Константин Эдуардович Циолковскийдің



Дата06.01.2022
өлшемі52,82 Kb.
#11654

Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.

К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады. Циолковскийлердің отбасы үлкен болды. Олар мейлінше жұпыны тұрды. К. Э. Циолковскийдің Калугадағы музей үйіне барған кісілер оның карапайым ғана жұмыс бөлмесімен, ғалымның өзіне қажетті толып жатқан моделдер мен құрал-саймандар әзірлеген шеберханасымен танысады. Үй шатырын ол обсерватория етіп пайдаланды. Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға, жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К. Э. Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, тендесі жоқ ұлы жаңалықтар ашканына таңданбау мүмкін емес.

Тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдін тұрмысы жақсарып, оның жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті.Атағы кеңінен таныла бастайды. Ғылымдағы табыстары жоғары бағаланған Циолковский  "Кызыл  Ту”  орденімен марапатталады.

К. Э. Циолковскийдін ең басты ғылыми еңбектері  ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа  ұшуына  арналған. 1903 ж. ұлы ғалым өзінің " Әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен  зерттеу» деген мақаласында  планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми  тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета емес,планетааралық кеме болатынын дәлелдеді. Ғарышқа  ұшатын ракеталарға отын үшін ол айрықша сұйық химиялық отын: сұйытылған  оттегі мен сутегін ұсынды.

Ғалым басқа еңбектерінде:ракетаны  қажетті  ғарыштық жылдамдыққа   жеткізу   үшін ракеталық поездар»  керек деп жазды.Қазір біз оларды  көп сатылы ракеталар деп  жүрміз.  Отын  жанып біткеннен кейін ракетаның бірінші сатысы одан бөлінеді де, Жерге құлайды.Екінші сатының қозғалтқышы іске қосылып, ракетаны одан әрі ілгері жүйткітеді.

К. Э. Циолковский адам ғарышта ұзақ уакыт тұрып жұмыс істейтін орбиталык ірі станциялар жасауды ұсынды.

Ғалым техника жетіле келе,сөзсіз игеріледі деп есептеді. Ол әлем кеңістігінде саналы тіршілік иелері мекендеген   планеталар көп деген сенімде  болды. Жерден шалғайда  жаткан тіршілік иелерінің даму деңгейі адамзат  ақыл-ойынан әлде- қайда  озық  болуы  да мүмкін.  Циолковский адамзаттың Күн жүйесіне барып қоныс тебуіне болатын техникалық  мүмкіндіктер жолын ұсынды.

Циолковский адамдар ғарыш кеңістігін игере отырып, өз планетасының табиғатына ерекше қамқорлык жасауды қажет деп білді. Оның шөл далаларды суландыратын аппараттардың тамаша жобаларын жасағаны,ауа  көпшігін транспорт есебінде пайдалану идеясын ұсынғаны сондықтан.



К. Э. Циолковскийдің есімі кашанда адамзаттың ұлы данышпандарының есімдерімен катар аталатын болады. Ол ғылым болашағын асқан көрегендікпен болжай білді. Циолковскийдің ракеталық техника мен планетааралық саяхаттар теориясына арналған зерттеулерін конструктарлар мен ғалымдар қазір де басшылыққа алады.Оның данышпандық идеялары зор табыспен жүзеге асуда.

Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден (1857-1935) басталды десек те болады. К.Э.Циолковскийдің идеялары оның 1903жылы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынды. Ойы мен қиялы болашаққа ұмтылған К.Э.Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты. Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды. К.Э.Циолковский идеялары орыс ғалымы С.П.Королевтің басшылығымен жүзеге асырылды. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылған болтын. 1961жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалы жетілдірілді. Ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлердің ішінде біздің екі қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.

Алла қаласа,тәуелсіздіктің 27 жылдығын тойлайын отырған еліміз бүгінде ғарыш саласындағы жетістіктерімен де мақтана алады.Байқоңыр ғарыш айлағында экологиялық жағынан қауіпсіз «Бәйтерек» кешенін салу, ғарыш техникасын шығаратын зауыт құрылысы, қазақстандық ғарышкерлердің қатарын көбейту – мұның бәрі кең ауқымды ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шаралар. Астананың солтүстігінде орын тепкен Ақкөл атты шағын қалашықты Қазақстанның инновациялық саясатта қол жеткізген табысының шынайы көрінісі деуге болады. Мына күрделі технологиялық қондырғылар арқылы еліміздің тұңғыш ұлттық байланыс спутнигі басқарылады. Ғарыш қондырғысы бір жылдан бері еліміздің мүддесіне қызмет етуде. Ғабдулатиф Мырзақұлов, «Ғарыш байланысы» республикалық орталығының вице-президенті: - Қазір біздің жер серігі арқылы 2011 жергілікті стансалар жұмыс істеп жатыр, халқымызға қызмет істеп жатыр. Біздің жер серігі арқылы халқымызға интернет, телефон және байланыс хабарлары және де теледидар қызметтері көрсетіліп жатыр. Біздің спутнигіміз 75 пайызға қолданылып жатыр, Жылдың аяғына шейін 2-3 пайыз қосамыз ба деген ойымыз бар. Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығының қарсаңында тұңғыш қазақстандық жер серігінің ұшырылуына бір жыл толды. Бұл күнді «Ақкөлдегі» мамандар әдеттегідей жұмыс орнында өткізді. Алыстағы ғарыштан келген телеметриялық мағлұматтарды мұқият қадағалау арқылы олар қондырғының хал-жағдайы туралы біліп отырады. Ғабдулатиф Мырзақұлов, «Ғарыш байланысы» республикалық орталығының вице-президенті: - Айта кететін ерекше жағдай- биылғы жылдың қыркүйегінен бастап жер серігін басқару тек қана Ақкөлдегі кешеннен ғана жүзеге асырылып жатыр, өзіміздің қазақстандық мамандар басқарып жатыр. 2007 жылғы үлкен жетістігіміз осы деп есептейміз, себебі бұрын жер серігін Ресей арқылы басқарып, өзіміздің мамандар олардан тәжірибе алған еді, қазір өзіміздің мамандар басқарады да, Ресей мамандары бізді тек сыртымыздан бақылап тұрады. Осылай, біздің мамандарымыздың біліктілігіне көзіміз жетіп жатыр. Бүгінде қазақстандық жер серігі Ақкөлдегі басқару орталығынан 39 мың шақырым қашықтықта өзінің белгіленген тұрғылықты нүктесінде тұр. Бұл 103 градус шығыс бойлықта орналасқан. Ғарыш қондырғысымен параболикалық антенна сәулесі арқылы байланыс орналастырылған. Бұл инемен басқа планетадағы құм түйіршігін нысанаға алғанмен бірдей. Виктор Лейфтер, «Ғарыш байланысы» республикалық орталығының президенті: - Бүгінде Қазсат ғарыш қондырғысы негізінен қазақстандық операторларға қызмет көрсетуде. Олардың саны 17-ге жуық. Болашақта олардың қатары көбейетініне сенім мол. Себебі қазірдің өзінде көршілес Қырғыз, Өзбек елдері біздің спутниктің қызметін пайдалануға қызығушылық танытып отыр. Қазсат – Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеру бағытында жасаған алғашқы қадамы. 2009 жылдың соңында «Қазсат-2» Жер серігі ғарышқа аттанады. Оны құрастыру жұмыстары бүгінде Ресейдің Хруничев атындағы орталығында қарқынды түрде жүруде. Екінші қазақстандық спутниктің сыртқы бедері алғашқы қондырғыға ұқсас болғанмен, оның техникалық сипаттамалары біршама өзгертілген. Қондырғының сыртқы сауыты полимерлік материалдан жасалады. Полимер жеңіл материал болғандықтан, мамандар бұл шешім арқылы жер серігінің бортында қосымша қондырғылар орнатуға мүмкіндік алып отыр. Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы: - Қазақстанның ғарышты бағындырудағы алғашқы қадамы жаман болған жоқ деп санаймын. Жер серігі жұмыс істеп тұр, қазір мені түсіріп тұрған телевидение біздің отандық Қазсат арқылы көрсетеді. Мен таяу уақытта, дәлірек айтсақ, келесі жылы басқа елдердің де бұл жүйеге қосылатынына сенімдімін. Ал болашақта біз ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын Жер серіктерінің тобын жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашқы қазақстандық спутник туралы алып-қашпа әңгіме де, күмән да болғаны рас. Дегенмен, бұл жобаның сәтті жүзеге асқанына бүгінде ешкім де жоққа шығара алмайды. Болашақта еліміз ғарышты игеруге бағытталған батыл қадамдарын жалғастыра бермек. 

Осы бағытта енді ғарыштық құрылғылар мен зымырандар жасау жұмыстары жолға қойылып, ғарыштық зерттеулерді іске асыруға қадам жасалмақ. 
Қазақстанның бұл ғарыш саласын өркендетуге арналған ауқымды жобалары бүгін Алматыда өткен ғылыми-тәжірибелік жиында кеңінен талқыланды. Ғалымдардың пікірінше, бұл саланы дамытуға Қазақстанның қауқары жеткілікті. Айталық, елімізде ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Зымыран тасығыш ракеталарды ұшыру алаңы салынды. Ең бастысы, ғарыш саласын дамыту стратегиясы жасалды. Бүгінде көптеген тәжірибелі елдермен әріптестік қарым-қатынас орнатқан мемлекетіміз үшін ғарыш саласындағы жобаларды жүзеге асыру аса қиынға түспейді. Қазір Қазақстанда ғарыш саласын 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр. Отандық мамандардың айтуынша, алғашқы жобада кеткен қателіктерге бұл құжатта жол берілмейді. 
Мейірбек Молдабеков, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары 
Казсаттағы болған сәтсіздік бізге үлкен сабақ. Біз қазір талдау жасап жіберген қателіктерді түсіндік. Соны есептеп біз екінші бағдарламаны жасағанда бізбен бірге жұмыс істейтін шетелдің кәсіпорындарын таңдауды өте мұхият қарап жатырмыз.Өйткені келешек жасалған ғарыштық техниканың сапасы тікелей соған байланысты. Жоғары деңгейлі компаниялармен жұмыс істсесек соған сай сапалы техника жасай аламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет