Көне гректердің трагедияларындағы «жазмыш», «тағдыр» концепциясы



бет1/2
Дата08.12.2022
өлшемі15,95 Kb.
#55753
  1   2

Көне гректердің трагедияларындағы «жазмыш», «тағдыр» концепциясы
Көне гректердің амфитеатрларда қойған трагедиялары негізінен жазмыш, тағдыр трагедиясын көрсетумен ғана шектелген. Оны антикалық дәуірдегі трагедияның атасы болып саналатын Софоклдың «Эдип патша» трагедиясынан байқауымызға болады.
Бұл шығармадағы трагедия сюжетіне таяу шығыс пен гректерде ежелден айтылып келе жатқан Эдип патша туралы миф арқау болған. Онда болашақ патша Эдип тумай тұрып-ақ оньщ пешенесіне өзінің әкесін өлтіріп, анасын әйелдікке алатыны жазылып қойылады. Оны алдын-ала сәуегейден естіген болашақ патшаның әкесі мен шешесі бала туа салысымен оны орманға жыртқыш аңдарға жем болсын деп апартып тастайды. Бірақ оны апарған құлдары баланы орманға тастап кетуте қимай, көрші патшалықтың адамдарының қолына түсуіне жағдай жасайды. Сөйтіп Эдип көрші елдің патша сарайында басқа ханзадалардан кем болмай ата-ана махаббатына бөленіп, жақсы тәрбие алады. Өзінің ата-анасы екенін де білмей өседі. Бірде ер жетіп, етек жиған Эдип ханзада нөкерлерін ертіп, ел мен жер көру үшін алыс сапарға шығады. Жолда бөтен елдің патшасының керуеніне кездесіп қалады. Екеуінің арасында кикілжің туып ақыры соғысып, ол ханзаданың көрші елдің патшасын өлтіруімен аяқталады. (Ол трагедияның соңында Эдиптің әкесі болып шығады). Одан әрі саяхаттай жүріп бір елге қорлық көрсетіп отырған айдаһармен соғысады. Оны жеңіп бір қалаға келсе қала тұрғындары мен патшайымы оған риза болып жауыз айдаһардан құтқарғаны үшін оған не қаласа да орындалатынын жеткізеді. Егер қаласа жақында ғана ері қаза тауып, жесір қалған патшайымның өзі де оған күйеуте шығуға дайын екендігін білдіреді. Сұлу патшайымды көрген Эдип оған үйленбеймін деп айта алмайды. Сөйтіп адамдар қанша жерден жазмыштан қашып құтыламын десе де ол ойлары жүзеге аспайды, ертеректе айтқан сәуегейдің барлық айтқандары орындалады. Бұл қазақтың «жазмыштан озмыш жоқ» деген көнеден келе жатқан мақалымен толық сәйкес келеді. Қанша жерден қашып құтыламын десе де адам маңдайына жазылған тағдыр талайынан асып кете алмайды деген ой түйіндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет