Конспектісі: «Дамуында ауытқу бар балаларға кешенді көмек»



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі67,45 Kb.
#85427
түріКонспект
  1   2   3


2 МӨЖ
Тақырыбы:Арнайы білім беру тұжырымдамасы мен ойдың талдамасы және олардың теориялық жұмыста мазмұндалуы. Тақырып бойынша зерттеу конспектісі: «Дамуында ауытқу бар балаларға кешенді көмек». ЕББҚ тұлғалардың бостандығы мен құқығын нығайтатын аймақтық құқықтық құжат.



Орындағандар: 2 топша
Сурамаева Балжан
Сағындыққызы Назерке
Кеңесбекова Амина
Жәдік Құлпынай


Жалпы білім беру мазмұны – оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде. Ал оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар нақты тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталады.


Арнайы мектептегі білім мазмұны – арнайы мектептің мақсат-міндеттерімен, сондай-ақ оқушылардын таным әрекет ерекшеліктеріне тәуелді. Арнайы білім мазмұны мектепте берілетін ғылыми білімдер жүйесін қалайды. Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары:

  • арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, сонын ішншде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары;

  • әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану арқылы түзетушілік-педагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру;

  • толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету;

  • түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық қолдау көрсетуі;

  • психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Қазақстан мен ТМД елдерінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезеңінен бастап ерекше демографиялық жағдай туындап дүниеге сәбилердің келу көрсеткіштерінің аса төмендеуі, халық арасындағы өлім-жетімнің көбеюі, және халықтың табиғи өсу төмендеуінең байқалды. Бұл жерде аналар денсаулығының нашарлауы, жүктілік және босану кезіндегі асқынулар да айқын әлеуметтік-экономикалық сипат алады. Осы жағдайларға байланысты соңғы жылдары елімізде мүгедек балалардың саны өсіп, мамандардың назарына түсті. (Сүлейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д.)
2021 жылы 24 ақпанда ҚР Жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру Ресурстық орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева Қазақстан Республикасында 2020-2023 жж. арналған Жол картасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жақсарту бойынша Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған кеңесте «Арнайы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің әдістемелік және кадрлық құрамы» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шараны ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жүргізді. Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен - Аружан Саин, білім бөлімдерінің басшылары, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры - Галия Абаева, «SATR» ЖШС бас директоры - Роза Сүлейменова, Ұлттық ғылыми-практикалық даму орталығының арнайы және инклюзивті білім беру орталығының директоры - Айгерим Кудеринова, Қазақстанның барлық аймақтарындағы мектепке дейінгі білім берудің арнайы ұйымдарының басшылары қатысты.
Барлық экономикалық қиыншылықтарды ескере отырып, балалардың дамуындағы кемістіктерді түзетудің ең нәтижелі жолы - ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру. Бірқатар шет елдегі және отандық зерттеулер көрсеткендей түзетушілік әсер етуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым нәтижелі болады. (Ерсарина А.К., Стребелева Е.А., Сүлейменова Р.А. Разенкова Ю.А. т.б.)
Қолайлы ерте көмек көрсету маңыздылығы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Мектепке дейінгі жастағы, мектеп жасындағы балалардың, жеткіншектердің және ересектердін денсаулығының негізі осы ерте жаста қаланады. Осы кезде ағзаның барлық морфологиялық және функционалды жүйелері құрыла бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет