Концентрация



Дата30.11.2022
өлшемі14,81 Kb.
#53701

Химиялық реакция ерітіндіде А+В=С теңдеуіне сәйкес жүреді. Бастапқы концентрациялары: А-0,080 моль\л, В-1 моль\л, 20 мин. өткеннен кейін А затының концентрациясы 0,78 моль\л мөлшеріне дейін кеміді№ В затының концентрациясы енді қандай болды? Егер реакция жылдамдығын А затымен В заты концентрациясының кемуіне қарай білетін болсақ, осы уақыт ішінде реакцияның орташа жүру жылдамдығы қандай болған?

Химиялық реакция кезінде А+В=С теңдеуіне сәйкес жүреді. Тәжірибе нәтижесі мынадай:



Концентрация

А

В

С

Бастапқы

2,7 моль\л

2,5 моль\л

0

1\2 сағ өткеннен кейін

2,5 моль\л

?

?

Кестедегі сұрақ белгісі орнына концентрацияларды және берілген уақыттағы реакцияның орташа жүру жылдамыдығын есептеңіз.


Есеп. А+В = 2С теңдеуі бойынша А затының бастапқы концентрациясы 0,08 моль/л, ал 10 с кейін 0,075 моль/л. болса реакция жылдамдығын анықтаңыз .
Есеп. А затының айырылуы нәтижесінде оның концентрациясы 10 минутта 1 моль\л-ден 0,8-ге азайды. Реакция жылдамдығын есептеңіз

Көлемі 600 мл жабық ыдыста Н2(г)+Br2(г)=2HBr (г) реакция жүреді. Белгілі уақыттан кейін сутек пен бромның зат мөлшері сәйкесінше 0,03 және 0,02 моль болды. Егер түтікке әрқайсысынан 0,01 мольден қосымша енгізсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?



Жай заттардың қатысуымен екі реакция жүреді. Бір минуттан кейін бірінші реакция нәтижесі нде 3,5 г. күкіртсутек, ал екінші реакцияда 10 г.йодсутек түзілді.Осы реакциялардың қайсысының жылдамдығы жоғары?


Сыйымдылығы бірдей екі түтікте екі реакция жүреді: а)SnO(қ) +H2(г)=Sn(қ)+H2O(г) b)PbO(қ)+H2(г)=Pb(қ)+H2O (г). Бірдей уақыт аралығында: а)3,36 л сутек b) 4 г. сутек жұмсалатын болса, а. реакцияның жылдамдығы b.-мен салыстырғанда неше есе аз жүреді?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет