Компонент атауы



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#7744
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 



 

 

 



МАЗМҰНЫ 

 

 

Компонент атауы 

Бет 



І 

Үш тілді модульдік білім беру бағдарламасының паспорты 



 3 

1

 



Үш  тілді  модульдік  білім  беру  бағдарламасының  мақсаттары  мен 

міндеттері

 

2

 



Үш тілді модульдік білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы 

3

 



Біліктілік сипаттамасы

 

4

 

Мамандардың келешекте жұмысқа орналасуы



 



ІІ

 

Оқыту нəтижелері мен негізгі құзіреттіліктер 

 



ІІІ

 

2016-2020ж.ж. арналған академиялық күнтізбе

 



IV

 

2016-2020ж.ж. арналған оқу жұмыс жоспары

 

10 

Пəндердің өтетін тілдеріне байланысты жіктелуі 



12 

VI

 

Білім  беру  бағдарламасының  модульдері  бойынша  игерілетін 

кредиттер санын көрсететін жиынтық кесте 

14 

VII 

Модульдік білім беру бағдарламасының картасы

 

15 

VIII 

Модульдерді сипаттайтын формуляр 



39 

 

 

 

 

 



 

 



І.  Үш тілді модульдік білім беру бағдарламасының паспорты 

 

1.

 

Үш тілді модульді білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері 

1)

 



Бүгінгі танда еңбек нарығында мамандардың кəсібилігі мен құзыреттілігіне қатал талаптар қойылады. Елімізде іске асырылып жатқан 

«Үштұғырлы  тіл»  жобасы  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде,  орыс  тілін – мемлекет  аралық    тіл  табысу  үшін,  ағылшын – халықаралық 

стандарттарға сəйкес, сапалы білім алуды қамтамасыз ететін əлемдік білім беру кеңістігіне жетістікпен кіруді қарастырады.  

2)

 



5В072400 – «Технологиялық машиналар жəне жабдықтар» мамандығы бойынша «Технологиялық жабдық инжинирингі» модульді білім 

беру бағдарламасы жұмыс берушілері сұранысы негізінде құрылған.  

Берілген модульдік білім беру бағдарламасы ауыл шаруашылығы машина жасау саласының  автоматтандырылған жобалау жүйелері арқылы 

машина  жабдықтары  мен  құрылысын  жасау,  жобалау,  энергия  жəне  ресурс  үнемдеуші  мəселелерін  шешу  негізінде  негізгі  жəне  қосалқы 

жабдықтарды  таңдау  жəне  есептеу,  өндірісті  ұйымдастыру,  тиімді  жолдарын  таңдау  жəне  тексеруге,  қолданыстағы  өндірісті  технологиялық 

қолдауын  пайдалануға,  сынаудың  негізгі  əдістерін  таңдау,  зерттеу  нəтижелерін  сараптау,  негіздеу,  өзінің  кəсіби  аумағы  бойынша  ғылыми-

техникалық əдебиеттерді қарастыру патентті іздену жұмысы. 

Модульдік білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады: 

- Технологиялық машиналар жəне жабдықтар» мамандығы бойынша болашақ техника жəне технологиялар бакалавр мамандарында негізгі кəсіби 

құзыреттіліктерін қалыптастыру; 

- оның барлық кезеңдерінде тəжірибе жүргізу аясында студенттердің өзіндік ізденушілік-зерттеу қызметтері үшін алғышарттарды жасау; 

-  ғылыми-техникалық  ақпараттармен  жұмыс  істей  алу,  кəсіби  қызметте  отандық  жəне  шетелдік  тəжірибелерді  қолдана  алу,  алынған  ақпаратты 

жүйелеу жəне жылпылай алу. 

-  тəжірибеде  білім  беру  бағдарламасында  басқарудың  демократиялық  принциптерін  іске  асыру,  академиялық  еркіндік  пен  жоғарғы  оқу 

орындарының мүмкіншіліктерін нығайту; 

-  мамандық  бойынша  жоғарғы  білім  беру  мен  ғылыми  зерттеулерді  өзгеруші  қоғам  қажеттіліктері  жəне  ғылыми  ой  жетістіктеріне  бейімделуін 

қамтамасыз ету; 

- бітірушілердің өзгеруші еңбек нарығы жағдайына байланысты жоғарғы мобильділігін қамтамасыз ету. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру бағдарламасы бойынша дайындаудың бағыты ауылшаруашылық саласындағы технологиялық 

машиналар  жəне  жабдықтар  облысындағы  теориялық  білімдер  мен  тəжірибелерде  қамтамысыз  етуді;  үш  тілді  белсенді  меңгеруші  ретінде 

халықаралық деңгейде бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 

 

2.



 

Үш тілді модульдік білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы   

«Технологиялық  жабдық  инжинирингі»  модульді  білім  беру  бағдарламасы,  ұлттық  біліктілік  аясына  жəне  кəсіби  стандарттарға  сəйкес 

даярланды,  Дублиндік дескрипторлармен,  Европалық біліктілік аясымен жəне  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 13 мамырының 

№ 292 бұйрығымен бекітілген ҚР МББС келісілген.  

Бакалавриат  деңгейіндегі  «Технологиялық  жабдық  инжинирингі»  модульді  білім  беру  бағдарламасы  болашақ  мамандардың  пəндік 

білімдерінің  негізіне  қол  жеткізуге  бағытталған  кең  базалық  кəсіби  дайындықты  қарастырады.  Бұл  бакалаврда  кəсіби  қызметтің  жалпы 

интегральды əдістемесін қамтамасыз етуі, болашақ мамандарда кəсіби шығармашылыққа қабілеттігінін қалыптастыруы, білім беру деңгейін əрі 

қарай жетілдіру қажеттілігін қарастыруы керек. 



 

«Технологиялық  жабдық  инжинирингі»  модульді  білім  беру  бағдарламасы  оқудың  модульді  жүйесі  негізінде  жобаланған  жəне  жалпы 



мəдени жəне кəсіби мүмкіншілікті қалыптастыратын 11 модульді құрайды.  Міндетті пəндер тізімі оқу бағдарламасының негізі болып табылады, 

жəне  типтік  оқу  жоспарымен  анықталған.  ЖББП  типтік  оқыту  жоспарының 25% -ын  құрайды  немесе 35 кредит.  НП  көлемі  жалпы  типтік  оқу 

жоспарының  көлемі  бойынша 50% немесе 64 кредит.  Олардың 20 кредиты  міндетті  пəндерге, 44 кредит  таңдау  бойынша.  БП  жалпы  типтік 

жоспардың 25% немесе 32 кредит. 

  Жалпы білім пəндер циклінің мақсаты жоғары білім беру мектебінің  нақты ғылымдар, жалпы гуманитарлық,  лингвистикалық негізделген 

оқуды қамтамасыз ету болып табылады. 

   Профильді  пəндердің  циклі  толық  технологиялық  машиналардың  негізгі  теориялық  аспектілерін,  теориялық  жəне  тəжірибелердің 

əдістерін, бəсекеге қабілетті технологиялық машиналарды жасауға бағытталған жəне жобалаудың қазіргі əдістері мен құралдарын, технологиялық 

процесстер мен жабдықтардың математикалық, физикалық жəне компьютерлік үлгілеуді қолдануға негізделген адам қызметтерінің əдістері мен 

тəсілдерін оқуға бағытталған. 

   Негізгі пəндерді игеру жалпы теориялық, жалпытехникалық пəндер бойынша фундаменталды білімдердің қалыптасуына негізделген.  

   Үш тілде білім беру келесі тəртіп бойынша жүзеге асырылады: қазақ тілінді – 50 %, ағылшын тілінде -30%, орыс тілінде -20%, тілдерді 

меңгеру параллельді жүргізіледі, негізгі тіл  қазақ тілі; шет ел тілін оқыту дегеніміз сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту үшін, өз ойын жеткізудің жаңа 

əдістерін меңгеруге заманауй технологияларды меңгеруге бағытталған.  



 

3. Біліктілік сипаттамасы: 

Кəсіби қызмет саласы болып табылады: 

 

өндіріс, өнеркəсіптің барлық салалары, əскери-өнеркəсіптік кешендері, ауылшаруашылық кəсіпорын мекемелері, сонымен қатар жобалық-



конструкторлық жəне ғылыми-зерттеу орындары, түрлі меншіктегі фирмалар.   

 

Кəсіби қызмет объектілері болып табылады: 

машинажасау өндіріс объектілері, технологиялық жабдықтар, жөндеу зауыттары, ауылшаруашылық жəне басқа да жөндеу кəсіпорындары.  

 

Кəсіби қызмет нысандары болып табылады: 

 

Технологиялық машиналар жəне жабдықтар; энергетикалық жабдықтар; жұмыс жабдықтары;  



Машиналардың  жүру  жүйесі;  қозғалысты  бақылау  жүйесі;  операторды  қамтамасыз  ету  жүйелері;  машинаның  барлық  бөлшектерін 

орналастыру жүйелері;  

 

Құрастыру жəне пайдалану материалдары; 



 

Технологиялық машиналарды жөндеуге қажетті құрал-жабдықтар; 

 

Машина жасауға жəне пайдаланудың өлшеу құралдары; 



 

Жұмыс үрдістерін автоматтандыруға арналған жабдықтар. 



Кəсіби қызмет түрлері: 

 



конструкторлы-жобалық 

 



ұйымдастыру-басқару 

 



өндірістік-технологиялық 

 



жинақтау-пайдалану 

 



ғылыми-зерттеушілік 

 

 

Кəсіптік қызмет функциялары: 



а) Жобалық-конструкторлық қызметі 

 



назарға ала отырып,адамгершілік аспектілерін жобаның мақсаты мен міндеттерін, берілген өлшемдерге сəйкес, 

 



объективті функциясы, шектеулер жəне олардың өзара құрылымы мен басымдықтарын анықтау, мəселелерді тұжырымдау 

 



жалпылама  шешім  міндеттерді  дамыту,  осы  параметрлерді  талдау,  əсерлерді  болжау,  көп  критериясы  тұрғысынан  ымыраға  келу, 

белгісіздік; 

 

жоба жоспарын жүзеге асыру; 



 

механикалық  өнімді  ескере  отырып,  жобаны  əзірлеу,  технологиялық,  конструкторлық,  операциялық,  эстетикалық,  экономикалық, 



параметрлер 

 



стандартты  жобаның  автоматтандыруды  пайдалана  отырып,  техникалық  талаптарға  сəйкес  есептеу  жəне  құрамдас  бөліктері  мен 

компоненттерін жобалау 

 

шығарылатын өнімдердің қажетті материалдарды таңдау үшін ақпараттың технологияларды пайдалану 



б) ұйымдастыра-басқару қызметі 

 



оңтайлы өнімдері өндірістік технолгиясын дамыту; 

 



ұйымдастыру жəне материалдар енгізі сапасын бақылауды тиімді жүзеге асыру, өндірісті процесті бақылау, дайын өнімнің сапасы; 

материалдарды тиімді пайдалану, ақпараттық жəне бағдарламалық алгоритмдерді таңдау жəне технологиялық процестердің параметрлерін 

есептеу; 

 



өндірістік процесстерді жүзеге асыру үшін материалдар мен жабдықтарды таңдау; 

 



өнім сапасы көрсеткіштерін метрологиялық тексеруден негізгі құралдары бағалауды жүзеге асыру; 

в) технологиялық-өнім қызметі: 

 



орындаушылар тобын ұйымдастыру, түрлі пікір тұрғысынан шешімдерді басқару; 

 



ұзақ мерзімге екі түрлі талаптар арасында ымыраға келу, сонымен қатар қысқа мерзімді жоспарлау жəне оңтайлы шешімді анықтау үшін; 

 



өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін өндірістік жəне өндірістік емес шығындарды бағалау. 

г) жедел қызметі: 

 



технологоиялық машиналарды пайдалану, жабдықтар мен құралдар; 

 



цех жабдықтарды жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету. 

 



д) ғылыми-зерттеу қызметі: 

 



ғылыми жəне ғылыми-техникалық ақпарат зерттеу, бағытында отандық жəне шетелдік тəжірбиесі; 

 



процесстерді  математикалық  модельдеу,  стандартты  пакеттер  жəне  автоматтандырылған  ғылыми-зерттеу  жəне  жобалау  пайдаланатын 

жабдық пен өндірістік объектілерін жəне желілерін көрсетілген рəсімдерге, өңдеу жəне талдау бойынша экспериметтер жүргізу 



4. Мамандардың келешекте жұмысқа орналасуы 

Бітірушілердің  кəсіптік  қызмет  нысандары:  машинажасау    өндірістері,  өндірістік,  экономикалық,  əлеуметтік  сала  кəсіпорындары, 

мемлекеттік  басқару  жүйесінің  бөліңмдері,  акционкрлік  қоғамдар  жəне  жеке  меншік  фирмалар.  Сонымен  қатар  ғылыми-өндіріс  бірлестіктері, 

ғылыми,  конструкторлық  жəне  жобалық  ұйымдар,  жөндеу  зауыттары,  ауылшаруашылық  жөндеу  жұмыстары  кəсіпорындары  жəне  т.б.  ЖШС 

«МВТУ»,  Астана  қ; ЖШС  «Запчасть  ЖД»,  Астана  қ.;  ЖШС  «Қазахстан-Чехиялық  технологиялық  орталығы»,  Астана  қ.;   АҚ  «Степногорский 

подшипниковый завод»; АҚ «Корпорация Казахмыс», АҚ «КазАгроИнновация»  ЖШС «Eurasia Group Kazakhstan» («Евразия Групп Казахстан»), 

ЖШС «КазНИИМЭСХТ» Ақкөл қ., ЖШС «Щучинский котельно-механический завод» Щучинск қ., АҚ «КАМАЗ инжиниринг» Көкшетау қ. 


 

 



ІІ. Оқыту нəтижелері мен негізгі құзіреттіліктер 

 

5В072400 – «Технологиялық  машинаналар  жəне  жабдықтар»  мамандығы  бойынша  «Ауыл  шаруашылығы  машиналары  жəне  жабдықтар» 

модульдік білім беру бағдарламасы оқытудың келесі нəтижелеріне бағытталған: 

 

«Техника жəне технология бакалавры» бакалавры келесі басты құзыреттіліктерді меңгеруі керек:   



1. ана тілі саласында (қазақ/орыс тілдері): жазбаша жəне ауызша (тыңдау, айту, оқу жəне жазу) түрінде түсініктерді, ойларды, сезімдерді, 

фактілер мен көзқарастарды түсіну жəне көрсете білу, сонымен қатар, оқу уақытында, жұмыс кезінде, үй ішінде жəне бос уақытында, яғни барлық 

қоғамдық пен мəдени тұрғыдан тиісті түрде лингвистикалық жəне шығармашылық қарым-қатынас орната білу қабілеті; 

2.  шет  тілі  саласында:  ағылшын  жəне  француз  тілдерінде  қарым-қатынастың  негізгі  дағдыларын  меңгерген,  яғни  ауызша  мен  жазбаша 

(тыңдау, айту, оқу, жазу) түрінде əлеуметтік жəне мəдени тұрғыдан (білім алу жəне оқу ісінде, жұмыс кезінде, үй ішінде жəне бос уақытында) 

түсініктерді, ойларды, сезімдерді, фактілер мен қөзқарастарды ұғына, айта жəне айқындай білу қабілеті. Медиация мен мəдениаралық түсіністік 

дағдыларына ие; 

3.  іргелі  математикалық,  жаратылыстану-ғылыми  жəне  техникалық  дайындық:  күнделікті  жағдайларда  өндірістік  міндеттерді  шешу 

үшін математикалық ойлауды қолдана жəне дамыта білу, кəсіби қызметінде математикалық ойлау (логика мен кеңістіктік ойлау) тəсілдерін жəне 

презентацияларды  (формулалар,  үлгілер,  құрылымдар,  бағаналар  мен  кестелерді)  қолдана  білу,  яғни  дəлелдерге  негізделген  проблема  мен 

қорытындыларды анықтау үшін əлемді түсіндіретін білім мен əдістеменің негіздерін қолдана білу, өз білімдері мен əдістемесін кəсіби міндеттерді 

шешу үшін қолдана білу қабілеті; 

4.  компьютерлік  дайындық:  заманауи  ақпараттық  технологияларды  жұмыс  үшін,  бос  уақытта  жəне  қарым-қатынас  орнату  үшін  сенімді 

жəне сыни тұрғыдан қолдана білу, кəсіби қызметінде ақпаратты қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, презентациялау мен алмастыру үшін, 

ғаламтор көмегімен келісім жүргізілетін желілерге қатысу жəне араласу үшін компьютерді қолдана білу;  

5. оқу ісіндегі дайындық:  

- ой-өрісі кең жəне ойлау мəдениетіне ие жоғары білімді тұлға қалыптастыруда техникалық  пəндері саласында базалық білімдерді меңгерген; 

-  əрдайым  оқу  қажеттілігін  түсінетін,  қол  жетімді  мүмкіншіліктерді  таба  білетін,  болашақта  білім  алуға  талпынатын  жəне  оқуын  əрі  қарай 

жалғастыруға мүдделі, жеке жəне топта уақыт пен мəліметтерді тиімді басқара отырып, өз оқуын ұйымдастыра алатын, тұлғалық жəне кəсіптік 

тұрғыдан дамуға ынталы болу; күнделікті кəсіби қызметін жетілдіретін жəне магистратурада білімін жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу 

тəсілдеріне ие; 

6. əлеуметтік  дайындық (тұлғалық, мəдениаралық жəне азаматтық құзыреттіліктер):  

- қоғамдық жəне еңбек өмірінде, алуан түрлі қоғамдарға тиімді əрі келісімді қатысуға, жеке өмірінде қажет жағдайда келіспеушіліктерді шешуге, 

сонымен  қатар,  əлеуметтік  пен  саяси  түсініктер  мен  құрылымдар  туралы  білімге  жəне  белсене  əрі  демократиялық  қатысуға  дайындығына 

негізделе отырып, азаматтық өмірде толығымен қатысуға мүмкіндік беретін мінез-құлыққа ие;  

-  ұжымда,  отбасында,  социумда,  əлемде  бірге  өмір  сүре  білу,  басқа  тұлғаларды  қабылдау  мен  түсінуді  өзінде  тəрбиелей  білу,  оған  құндылық 

ретінде  қарым-қатынас  жүргізе  білу,  əлемдегі  өзара  байланыстылықты  сезіну  жəне  дамыту,  келіспеушіліктерді  ескерте  жəне  тоқтата  білу, 

мəмілеге келу қабілеті, ұжым көзқарасын өзінің көзқарасымен сəйкестендіре білуді; 

- іскерлік этика нормасын сақтай білу, тəртіптіліктің этикалық жəне құқықтық нормаларын меңгеру;  

7. кəсіпкерлік жəне экономикалық дайындық:  



 

- негізгі экономикалық білімді меңгергенін, менеджмент, маркетинг, қаржы жəне т.б. туралы ғылыми түсініктері болуы; экономиканы мемлекеттік 



реттеудің мақсаты мен міндеттерін білу жəне түсінуі, экономикадағы мемелекеттік сектордың ролін білуі;  

- кəсіби міндеттерге жету үшін идеяларын əрекетке айналдыра білу, жобаларды жоспарлай жəне басқара білу; этикалық құндылықтарды түсінеді, 

яғни  адамдармен  жұмыс  істей  біледі,  тапсырыс  берушілер  мен  тұтынушылармен  өзара  əрекеттесу,  персоналды  басқару,  рұқсат  беруші  жəне 

өкілетті  органдармен,  билік  өкілдерімен  жұмыс  істеу  салаларында  білімдерге  ие,  Қазақстанның  құқықтық  жүйе  мен  заңнамасының  негіздерін, 

қоғамның əлеуметтік даму бағыттарын біледі; 

8. мəдени дайындық: Қазақстан халқының əдет-ғұрыптары мен мəдениетін білу, яғни əртүрлі құралдармен идеяларын, тəжірибесі мен көңіл 

күйін  шығармашылық  тұрғыдан  жеткізу  маңыздылығын  түсіну;  əлемнің  басқа  халқының  əдет-ғұрыптарына,  мəдениетіне  толерантты  болу, 

толерантты  тəртіптің,  тұрмыстық  расизм,  ксенофобия,  экстремизмді  алдын-алу  шараларының  мəнін  түсіну  жəне  білу,  оларға  төтеп  бере  алу; 

толерантты тұлға ретінде қалыптасқан, басқа мəдениеттердің өкілдерін тани, түсіне жəне қабылдай білу, яғни білім алу қабілеті бар, жарасымды, 

интеллектуалды қарым-қатынаста жылдам араласатын, ескірген көзқарасы, оның ішінде шовинизм сипатындағы түсініктер жоқ; жоғары рухани 

қабілеттерге ие, зиялы тұлға ретінде қалыптасқан. 

9.  жалпы  құзыреттіліктер:  сыни  ойлау  үшін  қажетті  дағдыларға  ие,  байқағыштық,  түсіндіру  мен  талдау,  қорытынды  шығару,  баға  беру 

қабілеттері бар; шығармашылық қасиеті бар; бір аспектіден екіншісіне ауысуға қабілетті,  анық, жалпыға танымал, көпшілік қабылдаған, тұрақты 

бекітілген  идеялардан  бөлек  идеяларды  туғызу,  мəселенің  мəнін  түсіну  қабілетті;  стереотиптерге  төтеп  беруге  қабілетті,  белсенді  өмірлік 

ұстанымға ие; басқа тұлғаларға қатысты өзіндік мінез-құлықты жүргізуге қабілетті, топ жəне ұжымда, оларға зиян келтірмей жəне нормативтік 

регламенттер аясында көш басшысы болуға мүдделі; команда ішінде жұмыс істеуге, өз пікірін дəлелдеуге, жаңа шешімдерді ұсынуға қабілетті; 

алуан түрлі əлеуметтік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу. 

 

Жұмыс  берушілердің  ұсыныстарын  ескере  отырып,  заманауй  жабдықтары  мен  технологиялары  бар  кəсіпорындарда  тəжірибелік 



сабақтарды көбейту жəне түлектердің білімін мемлекеттік үдемелі индустриалды дамыту бағдарламасы бойынша жалғастыруға мүмкіндік жасау.  

5В072400 – «Технологиялық машиналар жəне жабдықтар» мамандығы бойынша «Технологиялық жабдықтар инжинирингі» модульдік білім 

беру бағдарламасының білім беру нəтижелері: 

білуі керек

-

 



компьютерлер  мен  автоматты  жобалау  жүйелерін  қолданып,  ауыл 

шаруашылығы өндірісі машиналары мен жабдықтарының конструкцияларын жасауды; 

-

 

энергия  мен  ресурсты  үнемдеу  жəне  қоршаған  ортаны  өндірістің 



техногендік əсерлерінен қорғау міндеттерді ескеріп, басты жəне қосалқы жабдықтарды таңдау мен есептеуді; 

-

 



метрологиялық  қамтамасыздардыру,  техникалық  бақылау  жəне 

есептеутехникасын қолдану арқылы ақпараттық қызмет көрсетумен өндірісті ұйымдастырудың тиімді əдістерін таңдау мен негіздеуді; 

-

 

эксплуатациалау  мен  қойылған  талаптарға  байланыстыматериалды 



таңдау мен оны өңдеу режимін; 

-

 



технологиялық 

жабдықтар, 

металкесу 

станоктары 

мен 

құрал 


саймандарды эксплуатациялау мен жөндеудің прогрессивті əдістерін қолдануды; 

-

 



сынаудың  негізгі  принциптері  мен  əдістерін  таңдауды,  зерттеу 

нəтижелерін талдауды; 

-

 

сапалы өнім алу жəне оның қоршаған ортаға əсерлерін техникалық жəне 



ұйымдастыру шешімдерін бағалауды; 

 

-



 

тиімді  коммуникативті  жəне  əлеуметттік  машықтану  бейімділігі  болуы 

керек: 

-

 



үш тілде сөйлей алуы; 

-

 



жеке  меншік  туралынегізгі  түсініктері,  жұмыстың  режимі  мен  есептеуі, 

еңбек түрі мен жалақы төлеу жүйесі; 

-

 

қол  астындағыларға  бұйымның  технологиялығын  жəне  жасау 



процестерін қамтамасыз етуге көмектесуге, бақылауға; 

-

 



технологиялық  жабдықтарды  орналастырып,  жұмыс  орындарын 

техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, жаңа жабдықтарды игеруге; 

-

 

жаңа өнімді өндіру барысында технологиялық процестерді жетілдіру мен 



игеру, жаңа өнімдердің үлгілерін, бөлшектері мен тораптарын сынау жəне пайдалануға тапсыруда монтаждау мен күйіне келтіру сапасын 

тексеруді. Білуі жəне түсінуі керек 

-

 

Қазақстан  Республикасының  заңнамаларын,  азаматтық  құқығы  мен 



бостандығын; 

-

 



Бөлшектің  міндетін  жəне  конструкторлық  технологиялық  белгілерін, 

машиналар бөлшектері сапасының көрсеткіштерін, бөлшек конструкциясын технологиясы жасау ережесін, конструкциялық жəне құрал-

саймандықматериалдардың физика-механикалық қасиеттерін;  

-

 



Бөлшекті  жасаудың  технологиялық  процесін  жобалау  əдістемелігін, 

машина  бөлшектерін  жасаудың  типтік  технологиялық  процестерін,  бөлшектердің  түрлері  жəне  олардың  беттерін,  бағалар 

классификациясы; 

-

 



Дайындаманың  түрлерін  жəне  оларды  алу  тəсілдерін,  дайындаманы 

базалау тəссілдері мен қателіктерін, технологиялық базаларды таңдау ережелерін; 

-

 

Кесумен  өңдеу  түрлерін,  кесу  құрал – саймандарын,  технологиялық 



операциялардың элементтерін; 

-

 



Металкесу станоктарының технологиялық мүмкіндіктерін, станок құрал 

– жарақтарының міндетін; 

-

 

Өндіріс түрлерін, кесу режимдерін, есептеу əдістемелілігін; 



-

 

Технологиялық  құжаттардың  міндеті  мен  түрлерін,  техникалық 



құжаттардың ҚҚБЖ мен ТҚБЖ талаптарын; 

-

 



Автоматтық  жабдықтарда    қарапайым  бөлшектерді  өңдеудің  басқару 

бағдарламасын əзірле жəне енгізу əдістемелігін; 

               машығы болуы керек

-

 



Механикалық өңдеу технологиялық процестерін жобалаудың негізгі кезеңдеріне қатысып; 

-

 



Жеке беттерді өңдеу маршрутын белгілеп, технологиялық құжаттарды əзірлеу,  

-

 



Жабдық  түрін таңдап, бөлшек жасаудың технологиялық маршрутын жобалап; 

-

 



Станоктарды (соның ішінде  СББ) өндірістік эксплуатациялау жəне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға қатысып; 

 

-



 

Бөлшектерді  өңдеу  бағдарламаларын  дайындау:СББ  бұрғылау  станоктарында,  СББ  фрезалау  станоктарында,  СББ  көп  мақсатты 

станоктарында; 

-

 



Фрезалау кезінде кесу құралының траекториясын автоматты қалыптастыру бағдарламасын дайындап. 

10 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет