгілерін мәдени-тарихи білім тұрғысынан қарастыру

-  түркі  мәдениетінің  тарихи  типологиясын  әлемдік  үлгілермен 

салыстыра зерттей отырып, басқа мәдениеттерден үндестік іздеу; 

-  еуроазиялық Ұлы Даладағы прототүркілік және түркілік өркениеттің 

қара  шаңырағын  сақтап  қалған  қазақ  мәдениетінің  автохтондығын, 

гомогендігін және тұтастығын дәлелдеу. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1)  Отан  тарихының  «ақтақ  беттерін»  анықтауда  қандай  мақсат-

міндеттерді жүзеге асыру көзделіп отыр? 

2)  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  негізгі  кезеңдері  мен  бағыттары 

қандай? 

3)  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Халық  тарих  толқынында»  бағдарламасының 

Қазақстан халқының тарихи отаншылдығын тәрбиелеудегі рөлін көрсетіңіз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет