Конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі28,78 Kb.
#9646

«Сейфуллин  оқулары - 11: Жастар  және ғылым»  атты  Республикалық ғылыми-теориялық

конференциясының

материалдары

=  Материалы  Республиканской  научно-теоретической

конференции «Сейфуллинские чтения - 11: Молодежь и наука». – 2015. – Т.1, ч.2. – Б.52-53

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ  ІШТЕН ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫН

ІСКЕ ҚОСУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУ

Муратов И.

Қысқы уақытта суық ауа райы, аяз әсерінен қозғалтқышты іске қосу жұмысы

қиындатылады.  Кез  келген  адамда өз  автомобилін  арнайы  жылу  гараждары

болмайды. Ол ыңғайсыздықтың әсерінен қозғалтқыш бөлшектері тозуы ерте болып

қосымша  шығындар әкеледі.  Төменгі  температурада қозғалтқыштың  қиын  іске

қосылуының себептері: қоршаған  ортаның салқын  ауасы әсерінен  майлау

жүйесінде  май қоюлануынан  тұтқырлығы  төмендеп  бөлшектердің  қозғалуына

қосымша  кедергі  жасайды.  Оның  әсерінен  иінді  білікті  айналдыруға қажетті

аккумулатордың заряды  да  азая  бастайды.Қазақстанның солтүстік  және  орталық

аймақтарында    автомобильдерді  пайдаланғанда қоршаған  орта  температурасының

жазда +40

0

С және одан жоғары, ал қыста -40



0

С және одантөмен болатын климатық

жағдайларда  науқандық жылу  режимінің  үлкен  шекте өзгеруі  бұл  көліктердің

қозғалтқышының

жұмысының

тиімділігіне,  яғни  оның  қызмет  мерзімінің

ұзақтығына ықпалды әсерін тигізеді [1].

Қозғалтқыштың жылулық режимін  абсолютті  тұрақты ұстау  мүмкін  емес,

өйткені  ол  бірнеше  факторларға  байланысты  болады.  Бұлардың негізгілері

қозғалтқыштың жүктелуі, қоршаған  орта  температурасы  болып  табылады. Қазіргі

кездегі қолданыстағы қозғалтқыштардың жылулық режимін  салыстырмалы  түрде

тұрақты ұстау  тек қозғалтқыштың жұмыс  істеу  жағдайында ғана  жүзеге

асырылады. Қоршаған  ортаның тым  жоғарғы  температураларында  салқындату

сұйығының жылу алып кетуін жақсарту үшін жоғалтылатын қуат шамасы ұлғаяды.

Қозғалтқыш  жұмысын  тоқтатқаннан  кейін әрине  негізгі  жылу  көзі  цилиндрлер,

онда құрамында  жұмысшы қоспаның жану үдерісі  болатын  жұмыс  циклы  жүзеге

аспағандықтан жылу бөлуді төмендетіп салқын күйге көшеді. Бұл жағдайда қалған

көліктің  қозғалтқышы қоршаған  ортаның  өте  төменгі  температураларында  іске

қосылуы қиындайды немесе мүлдем іске қосылмайды.

От  алдыру  мәселесін  жеңілдету үшін қозғалтқышты  іске қоспай  тұрып  оны

жылыту қажет.  Оның бірнеше  жолы  бар.  Мысал  ретінде қозғалтқышты  сырттан

жылу  шамдарымен  жылытуға  болады.  Бірақ ондай  тәсілдің кемшілігі өрт

қауіпсіздігі сақталмайды. Екінші тәсіл қозғалтқышты бір, екі сағат сайын іске қосу,

яғни  жылу  температурасын  сақтау.  Ондай  тәсілдің кемшілігі  тиімділігінде  болып

табылады [2].

Іске қосуды  жеңілдету  басқа  тәсілі қозғалқышты  іштен қыздыру.  Ол  тәсіл

жылу  аккумуляторын  пайдалану.

Қондырғы  көлемі  жағынын

үлкен  емес

автомобиль  капот астына қозғалтқыштың қасына бекітіледі. Салқындату жүйесіне

оңай құбырлар  арқылы  жалғасады.  Салқындату  сұйығы  көмегімен  бөлшектерін

жылыта  отырып  майдың тұтқырлығын жоғарлатамыз,  яғни  иінді  біліктің және

басқа  бөлшектердің айналуына  кедергілерді  төмендетеміз.  Жүйеде  антифриз

немесе  тосолды  жылыту  жылу  аккумуляторын  пайдалану  арқылы  жүзеге

асырылады.  Оның арнайы  жылу ұстайтын  термосы,  сұйықты  жылытатын

құбырлары бар.



Қарастырып  отырған қондырғының жұмыс  принципін  жақсарту  мақсатында

термостың ішкі  сыйымдылығын  екі  тараққа ұқсас  формалы қабырғамаен  бөлу.

Ондай форманың жылу беру ауданы үлкен болады. Қабырғалардың ара қашықтығы

олардың  өткізгіштігіне  және  сұйықтықтардың температурасына  тәуелді.  Төменгі

температураларда қозғалтқышты  іске қосу үшін  оны  +8...+12  градусқа  дейін

жылыту


қажет. 

Оптималды 

температура 

термостан 

келген 

сұйықтың


температурасына қатысты [3].

Оған ұқсаса аналог Ресей ғалымдарымен 2000  жылы  жасалынған (

F02N17/00

патенті


).

Қондырғының

негізгі 

жұмыс 


принципі 

тормосқа 

екі

құбыр


жалғастырылған.  Біреуі-салқындату  сұйығын  жылыту үшін,  екіншісі-термос

ішіндегі  сұйықтықты  жанған  газдар  көмегімен  жылытуға  арналған. Қозғалтқыш

жұмыс  істеген  кезде  жанған  газдар екінші құбыр  арқылы өтіп  термос  ішіндегі

сұйықтықты  жылытады.  Бұндай  термостың негізгі  кемшілігі,  конструкцияның

күрделілігінде және габариттерінен автомобилге орнату қиындық әкеледі [4].

Оның жұмыс істеу принципі қозғалтқыш жұмыс кезінде оның жылуын сақтап,

келесі  ретке  салқындату  сұйығын  жылыту.  Іске қосу  алдында  жүйеде  сорғы

қосылып, салқындату сұйығын жылу аккумулятордың ыстық капсулалары арқылы

тасымалдайды.  Салқындату  сұйығы  жылытылып қозғалтқышқа  барып  оны

жылытады.  Оның салқындату  сұйығына  жылуын  беруін  көтеру  мақсатында  жылу

аккумуляторындағы құбырларын санын 2-3  дейін арттыруға және оның формасын

спираль формасына өзгерту. Оның себебі салқындату сұйығы ол құбырлар арқылы

өту  уақыты  артып  температурасы  көтеріледі,  яғни қозғалтқыш  бөлшектері  жақсы

жылиды. Іске қосу процессі жеңілденіп атмосфераға да зиян қалдық заттар бөлінуі

азаяды [5].

Әдебиеттер тізімі

1.Николаев  Л.А.,  Сташкевич  А.П.,  Захаров  И.А.  Системы  подогрева

тракторных дизелей при пуске. - М.: Машиностроение, 1977, - 191 с.: ил.

2. Куликов А. Термос под капотом, - М.: Наука и жизнь, N 3, 1993, с.62-65. 2.

Гулин С.В. и др. Система разогрева двигателя с помощью теплового аккумулятора.

Лесная промышленность

3. Жуковский В. С. Основы теории теплопередачи. Л., «Энергия», 1967

4. Куликов А. "Термос" под капотом// Наука и жизнь. - 1993. - N 3. - С. 62 - 65.

5.Set of rules for design and construction joint venture 121042002 »Mechanization

of  the  construction.  Operation  of  construction  machinery  in  the  winter  »(approved  by

Decree Gosstroi February 27, 2003, N 25.



Жетекші: т.ғ.к., доцент Б.Т.Оразалиев


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет