Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі



бет1/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

^ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, әдіс-тәсілдері, дереккөздері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар және жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы сипатталады.
Жұмыстың І тарауы «Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы» деп аталады. Бұл тарауда тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі, қытай тіл біліміндегі мөлшер сөздер, орыс тіл білімінде қытай мөлшер сөздерінің сипатталуы, көне қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу тегі және қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары қарастырылады.
^ 1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі. Контрастивті салғастырмалы лингвистика – тіл біліміндегі ең жас саланың бірі. Әлем тілдерін жоспарлы түрде синхронды салғастыра зерттеу ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында көптеген ғалымдардың, әдіскерлердің еңбектерінде бастау алған болатын. Салыстырмалы лингвистика мәселелеріне деген ынта- ықыластың өсуін шет елдік Р.Ладо, В.Матезиус, В.Скаличка секілді ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.
Құрылымы әр түрлі тілдерді салғастыра зерттеудің маңыздылығына ең алғашқылардың бірі болып академик Н.Л.Марр терең мән берген еді [1, 410]. Ол былай дейді: «... нам нужны черты не только роднящие, но и разъединящие, нам нужен анализ парносближаемых языков и в их расхождениях». Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, И.И. Мещанинов секілді көрнекті ғалымдар өздерінің еңбектерінде салыстармалы және салғастырмалы зерттеудің тіл білімінде алатын орны зор екендігін айқындап берді.
Жалпы тіл білімінде салыстыра және салғастыра зерттеу барысына көп еңбек сіңірген ғалымдар: М.М. Копыленко, С.Е.Исабеков, З.К. Ахметжанова, Э.Д.Сүлейменова, М.Т. Сәбитова, Т.А.Аяпова, Қ.Т.Рысалды, Н.С. Пак, К.К. Дүйсекова, А. Ислам, В.У.Махпиров, Г.Сағидолдақызы, Ж.Есеналиева т. б.
Салғастырмалы тіл білімін өзінің зерттеу нысаны, нақты мақсаты, міндеттері бар дербес сала деп дәлелдеген У.К.Юсупов контрастивтік зерттеудің принцип-терін атап көрсетті. Ғалым З.К.Ахметжанова салғастырмалы зерттеудің алты принципін айқындап берді. Ол әр түрлі тілдерді салғастыра зерттеудің ең басты принциптері ретінде семантикалық және функционалдық ұстанымдарды айрықша негіздеді және олар кейінгі зерттеулерге арқау болды, осылардың негізінде олар жан-жақты ашыла түсті.
Дж. Буранов лингвистиканың типологиялық салалары ретінде генетикалық типологияны, құрылымдық/структуралық типологияны, ареалды типологияны, салыстырмалы типологияны өзара ажырата келіп, салыстырмалы типологияның контрастивті лингвистикамен ара-жігін айқындап берді [2, 440].
Қазақ тіл білімінде қытай тілі мен қазақ тілін салғастыра зерттеуге арналған Ф. Дәулетованың “Қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы фразеологиясы” (1999 ж.) атты кандидаттық диссертациясы, Т.Қалибекұлының «Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің құрылымы мен семантикалық ерекшеліктері» және Ж. Тұрсыналиқызының «Қытай және қазақ тілдеріндегі жай сөйлемдердің құрылымдық мағыналық топтары» деген еңбектерін атауға болады.
Тіл білімінде сандық және мөлшер мағыналы сөздер мен сөз тіркестері «түсіндірмелі сөздер» немесе «сандар мен зат атауларының арасында қолданылатын сөздер» (Гордлевский В.А.), «нумеративті сөздер» (Кононов А.Н. , Щербак А.М.), «счеттік есімдер» немесе «счеттік сөздер» («счетные имена», «счетные слова») (Баскаков А.Н., Кайдаров Ә.Т.) деп аталса, кейбір ғалымдар лексиканың бұл бөлігін атауда «сан-мөлшерді білдіретін сөздер» (Зейналов Ф.Р.) «мөлшерлік сөздер» (Летягина Н.И.), «есептеп шығарылатын» (считаемый), «есептеп шығарылмайтын» (несчитаемый), «санауға келетін» (исчисляемый), «санауға келмейтін» (неисчисляемый) сөздер, метрологиялық лексика, классификаторлар (Молчанова Л.А.), мезуративтер (Копыленко М.М., Акуленко В.В., Букреева С.А.), «халықтық номенклатура» (Дементьева Т.В.) деп атайды.
Зерттеуші Т.Г.Бугаева мөлшер, өлшем мағыналы сөздер мен сөз тіркестерін ішкі семантикалық құрылымдарына қарай классификаторлар, счеттік сөздердің жиынтығы, өлшемдік атаулармен байланысы бар құрылымдар деп үш топқа бөледі. Бұл терминдердің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, әрқайсысына жеке-жеке анықтама береді [3, 273].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет