Концепцияс ы



Дата06.01.2022
өлшемі16,29 Kb.
#11576

«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ: ТҮП ТАМЫРЫНАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН» ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

К О Н Ц Е П Ц И Я С Ы
Ұлы дала – Еуразия кеңістігін мыңдаған жылдар бойы мекендеген халықтардың тарихи шежіресінің куәсі. Батыс пен Шығыс өркениеттерін тоғыстыратын үндестік пен үйлесімнің бесігі. Ұлы дала кеңістігінде өркениеттің гүлі ерте бүршік жарып, заманалар бедеріне, күллі жаһанның игілігіне айналған құндылықтар толассыз жаңғырып отырған. Сондықтан, ұлттық құндылықтарды, халық дәстүрлерін, салт-дәстүрлерін, діни наным-сенімдерді ескеру маңызды.

«Ұлы Дала тарихы: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты Еуразиялық ғылыми форум 2019 жылдың 25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і, тарих факультетінің ұйымдастыруымен өткізіледі. Аталған форум - адамзаттың рухани кемелденуіне тың серпін беретін құндылықтарды зерделеуге, жаңаша пайымдауға зор мүмкіндік береді. Форумда талқыланатын тақырыптардың ауқымы кең, мағынасы терең, болашақ ұрпақ үшін тағылымы мол.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының жарық көруі ұлт тарихының ұлықталған тұсы. Тарихтың түрлі кезеңдерінде ата-бабамыз жеткен жетістіктер ұрпақ санасына берік орнығып, тарихи санасының негізгі өзегіне айналуы тиіс. Рас, ұлт тарихына деген көзқарасты анықтап алмай, әрі бабаларымыздың жүріп өткен жолына деген біржақты және теріс көзқарасты жоққа шығаратын іргелі еңбектер жазылмай ұлт тарихын ұлықтау әсте мүмкін емес. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих» деген болатын. Демек, тарихымызды бүтіндеу – өскелең ұрпақ санасына Ұлы Дала тарихын жеткізе білу форумның басты мақсаты болмақ.

Форум барысында аталған мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттер қойылды:


  • Дүниежүзі тарих ғылымының қазіргі жағдайына, жетістіктеріне, проблемалары мен даму келешегіне талдау жасау;

  • Ұлы даланың мәдени құндылықтарының адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі мен маңызын талқылау;

  • Елімізге танымал тарихшы-ғалымдар мен философтар т.б. арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, пікір алмасу, жаһандық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу бойынша кеңестер ұсыну.

1. Форумның өтетін орны және уақыты:

Нұр-Сұлтан қ. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і. 25 қазан 2019 жыл.



2. Форум қатысушылары:

Алыс-жақын шетелдерге және елімізге танымал ғалымдар, тарихшылар, философтар, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы, Археология және этнология, Философия, Әлеуметтану кафедралары оқытушы-профессорлық құрамы мен жас ғалым-докторанттардың қатысуымен өтеді.



3. Форумның өту формасы:

1. Пленарлық жиын.



2. Жалпы қорытынды қарар (резолюция) қабылдау.

Біз, Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өзіміздің адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан өр тұлға­лардың ұрпағы екенімізді және мәңгілік дамуға тың серпін берген мәдениеттің мұрагері екенімізді сезіне білуіміз керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудің кеңістігі мен уақытын кеңейту аясында Ұлы даланың жеті қыры анықталды. Олар: Атқа міну мәдениеті; Ұлы даладағы ежелгі металлургия; Аң стилі; Алтын адам; Түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Бұл қырлар көшпенділер мәдениетінің аймағында пайда болып, бүгінгі күні өркениеттің жетістігі болып, қазіргі күнде әлемде кеңінен қолданылуда. Берілген мақалада Елбасы Қазақстан тарихын жаһандық тарихтағы Ұлы даланың орнын анықтауға мүмкіндік беретін, біздің жерімізде пайда болған мәдени жетістіктер, қазақ ұлтының этногенезі, ұлттық тарихтың көкжиегінің бағалануы мен зерттелуінің уақыты келгенін атап айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет