Контроль в вузе



бет1/7
Дата20.02.2023
өлшемі159,67 Kb.
#69367
  1   2   3   4   5   6   7

Педагогикалық өлшемдердің

Педагогикалық өлшемдердің

ұстанымдары мен қызметтері

Қарастырылатын сұрақтар:

“Ұстаным” дегеніміз не? Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары не үшін қажет?


Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “принцип” деген сөз “іс-әрекеттегі жетекші ереже” деп түсіндіріледі. Педагогикалық өлшемдер әдіснамасының міндеттерінің бірі – бұл осы іс-әрекетті ғылыми ұйымдастырудың ұстанымдарын (принциптерін) құрастыру.
Педагогикалық өлшем ұстанымдарына (принциптер) оқытушының педагогикалық үдерісті, ондағы білім сапасын өлшеу барысында басшылыққа алатын талаптары жатады. Педагогикалық өлшем үдерісі арнайы ұстанымдар тобымен реттелетін болса, ғылыми негізделген болып саналады.
ғылымилық
пен тиімділік
білім берудің, оқыту мен
тәрбиенің бақылаумен байланысы
әділеттілік пен
жариялылық
объективтілік
Педагогикалық өлшем ұстанымдарына:
жүйелілік пен жан-жақтылық

Объективтілік (шынайылылық) ұстанымы. Шынайылық біз ойлағандай қарапайым және түсінікті емес. Кейбір біз ақиқат деп қабылдайтын дүниелер дұрыс болмауы мүмкін.

Объективтілік (шынайылылық) ұстанымы. Шынайылық біз ойлағандай қарапайым және түсінікті емес. Кейбір біз ақиқат деп қабылдайтын дүниелер дұрыс болмауы мүмкін.

Объективтілік ұстанымы таным үдерісіндегі субъект пен объект арасындағы қарым-қатынас сипатын дұрыс түсінуді қамтамасыз етуге негізделген. Одан білім мен танымдық объектінің ұқсастығын, яғни адамның ерік-жігері мен санасына қарамастан, шындықты қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Объективтілік ұстаным зерттеушіні белгілі бір нысанға қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастардан бас тарту қажеттілігін ұғынуға бағыттайды.

Объективтілік ұстанымы педагогикалық үдерісті өлшеу барысындағы субъективті әсерлерді азайтуға, осы үдерісте бағдарламалық құралдардың рөлін арттыруға, бағалаудың шарттары мен ережелеріне ортақ стандарттарды қолдануға бағытталады. В.Ф.Шаталов «Эксперимент продолжается» атты еңбегінде объективтіліктің талаптарына қарама-қайшы келетін, қазіргі заманғы білімді бағалау жүйесінің жағымсыз жақтарының пайда болу себептерінің бірі ретінде оқытушы асыра бағалауды атап көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет