Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата02.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#47018
  1   2   3   4   5   6   7


Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы 
Серия «Филология». № 1(69)/2013 
23 
ƏОЖ 811.512.1
З.Н.Жуынтаева, М.А.Тұрсынова 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: zamza_bota@mail.ru) 
Көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданысы 
Мақалада көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданылу жайы сөз болды. Авторлар септік, тəуелдік, 
жіктік, көптік жалғауларының əр түрлі синтаксистік қатынасқа түсе отырып, сөз тіркесін тудыра 
алатындығына тоқталды. Сөйлемдегі сөздер орын тəртібі, интонация, шылаулар арқылы 
байланысатындығы көне түркі тілінің фактілерімен дəлелденді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің 
байланысу түрлерінің ескерткіштердегі көрінісі тарихи-салыстырмалы əдіс арқылы жүзеге асырылды. 
Кілтті сөздер: сөз тіркесі, есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі, синтаксис, аналитикалық тəсіл, 
синтетикалық тəсіл, қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу. 
Тілдің қай саласын алсақ та, оның пайда болу көзі көне дəуірден басталатыны белгілі. Қазіргі 
таңда Елбасымыздың «Мəдени мұра» бағдарламасында да тарихи жазба жəдігерліктерді зерттеу 
қажеттігіне баса назар аударылған. Сондықтан жазба жəдігерліктің тілін қарастыру — үлкен 
мəселелердің бірі. Олай болса, біздің мақсатымыз көне түркі тіліндегі сөз тіркестерінің қолданысын, 
сөздердің байланысу тəсілдері мен формаларын, олардың ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. 
Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. 
Өйткені алфавиттік жазу — дүние жүзі мəдениетінің қол жеткен табысы болса, бұл мəдени мұраға 
біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы əріп жазуының 
бір тармағы руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер 
— көне түркі тайпаларының жоғары тіл мəдениеті мен білім өресінің ауыз толтырып айтарлықтай 
көрсеткіші. 
Көне түркі руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы қолданған төл жазуы 
екендігі ешқандай күмəн туғызбайды. Бұл алфавит б.з.д. 1 мың жылдықтың ортасынан біздің 
заманымыздың 1 мыңжылдығының аяқ кезіне дейін өмір сүрген. 
Көне түркі руникалық таңбаларының шығу тегі басқа көне алфавиттердің шығу тарихымен 
тамырлас. Руникалық жазудың о бастағы түпкі негізі біздің заманымызға дейінгі ІІІ–ІІ мың 
жылдықтағы беймəлім идеографиялық немесе алфавиттік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне 
алфавиттермен ішінара ұқсастықтар олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді [1]. 
Қазақ тілі — көркемдігі мен мүмкіндігі жағынан дүние жүзіндегі теңдесі жоқ тіл, көне түркі 
тілінің мұрагері. Тілдің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты. Халық тарихы, шежіресі 
көне, орта түркі жазбаларында көрініс тапқан. 
Ешбір байланыссыз синтаксистік конструкциялардың болмайтындығы белгілі. Жеке сөздің 
екінші сөзбен тұлғалық жағынан байланысуы, негізінен, сөз тіркесінде болатын құбылыс. 
Сөздерден — сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де — сөйлем 
құраудың негізгі материалдары. Сөздердің синтаксистік байланысын сөз еткенде, оның екі тəсілі 
болатынын ескеру керек. Олардың біріншісі — аналитикалық, екіншісі — синтетикалық тəсіл. 
Сөздер аналитикалық тəсіл арқылы байланысқанда, олар қосымшаны қажет етпейді, ол сөздердің 
байланысуына интонация, сөздердің орын тəртібі жəне шылау көп көмегін тигізеді. 
Ескерткіштер тіліндегі сөйлем ішінде кездесетін сөздер қалай болса, солай айтыла бермейді. 
Олар белгілі бір тəртіп бойынша өзара мағыналық жəне тұлғалық жақтарынан бір-бірімен 
байланысып келеді. Олар белгілі сөз тіркестерін жасайды. Бірақ сөз тіркестерінің құрамында 
кездесетін сөздер əр уақыт тең дəрежеде байланыспайды, бірі екіншісіне бағынып байланысады. 
Осыған орай олар не салаласа, не сабақтаса тіркеседі [2; 108]. 
Қазақ тіліндегі сөздер салаласа байланысқанда, басыңқылық-бағыныңқылық қатынаста емес, тең 
қатынаста, қатар байланысады (боран мен аяз, сүйкімді, мақтаулы, ағын да, қарасын да)… Сөйлем 
құрамынан алынып қалғанда, бірыңғай мүшелі сөз тіркестері түсініксіз болып шығады, яғни сөз 
тіркестерінің бұл түрі сабақтас сөз тіркестерімен салыстырғанда, сөйлемнің «құрылыс материалы» 
екендігін сенімді дəлелдесе керек. Салалас сөз тіркестеріндегі синтаксистік қатынастардың сан 
жағынан сабақтас сөз тіркестерінің сан мөлшерінен артық болуы өзінен-өзі түсінікті болса керек, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет