Компьютердің сыртқы түрін өзгерту. Моддинг



Дата10.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42156

Компьютердің сыртқы түрін өзгерту. Моддинг.
https://www.youtube.com/watch?v=Wrosih1m9Y8
https://www.youtube.com/watch?v=7M5xbKcfIPI

Моддинг – компьютерлік технологиялардың заманауи нарығындағы жаңа түсінік. Ағылшын тілінен «модификация», «өзгеру» деген мағынаны береді. Өзгеру компьютер корпусының, жүйелік блоктың, монитор және тышқан мен пернетақтаның түріне қатысты. Моддингтың мақсаты – ешкімде болмайтын бірегей зат жасау. Моддинг пайда болғаннан бастап ол корпустың түсін өзгерту, жүйелік блокта әр түрлі өрнектер жасау, саңылауларды плексиглас шынымен жабудан көрінетін. Қазіргі уақытта ол декор мен корпустың пішінінің өзгертілуін жетілдіруді зерттеумен айналысатын толық инфрақұрылым (корпусы толықтай мөлдір материалдан жасалған сериялық шығарылымдар бар). Адамдар өз компьютерлерін қарқынды түрде жетілдіре бастағандығы бойынша тағы бір себеп – ол толымдаушы бөлшектерінің қатты қызып кетуі. Құрауыштарының қуаты арта бастағандықтан көп мөлшерде жылу бөліне бастады. Алғашқы процессорлардың бірінде тек бір пассив желдеткіш орнатылған. Асқан жүктеме кезінде процессорлар қызып кететін. Жануды болдырмаудың өзіндік шешімі болып корпусты әртүрлі жерлерінен кесу және қарапайым желдеткіштерді орнату табылады. Компьютерлердің өзгеруімен модераторлар айналысады. Тек оларға ғана кәсіби деңгейде оны әртүрлі түске бояу алады, сүйікті суреттер мен граффити жасай алады, сәуледиодтық көмескі жарық қоя алады және т.б. Корпустың сыртқы түрін өзгерту үшін аэрография – сурет салу техникасы қолданылады. Мұндай жұмысты арнайы студияда кәсіби шеберлер жасайды. Суретті лазерлік нақыштама көмегімен салуға болады. Ол жағдайда оны тек металда немесе акрилде орындауға болады. Көмескі жарықты сыртқы және ішкі қылуға да болады. Ішкі көмескі жарық жүйелік блоктың қабырғаларында саңылаулар жасау есебінен жасалады. Көмескі жарықты құрастырылған органикалық әйнек арқылы көруге болады. Кесуді лазер көмегімен жүзеге асырады, ол жұмысты тиянақты жасауға мүмкіндік береді (сур. 1).



Сур. 1. Жүйелік блок қабырғаларынан кесілген ішкі көмескі жарық
Сондай-ақ толықтай акрил материалдан жасалған корпустар бар. Оверклокинг техникасы компьютер жұмысының жылдамдығын арттыруды тұжырымдайды. Бұл жағдайда қосымша суыту қажеттілігі пайда болады. Егер желдеткіш қоятын орын жетпесе, корпус қабырғасында ойықтар – блоухолдар жасалады. Желдеткіштер де көмескі жарық есебінде қолданыла алады. Соңғы кездері жүйені дыбыссыз ерекшеліктерге ие болатын сумен салқындату жиі қолданыла бастады. Кастом сияқты моддингтің мұндай саласы корпустарды басынан бастап дайындаумен айналысады. Корпустарды пластиктан, металдан және ағаштан да дайындауға болады. Дайындау қандай да бір стандарттармен шектелмеген: өлшемдерінде де, пішіндерінде де. Қуат беру блогының моддингі корпусты түрлендіру кезіндегідей әрекеттерден тұрады. Оны өзгерту қолдану кезінде және салқындату жүйесін жақсарту кезінде қолайлылықты арттыру үшін қолданылады. Түрлендіруге тышқан мен пернетақта да жатады. Құрамдас бөліктерінің түрін өзгертуді тышқанның (сур. 2), сондай-ақ пернетақтаның (сур. 3) көмескі жарығы түрінде де болады.

Сур. 2. Тышқанның көмескі жарығы Сур. 3. Пернетақтаның көмескі жарығы
Сондай-ақ олар жасалған материалды ауыстыру да мүмкін: әдетте ол пластмасса, бірақ ағаштан да жасауға болады. Пернетақта мен тышқанның бетін карбон текстуралы винильді қабықпен жапсыруға болады. Пернетақтамен біріктіруші қарапайым баусым орнына неон баусымды қояды. Қарапайым көріністерде моддингті өз қолымен жасауға болады. Арнайы дүкендерде моддингке арналған құралдар мен аксессуарлар сатылады. Жинаққа әдетте кесуге арналған трафарет, резеңке моддинг – нығыздауыш кіреді. Ішкі көмескі жарық жасау үшін неон шамын, кулер айналымдарының реттегішін, жарықдиодты желдеткіштерді, мониторинг жүйелерін, желдеткіштерге арналған торларды және IDE-шлейфтері бар LCD мәтіндік дисплейлерді сатып алуға болады. Сыртқы көмескі жарықты өз қолымен орнату қиыншылық тудырмайды. Ол үшін екі түрлі неон шамдарын пайдаланады: шыны және полимер трубкалар түрінде. Оларды корпустың беттік және жақтық қабырғаларына, сондай-ақ сымдарға орнатуға болады Жарық диодтарды белгілі бағдарлама бойынша және сүйікті әуен ырғағымен жылтылдайтындай етіп қоюға болады. Моддинг техникасы барлық компьютерлік жабдықтарды «жаулап алды». Және ол usb-флешканы да айналып өтпеді. Олардың сыртқы келбетін түрлендіру үшін жемістер, ойыншықтар, дене мүшелері, бөтелкелер, тығындауыштар түрінде шығара бастады. Мүмкін флешканың моддингі тиімді жағынан қарастырылып отыр. Пластмасс корпустар талай сынады, сондықтан оларды мықтырақ етуді ойластыра бастады.

Сур. 4. Дөңгелектердегі жүйелік блок

Сур. 5. «Робот» жүйелік блогы Сур. 6. Ретро стильдегі түрлендіру

Сур. 7. Жарықдиодты көмескі жарық Сур. 8. Жүйелік блоктың моддингтік
флешкалары
Моддинг саласындағы ең батыл шешімдерді доңғалақты оғаш трактор түріндегі жүйелік блоктың корпусын жасап шыға ру идеясын жүзеге асырған шеберлердің мысалында қарастыруға болады (сур. 4). Креативті шебер Френки Дженс, Star Wars-тың нағыз әсіре жанкүйері бола отырып жүйелік блокты кішігірім жұлдызды сагадағы роботтың ішіне орнатты (сур. 5).
Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың трансформациясы бойынша кәсіби қызметтерді көрсететін тұтас компаниялардың ұлғаюы байқалады. Моддинг саласындағы ең соңғы жаңалық ол компьютердің барлық құраушыларын, мониторларды, тышқандар мен пернетақталарды қоса алғанда бір стильде түрлендіру – ол ретро (сур. 6), хай-тек, пирография (от жалынымен сурет салу) және раундинг (қарапайым түстегі сымдарды ашық түсті сымдарға ауыстыру). Жарықдиодты көмескі жарығы бар түссіз жүйелік блок 7-ші суретте көрсетілген, ал ежелгі сағат механизмі бар және ағаш фактурасы бар өзіндік моддинг флешкалар – 8-суретте көрсетілген.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР

  1. Моддинг дегеніміз не және оның мақсаты қандай?

  2. Модерлердің іскерлік саласының мәні қандай?

  3. «Кастом», «пирография», «раун- динг» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз.

  4. Оверклокинг техникасы мен моддинг өзара қалай байланысты?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет