Коммерциялық емес


 дәріс. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата26.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#32267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
4 дәріс. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы 

 

1  Қазақстандағы  индустрияландыру  және  қазақ  қайраткерлерінің 

көзқарасы. 

2 Қазақстандағы ұжымдастыру: қарқыны, мерзімі, әдістері. 

3 Қазақстанды жаппай қуғын-сүргін. Халықтарды еріксіз депортациялау. 

 

Дәрістің  мақсаты:  1920-1930  жылдардағы  Қазақстандағы  социализм 

Доктринасын  жүзеге  асыру  үрдістерінің  сипатына  талдау  жасап, 

тоталитарлық, казармалық жүйенің орнау барысын зерделеу.  

Дәрістің  мазмұны:  Кеңестік  тоталитарлық  Қазақстанның  қалыптасуы 

жылдарындағы  кеңестік  биліктің  отаршыл,  әкімшіл-әміршіл  сипаттағы 

реформалары мен олардың ауыр зардаптары қарастырылады . 



26 

1. 1920-жылдардың орта шенінде Кеңестер Одағында социализм орнату 

доктринасын жүзеге асыру науқаны басталды. Оның басты буындары ретінде 

мына  үш  шараны  жүзеге  асыру  көзделді:  индустрияландыру  –  елді  аграрлы 

елден өнеркәсібі дамыған, индустриялы елге айналдыру, ауыл шаруашылығын 

ұжымдастыру  –  жеке,  ұсақ  шаруа  шаруашылықтарын  біріктіру  негізінде 

социалистік  ұжымдық  шаруашылықтар  құру,  мәдени  революция  – 

сауатсыздықпен күрес, білім беру, ғылым және мәдениет жүйесін құру.  

1925  жылдың  18-31  желтоқсаны  аралығында  өткен  БК(б)П  XIV  съезі 

елде индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін жүктеді. КСРО-ның 

экономикалық  тәуелсіздігі  мен  қорғаныс  қабілетін  қамтамасыз  ету  үшін 

алдыңғы  қатарлы  дамыған  капиталистік  елдерді  барынша  «қысқа  мерзім 

ішінде  қуып  жету»,  елді  индустриалды  державаға  айналдыру  міндеті 

қойылды. 

Қазақстанда  индустрияландыру  саясатын  жүзеге  асыру  барысы  елдің 

орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Оның 

өзіндік  себептері  бар  еді.  Ең  алдымен,  Қазақстанның  отар  ел  болуы  себепті 

әлеуметтік-экономикалық  жағынан  артта  қалушылығы  (құрал-жабдық, 

техниканың  ескі  болуы,  ақшалай  қаржы  тапшылығы,  білікті  мамандардың 

жетіспеушілігі,  құрылысшылар  үшін  тиісті  әлеуметтік  жағдайлардың  

ескерілмеуі, т.б.),  екіншіден, республика аумағының геологиялық тұрғыдан аз 

зерттелуі. Қазан төңкерісіне дейін-ақ өлкенің бай қоры бар кен көздері туралы 

мәліметтердің  жеткілікті  болуына  қарамастан,  кеңес  өкіметіне  дейін  жер 

аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген еді.  

Қазақстандағы  социалистік  индустрияландыру  саясатының  бағыттары 

мен механизмдері төңірегінде пікір айтушылар қатары бірнеше топқа бөлінді.  

Орталықтың  саясатын  бұлжытпай  орындап  отырған  Ф.И.Голощекин 

(1925  -  1933  жж.)  Қазақстанда  ұсақ  және  орта  өнеркәсіпті,  негізінен  ауыл 

шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  кәсіпорындарды  дамытуды,  республика 

өнеркәсібінің  шикізаттық  бағытын  қалыптастырудың  қажеттілігі  мен 

дұрыстығын  насихаттап,  оны  жүзеге  асыруға  белсене  кірісті.  Оны  О.Исаев, 

Қ.Сарымолдаев сынды белсенділер қолдады.  

Саяси қайраткер С.Сәдуақасов бұл ұстанымға ашық қарсылық танытты. 

Ол  республика  экономикасының  кешенді  даму  жолын  қолдады.  Ол  «...  қай 

жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде 

жүн  жуу  және  шұға  фабрикалары  салынсын»,  -  деп  республика  өнеркәсібін 

кешенді  түрде  дамытуға  шақырды.  Әрине,  бұл  өнеркәсіптің  түсті  металл, 

мұнай, т.б. салаларына да қатысты еді. С.Сәдуақасов республикадағы айтулы 

қиындықтарға  қарамастан  барлық  жағдайлар  мен  мүмкіндіктердің  бар 

екендігін дәлелдеуге тырысты.  

Егер  1928-1929  жылдары  өлкенің  жер  қойнауларын  50  партия 

зерттеумен  айналысса,  1931  жылы  олардың  саны  140-қа  жетті.  Геологиялық 

зерттеулер ірі жаңа кен көздерін ашуға мүмкіндік берді. 1928 жылы Қоңырат, 

1930  жылы  Бозшакөл,  Жезқазған  мыс  кендерінің,  Кенді  Алтай,  Қаратау  мен 

Жоңғар  Алатауы  тауларында  қорғасынның  1931  жылы  Атасу  темір  кенінің, 




27 

Ақтөбе  облысында  хромит  және  никель  кендерінің,  фосфориттің  қоры  мол 

көздері  ашылды.  Орал-Ембі  аумағында  жаңа  мұнай  көздері  табылып, 

Қарағандының тұтас көмірлі аймақ екендігі анықталды. Кейіннен Қ.И.Сәтбаев 

айтқандай  «Қазақстан  КСРО-да  және  дүниежүзінде  шикізаттың  маңызды 

түрлерінің сан алуандығы бойынша жетекші орынға ие» болды. 

1920 жылдардың екінші жартысы және 1930 жылдары, яғни Ұлы Отан 

соғысы қарсаңында Республикада орасан зор жұмыстар атқарылды.  

Өнеркәсіп  өнімінің  жалпы  көлемі  1940  жылы  1913  жылмен 

салыстырғанда  республика  бойынша  7.8  есеге  жетіп,  Қазақстан  жекелеген 

республикалардан  жоғары  тұрды:  Молдавия  –  5.8,  Әзірбайжан  –  5.9, 

Өзбекстан – 4.7, Түркіменстан – 6.7, Украина – 7.3.   

Сол  кездегі  КСРО-ның  басқа  орталық  аудандарымен  салыстырғанда 

қалыптасқан  күрделі  жағдайға  қарамастан  Қарағанды  көмір  алабы,  Балқаш 

мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын зауыттары, Жезқазған, Қоңырат, 

т.б.  кен  орындары,  Ембі  мұнай  кәсіпшіліктері,  Түрксіб,  Гурьев-Қандыағаш-

Орск, Ақмола-Қарталы, Илецк-Орал жолдары салынды. 

Ауыр өнеркәсіп, оның мұнай, көмір және түсті металл түрлерін өндіруде 

Қазақстан  одақта  шешуші  маңызға  ие  болды.  Көмір  өндіруде  Кузбасс  пен 

Донбасстан кейін үшінші орынды, мұнай өндіруде Ресей мен Әзірбайжаннан 

кейін үшінші орынды иемденсе, түсті металл өндіруде екінші орынға шықты. 

1939  жылы  Қазақстан  одақ  бойынша  қорғасынның  73,9%-ы,  мыстың  54%-ы, 

мұнайдың 20%-ын  өндірді.  

1928-1940  жылдары  республиканың  теміржол  жүйесі  50%-ға  артып 

6 581 км құрады. Ұзындығы 1 445 км құраған алып құрылыс – Түрксіб те осы 

жылдардың жемісі. 

Дегенмен,  Орталық  алғашқы  жылдардан-ақ  Қазақстан  өнеркәсібінің 

дамуына  шикізаттық  бағыт  берді.  Негізінен  «А»  тобына,  яғни  өлкенің  бай 

табиғи  көздерін  игеруге,  көмір,  мұнай  және  түсті  металдардың  өндіруші 

салаларын  ғана  дамытуға  басымдық  берілді.  Ал  «Б»  тобы,  яғни  машина, 

прибор,  станок  жасау  салалары,  жаңа  технологияларды  игеру  мүлдем 

назардан  тыс  қалды.  Орасан  зор  табиғи  байлық  көзінің  орталығы  болуына 

қарамастан, жергілікті мамандарды даярлауға да жеткілікті мән берілмеді, бұл 

мәселеде  орталық  қаржыны  «үнемдеуді»  көздеді.  Есесіне  1931-1940  жылдар 

ішінде 559 мың адам КСРО-ның орталық аудандарынан көшіріліп әкелінді. 

2.  1927  жылдың  2-19  желтоқсаны  аралығында  өткен  БК(б)П  XV  съезі 

ауыл  шаруашылығын  жаппай  ұжымдастыру  міндетін  қойды.  Съезд  өз 

қарарында  «ауыл  шаруашылығы  еңбегінің  қоғамдастырылуын  барлық  жерде 

қолдай  отырып,  шашыраңқы  ұсақ  шаруа  шаруашылықтарын  ірі  өндіріс 

арнасына  біртіндеп  көшіруді»  міндеттеді.  Дегенмен,  бұл  науқанның  мерзімі 

мен қарқыны, әдістері мен формалары туралы мүлдем айтылмады.  

Сол  себепті  де  1929  жылдың  желтоқсанында  Жер  Халық  Комиссары 

Я.А.  Яковлев  басқарған  арнайы  комиссия  құрылды.  Бірнеше  түзетулерден 

кейін Саяси бюро Я.А. Яковлев комиссиясының жобасын бекітеді. Бұл жоба  

БК(б)П  ОК  «колхоздастыру  қарқыны  және  мемлекеттің  колхоздастыру 



28 

құрылысына  көмектесу  жөніндегі  шаралары  туралы»  қаулысы  түрінде 

жарияланды.  Қаулыға  сәйкес  Қазақстан  ұжымдастыруды  (көшпелі  және 

жартылай  көшпелі  аудандарды  қоспағанда)  1932  жылдың  көктеміне  аяқтауы 

тиіс болды.  

Жергілікті  шенеуніктер  жоспарды  орындауға  құлшына  кірісті. 

Республиканың аудандары мен округтері өзара жарысқа түсті. Ұжымдастыру 

науқаны  қарқынды  түрде  жүргізілді.  Егер  1928  жылы  ұжымдасқан 

шаруашылық  не  бәрі  2%-ды  құраса,  1930  жылдың  20  ақпанында  35,3%-ға 

жетіп, 1931 жылдың қазанында 65%-ды құрады.  

Деректердің 

көрсетуінше, 

ұжымдастыру 

науқаны 


қарапайым 

заңдылықтар  мен  еріктілік  принциптерінің  дөрекі  бұзылуымен  сипатталды. 

Ұжымдастыруға  оң  пейіл  танытпағандарға  қарсы  түрлі  «тәрбиелік»  шаралар 

қолданылды.  Мәселен,  сайлау  құқығынан  айыру,  тұрғылықты  жерінен  басқа 

жаққа көшіру, қамау, тыр жалаңаш шешіндіріп аязға үсіту, ұрып-соғу, т.б.  

БК(б)П ОК-нің 1930 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес шаруаның 

қолында  қалған  қажетті  тұтыну  мұқтажын  қамтамасыз  ететін  ұсақ  жеке 

меншігі де (сауын және ұсақ мал, құс, жеке ауласындағы бау-бақша) «жаппай 

қоғамдастыру» ұранына ілінді. 

Осылайша  билік  шаруаға  үлкен  соққы  беріп,  оларды  «өмір  сүру 

құралдарынан»  айырды.  Бұл  «шаруа  шаруашылығының  жойылу»  үрдісіне 

алып  келді.  Кейбір  аймақтарда,  мәселен,  Петропавл  және  Қостанай 

округтерінде  село  халқының  25%-ы    қалаға  көшуге  мәжбүр  болды.  Тек  өз 

аудандары  мен округтерінен  ғана  емес,  тіпті  республика, КСРО  шегінен  тыс 

Қытай, Иран, Ауғанстанға көшу кең өріс алды. Деректерге сүйенсек, күштеп 

ұжымдастыру жылдары 1 030 мың адам шетке көшіп кеткен. 

Кей  жағдайда  мал  өсіретін  аудандарда  қоғамдастыру  шаралары  тіпті 

шектен  шықты.  Қазөлком  Пленумының  бір  шешімінде  «мал  өсіретін  және 

малға  қоса  егін  өсіретін  аудандарда  басты  назар  ауыл  шаруашылығы 

артельдеріндегі 

барлық 

тауарлы-өнім 

беретін 

табындарды 

толық 

қоғамдастыруға бағытталуы тиіс» деп жазылды. Осындай «ұсақбуржуазиялық 



меншікке  большевиктік  шабуыл»  нәтижесінде  1932  жылдың  ақпанында 

Қазақстандағы  колхозшылардың  87%-ы  және  жеке  иелігі  бар  шаруалардың 

51,8%-ы өз малдарынан толық айырылды. 

КСРО  ОАК  мен  ХКК-нің  1930  жылы  1  ақпанда  қабылдаған  «Жаппай 

ұжымдастыру  аудандарындағы  ауыл  шаруашылығын  социалистік  қайта 

құруды  нығайту  және  кулактармен  күрес  шаралары  туралы»  қаулысына 

сәйкес  ауқатты  шаруа  қожалықтарына  қарсы  ашық  террор  басталды.  Шаруа 

қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып, оларды тап ретінде жою жүзеге 

асырылды.  Осы  шаралардың  жүзеге  асырылуы  барысында  жазалануға 

белгіленген  топтармен  қатар  сол  үкім  шығарылып,  жазаға  тартылғандар 

арасында  орташалар,  тіптен  кедейлер  де  болған.  1928-1929  жылдары  бай-

кулактар  есебіне  алынып  жазаға  тартылғандар,  яғни  қудаланғандар  есебі  54 

625 болды. 1931 жылы 5 500 шаруа бай-кулак ретінде аласталды.  



29 

Елде  жаппай  террор  күшейе  түсті.  1932  жылдың  7  тамызында 

«Мемлекетік  кәсіпорындардың,  колхоздар  мен  кооперативтердің  және 

қоғамдық    (социалистік)  меншіктің  мүліктерін  қорғау  туралы»  заң 

қабылданды. 1933 жылдың қаңтар айында БК(б)П ОК-нің Пленумында Әділет 

Халық  комиссары  Н.Крыленко  осы  заң  қолданысқа  енгеніне  бес  ай  толмай 

жатып  елде  54 645  адам  сотталып,  2 110  адамға  ең  жоғарғы  жазаға  үкім 

шығарылғанын мәлімдеді. 

Бүкіл  елдегі  сияқты  Қазақстанда  да  шаруалардың  бас  көтерулері  өрши 

түсті.  Оның  ауқымының  қаншалықты  болғандығын  1930  жылдың  31 

наурызында  Қазақ  өлкелік  комитетінің  Сталинге  жолдаған  жеделхатынан 

байқауға  болады.  Онда  «жазалау  операцияларына  тұрақты  әскери 

құрамаларды  пайдалануға»  рұқсат  сұрайды.  Толық  емес  деректер  бойынша 

1929-1931  жылдар  ішінде  Қазақстанда  372  шаруа  көтерілістері  болды.Ең  ірі 

қақтығыстар Бетпаққара, Созақ, Ырғыз, Қазалы, Қызылқұм, Қармақшы, Ақсу, 

Сарқан, Шұбартау және т.б. аудандарда өтті. 

Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру науқаны малдың жаппай 

қырылуына  алып  келді.  1930  жылы  Торғай  облысында  1  млн  бас  малдан  98 

мың,  Әулиеата  уезінде  500  мың  бастан  7  мың,  1933  жылы  Шұбартау 

ауданында 98 мыңнан 917 бас мал қалған. Жалпы Қазақстан бойынша 40 млн 

бас малдан 4 млн ғана мал қалды. 

Ұжымдастыру қазақ ауылдарын өртше жайпап өтті. Мәселен, Оңтүстік 

Қазақстан  облысының  Түлкібас  ауданында  1934  жылдың  1-жартысында 

колхоз  мүшелерінің  99,8%-ның  және  жеке  иеліктердің  93,4%-ның  бірде-бір 

жылқысы, 74,9 және 82,1%-ның бірде-бір сиыры қалмады.  

Күштеп  ұжымдастырудың  ауыр  зардаптары  Қазақстанда  1932-1933 

жылдардағы ашаршылыққа, орасан зор адам шығынына алып келді. Тарихшы-

демографтар  аштықтың,  түрлі  аурулардың  және  соның  салдарынан  табиғи 

өсімнің бұзылуы есебінен 2 млн астам халық құрбан болды деп есептейді. 

3.  Егер  1920  жылдардың  орта  кезіне  дейін  большевиктер  Алаш 

зиялыларына  қарсы  күресте  әртүрлі  айыптаулармен  ғана  шектелсе,  одан 

кейінгі кезеңде ол қатал жаппай саяси қуғынға ұласты.  

1928  жылдың  аяғында  қазақ  зиялыларының  бір  тобы  және  Алашорда 

қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. 

Ғаббасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 

1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұлт зиялыларының екінші бір 

тобы  (40-қа  жуық  адам),  құрамында  Х.Досмұхамедов,  Ж. Досмұхамедов,  М. 

Тынышпаев,  Ж.  Ақпаев,  Ә.  Ермеков  және  өзге  де  зиялы  қауым  өкілдері 

тұтқындалды. 

Болшевиктік  тәртіп  нығайған  сайын  қоғамдық  өмірді  толық  бақылауға 

алу  күшейді.  Жаппай  қуғын-сүргінді  ұйымдастыру  үшін  большевиктер 

социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі деген тұжырымды 

желеу етті. 

Жаппай  репрессия  толқыны  Қазақстанды  да  қамтыды.  Қазақстанда  бір 

жылдың  ішінде  үш  іс  қарастырылды.  Олар  Үржар,  Пресновка  және 



30 

Қарағандыдағы 

«контрреволюциялық 

ұлтшыл-фашистік 

залалды 

ұйымдардың» істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі еді. Ондағы 

айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М. Гатаулин, 

мүшелері  А.  Асылбеков,  Н.  Нұрсейітовбар.  Гатаулин  1932  жылы  Сталинге 

жазылған  «Бесеудің  хаты»  авторларының  біреуі  еді.  Олар  1937  жылы 

қарашада  өткен  сот  процесінде  өздерінің  «Мәскеудегі  «троцкистік 

орталықпен»  қалай  байланыс  орнатып,  олардың  тапсырмасын  Қазақстанда 

қалай жүзеге асырғандарын» мойындады. 

Партия  кеңес  қайраткерлерінің  тізімін  Н.  Нұрмақов  (БОАК 

президиумының  хатшысының  орынбасары),  Т.  Рысқұлов  (РКФСР  ХКК 

төрағасының  орынбасары)  Мәскеуде  ұсталып  бастаса,  кейін  ол  тізімді 

Қарағанды  облыстық  атқару  комитетінің  төрағасы  А.  Асылбеков,  Қарағанды 

облыстық  партия  комитетінің  екінші  хатшысы  Н.  Нұрсейітов  жалғастырды. 

Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары 

нәтижесінде  көрнекті  қайраткерлер:  К.  Сарымолдаев,  У.  Кұлымбетов, 

Г. Тоғжанов,  А.  Лекеров,  А.  Розыбакиев,  Ж.  Садвакасов,  И.  Құрамысов 

жәнет.б. ұсталып ату жазасына немесе лагерлерге ұзақ мерізімге айдалды. 

Жаппай  репрессия  саясаты  нәтижесінде  қазақ  халқының  ең  таңдаулы 

азаматтары,  тіпті,  олардың  ішінде  кеңес  өкіметін  орнатуға  қатысқан  А. 

Айтиев, С. Арғыншеев, Т.  Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де 

атылып кетті. 

Жалпы  сталиндік  қуғын-сүргін  көлемі  әлі  толық  анықтала  қойған  жоқ. 

Кей деректерде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге 

түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930-1950 жылдары 100 мыңнан 

астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын 

айтады. 


Большевиктік жаппай репрессия жылдары жекелеген адамдар ғана емес, 

тұтас халықтар да қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шекті. 

Ресейлік  ғалым  П.Поляннің  пікірінше,  КСРО-да  он  халық  жаппай 

депортацияға  ұшырады.  Олар  кәрістер,  немістер,  финн-ингерманландықтар, 

қарашайлар,  калмықтар,  ингуштер,  шешендер,  балкарлар,  Қырым  татарлары 

және түрік-месхетиндер. 

КСРО  ХКК  1936  жылдың  28  сәуіріндегі  қаулысы  негізінде  батыстан  

35 820 


поляк  депортацияланды,  олардың  35 739-ы,  яғни  99,8%-ы 

Қазақстанның  солтүстік  облыстарына  қоныстандырылды.  Ал  КСРО  ХКК-і 

мен  БК(б)П  Орталық  комитетінің  1937  жылдың  тамызындағы  бірігіп 

шығарған  «Корей  халқын  Қиыр  Шығыс  өлкесінің  шекаралық  аудандарынан 

көшіру туралы» қаулысына сәйкес 172 мың кәріс Қиыр Шығыстан көшіріліп, 

олардың 95 421-і Қазақстанға қоныстандырылды. 

1941  жылдың  28  тамызында  КСРО  Жоғары  Кеңесі  Президиумының 

Бұйрығымен  Поволжьеде  Неміс  Автономиялық  Республикасы  жойылып, 

367 000 неміс шығысқа, негізінен Коми, Орал, Қазақстан, Сібір және Алтайға 

депортацияланды. 




31 

1943-1944 жылдары шешен, ингуш, қарашай, балкар, қырым татарлары, 

ноғай, түрік-месхетиндер, грек, т.б. Кавказ халықтарын күштеп қоныс аудару 

жалғасты. 

Осы  жылдары  Қазақстанда  бірнеше  лагерь  бөлімдерін  біріктірген 

ГУЛАГ-тың КСРО-дағы ең ірі лагерьлерінің бірі – Карлаг пайда болды.  

Осылайша  1920  жылдардың  аяғы  -  1930  жылдары  әкімшіл-әміршіл 

большевиктік  тәртіп  қоғамдық-саяси  өмірдің  барлық  саласында  бақылауын 

орнатты. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1) «Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі», «казармалық социализм» 

түсініктерінің басты белгілері ретінде нені айтар едіңіз? 

2) «Жеделдетілген индустриаландыру», «күштеп ұжымдастыру», 

«жаппай және саяси қуғын-сүргіннің» себептері неде? 

3) Халықтарды жаппай депортациялаудың салдарлары қандай болды 

(депортацияланған халықтар және Қазақстанның тұрғылықты халқы үшін)? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет