Коммуникативная компетентность



бет1/3
Дата22.06.2022
өлшемі130,04 Kb.
#37189
  1   2   3

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар жүйесін құрастырудың ерекшеліктері
Орындаған: Нұржан Ж.Т.

  • Б.Блум туралы не білесіз?
  • Таксономия деген не?



Блум таксономиясы








Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.
Бенджамин Блум
(1913-1999)
1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған.
1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды:
  • Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі.
  • Білім мақсаттарын жіктеу.

Таксономия (грек. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп, nómos — заң).

Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Таксономия – иерархиялық құрылымы бар күрделі ұйымдастырылған қызметті жіктеу (классификациялау) және жүйелеу теориясы.

Иерархия – тұтастың бөліктері мен элементтерінің жоғарыдан төменге қарай немесе төменнен жоғарыға қарай орналасу тәртібі.


Білімді игеруге бағытталған 6 қадам










Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
1. БІЛУ
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді. Оқу материалы деп әртүрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады.
Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.
Білу мақсаты қойылғанда оқушылар сол материалдағы ұғымдарды, фактілерді, заңдарды, т.б. білімнің жетекші элементтерін еске сақтап, қайта айтып беруге тиісті.
Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
  • трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
  • интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау;
  • жорамалдау – оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

  • Түсіну деңгейінде оқушылар білім элементтерін еске сақтаумен қатар, жаңа материалды өз тіліне аударып, түсіндіре алуы, алған білімді стандартты жағдайда қайталап орындай алуы немесе болжам жасауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет