Көне ескерткіштердегі кейбір дауыссыздардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылуы



бет2/5
Дата17.01.2023
өлшемі41.56 Kb.
#61576
1   2   3   4   5
Й — ж: түрік, əзербайжан, түрікмен — йол, йоқ; қазақ, қарақалпақ — жоқ, жол;
Й — ч: татар — йақа; қазақ — жаға; хақас, тува — чаға; түрікмен, түрік, ұйғыр — йер; қазақ —жер; хақас, тува — чир; шор — чер; өзбек — йыл; қазақ — жыл; хақас, тува, шор — чыл;
Й — д: татар, башқұрт — йақа; қазақ — жаға; алтай — дақа; ұйғыр — йəр; түрік — йер; қазақ— жер; алтай — дер; түрік, құмық — йол; қазақ — жол; алтай — дол;
Й — н: йан — жан, йомшақ — жұмсақ, йағмур — жаңбыр сөздерінің хақас, шор тілдеріндегі қолданысы — нан, нымзах, нанмыр;
Й — с: татар — йақа; қазақ — жаға; якут — саға; түрік — йол; татар — йул; якут — суол; түрік, түрікмен — йоқ; якут — суох.
Қыпшақ тіліндегі сөз басындағы дж көп жағдайда оғыз тобындағы тілдердегі й дыбысына сəйкес келеді: əзербайжан — йүрүмəк; ноғай — джурмек; түрік — йаймак; ноғай — джаймақ [7].
Чуваш тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелейтін сəйкестіктер ретінде түркітанушылар ш, с-л, з-р сəйкестіктерін айтады жəне бұл мəселе бұлғар тобының басқа тілдерден айыратын критерий сипатында да қолданылады. Бұған басқа түркі тілдеріндегі буз/муз/боз сөздерінің, чуваш тілінде пар, қадың/қазың/қайың, хуран, қыс/қыш, хел, есік/ешик, алак, бес/беш сөздерінің бел түрінде қолданылуы мысал бола алады [7].
Түркі тілдері фонетикасына тəн дыбыстық ерекшеліктердің ішінде елеулі орын алып жүргені — с, ш, ч фонемаларына байланысты алмасулар. Бұл дыбыс сəйкестіктері қазақ тілін басқа түркі тілдерімен салыстыру барысында да байқалады.
Н.А.Баскаковтың түркі тілдеріне жасаған классификациясында қыпшақ-ноғай тобына енетін тілдердің қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец топтарынан фонетикалық айырмашылықтарының бірі туралы: «… отсутствием фонемы ч и заменой этого звука звуком ш, а звука ш звуком с, например: қаш-қач «убегать», қыс-қыш «зима», — деп жазады [2; 292].
Көне түркі тілінің с фонемасы қазіргі қазақ тілінде сөздің барлық шенінде де сақталған. Оның дəлеліне көне түркі жазба ескерткіштерінің бірі болып саналатын Күлтегін ескерткішіне байланысты зерттеуінде Ғ.Айдаровтың с фонемасына байланысты сабы-сөзі, субча-суша, бас-бас, сү-əскер, сіңлі- сіңлі, улус-ұлыс т.б. көптеген сөзді мысалға келтіргенін айтуға болады [8; 40].
Қырғыз тіліндегі ч, ш, с дыбыстарының қолданылысын И.А.Батманов қазақ, қарақалпақ тілдеріндегідей конвергенция құбылысы еместігін айтады. Себебі қазақ, қарақалпақ тілдерінде ч-ш, ал ш-с болса, қырғыз тілінде ч, ш, с сақталған. Мысалы: чач, бас (тесни), баш (голова) [6; 99].
Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, қазіргі қазақ тіліндегі ш көне түркілік ч фонемасының жалғасы болып саналады [1; 68].
Көне түркілік ч-ның қазіргі қазақ тіліндегі ш-ға сəйкес екені чөл — шөл, бічін — мешін, кічіг — кіші, үчүн — үшін, үч — үш сияқты мысалдардан да көруге болады. Бұл жайында түркітанушы- ғалымдар Б.А.Серебренников пен Г.З.Гаджиева өз еңбектерінде: «Переход начального ч в ш является отличительным признаком языков ногайской подгруппы — казахского, каракалпакского и ногайского», — дей келіпчық — шық, чақ, чағ — шақ, чақыр — шақыр сөздерін мысалға келтіреді [5; 63].
Көне түркілік ч дыбысының қазіргі түркі тілдерінде əр түрлі орныққандығына М.Томанов шын (қазақ), чын (татар), сын (хақас) сөздерін мысалға алады жəне түркі тілдері арасында ч>ш>с дыбыс сəйкестігін көрсетеді [1; 68].
Сондай-ақ сөз басындағы с дыбысының көптеген сөздер құрамындағы біркелкілігімен қосас-һ, с-ш, с-з сəйкестіктерін көре аламыз. Мысалы:
С-һ: түрік — сакал, ноғай, қазақ — сақал, башқұрт: һақал; əзербайжан, түрік, қазақ — сары, башқұрт — һары; құмық, татар, қазақ — сүт, башқұрт — һүт; қазақ — сіз, татар — сез, өзбек — сиз, башқұрт — һез;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет