Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата26.04.2022
өлшемі0.93 Mb.
#32267
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Қуатты  әскери-саяси  ұйымдармен  қатынастар.  НАТО-ның  Еуропа 

және  ТМД  елдеріне  жәрдемдесуге,  аймақтық  қақтығыстардың  алдын  алуға 

мүмкіндіктері  көп.  Осыған  орай  Қазақстан,  НАТО-мен  байланысты  кеңейту 

шараларын  іздестіруде.  Қазақстанның  Оңтүстік-Шығыс  Азияда  АСЕАН 

(Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдерінің  ассоциациясы)  мемлекеттерімен  және 

Монғолиямен қатынастары да жолға қойылып келеді. 

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы 

істер  министрлері  кеңесінің  жалпы  отырысында  Қазақстан  Ұйымының  2010 

жылғы  төрағасы  болып  сайланды.  Қазақстан,  Прибалтиканы  қоса  алғанда, 

ТМД-нің  ішінде  осынау  беделді  халықаралық  ұйымды  басқару  құрметіне  ие 

болған  бірінші  ел.  Қазақстанның  төрағалығы  сенім,  дәстүр,  ашықтық  және 

төзімділік  сияқты  ұстанымдарға  негізделіп,  Қазақстан  дипломатиясының 

жеңісімен  аяқталды.  Еліміздің  халықаралық  деңгейдегі  дәрежесі  2011  жылы 

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне 

(СІМК) төрағалық ету мәртебесіне ие болумен де көрінді.  

Дәрістің  осы  бөлімшесін  қорыта  келгенде  айтарымыз,  Қазақстан 

Орталық  Азияның  көшбасшысына,  халықаралық  лаңкестікке,  есірткінің 

жайылуы  мен  ядролық  қарудың  таралуына  жол  бнрмейтін  мемлекетке 

айналды.  Тәуелсіздік  жылдарындағы  Қазақстан  әлемдік  қауымдастықтың 

толыққанды  мүшесі  болды,  оның  бастамалары  тәжірибе  жүзінде  кең  қолдау 

тапты.  Бүгінде  жаңа  саяси  бағыт  -  «Қазақстан-2050»  Стратегиясын 




80 

қабылдаған  Қазақстан  Республикасы,  геосаяси  жағдайдағыхалықаралық 

дәреженің жаңа сапалық деңгейіне көтеріле білді.  

3.  Қазақстан  сонау  1963  жылдың өзінде  бейбітшілік  сүйгіш Ресаублика 

ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі және су астында ядролық қаруды 

сынауға  тыйым  салу  туралы  шарттарға  келісетінін  жариялаған  болатын. 

Сондай-ақ, 1976 ж. табиғи ортаны, әскери немесе өзге ықпал ету құралдарын 

дұшпандық  мақсатта  пайдалануға  тыйым  салу  туралы  конвенцияға  ден 

қоятындығын  білдірген  еді.  Ал  тәуелсіздік  алған  1991  жылы,  желтоқсанның 

21-інде  Алматыда  қабылданған  декларацияда  ядролық  қаруға  қатысты 

бірлескен  шаралар  жүргізуге  келісім  беріп,  1992  ж.Азиядағы  іс-қимыл  және 

сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыруға бастамашы болды. Сөйтіп біздің 

еліміз,  XXI  ғасырға  табан  тіреген  шақта,  соғыстың  түп-тамырын  біртіндеп 

жойып,  орнықты  әлемнің  географиясын  қалыптастыруды  жақтап  келді.  2016 

жылдың  31  наурызында  жарияланған  «XXI  ғасырдағы  әлем»  деп  аталатын 

Н.Ә.  Назарбаевтың  Манифесінің  негізгі  мазмұны  қасіретті  атау  -  соғыс 

атаулыны адам санасынан аластауға бағытталған. 

Н.Ә.  Назарбаевтың  әлемнің  тыныштығына  бағыштаған  осы  құжаты 

бүгінгі таңда адам баласына әр түрлі атауымен белгілі бола бастады: біреулер 

«Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифесі десе, енді біреулер «XXI ғасырдағы әлем» 

дейді.  Ал  өзінің  нақты  аталуы  -  Манифест.  «Әлем.  XXI  ғасыр».  Қалай 

болғанда да бүгінде бұл құжптқа қызығушылық басым. Өйткені Елбасы Н.Ә. 

Назарбаев  бүкіл  әлем  халқы  басшыларын  «ХХІ  ғасыр:  соғыссыз  әлем»деген 

тақырыпта  кең  ауқымды  бағдарлама  жасауға  шақырады  да,  онда  үш  басты 

қағидатты нақты мазмұндау керектігіне көңіл бөледі: 

1)  Қазіргі  таңда  соғыс  бола  қалған  жағдайда,  нәтижесінде  жеңуші  жақ 

деген болмайды, онда бәрі жеңіледі. 

2)  Жаппай қырып-жоятын  қарудан  ешкім қашып  құтыла алмайды және 

оған жауап беретін адамдар да қалмайды. Сондықтан, қазіргі әлемдік лидрлер 

мен  олардың  кейінгі  ізбасарлары  болашақ  соғыс  қатерін  терең  түсінулері 

керек. 


3)  Мемлекеттер  арасындағы  барлық  талас-тартыстарды  реттеуді  бейбіт 

үндеулер мен сындарлы келіссөздерге негіздеу керек те, әлемдік алгаритмнің 



іс-қимыл шаралары мынандай бес мәнді бағыттар бойынша түзілуі керек: 

1)  Ядролық  және  басқа  да  адамзатты  қырып-жоятын  қарудан  толықтай 

азат әлемге қарай батыл түрде ұмтылу. 

2)  XXI  ғасырда  соғыссыз  әлемнің  тұрақты  географиялық  ортасын 

қалыптастыруға күш салу керек

3)  Әскери  блоктарға  БҰҰ  астында  мамлекеттердің  бейбітшілік, 

тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы 

қою қажет. 

4)  Қазіргі  таңда  үлкен  қатерге  айналып  бара  жатқан  терроршылардың 

қолына аса қауіпті қарудың өтіп кетпеуіне тосқауыл қоя білу керек. 




81 

5)  «Соғыссыз  әлем  -  бұл  бірінші  кезекте,  халықаралық  қаржы,  сауда-

саттық  және  даму  саласындағы  жаһандық  бәсекелестіктің  әділетті 

парадигмасы».  

 

Бақылау сұрақтары: 



1)  Қазақстанның  сыртқы  қатынастар  саласындағы  басымдықтарынан 

қандай нәтижелер күтуге болады? 

2) Қазақстанның бүгінгі таңдағы Батыс - Шығыс елдеріменқатынастағы 

рөлі қандай?  

3)  Н.Ә.  Назарбаевтың  Манифесінің  К.  Маркс  пен  Ф.  Энгельстің 

«Коммунистік  партия  Манифесінен»  қандай  айырмашылығы  бар  және  оған 

басқа елдің саясаткерлері қандай баға беруде? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет