Контент анализ Тақырып: Кеңес үкіметінің орнауы Кеңес үкіметі



бет1/3
Дата17.11.2022
өлшемі29,44 Kb.
#50741
  1   2   3

Контент анализ
Тақырып: Кеңес үкіметінің орнауы


  1. Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.

Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

  1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

  2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
(kk.m.wikipedia.org сайтынан.)


Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы және жеңуі жолындағы күрес Ресейдегі біртұтас револлюциялық процестің ажыратылмас құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бүкіл елдегі сияқты, мұнда да революциялық және ұлт-азаттық қозғалыс өрістей берді. Жұмысшылар жетекші рөл атқарды, олар соғыстың тоқтатылуын, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етті, ал кейбір кәсіпорындарда мұндай тәртіп рұқсатсыз-ақ енгізілді. Фабриктерде, зауыттар мен шахталарда интернационалдық құрамда фабрик-зауыттық комитеттер мен кәсіподақтар құрыла бастады. Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде Ресейдің отар шет аймақтарында мұсылман қозғалысы қаулап дамыды, ол бірқатар исламдық партиялардың құрылуына алып келді. 1917 жылы қыркүйекте мұсылмандар ұйымының съезі тұңғыш мұсылман партиясы — Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін «Ресей Республикасымен Федерациялық байланыстағы автономиялы ел» деп жариялайтын тұғырнама қабылдады.
Түркістан, Орал және Торғай облыстары мұсылмандарының делегаттары қатысқан, сол тұста өткен съезд «Мұсылмандар одағы» партиясының құрылғанын жариялады. Ол Ресей Республикасы құрамындағы аймақтық автономия идеясын ұсынды. Съез «Түркістан Федерациялық Республикасы» парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі.
Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында орталығы Омбыда болған Далалық өлке құрамындағы Ақмола мен Семей облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін күрес табандылықпен жүрді. 1917 жылғы 22 қарашада Петропавлда, 27 желтоқсанда Ақмола мен Көкшетауда, 1918 жылғы қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады. Большевиктер С. Сейфуллин, Н.М. Монин, Ф.Н. Кривогуз Уақытша революциялық комитет құрамына кірді. Жергілікті Кеңестердің қызметіне басшылық жасағандар: Көкшетауда И.М. Демецкий мен С. Шәріпов; Атбасарда — А. Майкөтов, П. Бабаев т.б.
(

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет