Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата26.04.2022
өлшемі0.93 Mb.
#32267
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Дәрістің  мазмұны:  «Мәңгілік  ел»  идеясының  түйінді  құндылықтары, 

Тәуелсіз  Қазақстанның  халықаралық  қауымдастықтағы  орны  және  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың.  «Әлем.  XXI  ғасыр»  Манифесінің  негізгі  бағыттары  мен 

маңызы қарастырылады. 

 

1.  Қазақстанның  сыртқы  саясатындағы  басты  мақсат  –  бейбітшілік, 



соғысты  болдырмау,  даулы  мәселелерді  келісімдер  жасау  жолымен  шешу. 

Тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдардың  өзінде  Қазақ  елін  бірінші  болып 

бауырас Түркі елі мойындағаннан кейін, бүгінде 200-ге жуық мемлекет танып 

отырса,  бұл  біздің  еліміздің  сыртқы  қатынаста  ұстанып  отырған  сындарлы 

саясатының  нәтижесі  болып  табылады.  Бүгінде  Қазақстанмен  120-дан  астам 

ел  дипломатиялық  қатынастар  орнатып  үлгерді.  Елбасы  өзінің  2017  жылға 

арналған  Жолдауында  қазіргі  заманғы  адамзаттың  лаңкестік  әрекеттердің 

белең алуымен бетпа-бет келуіне алаңдаушылық білдіре келе, оларға «қарсы 



күрес  жүргізу  ісі  негізгі  мәселе  болып  саналады»-деп  айтып,  Қазақстанның 

сыртқы қатынастар саласындағы бүгінгі басымдықтарының жетекші саласын 

көрсетіп берді. 

Қазақстан,  жағрафиялық  жағына  байланысты,  ең  алдымен  Ресей  және 

Қытай  сияқты  көрші  мемлекеттерімен  ынтымақтасуда.  Әсірес,  Қытаймен  екі 

ел  арасындағы  қатынас  жылдан-жылға  жақсарып  келеді.  Айталық,  2016 

жылдың қыркүйек айында Қытай жерінде болған G20 Саммитінің шешімімен 

Инвестициялық  бағдарлама  жүзеге  асырылатын  2015-2019  жылдары 

аралығында  біздің  елде  395,5  мың  жұмыс  орны  ашылатын  болды.  Оның 

ішінде  жалпы  құны  23  млрд.  долларды  құрайтын  25  жоба  бойынша  қазіргі 

уақытта  келісімге  қол  қойылды.  Таяу  болашақта  Қытайдан  біздің  елге 

бұлардан  бөлек  тағы  да  20-дан  аса  өндіріс  орындарын  көшіріп  әкелу 

жобалары 

бар. 


Бұл 

жобалардың 

Қазақстанның 

«Нұрлы 


жол» 

инфрақұрылымдық даму  бағдарламасы мен Қытайдың  «Бір  белдеу,  бір жол» 

стратегиясы  арасындағы  синергия  үшін  негіз  қалары  сөзсіз.  Ресей  мен  екі 

арадағы  ынтымақтастыққа  келсек,  Н.Ә.Назарбаев  пен  Ресей  Президенті 

В.Путин 2005 ж. 18 қаңтарда Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы туралы 

шартқа қол қойды. Осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар 

шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты...  

Қазақстан  ежелден  этностық  туыс  елдер  -  Әзірбайжан,  Қырғызстан, 

Түркіменістанмен  жан-жақты  байланыстар  жасап  келеді.  Қазақстанның 



79 

Түркиямен  қатынастары  ерекше  жақсы  жолға  қойылған.  Сондай-ақ, 

Қазақстанмен  терең  тарихи  тамырластығы  бар  Үндістан,  Иран  сияқты 

елдермен қатынастың болашағы зор болмақ. 

Бүгін Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Айталық, 1992 

жылғы  2  наурызда  Қазақстан  Республикасы  БҰҰ-ға  мүшелікке  бірауыздан 

қабылданды.  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  1992  ж.  күзде  өткен  47-сессиясында 

Президент  Н.Ә.Назарбаев  сөз  сөйлеп,  Қазақстанның  Таулы  Қарабақ  пен 

Тәжікстандағы  қақтығыстарды  реттеуге  айтарлықтай  үлес  қосқандығы 

баяндалды. Дүние жүзілік қауымдастық бұны барынша жылы қабылдады.  

Қазақстан1996  жылы  26  сәуірде  дүниеге  келіп,  шекаралары  шектесіп 

жатқан  5  мемлекетті  біріктіретін  Шанхай  бестігінің  мүшесі  ретінде,  оның 

құрылған күнінен бастап,айтарлықтай белсенділік көрсетуде. 

2.  Қазақстанның  дамыған  Батыс  державаларымен  қатынастары. 

Қазақстан  үшін  республика  экономикасына  айтарлықтай  инвестиция  беріп 

отырған  Америка  Құрама  Штаттарымен  іскерлік  қатынастар  орнатудың 

маңызы  зор.  АҚШ  Қазақстанның  мәдениеті  мен  білім  саласын  дамытуға  да 

қол ұшын беруде. “Болашақ” бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер 

АҚШ,  Англия,  Франция,  Германияның  оқу  орындарында  білімдерін 

жетілдіруде.  Бұл  елдермен  де  достық,  ынтымақтастық  және  өзара  түсіністік 

туралы  шарт  жасалынды.  Н.Ә.  Назарбаев  жаңа  Еуропаға  арналған  Париж 

хартиясына  қол  қойды.  Қазақстан  Венгриямен,  Болгариямен,  Чехиямен, 

Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет